РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК НЕГІЗІ

Бүгін Достық үйінде облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім күніне» орай діни бірлестіктер мен дін саласындағы сарапшылардың қатысуымен кездесу өтті.

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында өткен шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдері, өңірлік этномәдени бірлестіктер, Христиан бағытындағы діни бірлестік мүшелері, дінтанушы, психолог және теолог мамандар мен облыс, қала және аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толеранттық, рухани келісім идея-ларын насихаттауға бағытталған жиында Астана қаласындағы «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, «Ислам зерттеулері орталығы» қоғамдық қорының директоры, дінтану ғылымдарының PhD докторы Балғабек Мырзаев, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қоры басшысының орынбасары Әлім Шауметов мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселе¬лерге тоқталып, қоғамдағы рухани келі¬сімнің бағасы қымбат екенін атап өтті.

Сондай-ақ, азаматтарды ортақ рухани-адамгершілік құндылықтарға топтастыруды мақсат еткен басқосуда сарапшылар өңірдегі түрлі конфессиялар мен этностар өкілдерінің өзара түсінісіп, қарым-қатынасын одан әрі дамытуы үшін осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізуге уағдаласты.

«НАН КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Жақында өңіріміздегі Балаларды қолдау орталығында  ҚХА жанындағы Аналар кеңесі  жетекшісінің орынбасары Аракси Плетневаның ұйымдастыруымен «Нан күні»  аталып өтті.

Аталмыш мерекеде орталықта тәрбиеленетін 8 түрлі этнос өкілдерінің балалары 8 елдің   нан түрлерін дайындап, шығу  тарихы мен дайындалу жолын слайд арқылы көпшілік назарына ұсынды.

Іс-шара барысында Поляк ұлттық мәдени орталығының  мүшесі Алексей Владимирович балалармен  бірлесе ұннан түрлі  нан өнімдерін әзірлеп, шеберлік сағатын өткізді.

Сондай-ақ, шара соңында қатысушыларға түрлі нан өнімдері толтырылған  себеттер  сыйға берілді.

Айта кетейік, елімізде 2019 жылдан бері қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу мақсатында арнайы «Нан күні» мерекесі белгіленген болатын.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Меркі ауданына қарасты «Turan»  демалыс аумағында  ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен  Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне арналған «Тіл мектебі» жобасы өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға биыл еліміздің барлық өңірінен 40-қа жуық адам қатысуда. Этностар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу, оқытудың жаңа әдістемелерімен  таныстыруды мақсат еткен шараның ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, республикалық «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Турдыева қатысып, тіл тынысын ашатын тәлімі мол  жобаның маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, аталған жоба аясында мемлекеттік тілді меңгеруге ниеттенген қатысушылар бес күн бойы арнайы жаттықтырушылар мен әдістеме авторларынан білім алатын болады.

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚПЕН КЕЗДЕСУ

Жас жеткіншектердің бойында қазақстандық патриотизм мен мәдени мұраны қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково ауылының орта мектебінде “Карачаевцев және балкарцев – бірлік” РҚБ “Архыз” филиалының басшысы, осы оқу орнының түлегі Лели Удденованың 11 “Б” және 11 “В” сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды.

“Ынтымақтастық — достық белгісі” тақырыбындағы іс – шара Жамбыл облысының 85 жылдығына арналды.

Кездесу барысында бірлік пен келісім, достық, ынтымақтастық, патриотизм, мәдени мұра, маңызды моральдық қасиеттер және т.б. туралы айтылды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ НЕМІСТЕР ҚОҒАМЫНА — 35 ЖЫЛ!

2024 жылғы 13 қазанда «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйінде Жамбыл облысындағы Немістер қоғамы қызметінің 35 жылдығына орай мерекелік концерт өтті.

Іс-шара түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен болды. Салтанатты сәт марапаттау рәсімінен басталды. Марапаттау барысында немістер қоғамының белсенді өкілдері марапатталды. Олар осы этномәдени бірлестіктің президенті Александр Гибнердің қолынан алғыс хаттар алды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, онда «Эремурус», «Singende Herzen», «Sterne», «Medival», «Juwel», солистер Максим Новиков пен Вероника Середа және басқа да вокалдық және хореографиялық ұжымдар түрлі шығармашылықтың сәніне айналды.

Концерттің ерекшелігі — өзінің керемет қойылымымен Түркиядан келген қонақ — «Жүзім сүйегі» әнін орындаған Нурие Молохасанның келуі болды.

Көрермендер дәстүрлі «Қазақ биі», көңілді және әрдайым әр түрлі сипатта биленетін «Полька» және «Марилена» , сондай-ақ, талғампаз «Тирол вальсі» билері мен «Аморе мио» және «Mein Schatz» романтикалық әндері, «Маруся және самовар» және «Beim Kronenwirt» және басқа да таңғажайып концерттік нөмірлер тамашаланды.

Сонымен қатар, көрермендерге Жамбыл облысы Немістер қоғамының қызметіне арналған, осы этномәдени бірлестіктің этносаралық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі жетістіктері мен үлесі туралы баяндайтын фильм көрсетілді.

Іс-шара барысында қатысушылар қолөнердің ұйымдастырылған көрмесінде қолданбалы шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары ұсынған экспонаттармен танысты.

Аталған игі шара көрермендерге көптеген ұмытылмас әсер қалдырды.

