«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы барлық қалада ауқымды экологиялық-санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Республика көлемін қамтыған айтулы акция Таразда да жалғасуда.

«Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасының орынбасары және өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның бастамасымен этнос жастары тазалау жұмыстарын жүргізді. Бірлік пен бірегейлікті көздейтін жастар бұл жолы бір ауыздан келісіп Таразды бойлай аққан Таластың жағасын тазалады.

Жастар өзен аумағындағы ағаш діңдерін әктеп, артық шөптерден арылтты. Тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан жастар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып қана қоймай, туған жерімізді таза ұстауға шақырды.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік және келісім» жобасы шеңберінде Меркі ауданының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Ибрагим Зуфаров бастаған топ аталмыш ауданға қарасты Жамбыл, Меркі, Сарымолдаев, Ойтал, Андас ауылдарының тұрғындарымен жүздесті.

Кездесуде жұмыс тобы тұрғындарға мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессияларында көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады.

Өз кезегінде тұрғындар ауылдардағы ауыз су, жол жөндеу, жайылымдық жер тапшылығы, мәдениет үйінің жоқтығы секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТТІ

Домбыра – атадан балаға жеткен асыл мұра. Ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, үлкен азамат болып өссін деген тілекпен облыстық перинаталдық орталықта Домбыра күні дүниеге келген нәрестелерге төл аспап тарту етілді.

Өнегелі шараны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.

«Қасиетті домбыра» атауымен өткен дәстүрлі акцияға аталмыш мекеме басшысы Мубарак Жинақбаева, облыстық «Анаға тағзым» отбасыларды қолдау орталығының директоры, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали және кеңестің белсенді мүшелері қатысты.

-Шілде айының алғашқы жексенбісі күні аталып өтетін Ұлттық домбыра күні – Қазақстан Республикасында халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, ортақ құндылықтардың төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Болашақта нәрестелердің де асыл идеяны іске асырушылар қатарында болатынына сенімдіміз. Өнегелі өмір жолында ұлттық аспап сәбилердің жан серігі болсын!, – деді Мубарак Қасымқызы.

Ұлттық аспапты ұлықтауға арналған шарада ұйымдастырушылар жаңа туылған сәбилерге және олардың жас аналарына төл аспапты «айналайын» деп басталатын ең әдемі сөзбен естелік ретінде сыйға тартып, алдағы өмірлеріне ұзақ ғұмыр тілеп, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, ақ жаулықты ана атансын деген ниетпен кеңес мүшелері жас аналарға ақ орамал жауып, батасын берді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, АСТАНА!

Ағымдағы жылы еліміздің бас қаласы – Астананың 26 жылдық мерейтойы. Айтулы күн қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі «Караоке-батл» кешін өткізді.

Достық үйінің ауласында өткен мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысып, Астананы әнге қосты. Кешке қатысушылар вокалдық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіп тарқасты.

ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ

Жамбыл облысының 85 жылдығы мен «Астана күні» мерекесіне орай өңірлік «Qoloner-Taraz» қоғамдық бірлестігі және «Көркемсурет галереясының» ұйымдастыруымен  «Өнерліге өріс кең»  атты қолөнершілер көрмесі өтті.

Көне Тараз тарихи-этномәдени кешенінде өткен көрмеге аталмыш бірлестіктің қолөнер шеберлерінің дәстүрлі және заманауи туындылары қойылды. Бүгінде бірлестік құрамында  20-78 жас аралығындағы ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, өзінің сүйікті ісіне айналдыра білген 75 шебер белсенді еңбек етуде.

Айта кетейік, ұжым құрамында өңірлік ҚХА жанынан құрылған қолөнер шеберлері үйірмесінің мүшелері бар. Көрменің ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің  орынбасары Гүлдана Жауынбекова қатысып, төл өнердің өшпес құндылық екендігіне ерекше тоқталды. Мәдени шара барысында облыстық тарихи өлкетану музейі директорының орынбасары Арайлым Рахымберді ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген аталмыш ұжымға  облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ,  «Qoloner-Taraz» қолөнершілер  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Құндызбаева бірлестік құрамы көпэтносты шеберлерден тұратындығын жеткізді.

Шара барысында келушілерге шеберлердің қолынан шыққан этно стильдегі сән үлгісі топтамалары ұсынылды.

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!

Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз. Осы орайда, халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның бастамасымен дөңгелек үстел өтті.

Жиынға облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысып, тақырып туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. «Есірткісіз болашақққа» деген ұранмен бастау алған кездесуде жастар ғаламды жайлаған зиянды әдеттен жастарды барынша ада болуға шақырды.

–Жаңа дәуірге қадам басқан жастарды жаман әдеттен арылту сіз бен біз болып жұмыла атқаратын жұмыс. Есірткіге есі кетіп, еліткен жас буын өзінің болашағына балта шапқанмен бірдей. Егемен еліміздің ертеңі жастарды жаман әдеттен аулақ болуға үндеп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырайық, – дейді облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Азиза Исманова.

Шара соңында өзге де жастар салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін әдеттен арылту үшін нашақорлыққа қарсы әлеуметтік иммунитет қалыптастыру керек екенін атап өтті.

МӘМІЛЕДЕ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Мәміле» қазақ тілді пікірталас клубы жобасынының  үшінші отырысы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында өтті.

Қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйренуді көздеген клубтың кезекті жиынына этномәдени бірлестік өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары мен тіл үйренушілер қатысты.

Клубтың бүгінгі жиыны Ұлттық домбыра күніне бағытталды. Кезекті басқосу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің  жетекші сарапшысы Рахат Ерхан  клуб мүшелеріне  мәдени мекеменің бірінші қабатында Жамбыл Жабаев, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы  Сағырбайұлы, Қоқыт ата т.б. аты  аңызға айналған тұлғалардың өмірімен таныстырып, өнері мен шеберліктерінен  сыр шертті.

Ары қарай жиынға қатысушылар филармония оркестрінің концерт алдындағы дайындығын тамашалады.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары  Жандос Омаров клуб мүшелерін қарсы алып, өнер әлеміндегі өзгеше өмірдің қызықшылығы мен қиыншылығына тоқталып, филармония оркестрімен таныстырды.

Ал, филармониядағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, ҚР мәдениет саласының үздігі Дулат Байзілдаев клуб мүшелеріне әрбір аспаптың құндылығын мемлекеттік тілде жеке-жеке түсіндіріп, олардың оркестрдағы өзіндік рөлдері туралы айтты.

Клуб мүшелері оркестрдің концерт барысындағы дайындығына да куә болып, филармония әншілерінің жанды дауыста шырқаған әсем әндерін тыңдап, аспаптарда орындау шеберліктеріне тәнті болды.

Жиын соңында «Қоғамдық келісім» КММ-нің жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева көпшілікке «Мәміле» клубының жұмысын таныстырып, өнер  ұжымына алғыс айтты. Клуб мүшелері мемлекеттік тілдің құндылығын ұлттық аспаптар атауы және ән арқылы бойына сіңіріп қайтты.

 

Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті туралы

2023 жылы мен 2024 жылғы 02 шілде айына  облыста қызылша бойынша күдікті 7724 жағдай тіркелді, оның ішінде 4747 жағдайда диагнозы расталды (61,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 390,3.

Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 114 217 жағдай тіркелді, оның ішінде 56 582 жағдайда диагнозы расталды (49,8%), көрсеткіші – 282,4.

Қызылша диагнозы расталған 4747 жағдайдың ішінде, 379-сі – қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен  ауыр деңгейінде (7,9%), орташа денгейдегі – 3072 (64,7%), 1296 жеңіл денгейдегі (27,3%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 01 шілде айына қызылша диагнозымен стационарлық  ем   қабылдап жатқан 4 науқас бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқан  науқастар жоқ. Ауыр жағдай асқынуымен тіркелмеді.

Жалпы төсек жүктемесі –1,2% (325 төсектің ішінен 4 төсек бос емес,321- бос), балалар төсек жүктемесі –1,5% (260 төсектің 4 төсек бос емес, 256 төсек бос).

Қызылшаның тіркелуі барлық аумағында байқалады.

1 өңірде сырқаттанушылықтың деңгейі өте жоғары «қызыл аумақ»: Тараз қ. – 2836 жағд. (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 635,9).

Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары деңгейде «сары аумақта »:   Байзақ ауд. – 413 жағд. (392,0), Шу ауд. – 370 жағд. (348,4), Сарысу ауд. – 129 жағд. (292,2),  Меркі ауд. – 268 жағд. (302,9)

«Жасыл аумақ» 6 өңірде 12-316 жағд аралығында: Жамбыл ауд. – 185 жағд. (239,3), Қордай ауд. – 316 жағд. (211,5),  Жуалы ауд. – 83/152,2,    Талас ауд. – 77/157,4,  Т.Рысқұлов ауд. – 58/86,1, Мойынқұм ауд. – 12/41,9.

Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушандық көрсеткіштері жалпы облыс бойынша бір деңгейде (1 жағ/ 0,08 және 1 жағ/0,08), оның ішінде:Тараз қаласы  бойынша  – бір деңгейде  (1 жағ/0,22 және 1 жағ/ 0,22)

Байзақ ауданы бойынша-  тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Жамбыл ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жуалы ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Қордай ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Т Рысқұлов ауданы бойынша– тіркелген жоқ (0жағ/0 және 0 жағ/0)

Меркі ауданы бойынша – тіркелген жоқ    (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Мойынқұм ауданы бойынша – тіркелген жоқ (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Сарысу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/ 0 және 0 жағ/0)

Талас ауданы бойынша– тіркелген жоқ  (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Шу ауданы бойынша– тіркелген жоқ   (0 жағ/0 және 0 жағ/0)

Жас құрамы бойынша қызылша індеті 83,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (3938 ж), оның ішінде 22,6% – 1 жасқа дейінгі балалар (892ж) және 1-4 жастағы балалардың саңы-2291/ 58,1%;  15-17 жаста – 2,0% (96ж.), 18 жастан жоғары – 15,0% (713ж.). Яғни, көбінесе қызылшамен ауыратындар, ол 0-5 жасқа дейінгі балалар.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: 51,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (2433ж), 20,1% – мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар (954ж), 13,2% – оқушылар (628ж) және жұмыссыздар 8,0% (378ж), жеке кәсіпкерлер мен жәй жұмысшылар – 3,7% (175ж). Медицина қызметкерлердің қызылшамен ауырған саңы – 29 (0,6%).

Қызылша індетімен ауырғандардың екпе статусы

Қызылша індетімен ауырғандардың ішіндегі 86,5 пайызы екпе алмағандар (4107 жағд.). Оның ішінде, екпеден бас тартып, екпеге сенімсіз білдіргендер 1307 жағдай (31,8%), медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 993 жағдай (24,2%) және екпе алу жасы келмегендер 860 жағдай (20,9%).   

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 715 15,1
Екпеден бас тартқандар 1307 27,5
Екпе алу жасы келмеген 860 18,1
Екпе туралы мәліметі жоғалған 232 4,9
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 922 19,4
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 71 1,5
Екпенің толық курсын алмағандар 640 13,6
Барлығы 4747 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 44910 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 693 науқас анықталып, сәйкесінше науқастар қатарына есепке алынды (1,5 %) .

Бүгінгі күнге 117  науқаспен  қарым қатынаста болған тұлғалар, 1 орта мектеп, 2 бала бақша 21 күндік медициналық бақылауында

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша 72 сағатта науқаспен қарым қатынаста болған 4175 тұлға екпемен қамтылды .

Қызылшаға қарсы  иммундау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша-1 екпені алғаны 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар – 23159 бала)

– барлығы қызылша-2 екпені алғаны 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (98,7%,  жоспар – 24635 бала).

(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі, ол 50 – екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 – уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала

2024 жылдың 5 айында Жамбыл облысы бойынша

Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы (ККП-1) екпесімен қамту көрсеткіштері жоспарлы түрде жалпы егілгені – 18285 бала, оның ішінде:

– барлығы қызылша -1 екпені алғаны- 8636 бала, оның ішінде 1 жастағы 8511 бала 1-ші вакцинациясын алды (36,8%)

– барлығы қызылша -2 екпені алғаны- 9649 бала, оның ішінде 6 жастағы 9461 бала 2-ші екпесін алды – ревакцинацияланды (36,8%).

 (4 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 39,4- 41,5%).

Епенің төмен көрсеткіштерінің ең бір себебіқызылшаға қарсы қосымша екпе алған 6-11 ай аралығындағы және 6 жасқа дейіндегі балалардың ата аналары жоспарлы екпесің алуға уақытша бас тартуда.

Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1111 балалардың себебі, ол 109 – екпеге келісім бермегендер (9,8%), 8 – көшіп кеткендер басқа аумаққа (0,7%), 211 – уақытша облыста жоқтары (19,0%), 783 – медициналық көрсетілімі бар балалар (70,5%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.

Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап,  шілденің 02-ші  күніне  жалпы қамтылғаны – 96 058 тұлға / жоспар – 95 850 /100,2% 

(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері:   жоспар – 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 463 078 , қамтылған пайызы- 97,5%).

Оның ішінде:

– 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 9 051 бала (97,3%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);

– 2-3-4 жастағы 57 148 бала (91,5%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);

– 5 878 медицина қызметкерлер (104,1%, жоспар – 5 640 қамтылады);

– 23 981 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (129,5, жоспар – 18 520)

Қосымша иммундау жұмысы орындалуы бойынша:

–  Тараз қаласы (94,0%) бойынша  орындау пайызы, «қызыл аумақта»;         –   қалған 10 аумақтар – «жасыл аумақта».

ҚҚП вакцинаның қоры

02.07.2024 жыл мерзімге облыс бойынша 27 602 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинасының қалдығы бар, қолдау мерзімі 2026 жылдың наурыз айына дейін.

 

 

Аймақтар Жоспар Егілген саңы Қамтылған пайызы
Тараз қ 36122 33 953 94,0
Байзақ а 8885 9244 104,0
Жамбыл а 6702 7030 104,9
Жуалы а 3692 3 874 104,9
Қордай а 11811 12 201 103,3
Мерке а 6465 6 744 104,3
Мойынқұм а 2074 2084 100,5
Сарысу а 3344 3 530 105,6
Т Рысқұлов а 5288 5 388 101,9
Талас а 3642 3 740 102,7
Шу а 7825 8270 105,7
Облыс бойынша 95850 96 058 100,2
Республика бойынша 1 500 000 1 463 078 97,5

Қосымша екпе жұмысы 281 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 15 семинарларда арнайы дайындалған 1800 медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатан бақылауда.

 

Жамбыл облысы аумағындағы көкжөтел (коклюш) індеті туралы

2024 жылдың 1 қантарынаң бастап 02 шілде айына облыста көкжөтел (коклюш) бойынша күдікті 108 жағдай тіркелді, оның ішінде 65 жағдайда диагнозы расталды (60,1%), 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 5,1.

Көкжөтел індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 3015 жағдай тіркелді, оның ішінде 1342 жағдайда диагнозы расталды (44,5%), көрсеткіші – 7,0.

Көкжөтел диагнозы расталған 65 жағдайы орташа ауыр денгейде (100,0%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.

2024 жылдың 02 шілде айына 7 науқас көкжөтел диагнозымен стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 0 жүкті әйел  (0 %), 7 балалар (100,0%).

Көкжөтелдің  тіркелуі келесі аумақтарда байқалды

«Сары аумақта:  Тараз қаласы. – 41 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші – 9,2, облыстық көрсеткіштен  (5,1 ) – 1,8 есеге жоғары болып тұр.

Байзақ а – 2 жағд (1,94), Жамбыл а-6 жағд (7,8),  Меркі ауд. – 2 жағд. (2,2) , Мойынкум ауд -6 жағд. (21,0) ,  Шу ауд. – 3 жағд. (2,8),Жуалы- 4 жағд (7,3), Сарысу -1 жағд  (2,3).

Жас құрамы бойынша көкжөтел індеті 100,0% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (65 жағд), оның ішінде 27,6% – 0-6 ай жастағы балалар (18 ж) және 7-11 ай жастағы балалардың саңы- 18/ 27,6%, 1-3 жастағы балалардың саңы- 23/ 35,4%, 4-5 жастағы балалардың саңы- 4/6,1%, 9 -14 жас-2 /3,1%.

Яғни,  көкжөтелмен ауырғандар, ол  6 жасқа дейінгі балалар болып тұр.

Кәсіби құрамы бойынша сырқаттанушылықтың деңгейі жоғары: ол 92,3% – ұйымдастырылмаған балалар арасында (60ж), 4,8%/3 жағд – бала бақшадағы балалар және 2/ 3,2% оқушылар. Барлығы жергілікті жағдайлар.

Көкжөтел індетімен ауырғандардың екпе статусы

Көкжөтел індетімен ауырғандардың ішіндегі 84,6 пайызы екпе алмағандар (55 жағд.). Оның ішінде, медицина көрсетіліммен екпені алмағандар 20 жағдай (36,4%), екпе алу жасы келмегендер 6 жағдай (10,9%),екпеден бас тартқандар 29 жағдай (52,7%).

 

екпе статусы барлығы пайызы
Екпе туралы мәліметі жоқ 0 0
Екпеден бас тартқандар 29 44,6
Екпе алу жасы келмеген 6 9,2
Екпе туралы мәліметі жоғалған 0 0
Уақытша  медициналық қарсы көрсетілім 12 18,5
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілім 8 12,3
Екпенің толық курсын алмағандар 10 15,3
Барлығы 65 100

 

          Ошақтағы алдын алу іс-шаралар

Жыл басынан бастап барлығы 21 үй ошақта 92 қарым қатынаста болған тұлға анықталған, 14 күндік медициналық бақылауға алынды

       Көкжөтелге қарсы  иммундау жұмыстары:

2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 25843 бала, оның ішінде:

Күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

– АКДС 1 – НIВ-1 екпемен қамту көрсеткіші төмен– 93,9%, алғашқы екпе курсымен барлығы 21179 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 20877 бала.

АКДС 2 – НIВ-2 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 92,0%,  алғашқы екпе курсымен барлығы  20626 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 20455 бала.

– АКДС 3 – НIВ-3 екпемен қамту көрсеткіші – 96,3%, алғашқы екпе курсымен барлығы 21658 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 21405 бала.

-АКДС 4 екпемен қамту көрсеткіші төмен– 94,6%, алғашқы екпе курсымен барлығы 22000 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 21911 бала.

– АбКДС-5 екпесімен қамту көрсеткіші – 99,3%. Аталған екпемен барлығы 25843 бала, оның ішінде 6 жастағы  балалардын 24470 егілді;

 (12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).

Жалпы 05.01.2024ж. мерзімге облыста 1529 екпеден бас тарту жағдайлары тіркеліп отыр. Жас шамасы бойынша: 1 жасқа дейінгі балалар арасынан 739 тұлға (48,3%), 1 және 2 жасқа дейінгілер арасынан – 319 тұлға (20,8 пайыз), 3-5 жас арасынан – 359 тұлға (23,4%), 6-15 жас – 100 тұлға (6,5%), 16 жастан жоғары тұлғалар арасында 12 тұлға (0,8).

Бас тарту себептеріне талдау жасау барысында анықталғаны: жеке бас ұғымдары бойынша – 62,7% (959 жағдай), вакциналарға сенімсіздік білдіру бойынша – 26,3% (403 жағдай) және бұқаралық ақапарат құралдары арқылы алынған жағымсыз ақпараттар бойынша – 10,9% (167 жағдай).

2024 жылдың 5 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

Толық екпемен қамтамассыз еткені –10646 бала, оның ішінде:

Күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетіне қарсы

– АКДС 1 – НIВ-1 екпемен қамту көрсеткіші төмен– 45,8%, алғашқы екпе курсымен барлығы 1005 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 9810 бала.

АКДС 2 – НIВ-2 екпемен қамту көрсеткіші төмен – 44,3%,  алғашқы екпе курсымен барлығы  9649 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 9483 бала.

– АКДС 3 – НIВ-3 екпемен қамту көрсеткіші – 43,1%, алғашқы екпе курсымен барлығы 9470 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 9230 бала.

 АКДС 4 екпемен қамту көрсеткіші төмен– 39,1%, алғашқы екпе курсымен барлығы 9142 бала қамтылды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 9035 бала.

– АбКДС-5 екпесімен қамту көрсеткіші – 42,8%. Аталған екпемен барлығы 11119 бала, оның ішінде 6 жастағы  балалардын 11044 егілді;

 (нормативті көрсеткіштер 39,4– 41,5%).

 Көкжөтелге қарсы қуып жету (наверстывающая иммунизация )  иммундау жұмысы  атқарылуда , барлығы – 4279 толық екпесі жоқ немесе егілмеген балалар екпемен қамтылды, оның ішінде:

АКбДС+ИПВ+ХИБ: жоспар-8116, егілгені – 1812, орынд- 22,3%;   АКбДС+ВГВ+ИПВ+ХИБ:  жоспар – 8116, егілді –1701, орынд- 21,0%;

АбКДС:  жоспар 1126, егілді  -871, орынд -77,4%.

Екпе жұмысы 322 екпе пункттарында, 30 жылжымалы екпе бригадамен, 2 облыстық, 19 аумақтық семинарларда арнайы дайындалған 2 мынңан астам медициналық қызметкерлермен өткізілуде.

Жамбыл облысы аумағындағы көкжөтел індеті бойынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық иммундау,  басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді облыстық, аумақтық денсаулық сақтау мекемелер мен  органдарының  отырыстарында қаралды.

Халықтың арасында денсаулық сақтау, Атамекен, білім, дін, санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлері мен мамандары бірігіп қарқынды үгіт насихат жұмыстары ата аналармен, әсіресе екпеден бас тарткан тұлғалармен жүргізілүде,  дөңгелек стөлдер (отырыстар) мен  жиналыстар білім  мекемелерінде,  мешіттерде өткізілді, халықтың арасында  парақшалар таратылуда.

Республикалык, облыстык телеарнасында 7 телебағдармалар, брифингтер өткізілді және  сұхбат берілді, облыстағы барлық мекемелерде видеороликтер көрсетілуде, 15 ден астам мақалалар  жергілікті басылымдарда жарияланды.