Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз қалалық Мемлекеттік университетінде Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығы қарсаңында «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының мәдени іс-шарасы өтті.

Осыған орай, аталмыш университеттің “Мәдени-тынығу жұмысы” факультеті студенттерінің қатысуымен осы тәуелсіздік мұратына өмірлік, өнегелік еңбегімен зор үлес қосқан ұлы тұлғаларымыздың қатар келген мерейтойларына арналған театрландырылған композициялық қойылым көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ елінің ағартушы қоғам қайраткерлерін рухани жаңғырту негізінде жастардың ұлттық-рухани мәдениетін қалыптастыру.

Концерттік қойылымда ұлы тұлғаларымыз – Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Мұқағали Мақатаевтың бейнелері сахнада көрініс тауып, олардың шығармалары көрермен назарына ұсынылды.

Концерттік қойылым соңында  университет ректоры Ержан Әмірбекұлы көрермендер мен қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, 1-курс студенттеріне алдағы уақытта таланттарының шыңдала түсуіне тілек тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының жетекшісі, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, профессор Айгүл Кабиқызының ықпалымен және ұйымдастыруымен өнер көрсеткен және «Дулати жастарының»  ізбасарлары ретінде қалыптасып келе жатқан 1-курс  білімгерлеріне алдағы өнер жолдарына шығармашылық табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы.

#тәуелсіздікке30жыл