ЭКСКУРССИЯ ПО СОКРАЛЬНЫМ МЕСТАМ

Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында өтіп жатқан «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумына қатысушылар өңірдің тарихи орындарын аралап, тамашалады.

Атап айтқанда, «Көне Тараз» кешенінен бастау алған экскурсия «Қарахан», «Айша бибі», «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Әулие-Ата» сынды жерлерден бастау алды.

Өз кезегінде атаулы форумға келген Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Манғыстау, Қызылорда, Түркістан, Орал, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай, Жамбыл облыстары, Шымкент қалаларынан 60-тан аса жастар шара барысында көптеген қажетті ақпарат алғандарын жеткізді.

ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Меркі аудандық Аналар кеңесі «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атауымен аудандағы абыз аналармен кездесіп, әрдайым құрмет көрсетіп келіп келеді.

Күні кеше кеңес мүшелері аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе аудандағы жасы 100-ге таяған абыз аналардың шаңырағына барып қайтты.

Аталған жиын қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақты үлкенді сыйлауға үйретуге бағытталған.

Кездесуді аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова мен ауылдық аналардың төрайымы Роза Байбосынова, Жамбыл округі аналар кеңесінің төрайымы Әшімкүл Өмірбекова бастап барып, жүзге таяған қарияларға құрметтерін көрсетті.

Сондай-ақ, «Береке» әжелер тобының мүшесі Орынбасар Сарыбаева ұзақ жасаған ғұмыр иелеріне қазақтың қара домбырасымен ән шырқап, көңілдерін серпілтті.

Аналар кеңесінің мүшелері қарт аналарға ақ орамал жауып, демеушілер тарапынан сый-сияпаттарын ұсынды.

Үлкенге құрметін көрсеткен кейінгі буын өкілдеріне абыз аналар да ізеттерін білдіріп, ақ баталарын берді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «БІР ЕЛ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында киелі Әулиеата топырағында «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумы ұйымдастырылуда.

Бүгін Тараздағы Достық үйінде ауқымды шараның ашылу салтанаты өтті. Жиын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулати» жастары театрының «Қарахан-Айша бибі» қойылымымен бастау алды.

Аймақтық шарада облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Ұлана Сламбекқызы жобаның жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге зор септігін тигізетінін атап өтті.

–Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізде тұратын этностарды біртұтастыққа топтастыру мен мәдениетаралық диалогты дамытуды мұрат еткен «Бір ел» жастар жобасы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Елге, Отанға деген сүйіспеншілік төл тарихымызды тереңнен танудан басталады. Жалпы, бұл жобаның жастарға берері мол. Іс-шара аясында өтетін пленарлық отырыстар, пікірталастар, интеллектуалды ойындар еліміздің әр өңірінен келген жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, патриоттық рухтарын нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін, – деді.

Салтанатты жиында дәстүрлі шара қатысушыларына «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Қайриев, Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан және облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали сәттілік тілеп, бірлікке үндеген жобаның маңызын айтты.

Айта кетейік, аталған шараға еліміздің барлық өңірінен 60-қа жуық жас қатысуда.

Алғашқы күні облыс орталығына табан тіреген форум қатысушылары Достық үйін аралап, өңірде тұратын этностардың тыныс-тіршілігінен хабар алды.

Жастарға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева толыққанды ақпарат берді.

Үш күнге жоспарланған форум аясында Меркі ауданындағы Тұран демалыс аймағында арнайы шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар қатысушы жастарға рухани және ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұра, этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында дәріс өткізетін болады.

Сондай-ақ, жоба аясында жастардың қатысуымен Жамбыл облысының тарихи орындарына көшпелі экспедициялар ұйымдастырылады.

 

АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ САДАҚ АТУДАН ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ

Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумы өтуде.

Дәстүрлі жоба барысында еліміздің әр түкріпінен келген этнос жастары Тараздағы «Сүгір мерген» дәстүрлі садақ ату орталығына барып, шеберліктерін шыңдады.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА

Ағымдағы жылдың 31 қазанында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Талас ауданына «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері барып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыс әкімдігінің «Ақпарат және қоғамдық даму» басқармасының қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Дәурен Тайлеев, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева Қасқабұлақ, Тамды, Берікқара, Қаратау ауылдарындағы тұрғындармен кездесті.

Кездесуде жұмыс тобы тұрғындарға мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессиясында көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады.

Өз кезегінде тұрғындар ауылдардағы ауыз су, жол жөндеу, жайылымдық жер тапшылығы секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.

Page 5 of 5
1 3 4 5