ТАРАЗДА «ПУШКИН ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

Биыл орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің туғанына – 225 жыл.

Облыс орталығындағы ақынның ескерткішіне келіп, Пушкин оқуларын өткізу тұрғындар үшін дәстүрлі шараға айналған.

Бүгін тараздықтар дәстүрден жаңылмай ұлы ақынның ескерткішіне жиылып, гүл шоқтарын қойды. Ақын құрметіне арналған шара биыл Славян жазуы мен мәдениеті күніне тұспа-тұс келді.

Әдеби кешті Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыс қауымы қоғамдық бірлестігі, өңірлік орыс драма театры мен қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Ақынның «Дубровский» романы негізінде әзірленген қойылыммен кеш шымылдығы түрілді. Рухани шарада аймақтық этномәдени бірлестік өкілдері, мектеп оқушылары мен Галина Чибитко атындағы клубтың поэзия сүйер қауымы ақынның отты жырларын оқыды.

Пушкин шығармаларына деген қызығушылық жас талғамайтыны анық. Мазмұны терең, берері мол туындыларымен халықтың жүрегінде орын алған ақынның шоқтығы биік шығармалары жайлы облыстық орыс драма театры әртістері арнайы қойылым ұсынды.

Сондай-ақ, кеште «Евгений Онегин», «Мен өзіме қолмен жасалмаған ескерткіш орнаттым», «Руслан және Людмила», «Няня» секілді ақынның таңдаулы туындылары оқылды. «Пушкин оқулары» әдебиетке құлаш сермеген жастарды жігерлендіріп, келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

 

АҚЫН ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

6 маусым – әйгілі орыс ақыны А.С.Пушкиннің туған күні. Биыл ақынның туғанына 225 жыл толуына орай өңірімізде көлемді іс-шаралар көрініс табуда.

Облыстық  «Радонеж» Орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде мерекелік шара жалғасын тапты. Славян мәдениеті және жазуы күні қарсаңында өткен жиынға аймақтағы этномәдени бірлестік мүшелері мен түрлі этнос өкілдері қатысты.

Орыс әдебиетінің бастауында тұрған ақын шығармашылығы ізгілік һәм адамгершілік, достық секілді құндылықтарды дәріптейді. Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандар Пушкин поэзиясын мәнерлеп оқумен қатар, ақын шығармаларына жазылған әндер мен романстарды орындады.

Сондай-ақ, әлем әдебиетінде жауһар жырларымен жарқ еткен ақынның өлмес мұралары композияциялық қойылымдарға ұласты. Рухани кеште облыстық «Радонеж»  қоғамдық бірлестігі жанынан құралған  «Калинка»  тобы, «Русский наигрыш»  орыс халық аспаптары оркестрі, «Днепро»  украин мәдени орталығының «Маричка»  халықтық вокалды ансамблі өнер көрсетіп, кеш шырайын ашты.

Сонымен қатар, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының шәкірттері, облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығы мен «Парус» қосымша білім беру мекемесінің оқушылары вокалдық аспаптарда ән салып, би биледі.

Одан өзге облыстың талантты жастары гитара, баян, скрипка аспаптарында өнерлерін көрсетіп, келген қонақтардың ықыласына бөленді.

Өміршең шығармаларымен халықтың жадында мәңгі қалған ақынға арналған шарада қонақтар оның еңбектері әлем жұртшылығының жүрегіне жақын екендігіне тағы бір мәрте куә болып қайтты.

НАЗАРСЫЗ ҚАЛМАДЫ

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері өскелең ұрпақты өз назарымен қамтуға тырысады, өйткені барлық балалар ересектер тарапынан, әсіресе мереке күндері, назар мен қамқорлыққа лайық.
Бұл жолы да Халықаралық балаларды қорғау күніне орай осы Кеңестің мүшелері түрлі өңірлік этномәдени бірлестіктерден көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, түрлі мемлекеттік мекемелердің тәрбиеленушілерін қамти отырып, балалар мерекелерін ұйымдастырды.
Мәселен, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Аракси Плетнева (польшалық “Полонез” Жамбыл облыстық Тіл және мәдениет орталығы) және Жамбыл облысы ҚХА меценаты лобар Гаюпова балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар сыйлады.
Тәрбиеленушілерге арналған сыйлықтарды Л. Гаюпова да дайындады.

ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

ҚХА мүшелері, Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері, “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері “Туған жерім менің – Қазақстаным!

Патриоттық іс-шара саябақта өтті. Тұңғыш Президент ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналды .Өз сөзінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аудиторияны мерекемен құттықтады.Бұдан кейін ҚР Мемлекеттік Гимнінің жаппай орындалуы болды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қазақстандық патриотизмді нығайтуға, қоғамдық-саяси өмірді дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті, өңір басшысы облыстың бірқатар азаматтарын құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.Форум концерттік бағдарламамен аяқталды.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Осы мақсатта бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінде мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Аталмыш мекеме басшысы Мубарак Жинақбаеваның бастамасымен ұжым қызметкерлері қолын оң жақ кеуд¬есі – жүрек тұсына қойып, зор ма¬хаббат һәм патриоттық рух¬та елі¬міздің Әнұранын орындады

Иә, Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің егемендігіміздің берік негізінің кепілі. Шекарасы шегеленген, өзіндік ұстанымы бар ел екенімізді дәлелдейтін белгі. Егеменді еліміздің біртұтастығын бейнелейтін көрініс.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҚАСИЕТІМ, ҚАСТЕРЛІМ

Рәміздер күніне орай «Қоғамдық келісім» мекемесінде ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ-ның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Жиынға өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея жастары мен студенттер қатысты. Кездесуде Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, аймақтық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Хамида Турдыева, аталмыш мекеменің заңгері Дина Амиреева, қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихына тоқталды.

«Осыдан тура 32 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 4 маусымда еліміздің елдігін айғақтайтын мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Біз Қазақстан деген көпұлтты елде тұрамыз және біз үшін ортақ мерекені атап өту маңызды. Сондықтан әрбір өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, өсіруіміз керек. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жастар бойында отансүйгіштік қасиеттердің дамуына ықпал етеді. Ал бойында елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі жоғары жастардың келешегінен күтер үмітіміз зор, – деп атап өтті Абдурахман Зайнутдинов.

Жиын соңында шара қонақтары мемлекеттік Әнұранды орындады.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Бүгін, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Достық үйінде «Туымыз – төрімізде» жалпыреспубликалық флэшмобы өтті.

Мақсаты – баршамызға ортақ Отан тағдырына қатыстылық сезімін арттыру, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту, әлеуметтік интеграцияны күшейту, патриотизм мен азаматтық сезімге тәрбиелеу және оны дамыту, біртұтас ұлтты қалыптастыру.

Маңызды шараға ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ белсенді қатысып, Мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірін асқақтатты

БІРЛІК – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ КІЛТІ

Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде айқын сезінеміз. Жаз айының алғашқы күнімен тұспа-тұс келген айтулы күн қарсаңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірлік – бақытты балалықтың кілті» атты балаларға арналған мерекелік концерт өтті.

Оған басқарма басшылығы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңірлік Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этнос өкілдерінің ата-аналары мен балалары қатысты. Ел егемендігінің ертеңі – бүлдіршіндерге мекеме басшысы Мубарак Жинақбаева мерекелік ақ тілегін арнады.

–Барлық кішкентай балғындарымызды осы шуақты мерекемен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге тиісті, – деп атап өтті.

Бұл күні аталмыш мекеме айналасы балалардың күлкісі мен қуанышына бөленді. Балғын бүлдіршіндер үшін арнайы дастархан жайылып, тәтті тағамдар үлестірілді.

Сондай-ақ, аймақтағы цирк өнерінің таланттары Талап Таубеков және «Балауса» цирк ұжымының өнерпаздары қызықты шоу бағдарламаларын ұсынып, балалардың көңіл күйін көтерді. Әсіресе, 3 метрлік питон тұқымды сары жыланмен билеген аталмыш цирк әртісі Дилана Жорабекованың өнеріне балалар мәз-мейрам болысты. Бүгінде аймақта Ақниет деген атаумен кеңінен танымал болған салмағы 20 келіні құрайтын жыланмен кішкентай қонақтарымыз суретке түсіп, қызыққа кенелді.

Одан кейін балалар мекеме ауласына шығып, асфальтке сурет салып, жарысты. «Болашағымыз жарқын – Қазақстан» атты сурет сайысында балалар еліміздегі бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісім мен бақытты балалық шақты бейнеледі.

Жас қаламгерлердің туындыларына мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы, көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева, дизайнер, суретші, «Тараз суретшілер одағы» ҚБ құрылтайшысы, «Қолөнер-Тараз» ҚБ мүшесі Елена Голубинская бағасын берді. Қазылар құрамының шешімімен 10 жасар Плетнева Ангелина және 7 жасар Мухамад Құдайбергенов І орынды иеленсе, байқаудың ІІ орынына 10 жастағы Хабиба Мамедова және Иделия Ельбрусова лайық деп табылды, ал ІІІ орын 5 жасар Салим Турдыев пен Айша Шариповаға және 10 жасар Леонид Канға бұйырды.

Мерекелік шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

    

    

Page 2 of 2
1 2