2016 жылғы 20 наурызда сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылғы наурызда аяқталады. Сайлау заңнамасына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын Президент Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуынан кемінде бес ай бұрын тағайындайды және ол 2 айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Осылайша, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны қатаң түрде осы белгіленген конституциялық мерзімдерге сәйкес тағайындалды және кезекті болып табылады. Жоғары өкілді органды сайлау – елдегі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Дәл осы заң шығарушы орган мемлекет тетігінде басым орынға ие және тек Парламент қана заң арқылы халықтың еркін білдіру құқығына ие болып жұмыстар атқарады деген сенімдемін.
Джамалов Зиядин Бадырович,
Жамбыл ауданы бойынша «Вынхуа» дүнген
этномәдени бірлестігінің төрағасы,
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі