Archive for month: February, 2024
АТА-АНА, СІЗДІ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?
Тараз қаласында Политехтың оқу залында ұстаздар мен ата аналар арасында сыр – сұхбат форматында «Ата-ана, сізді не алаңдатады?» атты кеңес алаңы ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған мамандар сан-сауалмен келген ата-аналарға жауап берді. Колледждің педагог организаторы Райхан Сламбектің модераторлығымен өткен іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының Аналар кеңесінің өкіледері, колледж студенттері, оқушылар және ата –аналар қатысты.
Ерекше форматтағы кездесуіміздің негізгі мақсаты ол – отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.
Егемен еліміміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі – балалықты қорғау және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету екені белгілі. Осы орайда Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар бар. Соның бірі ел бойынша қолға алынып жатқан «Әр бала – жарық жұлдыз» жобасы. Бүгінгі іс-шарада осы жобаның негіңзінде жүзеге асып отыр.
Балаларды тәрбиелеу жолында оғаш қылықтар орын алмас үшін өз кеңесімен келген маманның бірі Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі, «Әулие – ата» атындағы қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі – Кабиева Айгүл Қабиқызы: «Отанның отбасынан басталатын ескерсек ең бірінші беріп жатқан тәрбиеміздің бағытының дұрыстығына жан-жақты көз жеткізу керекпіз. Тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады. Отбасылық құндылықтар тұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, бала тәрбиелеуде басты назарға алатын нысан, оның жеке шекарасыбарын ұмытпауымыз керек. Бұл өмірге келген әр адам жеке тұлға»-деді, өз сезінде.
Іс-шараға келген ата-аналар сұрақтарына толық жауап ала-алғанын және бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде әр балаға зор жауапкершілікпен қарауды қатаң қолға алу керектігін жеткізді.
Ұлы ойшыл Әл Фараби бабамыздың «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деген сөзін ескерсек бірінші орынға бала тәрбиесін қоюға әр ата-ана міндетті екенін көреміз.
Бала елдің ертеңі. Ертеңіміздің іргетасы бүгіннен дұрыс қалануы тиіс.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
ЖАСТАРҒА БІТІМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Жамбыл облысының ҚХА “Ассамблея жастары” РҚБ және қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері Алғыс айту күніне арналған кездесуінде “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова өз сөзінде қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын насихаттауға назар аударды:
—”Бүгінде әлеуметтік тұрақсыздық, этносаралық және қақтығыстар дәуірінде адамзат бұл проблемаларды шешудің негізгі тәсілі – бейбітшілік пен келісім, өзара түсіністік екенін айқын аңғарады. Сондықтан, біздің көпдауысты әлемде басқа адамдардың пікірлерін қабылдай алатын толерантты тұлғаға бұрынғыдан да шұғыл қажеттілік туындайды. Басқа этностарға төзімді болу, олардың әдет – ғұрыптары мен діндерін құрметтеу де маңызды”, – деді Ол өз сөзінде.
Іс-шараны қорытындылау сәтінде Сәуле Досымбекқызы облыстың ҚХА Медиация кабинетінің этносаралық келісімді сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын түсіндіре келе жастарға мейірімді, сенімді, қамқор, өжет болуға меңзеп, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенбеу, жетегінде кетпеу, лудоманияның құрбаны болмау, сондай-ақ, басқа этностардың тарихи мұралары мен мәдени дәстүрлеріне ұқыпты қарау, әсіресе ҚР Мемлекетінің рәміздері мен тілін аса құрметтеуге міндеттіліктерін баса айтты.
Жастарды жалпықазақстандық бірегейлік, адамзаттық құндылықтарға баулу, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарау, оның полиэтникалық өмір салты, этносаралық қарым-қатынасты дамыту — күнделікті өмірдегі жағымсыз жағдайларды азайтуда, жастар ортасында экстремизмнің алдын алуда айтарлықтай нәтижелер береді.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі
2024 жылдың 16 ақпанында ҚХА Достық үйінің мәжіліс залында
2024 жылдың 16 ақпанында ҚХА Достық үйінің мәжіліс залында Тараз қаласы және Жамбыл облысы Өзбек этномәдени бірлестігі әйелдері мен Аналар кеңесінің жалпы отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібіне сай Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі құрамын қайта қалыптастыру, жаңа төрайымын бекіту, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге дайындық сынды мәселелер қаралды.
Келесі кезекте дауыс беру арқылы қатысушылар Дилярам Каримованың кандидатурасын қолдады.
Шара барысында белсенді жұмысы үшін Субахат Худайбергенова мен Лобара Гаюпова « Қоғамдық келісім» КММ және Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығы басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
ШУДА АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл облысы Шу ауданында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ерлік көрсеткен жандарға құрмет көрсетуге түрлі этностар мен облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері келді.
Жиын барысында сөз сөйлеген Шу аудандық «Пироз» күрд этномәдени орталығының төрайымы Фатима Хасанова «Біз Қазақстанда бір үлкен отбасы сияқты өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын облыстағы этномәдени бірлестіктер іс-шараларға бірауыздан қатысады. Біздің Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы әскери қызметшілеріміз өздерінің әскери борышын абыроймен атқарды. Мұны ұмытуға болмайды, бұл туралы жас ұрпақ білуі керек », – деді.
