ШЫМКЕНТТІК ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫ ТАРАЗ ШАҺАРЫНДА

Биылғы жылдың 30 қаңтарында Шымкент қалалық Өзбек драма театры «Тановор» спектаклін көрермен назарына ұсынды.

Театрдың Таразға келіп өнер көрсетуіне Жамбыл облыстық этномәдени бірлестігі мен Өзбек мәдени орталығы себепші болды.

Шара екі мерекеге – Халықаралық ана тілі және Алғыс айту күніне арналып өткізілді.

Аталмыш қойылым көрермендерінің қатарында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де болды. Бұл өзбек тіліндегі этникалық ерекше мюзикл-спектакль саналды.

Қойылымда Өзбек этносының төл мәдениетінен хабар беретін бірқатар салт-дәстүрлер енгізіліп, шынайы этнофольклор бейнеленді.

Өзбек театрының өнерпаздары ұсынған этностильдік сахналық қойылым концерттік бағдарламамен аяқталып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Атап өтейік, айтулы мерекеде Өзбек драма театрының барлық өнерпаздары өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қос бірлестіктің марапаттарына ие болды.

Өзбек мәдениетін жұртқа паш етуде айрықша атсалысқан тұлғалар— Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің президенті Бахром Тохтасынұлы Муминов пен Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Юлдашұлы Зайнутдинов.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДЫҚ ӨЗБЕК БІРЛЕСТІГІ КӨМЕК ҚОЛЫН ҰСЫНДЫ

Өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын.

Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Мұқтаж жандарға көмек ретінде біршама азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Берілген арнайы азық-түлік қораптары —14 кг тауық еті, 12 кг картоп, 20 кг пияз, 5 кг сәбіз, 10 кг ұн, 5 кг күріш, 5 кг макарон өнімі және 4,5 л.күнбағыс майынан құралды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Page 5 of 5
1 3 4 5