«БІЗ БІРГЕМІЗ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА – «АХЫСКА» ТҮРІКТЕР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ

Жамбыл жері – көне дәстүрлерді көркемдетіп, тарихтан тамыр тартқан,
бірлік пен бейбітшіліктің алтын бесігі.
Бүгінде осынау киелі өлкенің құшағында 80-нен астам этнос өкілдері
берекелі бірлік пен ымыралы ынтымақта күн кешуде.
Түрлі тағдырмен елімізді мекен еткен этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырған
іргелі институт Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл 30 жылдық
мерейтойы.
Айтулы дата қарсаңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ және «JAMBYL» телеарнасы бірлесе «Біз
біргеміз» бағдарламасын жарыққа шығарған болатын.
Аталмыш телеөнімнің екінші түсірілімі барысында облыстық «Ахыска»
Түрік этномәдени бірлестігі «Қыз ұзату» рәсімін жасап, салт-дәстүрлерін
дәріптеді.

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСҚАН КЕЛЕЛІ ЖИЫН

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында М.Х. Дулати атындағы Тараз
университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында
Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Көпэтносты
Қазақстанда азаматтықты нығайту контекстінде ұлттық кодты сақтау және
бірегейліктің эволюциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – этносаралық қақтығыстардың алдын алу және бірлік
пен патриотизмді дамыту, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудың
маңыздылығын талқылау.
Кезекті жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-
сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының
кандидаты Парида Мамедова, аталмыш топ мүшелері, аймақтық этномәдени
бірлестік өкілдері, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста ҚХА-ның 30 жылдығы аясында облыстағы ҚХА ғылыми –
сараптамалық тобы қызметінің негізгі аспектілері мен күн тәртібіндегі басты
мәселелер айтылды.
Өз кезегінде Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі
Абдурахман Зайнутдинов, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі»
республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша
филиалының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Фарида
Нақыш баяндама жасады.
Сондай-ақ бүгінде Жамбыл жеріндегі этносаралык катынастарды
зерттеу барысындағы Ғылыми-сараптамалық
қолдау бөлімінің жұмысы туралы «Қоғамдык келісім» мекемесінін жетекші
сарапшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Жас ғалымдар клубының тең
төрағасы Рианна Жалпанова өз баяндамасында баяндады.
Жиын соңында пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толық
жауаптар берілді.

ТӘРБИЕЛІ БАЛА — АТА-АНА МЕРЕЙІ

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат
бөлімі және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі бала — ата-ана
мерейі» тақырыбында орталық мектептің ата-аналарымен кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен ашық сұхбат өткізіп, баланың тәрбиесі
мен дамуы туралы өзара пікір алмасу.  Аналар кеңесі төрайымының
орынбасары Роза Байбосынова модераторлығымен өткен шараға аудандық
аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова, аудандық көпсалалы
ауруханасының әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің әлеуметтік
қызметкері Күлбахрам Агибаева, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу
орталығының директоры Клара Рахаева және облыстық тұрмыстық зорлық-
зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының Меркі
ауданындағы кеңес беру кабинетінің психолог мамандары қатысты.
Кездесуде ата-аналармен отбасындағы әкенің рөлі, қыз бен ұл бала тәрбиелеп
отырған аналарға кеңес, Абайдың қара сөздерінің әлеуметтік мәні бағытында
топтық жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде
келтірілген және республикалық «Салауатты сана» жобасында айтылған бес
әлеуметтік кеселдің алдын алу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Қауіпсіздік сағаты» жобасы аясында ата-
аналар жауапкершілігі, балалардың оқу және өмірлік дағдыларын
қалыптастырудағы ата-ананың рөлі туралы ой қозғап, бірқатар ата-аналар
бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында тәрбие бастауы – білім мен кітапта дей келе, белсенді 6 анаға
«Кітап оқу жылына» байланысты кітаптар тарту етті.

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ

Биыл, 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл
толды. Бұл – еліміз үшін ерекше маңызы бар оқиға, өйткені Ассамблея осы
уақыт ішінде Қазақстандағы бейбітшілік пен этносаралық келісімді
нығайтуға зор үлес қосты. Ол – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметтің
кепілі, елдегі барлық этностарды бір шаңырақ астына біріктірген бірегей
институт. Қазақ халқының «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағидасы
осы ұйымның негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемге бейбіт өмір мен достықтың жарқын
үлгісін көрсеткен құрылым. Оның басты мақсаты – еліміздегі барлық
этностарды ортақ құндылықтар мен идеялар төңірегінде топтастыру,
қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімді нығайту. Абай Құнанбайұлының
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиеті Ассамблеяның
философиясын айқындап, оның қызметінің мәнін тереңірек аша түседі.
Қазақстанда түрлі мәдениет, дін және тіл өкілдері бірлікте өмір сүріп,
дамудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Ассамблеяның арқасында Қазақстанда этносаралық келісім мен достықтың
ерекше үлгісі қалыптасты. Бұл туралы ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Татулық –
барша игіліктің бастауы» деген болатын. Дәл осы қағида Қазақстан
қоғамының негізгі тұғырына айналып, еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік
берді. Бүгінде Қазақстанда этностық әралуандылық қоғамның бірлігін
нығайтып, оның мәдени және рухани байлығын арттырып отыр.
30 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этностардың мәдениеті мен
дәстүрлерін сақтау мен дамытуға, жастар арасында толеранттылық пен өзара
құрмет мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Президент Қасым-
Жомарт Тоқаев бұл туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің
берік іргетасы. Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік пен келісім. Бұл –
мемлекеттігіміздің негізі, Қазақстанның өсіп-өркендеуінің басты шарты», –
деп атап өткен болатын.
Ассамблеяның табысты қызметі – тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің ең
үлкен жетістіктерінің бірі. Бұл институт Қазақстандағы «Бірлік – алуан
түрлілікте» қағидатын жүзеге асырып, көпэтнос елімізді бейбітшілік пен
татулық мекеніне айналдыруға қомақты үлесін қосты. Қазіргі таңда
Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылық пен бірліктің, қоғамдық
келісімнің кепілі болып қала бермек.
Бізге өзіміздің этносаралық татулығымызды сақтау және дамыту – ең басты
міндет. Өйткені бұл тек бейбітшіліктің кепілі ғана емес, сонымен қатар
еліміздің экономикалық, мәдени және рухани өркендеуінің негізгі факторы.
Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен
құттықтаймын! Бұл мереке – ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін,
татулық пен достықтың маңызын ұғындыратын ерекше күн. Бірлігіміз бекем,
еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын!
Расылхан ДЖУНШЕЕВ, Жамбыл облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық
тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты