Ағымдағы жылдың 15- ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай
Ағымдағы жылдың 15- ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай, «Естелік қоңырауы» атты әдеби-музыкалық композиция өтті. Композициялық кештің режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі Ольга Ізбасарова болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, патриоттық тәрбие беру және Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтау.
Әдеби-музыкалық кешке Ауған соғысының ардагерлері генерал-майор Әлімжан Ерниязов, Дүкенбай Ермеков, Ералы Байшуақов және Жанна Жәңгірова, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқушылар қатысты.
Достық үйінің сахнасында Жамбыл облыстық орыс театрының актерлері зұлмат заманның зұлым көрінісін бейнелеп, көрермендерді сол қорқынышты жылдардың атмосферасына баурап алып кетті. Бұған қоса, кеш қонақтары “Белый танец”, “Кукушка” әндерін тыңдады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагері генерал-майор Әлімжан Ерниязовтың қолынан алғашқы әскери тіркеу куәліктерін алды.
Кеш соңы Жамбыл облысының “Радонеж” орыс қауымдастығының мерекелік концертімен жалғасты. “Калинка” вокалды тобының «То не веточка черешни», «Как за Доном за рекой», «Солдатские сапоги», «Ах, эта война», «Я люблю эту землю» әндері көрермендер жүрегіне жол тауып, кештен жағымды әсер қалдырды. № 13 орта мектептің оқушысы Азалия Адилова “мен бұдан былай соғыс болмағанын қалаймын”әнін орындады.
Бұған қоса, “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының Чибитко атындағы әдеби клубының отырысы өтті. Клуб мүшелері отандық ақындардың өлеңдерін оқып, естеліктерімен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы