Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңғыру жолында

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңғыру жолында

Бұл тақырып 11 ақпанда Жамбыл облысы орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында брифингте журналистер назарында болды. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Лысова Лариса Анатольевна өткен жылдың қазан айында Астана қаласында бастау алған ҚХА-ның «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасының алты негізгі бағытының мәні мен мазмұнын БАҚ өкілдеріне айқын түрде баяндап берді. «Бұл жоба қазақстандық азаматтық бірегейлікті, қазақстандықтардың бірлігін нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл бойы жүргізген жемісті жұмысының қисынды жалғасы болып табылады, деп айрықша баса айтты. – Жоба Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр» ХХІІ сессиясында тапсырған және Ұлт жоспары мен «Біртектілік пен бірлік» 4 институционалдық реформасында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға негізделген және біртұтас азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді».

Әсіресе, брифинг қатысушыларын Л.А.Лысованың «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жүзеге асырылуының барысы мен болашағы, оның Жамбыл облысында іске асырылуының ерекшеліктері туралы хабарламасы үлкен қызығушылық туғызды. «Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы» аймақтық мәдени-туристтік кластері құрылуда. Облыс орталығында ашық аспан астында «Көне Тараз» мұражайы, тарихи-археологиялық кешені ашылды, ескі туристтік бағыттар жетілдірілуде және жаңалары дамытылуда. Жоба аясында жыл бойы балалар мен жастарға арнап «Өз өлкеңді танып біл» және «ЭКСПО – 2017 еріктілері» облыстың тарихи орындарына саяхаттарды ұйымдастыру және өткізуге қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген еріктілерді дайындау бойынша екі жоба жүзеге асырылатын болады. «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешен аумағында облыстық бейбітшілік пен келісім сарайының құрылысы жүргізіліп жатқан жерде аймақтық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен этноауылдарды құру қарастырылған. Облыстық және Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайларындағы экпозициялардан бөлек, ҚХА тарихы туралы залдарды барлық облыстық мұражайларда ашу ұсынылған. Бұл жұмыс жүргізілуде.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіруді қарастырады, -деп хабардар етті Л.А.Лысова. – Біздің қоғамды біріктіруге бағытталған жаңа құрылымдар, соның ішінде қоғамдық келісім кеңестері барлық елді мекендерде және ірі кәсіпорындарда құрылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикадағы барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру және қайырымдылық орталығы қызметін атқарады. Осы бағыттағы жұмыс өткен жылы «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасымен басталды, оның аясында тек біздің облыс бойынша 2860 адамға 1,34 миллиард тенге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Бүгінгі таңда қайырымдылық іс-шаралары «Қайырымдылық керуені» және «Қоржын» акциясы шеңберінде жалғасын табуда.

Сөз соңында Л.А.Лысова «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналғандығын атап өтіп, журналистер сұрақтарына жауап берді және журналистерді бұл жоба бойынша іс-шараларды айқындауға белсене ат салысуға шақырды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі