2021 жылдың 10-шы қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті
Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар сайлауы келесі күні – 11 қаңтарда өтеді. Орталық сайлау комиссиясына саулайға дайындық және оны өткізу шараларын ұйымдастыру жүктелді. Мемлекет басшысы жариялаған үндеуінде барлық саяси партиялардың сайлау науқанына дайындалуы керектігін айтып, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көп-партиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданғанын жеткізді.
Жалпы, Парламент жұмысына өзгерістер енгізіледі. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Мемлекет басшысы барлық азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Жамбыл облыстық
Жамбыл ауданы
Қазақстан халқы ссамблеясының мүшесі
Жапаров Рахымбек Керимкулович