РОЖДЕСТВО — ОЛ МЕЙІРІМДІЛІК

Католиктердің рождестволық мерекелерін 6 желтоқсан – әулие Николай қайтыс болған күнін атап өтуден бастайды екен. Католик әлемі өз наным-сенімдерінде әулие Николайды асқан мейірімділігі үшін құрметтеген.

Бүгінгі күн оны құрметтеп еске алу жамбылдық поляк этносы үшін жылдағы дәстүрге айналған. Бұл күні поляктар бір-біріне, әсіресе балаларға өзгеше мейірімділік, қамқорлық және қолдау көрсетеді. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 21 желтоқсанында Тараз қаласының «Үміт» дәмханасында Алматы қаласындағы Польша Республикасы консулдығының қаржылай қолдауымен Жамбыл облыстық «Полонез» тілі мен мәдениеті орталығы» Поляктар қоғамдық бірлестігі балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Жаңа жылдық іс-шарада балалар поляк, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, ән шырқады. Сонымен бірге, балалар мен ересектерге арналған әулие Николай және Рождество мерекелері туралы викториналар өткізілді.

Бұған қоса, орталықтың мүшелері де балалармен қоса ән шырқап, би билеп, сондай-ақ, әр поляктық отбасы «Рождествоға»  қандай дайындықтары барымен бөлісті.

ӨМІРШЕҢДІГІН САҚТАҒАН ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Бүгін 2024 жылдың 22 желтоқсанында «Қоғамдық келісім»  КММ, Достық үйі ғимаратында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы жылдағы дәстүр бойынша көрермендердің назарына ағайынды Гримм ертегілері желісімен «Қасқыр мен жеті лақ Рождествоны қарсы алды» театрлық қойылымын ұсынды.

Бала кезімізден бәріне белгілі бұл ескі ертегілер қазіргі заманымызда да өз өміршеңдігін жойған жоқ, кейіпкерлері бәріне танымал.

Сахнада «Рождество» мерекесі қарсаңында ағайынды Гриммдер өз ертегілерінің әр кейіпкерлерін қатыстыру арқылы жылда түрлі жаңа оқиғалар ойлап табады.

Мәселен, үлкенге де, кішіге де белгілі кейіпкерлер — Қызыл телпек, жеті лақ, екі әйгілі жағымсыз кейіпкерлер — бұлаңдаған қу қызыл түлкі мен қорқынышты сұр қасқыр, т.б.

Қойылымға немістер қоғамының балалардан және ересектерден құралған шығармашылық ұжымдары —«Singende Herzen»,  «Sterne», «SH», «Juwel», «Эремурус» және т.б. қатысты.

Музыкамен көркем айшықталған мюзикл-спектакль ешкімді бей-жай қалдырмады. Неміс халқының әуендерімен сүйемелденген сахналық қойылым, ондағы талантты орындаушылардың актерлық шеберлігі және композициясы жоғары концерттік бағдарлама көрермендердің көңіл-күйін көтеріп, аудиторияға тамаша әсер сыйлады.

Жарқын қойылым соңында Жамбыл облыстық Немістер қоғамының төрағасы Александр Абрамович Гибнер мерекелік іс-шараға жиналған қауымға ізгі тілектерін айтып, келе жатқан Жаңа жылдық қысқы мерекелерімен құттықтады

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Достық керуені» жобасы қорытындыланды.

Бүгінгі күнге дейін этностарды қоғамдық өмірге интеграциялау, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу, мәдени-спорттық байланыс орнату мақсатындағы «Достық керуені» жобасы этностар жиі орналасқан 5 ауданда және Тараз қаласында өтті.

Биыл Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған «Достық керуені» жобасының көздегені әр аудандағы этностардың дәстүрі мен мәдениетін таныту, облыстық ассамблея құрылымдары мен аудандық құрылымдар арасында байланыс орнату және тәжірибе алмасу болатын.

Керуен жұмысында Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің 12 отырысы өтсе, ұлттық ойындар спартакиадасына 15 команда, «Өнерім саған, Қазақстан!» фестивалінің іріктеу кезеңіне 30 үміткер қатысқан. Сонымен қатар, Ассамблея жастары «PRO ANК» тақырыбында 10 кездесу ұйымдастырылып, «Менің елім, Менің Қазақстаным!» тимбилдингіне 200 жас тартылған. Жоба негізінде «Бірлік – әралуандылықта» атты жас суретшілер мен қолөнершілер фестивалі, одан бөлек балаларға арналған алаңшалар ұйымдастырылып, облыстық филармонияның арнайы цирк өнерінің мамандары өнер көрсетті.

Жалпы «Достық керуені» жобасы аясында 38 шара өткізіліп, 5000 -ға жуық адам қамтылды.

Атаулы жобаның қорытынды жиыны аясында бірлік пен бірегейлікке, этносаралық келісім мен тұрақтылыққа, қоғамдық дамуға белсенді атсалысқан, жыл бойы жұмыла жұмыс істеген еңбектері үшін этномәдени бірлестіетердің барлығына дерлік арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының отырысын өткізді.

Журналистердің кезекті отырысында модераторлық еткен «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы жылы атқарылар істерге шолу жасады.

Жиын барысында қатысушыларда өз пікірлерімен бөлісіп, имидждік жұмысты жақсарту бойынша идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, есепті кезеңде журналистер клубы мен ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған белгілі ақпараттық жұмыстар жүргізіп, олардың нәтижелеріменде бөлісті. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында, мультимедиялық порталдарда, әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы ҚХА-ның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы материалдар тұрақты түрде жарияланған. Бүгінде оның саны 7523 материалды құрап отыр.

Жиынның күн тәртібінде 2024 жылы жарыққа шыққан материалдардың есептік мониторингі, Республикалық ҚХА Журналистер клубынының отырысы туралы, Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының төрағасын тағайындау секілді мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер аясында ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші сарапшылары Ольга Макарова, Назерке Оңғар,Толғанай Атабай және Элизат Қонысбай баяндама жасады. Онда биылғы жылы ғана жарыққа шыққан «Татулық – мәңгі тұмарым» подкасты, жылдық материалдар саны және гугл құжаттардың сақталу туралы айтылды. Ал, Республикалық ҚХА Журналистер клубынының отырысы төңірегінде сөз сөйлеген Дионисий Пляшешник Қонаев қаласында өткен клубтың отырысынан алған әсері және бөлісер тәжірибелерін ортаға салды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша жиналған журналистер бірауыздан облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Марат Құлибаевты клубтың төрағасы етіп сайлады.

Жиын соңы клуб мүшелеріне алғыс хаттар және шағын сыйлықтар табыс етумен аяқталды.

ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты этномәдени берлестіктер фестивалі өтті.

Салтанатты жиын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаеваның құттықтау сөзімен басталды. Өткен жылы атқарылған ауқымды істерді ауыз толтыра айтқан мекеме басшысы алдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, ел игілігі мен бірлігінің мызғымас беріктігі жолында атқарған әр іске береке тілеп, этнос өкілдеріне жаңа жыл қарсаңындағы ақжарма тілегін арнады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан халқының бірлігі Достық» атты республикалық байқауына қатысып, қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан халқының бірлігі ДОСТЫҚ» төсбелгісімен «Радонеж» орыстар қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» РҚБ аймақтық төрағасы Фарида Нақыш, «Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Макхам Орифов марапатталды.

Фестиваль барысында жыл бойы ҚХА шеңберінде жұмыла жұмыс істеп белсенділік танытқан, облыстық ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері, ансамбльдер және өнерпаздар марапатталды.

Мерекелік жиында өңірдің белсенді өнерпаздары мен этнос өкілдері ән мен жырдан шашу шашты.

Марапат алып мадақталған қонақтар алғыс айтып, естелік суреттерге түсіп тарқасты.

ОРТАҚ ӘҢГІМЕ — ЭТНОСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ

Күні кеше киелі Түркістан қаласының жаңа ғимараттарының бірі Достық үйінде “Достық керуені” жобасы бойынша Түркістан “Қоғамдық келісім” КММ Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімінің жетекші сарапшысы Замана Исмаилова

тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ “Этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру” бөлімінің басшысы Хамид Исақовпен кездесті.

Кездесу барысында этносаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік мониторинг бойынша өз білгендерімен және жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті. Хамид Рахматуллаұлы зерттеу жүргізудің өңірлік ерекшеліктері туралы айтып, бөлімнің жұмыс жүйесімен таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс барысында жинақталған этносаралық сала бойынша теориялық-әдіснамалық базаны көрсетті.

Өз кезегінде Жамбыл облысы делегациясының өкілі Замана Назим гызы да түркістандық әріптесіне Жамбыл облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы бөлімінің жұмыс бағытымен таныстырып, ғылыми-сүйемелдеу тобы мүшелерінің ғылыми еңбектері жинақталған кітаптар сыйға тартты.

Келелі кездесуде қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі, проблемалары және перспективалары туралы сөз қозғалды.

Екі өңірдің ғылыми-сараптама тобының қызметкерлері этностар арасындағы мәдени қарым-қатынас пен мемлекеттік тілді меңгеру және олардың қоғамдағы рөлі жайлы тақырыптарды қаузалады. Ортақ әңгіме — алыс-жақын шетелдердегі болып жатқан саяси оқиғалардан көптеген елдер сабақ алуы керек дегенге сайды.

Бұған қоса, этностар арасындағы толеранттылық, яғни, төзімділік тақырыбы да сөз болды.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЭТНОМҰРАЖАЙ

«Достық керуені» жобасы аясында қасиетті Түркістан қаласына Жамбыл облысынан барған арнайы делегация күні кеше жаңадан сәулет құрған Достық үйін тамашалады.

Экскурсия барысында Тараз қалалық Достық үйі Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева мен мекеме қызметкерлері Түркістан өңірінің 11 этномәдени бірлестік өкілдерінің арнайы жабдықталған кабинеттері, «Этномұражай»  алаңшасы және этномәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырған көрмемен танысты.

Көрмеге өзге этнос өкілдерінің ұлттық киімдері,тұрмыстық тұрғыда қолданған бұйымдары, көне және жаңа ыдыс-аяқтары, әр этностың жәдігерлері, кәдесыйлар коллекциялары қойылған.

Екі мекеме қызметкерлері арасында көрме ұйымдастыру, экспонаттарды сақтау, экспозиция жұмыстары бойынша тың идеялар мен ұсыныстар талқыланып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Көрме меңгерушісі Жазира Мейрамбекқызы этномұражайдың қыр-сырына мән беріп, музей бұйымдарының өзіндік тарихымен танысып, жуырда ғана бой көтерген мұражайдың өзгешелігі мен ерекшелігін зерделеп, көрме залының алдағы жылға құрылар жұмыс жоспарына қосары мен алары жөнінде өз пайымын жасады.

Сондай-ақ, Жазира Шілдебаева көршілес әріптестеріне Тараздағы Достық үйінің «Бас киімдер» бұрышы мен «Алтын шаңырақ» киіз үйі макетінің ашылудағы мән-мағынасын түсіндірді

ТАРАЗДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Биылғы жылдың 19-желтоқсанында Түркістан қаласындағы Достық үйінде — ҚХА «Достық керуені» жобасы аясында тәжірибе алмасуға негізделген «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты салиқалы іс-шара өтті.

Жиынның шығармашылық сәнін келтіру мақсатында шараға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары — ҚР мәдениет саласының үздігі, жезтаңдай әнші Торғын Орынбаева мен аталған филармония әнші-күйші, баянисті Бақыт Шағырбаев, Мерей Абуова, Нұрлатбек Әзімбаевтар да қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қазақша құйқылжыта ән салатын облыстық Орыстар қоғамдастығының өкілі Сергей Семыкин де өнер көрсетті.

Бұған қоса, түркістандық өнершілер — Түркістан «Конгресс хол» кешенінің әншілері Айдос Иманжаппаров пен Бағдат Нысанбай танымал «Атамекен», «Сүйем мен»  әндерін жұртшылықтың назарына ұсынды.

Көршілес екі аймақтың да ән айту мен күй шертудегі әрқайсысының өзіндік

стилі мен ерекшеліктері бар өнер майталмандары шара қатысушылары мен қонақтарына шуақты да көңілді сәттер сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.

Концерттік бағдарлама соңында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжанов пен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жамбылдық өнер иелерін Алғысхаттармен марапаттады.

ТҮРКІСТАН МЕН ТАРАЗДЫ БҮГІН БІРІКТІРГЕН АЛТЫН КӨПІР — КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Түркістан қаласының Достық үйінде ҚХА «Достық керуені» жобасы аясында тәжірибе алмасу негізінде «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты іс-шара өтті.

Басты мақсат — екі өңірдің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына қатысты кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, яғни, тәжірибе алмасу арқылы ассамблеямен тығыз жұмыс жасап отырған жергілікті “Қоғамдық келісім” мекемелерінің өзара білгенімен бөлісіп, жетілдіріп, дамытып, кәсібилікті шыңдауға әкелетін тың жобаларды қабылдау мен меңгере білудің қарқынды үдерісі.

Осы орайда, “Ассамблея жастары” республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Хамида Турдыева мен өңірлік ассамблея жастары жамбылдық делегация қатарында Түркістан облысының “Ассамблея жастары” қоғамдық бірлестігі белсенділерімен кездесті.

Арнайы кездесуде Хамида Кахарджанқызы жастар бірлестігінің 2024 жылы өңірлермен бірігіп өткізген республикалық жастар ірі шаралары, іс-қимылдары —“Бір ел” тарихи-танымдық жобасы және жоғары оқу орындарында “Студенттік ассамблея” ашу жөнінде баяндап, оның маңыздылығы мен жаңашылдықтың тиімді бағыттарымен бөлісті.

Өз кезегінде түркістандық жастар ассамблеясы белсенділері де бір жылда атқарған жұмыстарының қорытынды есебін ортаға салып, еңсерілген істердің ерекшеліктерін тілге тиек етті.

Қос өңір жастарының өз жылдық есептерінен өздеріне айтарлықтай ауқымдылық, игі істердің жемісті нәтижесі байқалды.

Жиын соңында жалынды жастар бір-біріне ортақ — келер жылдың жұмыс жоспарын талқыласты.

 

СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫЛАР СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтіп жатқан этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді дайындау бойынша «Этномедиацияның және этносаралық қақтығыстарды шешу кезіндегі келіссөздер процесінің базалық негіздері» атты 3 күндік оқыту курсы аяқталды.

Семинар бағдарламасы аудиторияға медиатор жұмысына қажетті жаңа білім беріп қана қоймай, болып жатқан жағдайды сауатты талдауды, жанжалды жағдайлардан бейбіт жолды табуды үйретті.

Қорытындылау жиынында «Қоғамдық келісім» мекеме басшысының орынбасары Даурен Тайлеев қатысушыларды оқу бағдарламасын сәтті аяқтауларымен құттықтап, сертификаттар табыстады.

Page 1 of 3
1 2 3