«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» МЕРКІ АУДАНЫНДА

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 12 қарашасында Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚХА-ның «Достық керуені» жобасы Меркі ауданына келді.

Аталмыш ауданға аялдаған керуен құрамында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік жетекшілері және өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелері бар.

Бағдарламаға сай, жобаның алғашқы жұмысы аудандық мәдениет үйіндегі этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрімен танысудан бастау алды.

Шараның ашылу салтанатында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова мен ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан керуен көшінің мән-маңызына тоқталды.

ТІЛ – ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

ЖуырдаТараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов қаламыздағы политехникалық жоғары колледжінің бірінші курс студенттері арасында өткен Қазақстан халқының достығына арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шарада қатысушылар тілдерді білу деңгейі, мемлекеттік тілді үйренудің қажеттігі туралы айтып, өзара пікір алмасты. Бұдан өзге бірнеше тілді білудің қазіргі кездегі маңыздылығын айқындап, өз тіліңді – бірлік үшін, өзге тілді – тірлік үшін қолдану керек деген тоқтамға келді. Себебі, жастардың заман талабына сай тіл меңгеруге еш кедергі жоқтығы, әрі түрлі қосымшалар арқылы тіл игерудің жедел әрі жеңіл жолдарының көптігі туралы айтылды.

Сондай-ақ, аталмыш жиынның аясында колледж студенттерінің қатысуымен шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

«ТАРИХ – ЖАСТАР КӨЗІМЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Меркі аймағында өтіп жатқан «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық ҚХА жастары форумының үшінші күні әдеттегідей таңғы жаттығумен бастау алды.

Алғашқы күннен бері көптеген тың тақырыптарда дәріс тыңдап, түрлі сала спикерлерінің шеберлік сабағына қатысқан жастармен  бүгін Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсенді мүшесі Альфия Югданқызы  интеллектуалды ойындар жүргізді.

Достық қарым-қатынасқа негізделген ойында қатысушылар топқа бөлініп, қызықты тақырыптарға шолу жасады.  Сондай-ақ, жас спикер шара барысында мотивациялық тренинг ұйымдастырып,  жастардың уақытын тиімді басқару, жетістікке жетудің жолы, өз ісін жоспарлау секілді тақырыптарды тарқатты.

Кездесу аясында форум жастары да ортаға шығып, Қазақстан тарихы туралы ақпараттарымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды.

Осылайша, үш күнге жоспарланған шара  жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.

Шараның қортынды сәті қатысушыларды марапаттау сәтіне ұласты.

ҚХА жастарын бірлікке бекемдеп, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу ісіне үлес қосуда «Қазақстан Ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Қайриев пен республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның еңбеге орасан. Айтулы шара аясында аталған жастар жанашырлары және «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы сөз алып, форум қатысушыларына алғыстарын білдіріп,  сертификаттар табыстады.

Өз кезегінде жастар да ұйымдастырушыларға ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Байзақ ауданында  «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен барып қайтты.

Аталмыш  топ құрамында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева және мекеме қызметкерлері, облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, этномедиация кеңесінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов және өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан бар.

Топ мүшелері ауданға қарасты  Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Бурыл, Сарыкемер, Түймекент ауылының этномәдени бірлестік өкілдерімен  және тұрғындарымен кездесіп, ауылдардағы бірқатар мәселелерді алға тартты.

Кездесуде өзекті тақырыптар талқыланып, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жергілікті тұрғындарға медиация аясында кеңес берді.

«Бейбітшілік пен келісім»  жобасының бағдарламасы бойынша «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Замана Исмаилова мен Рианна Жалпанова мониторинг жүргізді.

ҚАТЫСУШЫЛАР ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІ МЕҢГЕРДІ

ҚХА-ның «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында Жамбыл облысында өтіп жатқан республикалық жастар форумы қатысушыларға көптеген саланы қамтып, жан-жақты ақпарат беруде.

Үш күнге ұласқан шараның екінші күнінде жастар қазіргі әлемде табысқа жетудің бірден бір кілті саналған шешендік өнердің қыр-сырына қанықты.