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатып  тәрбиелеуде өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея бөбектері» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қалалық білім бөлімімен тығыз жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық білім бөлімі  «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасына сай «100 кіші бағдарлама» аясында әдістемелік материалдарды әзірлеудің 2024-2026 жылдарға арналған жоспарын әзірлеп, меморандумға қол қойған болатын.

Аталған жобаны ілгерілету мақсатында «Қайнар и С» ЖШС  бөбекжай-балабақшасы «Жасыл ел, жасыл балабақша» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды. Шара мектепке дейінгі балаларды қоршаған әлемді танып, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Жиынға қатысқан  мектепке дейінгі білім бөлімінің әдіскері Гульфайруз Есенқұлова, бөбекжай құрылтайшысы Сағат Жүнісбеков, «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы» ЗТБ Жамбыл филиалының төрағасы Эльнұр Құрманәлиева және  «Қайнар и С» ЖШС  бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі  Бағдат Жүнісбек ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел  бірлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуде мұндай жарқын  жобалардың берері мол екендігіне кеңінен тоқталды.

Іс-шара аясында балабақша жанынан «Гидропоника әлемі» атты арнайы орталық ашылып, лентасы қиылды. Сондай-ақ, кездесу барысында бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілерінің алтын күзге арнаған мерекелік бағдарламалары мен  біртұтас тәрбиені негізге алған әкелер мен аналар мектебінің жұмыстары да көпшілік назарына ұсынылды.

ТАРАЗДА «ЕСЕНИАДА 2024» ІІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Биыл орыстың ұлы ақыны Сергей Есениннің туғанына – 129 жыл. Отыз жыл ғана ғұмыр кешкен шайырдың  құрметіне орай, қалалық білім бөлімінің қолдауымен  облыстық «Радонеж» Орыс қауымдастығы  ІІ «Есениада 2024»  әдеби фестивалін ұйымдастырды.

Бұл күні қаладағы түрлі оқу орындарынан келген 60-қа жуық  өлеңсүйер қауым  Есениннің ескерткішіне жиылып, шығармаларын арқалана оқыды.

Әдеби кеште әйгілі ақынның отты жырлары мен қатар музыкалық шығармалары да көпшілік назарына ұсынылды.

Ақын туындыларында тұмса табиғатты жырлаудан жалықпай, оның ǝр құбылысына жан бітіре ᴄуреттеуге тырысатын.

Дәстүрге айналған шараға  қатысушылар С.Есениннің «Закружилась листва золотая», «Песня о собаке» , «Шаганэ ты моя, Шаганэ»,

«Покраснела рябина», «Пороша»,  «Ночь», «Собаке Качалова», «Весенний вечер», «Бабушкины сказки», «Мне осталась одна забава» сынды кеңінен танымал шығармаларын орындады.

Фестиваль аясында Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері арнайы қойылымды  көпшілік назарына ұсынса, «Радонеж» Орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокиннің сүйемелдеуімен «Калинка» вокалдық ансамблі кеш иесінің  әндерін шырқады.

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы – бұл тұрақты болашақ пен экономикалық өсуге жасалған қадам

Атом энергиясы – қазба отындарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін ең экологиялық таза және сенімді энергия көздерінің бірі. Уран сияқты табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан көптеген онжылдықтар бойы өзін энергиямен қамтамасыз ете алады.

Сондай-ақ, менің де түсінігімде атом электр станциясы жұмыс орындарын ашады, инвестиция тартады және елімізді энергетикалық тәуелсіз етеді.

Сонымен бірге, бұл – қоршаған ортаны қорғау кезіндегі электр энергиясына сұранысты қанағаттандырудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Осылайша, атом энергетикасы – бұл біздің балаларымыздың болашағына, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына зор үлес қосатыны да абзал.

 

Бахром Муминов, Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы

Қазақстан атом электр станциясын салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке маңызды қадам жасалады.

Қазақстан атом электр станциясын салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке маңызды қадам жасалады. Бұл жай ғана жоба емес, бұл елдің болашағына салынған инвестиция. Атом энергиясы – бұл мұнай мен газ бағасының өзгеруіне тәуелді емес тұрақты және сенімді электр көзі.

Сонымен қатар, атом станциялары зиянды шығарындыларды іс-қимыл жүзінде шығармайды, оларды климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды элемент етеді.

Біз уранның бай қорымен Қазақстан осы салада көшбасшы бола алатынын мақтан тұта аламыз. Бұл еліміз үшін табиғатты қорғай отырып, әлемдік энергетикалық нарықта дамуға және бәсекеге қабілетті болып қалуға мол мүмкіндік.

 

Сартиф Исманалиевич Алиев, Жамбыл облыстық «Барбанг» Күрділер этномәдени бірлестігінің төрағасы

ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 2 қазаны күні ZOOM платформасында Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы этномедиация мамандарының жиыны өтті.

Онда өңірлік этномедиация кеңесінің құрамын қайта қарау бойынша ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, жиын қатысушыларына кеңестің құрамы, қызмет бағыты бойынша нұсқаулар беріліп, этномедиация үйлестірушілерінің тәжірибелік қызметінде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныстар жасалды.

Шарада ҚХА этномедиация мәселесінің үйлестірушілері, ҚР Президент аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Инара Раһимзаде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Нариман Абдрахманов, республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Талшын Италиева еліміздегі медиация институтының маңыздылығы туралы мәлімдеді.

Онлайн кездесуге қатысушылар қатарында этносаралық қатынастар мәселелері бөлімінің басшысы Талғат Тойшыбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараттық жұмыс және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева бар.