ҚХА АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысуымен ҚХА Академиясының ашылу салтанаты өтті.

Академия ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары жетекшілерінің біліктілігі мен құзіретін арттыруға арналған маңызды институт.

Менеджмент бойынша тәжірибеге бағытталған алғашқы курс Достық үйлерінің басшыларына арналды. 5 күнге созылатын бағдарлама аясында жобаларды басқару, гранттық қаржыландыру, бюджеттеу және этномедиация мәселелері бойынша дәрістер, семинарлар және тренингтер өтеді деп жоспарлануда.

Атап өтейік, маңызы мол жиынға өңірлік ассамблеядан «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйі басшысы Мубарак Қасымқызы Жинақбаева қатысуда.

ЖАСТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ағымдағы жылдың 16-шы қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ассамблея жастары» және этнос өкілдері арасында өңіраралық «Туған жердің төсінде» атты квест ойындары өтті.

Кезекті ойынның басты мақсаты этнос өкілдерінің интеллектуалдық деңгейін арттыру, жастардың тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиеттін қорлауға жол бермей, еліміздің тарихы мен мәдениетін терең білуге насихаттау болып табылады.

Осы орайда бүгінгі интеллектуалды ойында бақ сынап, бәсекеде қабілеттілігімен екінші орын иеленген «Frienship house» және үшінші орын алған «Ассамблея жастары» командаларын шын жүректен құттықтаймыз!

«КАЛИНКА» ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНЕ – 10 ЖЫЛ!

Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Калинка»  вокалдық ансамблінің есімі Әулиеата жұртына етене таныс. Аймақ мәдениетін дамытуға үлес қосып, орыс халқының әндерін жергілікті жұртшылыққа кеңінен насихаттап жүрген шығармашылық ұжымның құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Достық үйінде ансамбльдің мерейтойлық концерті салтанатты түрде аталып өтті.

Бұл күні шығармашылық ұжымды құттықтауға келген өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері мен ҚХА мүшелерінің қарасы қалың болды. Сондай-ақ, шараға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова қатысып, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының игі істеріне белсене атсалысып жүрген ансамбльге алғысын білдіріп, марапаттады.

Жыл арта өнер ұжымының шығармашылық әлеуеті артып, репертуары жаңарып отырады. Өнердің өлкесінде жүрген ұжымның көркемдік жетекшісі, облыстық «Радонеж» Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин ансамбльдің орындаушылық шеберлігі жыл озған сайын шыңдала түсуде екенін мақтанышпен жеткізді.

–Осы уақыт аралығында өнер ұжымы әрдайым шығармашылық ізденісін тоқтатпай жаңа туындыларымен өз тыңдармандарын тамсандырып келеді. Ансамбльдің алғашқы кәсіби қойылымы әйелдер ұжымы және «Радонеж» Орыс этномәдени бірлестігі мүшелерінің орындауындағы «Ой, цветет калина» әнімен басталған болатын. Міне, содан кейін құрам «Калинка» атауына ие болды, – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі В.Владимирович.

Мерекелік кеште ансамбльдің орындауындағы «Когда весна придёт не знаю…», «Матушка-земля», «На деревне тихо», «Ромашка белая», «Осень золотая», «Две души», «Ах, судьба, моя судьба», «Хуторок», «Есаул молоденький», «Печки-лавочки», «Сильная женщина» секілді көптеген әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әуезді ән шырқалған кеште қазақ, татар, украин халқының ұлттық билері сахналанып, кеш шырайын аша түсті.

Республикалық «Ассамблея құрамасы» “Жайдарман” Ұлттық лига ойындарының жеңімпазы атанды!

Ассамблеялық құрама атсалысқан команда мүшелері мен өздерін қолдаған жанкүйерлерге эор алғыс білдіреді!
Сондай-ақ, Жамбыл облыстық Ассамблея мен “Қоғамдық келісім” мекемесі және өңірлік “Ассамблея жастары” РҚБ да  игі жеңістеріңізбен құттықтай отырып,  Сіздерге әрқарай да мол мүмкіншіліктер мен сәттілік тілейді!
Чемпиондық дәрежелеріңіздің тұғыры биік болсын!

ЖАСТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ағымдағы жылдың 16-шы қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ассамблея жастары» және этнос өкілдері арасында өңіраралық «Туған жердің төсінде» атты  квест ойындары өтті.
Кезекті ойынның басты мақсаты этнос өкілдерінің интеллектуалдық деңгейін арттыру, жастардың тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиеттін қорлауға жол бермей, еліміздің тарихы мен мәдениетін терең білуге насихаттау болып табылады.
Осы орайда бүгінгі интеллектуалды ойында бақ сынап, бәсекеде қабілеттілігімен екінші орын иеленген  “Frienship house” және үшінші орын алған  “Ассамблея жастары” командаларын шын жүректен құттықтаймыз!

“КАЛИНКА” ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНЕ – 10 ЖЫЛ!

Жамбыл облыстық “Радонеж” Орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған “Калинка” вокалдық ансамблінің есімі Әулиеата жұртына  етене таныс. Аймақ мәдениетін дамытуға үлес қосып, орыс халқының әндерін жергілікті  жұртшылыққа кеңінен насихаттап жүрген шығармашылық ұжымның құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Достық үйінде ансамбльдің мерейтойлық концерті салтанатты түрде аталып өтті.
Бұл күні шығармашылық ұжымды құттықтауға келген   өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері мен ҚХА мүшелерінің қарасы қалың болды. Сондай-ақ,  шараға облыстық “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова  қатысып, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының игі істеріне белсене атсалысып жүрген ансамбльге алғысын білдіріп, марапаттады.
Жыл арта өнер ұжымының шығармашылық әлеуеті артып, репертуары жаңарып отырады.   Өнердің өлкесінде жүрген ұжымның  көркемдік жетекшісі, облыстық  “Радонеж” Орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Владимир Сорокин ансамбльдің   орындаушылық шеберлігі жыл озған сайын шыңдала түсуде екенін мақтанышпен жеткізді.
–Осы уақыт аралығында өнер ұжымы әрдайым шығармашылық ізденісін тоқтатпай жаңа туындыларымен өз тыңдармандарын тамсандырып келеді.      Ансамбльдің  алғашқы кәсіби қойылымы әйелдер ұжымы және “Радонеж” Орыс этномәдени бірлестігі мүшелерінің орындауындағы “Ой, цветет калина” әнімен басталған болатын. Міне, содан кейін құрам “Калинка” атауына ие болды, – дейді ансамбльдің көркемдік  жетекшісі В.Владимирович.
Мерекелік кеште ансамбльдің орындауындағы “Когда весна придёт не знаю…”, “Матушка-земля”,  “На деревне тихо”, “Ромашка белая”, “Осень золотая”, “Две души”, “Ах, судьба, моя судьба”, “Хуторок”, “Есаул молоденький”, “Печки-лавочки”, “Сильная женщина” секілді көптеген әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әуезді ән шырқалған кеште қазақ, татар, украин халқының ұлттық билері сахналанып, кеш шырайын аша түсті.

ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚ КІЛТІ

«Достық керуені» жобасы этностар арасындағы достықты дәріптеумен қатар, олардың мәдениет, спорт, әлеуметтік т.б. саладағы қырларын тануға кеңінен мүмкіндік береді. Дәстүрлі жоба аясында «Татулық – достық кілті» атты облыстық фестиваліне іріктеу өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен іріктеуге мектеп оқушылары және колледж білімгерлері және аудандағы этнос жастары қатысты.

Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Аудандағы дарынды тұлғалар өнерін саралаған сайыста өзбек, түрік, славян, кәріс тағы да көптеген этностардың әні айтылып, биі көпшілік назарына ұсынылды.

Шара соңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова және облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Ақылшаұлы аудандағы белсенді этномәдени бірлестік өкілдерін марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.

ӨҢІРЛІК «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚБ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ Меркі ауданындағы «Жастар ресурстық» ғимаратында аудан жастарымен кездесті.

Жүздесу барысында облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасы Хамида Турдыева жастардың бастамаларын дамытып, әлеуметтік тұрғыда қолдауға даяр «Ассамблея жастары» ұйымының басты бағыттарын айтып берді.

Бірлестіктің белсенді жастары Ёсма Карасман-Оглы мен Перизат Асқарбек те «Ассамблея жастары» РҚБ-нің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жастарды ұйым құрамына шақырды.

Жиын соңында өңірлік ассамблея белсенділері аудан жастарымен пікір алмасып, сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, бұл күні облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен аудандық білім бөліміне қарасты «Балауса» балабақшасындағы бөбектерге арнап аниматорлар қойылымы ұсынылып, бүлдіршіндер қуанышқа бөленді.

ЖОБА АЯСЫНДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«Достық керуені» жобасы аясында өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің өкілдері аудандық Ақсақалдар алқасымен жүздесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан тізгіндеген кеңес отырысына өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық этномедиаторлар кеңесінің төрағасы, Тараз қалалық Өзбек орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов, облыстық «Хазар» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асабали Поилиев, облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ибрагим Зуфаров пен аудандық кеңес мүшелері мен уәкілетті органдар қатысты.

«Ата көргеннің ақылы артық» демекші, жиында Ақсақалдар алқасы ұрпақ тәрбиесі, адал азамат тәрбиелеу, әлеуметтік кеселдермен күрес сынды қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап, пікір алмасты.

Сондай-ақ, әскери сала маманы Асан Пшаев этнос өкілдерінің әскер қатарына қабылдануы туралы да атап өтті.

ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІ «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІНДЕ»

«Достық керуені» жобасы аясында өңірлік ҚХА Аналар кеңесі Меркі аудандық Аналар кеңесімен кездесу өткізді.

Кеңес отырысын облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жобаларды жүзеге асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева ашып, жүргізді.

Алқалы жиында Меркі аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Айгүл Оразбаева құқықбұзушылыққа қатысты статистикаға тоқталса, Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар Ресурстық орталығы КММ-нің психологі Аружан Темірбай жастардың тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, жастардың денсаулығы мен психологиясы туралы айтты.

Сондай-ақ, аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Меркі ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Роза Байбосынова кеңес құрамын таныстырып, ауданда өтіп жатқан жобалар мен ауқымды іс-шаралар бойынша кеңінен қаузады.

Одан кейін Меркі ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова сөз алып, қыз бала тәрбиесі ұлттық тәрбие екенін және аналар ұйымшылдығын тілге тиек етіп, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық Поляк этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева мен «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрайымы Фарида Нақыш және «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай- балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова аталған нашақорлық, ысырапшылдық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм секілді әлеуметтік кеселдерге тосқауыл қою қажеттігін алға тартып, кеңес мүшелерін бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Жиында бұдан өзге ҚР Президентінің биылғы Жолдауында айтылған жастарға қатысты зиянды әдеттерден арылу, жасөспірімдермен тіл табысу, жастар арасындағы басқа да тәуелділіктердің алдын алу, олармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу сияқты мәселелер талқыланды.

Және аудандық Аналар кеңесі де өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Бүгінде нәпақа табамын деп, еңбекке ерте араласып жатқан жасөспірімдер жетерлік. Ал оның бала денсаулығына қаншалықты зиян келтіріп жатқандығына аналар алаңдаулы. Қоғамның өзекті тақырыбына айналған мәселені кеңес отырысында ҚХА Аналары кеңінен тоқталды.

Бұдан соң, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын ілгерілету мақсатында отбасы құндылықтарын сақтау бойынша орамды ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, Меркі аудандық Аналар мен Ақсақалдары мектептерде «Әке», «Ана», «Ата», «Әже» тәлімдерін үйрету орталықтарын ашқан.

Жиын соңында аймақтағы тұтастық пен бірлікті сақтап, ҚХА жобаларын жүйелі жүзеге асыруға атсалысқан аудандық кеңес мүшелері марапатқа ие болды