Бүгінде мақсатқа жету және мансап пен мүмкіндікке қол жеткізу адамның аудитория алдында өзін ұстау және сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Осыған орай, жоба барысында қатысушы жастар Алматы қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының белсендісі, «Включи харизму» ораторлық шеберлігі жобасының авторы Әлімжан Бауыржановтан шешендік өнер бойынша дәріс алды. Еркін форматта өткен тренингте спикер адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту, сөз шеберлігін қалыптастыру тақырыптарында сөз қозғап, адамның ең үлкен қорқынышының бірі – көпшілік алдында сөйлеу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, тақырып аясында шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысы мен стильдік табиғатына, импровизациялық өнердің түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталып, жастардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, дамыту ынтасын анықтауға, бағыт-бағдар берді.

Спикер форум қатысушыларымен топтық және жеке жұмыс түрлерін жүргізу арқылы қатысушыларды көшбасшылық, аудиторияны қалай тез орналастыру керектігі туралы келіссөздер жүргізу дағдыларына үйретті.

Екінші күннің кешінде бағдарлама бойынша қатысушылар топтық ойын ойнап, серуенге шыққан соң мерекелік кештің куәсі болды. Шара қонақтарына арнап бұл күні кең дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен өрілген кеште облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекеме басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев жастарға ізгі тілегін білдірді.

Достықты ұрандаған форум жастары ән айтып, би билеп, кешті көңілді өткізді.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ КЕРУЕНІ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Жуалы ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен барып қайтты.

Аталмыш топ құрамында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сауле Құрманқұлова, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева және мекеме қызметкерлері, облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, этномедиация кеңесінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов және өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің өкілі Ардақ Жантаева бар.

Топ мүшелрі ауданға қарасты Нұрлыкент, Б.Момышұлы, Көлбастау, Қарасаз, Шақпақата ауылының этномәдени бірлестік өкілдерімен және тұрғындарымен кездесіп, ауылдардағы бірқатар мәселелерді алға тартты. Атап айтсақ, аудандағы Нұрлыкент, Көлбастау, Қарасаз ауылдарындағы тарихи отанына қайта оралған қандастырымыздың азаматтық алу мәселесі де толық реттелмеген екен. Осы мәселе төңірегінде тұрғындарға облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, этномедиация кеңесінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов тиісті жолдарын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері Замана Исмаилова және Рианна Жалпанова тұрғындармен әлеуметтік сауалнама жүргізді.

ЖУРНАЛИСТИКА — ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Жастардың көптен бері медиасауаттылыққа қатысты сұрап жүрген сауалдары мен талаптарына сай Қазақстандық Татар және башқұрт конгресі РҚБ жастар қанатының төрағасы,  «JAMBYL»  облыстық телеарнасының журналисті Риналь Рахматуллин өзінің достық дәрісін Журналистика әлемінен бастады.

Журналистика саласының қызығы мен шыжығы, қыр-сырына тоқталған соң спикер-жаттықтырушы медиа ақпарат кеңістігіндегі ақпараттық жарияланымды әлеуметтік желілерде жариялаушыға кеңес ретінде түрлі қызықты әдіс-тәсілдер қолданды

Мәселен, сұхбат аларда спикермен сөйлесу мәдениеті, сұхбат берушіні сөз техникасы арқылы баурап алу, тіл мәдениеті, стилистикасына зерделі акцент жасап, аудиторияның қызығушылығын туғызып, қатысушыларды серпілтті.

Бұған қоса, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі, өңірлік «Ассамблея жастары” РҚБ активі Дионисий Пляшешник те Алматы қалалық «Ассамблея  жастары» ұйымының белсендісі, «Включи харизму» ораторлық шеберлігі жобасының авторы Әлімжан Бауыржановтың танымдық бағыттағы әдістемесін қолдана отыра БАҚ-та материал жазудың және оны жариялаудың логикалық бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

ҚАЗАҚША ОҢАЙ

«Бір ел» жобасы аясында өтіп жатқан республикалық жастар форумы аясында қатысушылар Меркі ауданының көрікті жерлеріне де табан тіреп, мерейлі өлкенің тарихымен танысты.

Кезекті түскі астан соң өңірге келушілер Меркі шатқалында орналасқан тау басындағы 90 метрлік ерекше үңгірге бет алды. Жалынды жастар ауа-райының жайсыздығына қарамастан тылсым табиғаттың тамашасына тамсанып, бірнеше бөлмеге бөлінетін таңғажайып үңгірдің ерекшелігіне куә боп, таудан ағатын бұлақты да тамашалады.

Түскі серуеннен соң  қатысушылар «Қазақша Оңай!» деп аталатын жеке бағдарламаның интерактивті  бөлімін жалғастырды.

Тренингті «Ассамблея жастары» РҚБ төралқа мүшесі, блогер, «SetantaQazaqstan» телеарнасының журналисі Анастасия Нұғманова жүргізді.

Семинар-тренинг барысында дәріскер Анастасия Юрийқызы  қазақ тілінің грамматикасына тоқталып, одан соң мақал-мәтелдер арқылы мемлекеттік тілде сөз құрастыру, заттар атауын дұрыс табу, қазақ тілінің лексикасы  –  тіл байлығына ерекше тоқталды.

АҚПАРАТ ЖАРИЯЛАУДАҒЫ ОЙ КЕҢІСТІГІ

Меркі ауданы «Turan»  демалыс аймағында өтіп жатқан «Тарих – жастар көзімен» аты республикалық жастар форумына қатысушылар түрлі саладағы кәсіби мамандардың дәрісін тыңдап, білім көкжиектерін кеңейтуде. Аталған ауқымды жиынның алғашқы күнінде жастарға педагогика ғылымдарының магистрі, психолог, Абай атындағы ҚазҰУ-дың докторанты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, психолог,  Каспий қоғамдық университетінің сеньор-лекторы, Қазақстан ұйғырлары республикалық  мәдени орталығының қоғам қайраткері Зульфия Таипова адамның ойлау қабілетін «үрмелі шар» әдістемесіне теңеу арқылы түрлі іс-қимылдармен практикалық семинар-тренинг өткізді.

Оның ішінде қандай да бір ақпарат жариялауда түрлі әдістемелерді қолданып, қазіргі заманда ақпаратты жариялау және тарату алдында әр тұлғаның жеке өз ой аумағында алдын-ала дұрыс ақпаратты өңдеу туралы түрлі іс-қимылдарды қолдана отырып, маңызды ақпараттарды айтып өтті.

ТАРИХ — ЖАСТАР КӨЗІМЕН” республикалық жастар форумы «Turan» демалыс аймағында

Бүгін, үстіміздегі жылдың 5 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы  аясына шоғырланған «Тарих – жастар көзімен»  республикалық жастар форумының   қатысушылары —  этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер Жамбыл облысы облысының Меркі ауданы «Turan» демалыс аймағына келіп тоқтады.

Еске сала кетейік, атаулы форумға Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Манғыстау, Қызылорда, Түркістан, Орал, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай, Жамбыл облыстары, Шымкент қалаларынан 60-тан аса жастар  жиналған болатын. Таңғы жаттығу мен таңертеңгілік астан соң тау самалымен тыныстап, демалыс аймағын тамашалаған жастар әдістемелік жұмыстарға кірісіп кетті.

Шараның республикалық деңгейде «Ассамблея жастары» РҚБ жетекшілері мен төрағалары сөз алған бөлімінде «Қазақстан Ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Кайрыев «Медиа кеңістіктегі ҚХА: өзара әрекеттесу тенденциясы» тақырыбында тренинг өткізіп, тақырып шеңберінде әлеуметтік желілерде жарияланатын хайп-ақпараттардың дұрыс берілуі, паразит сөздерді қолданбау, жалған ақпараттардан аулақ болу, корректі дұрыс эксперименттер, трендтермен жұмыс жасау, қазіргі замандағы заманауи креативтілік, сондай-ақ осындай шығармашылық индустриясын ояту, креативті экономиканы дамыту, таныту жөнінде жастарға дәріс беріп, ақпарат жариялаудағы өзінің тәжірибелік құнды әдістемелерімен бөлісті