Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде дүнген республикалық этномәдени орталығы
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде дүнген республикалық этномәдени орталығы, Тараз қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ананың тілі – айбыным менің» семинар – тренингін ұйымдастырды.
Мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, тілдерді оқыту бойынша тәжірибе алмасу.
Іс – шараға Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, педагогтар, студенттер, «Ұзақ өмір» клубының қатысушылары қатысты.
Іс – шараның модераторы-дүнген республикалық этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова. Ол тілдің рөлі, бірнеше тілді білу қажеттілігі, мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы туралы айтты.
Сондай-ақ, семинар-тренинг тікелей диалог түрінде өтті. Көптеген полиглоттар бар қатысушылар тілдерді үйрену мысалдарымен бөлісіп, практикалық кеңестер берді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз орталығы