Шара соңында жиналғандар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
ЭТНОСТИЛЬДЕГІ ОРАМАЛДАР
Бүгін Достық үйінің көрме залында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен киіз басу бойынша орамалға қазақтың дәстүрлі ою-өрнегін салу шеберлік сыныбы өтті.
Шебер қолдардың шыңдалуына арналған сәтті сабақты тәжірибелі қолөнерші, Жамбыл облысы «Qoloner-Taraz» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Құндызбаева жүргізді.
Жамбыл облысы ҚХА халық шығармашылығы шеберлері клубының қолөнершілері қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі, оның мәні мен ұлттық киім композициясындағы орнын зерттеді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
АННА ГЕРМАН — ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІГІМІЗ
14 ақпан күні қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайында «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығы әнші Анна Германның өмірі мен шығармашылығына арналған «Біздің махаббат пен естелік» атты кеш өткізді.
Өнер иесінің кешіне «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктер, оқу орындарының, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және т.б. қонақтар болды.
Кеш басы Жамбыл облысы немістер қоғамының төрағасы Александр Гибнер кешке қатысушыларға ұлы әншінің тағдырлы ғұмыры мен оның өмірбаянындағы қызықты деректер, мұражайға сыйға тартылған заттардың тарихын айтумен басталды.
Ары қарай қаламыздағы «Анна Герман» клубының құрылу тарихымен, клуб мүшелерінің жүргізіп жатқан орасан жұмыстары таныстырылды. Зерттеу барысында клуб мүшелері әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген фактілер және құжаттарды тапқан.
Клубтың зерттеу жұмысы барысында Наталья Гончарова, Татьяна Мартынова мен Ильяс Савельев өнер иесінің туысын тауып, оның іс-шараға қатысуын қамтамасыз еткен. Ол Тараз қаласындағы №7 мектептің директоры Юлия Фризен. Әншінің туысы кеш барысында өзінің туыстық байланысы мен клуб мүшелеріне алғысын айтты.
Іс-шара барысында Анна Германға арналған өлеңдер шырқалды. Сонымен қатар әншінің халық арасында кең таралған сүйікті әндері орындалды. Ерекше атап өтерлік жайт «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығының жетекшісі Лариса Калькованың «Польшаның Әнші періштесі» әнін орындауы болды.
Жиын соңы белсенді қатысушыларға арналған марапаттау рәсімімен аяқталды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС
Алматы қаласында «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің жыл сайынғы республикалық есеп беру жиналысы өтті.
Аталған жиынға Жамбыл облысындағы филиалдан Махмутжон Давришев бастаған бірлестіктің белсенді өкілдері қатысып қайтты.
Дәстүрлі жиында 2023 жылы жүзеге асқан жұмыстың нәтижесі бойынша есеп беріп, 2024 жылдың тың жоспарлары сараланды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ҰЙҒЫР ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2024 жылдың 8 ақпанында ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің жастар өкілдерімен «Қазақстан жастары. Дамуға бағдар» Қазақстанның ұйғыр жастар Одағының форумында кездесті.
Кездесуге Қазақстанның Ұйғыр республикалық этномәдени орталығының Төрағасы Долкунтай Абдулхалил, «Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстанның ұйғыр жастары одағының Төрағасы Рустам Кайрыев және басқалар қатысты.
Форум қазақстандық жастардың жалпы дамуы мәселелерін талқылау үшін Ұйғыр жастар этносының белсенді өкілдерін жинады, олардың арасында әртүрлі спорт түрлері бойынша чемпиондар, ТОП маркетологтар, жазушылар, суретшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер, мобилографтар, бейнеоператорлар, мәдениет қайраткерлері қатысты. Жарқын және табысты жастар көшбасшылары жас қазақстандықтарды дамытуға, заманауи жобалар арқылы қоғамдық келісімді нығайтуға арналған түрлі жобаларды талқылады.
Айта кетейік өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық ҚБ төрайымы Хамида Тұрдыева да қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі және ұйғыр жастары Одағының бастамашылық еткен жобалары талқыланды.Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанда жастар белсенді түрде дамытып жатқан креативті индустрия саласына ерекше назар аударылды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі
Этномедиацияинститутын дамыту. Ұсыныстар, ұсынымдар
Достық үйінің Медиация кабинетінде «Этномедиацияинститутын дамыту. Ұсыныстар, ұсынымдар» атты онлайн-форматта ZOOM конференция өтті. ҚХА медиация орталығы қызметінің мәселелері талқыланды.
Өңірлер медиаторларымен бірге ҚХА Медиация кабинетінің бітімгерлік мәселелері жөніндегі үйлестірушілері – Валентина Досыбиева, Дина Әміреева және медиаторлар кеңесінің
төрағасы –Ирина Федорова қатысты.
Кездесу модераторы, ҚР АП ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі – Қайрат Баймолдинов этномедиация орталығының мақсаты, оның міндеттері туралы айтты.
Диалог барысында ол әр өңірден оны дамыту және этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысты әзірлеу жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар енгізу қажеттігіне назар аударды. Талқылау барысында қатысушылар өз ұсыныстарымен, практикалық кеңестерімен бөлісті.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі