ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНДА ЖАЛҒАСҚАН ҰЛЫ ДОСТЫҚ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұрпақтардың ризашылығы – ұлтаралық татулықтың, бірлік пен достықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени

бірлестіктерінің мүшелері және жастар қатысты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, тарих ғ.к., модератор – Сейдахан Бақторазов жиынды алғыс күніне орай құттықтау сөзімен бастады.

Сонымен қатар, жиында «Қарашай-балқарлар – Бірлік» Жамбыл облысы қоғамдық бірлестігінің Архыз филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденова достықтың мәңгілік бесігіне айналған этностар бауырластығы туралы сөз қозғады.

Туыстық пен тұтастық мұрасы ұрпақтар сабақтақтастығына ұласқан Ұлы елде жастар жайлы сыр шертілмей қоймасы анық. Жиында жастар арасындағы Алғыс айту күнінің мәні мен құндылықтары туралы сөз қозғаған Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы – Хамида Турдыева ата-бабамызды бауырына басып, барын алдына тосқан қазақ халқына алғашқы алғысты айту керектігін жеткізді. Бұл тұста этнос жастарының пікірі мен көзқарасының дұрыстығын алға тартып, айтулы мерекенің өскелең ұрпақ үшін тарихи мән мен мағынаға толы екенін айтты.

Жиын одан әрі жастар мен ғалымдардың арасындағы пікір алмасуға ұласты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

РИЗАШЫЛЫҚ- МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қоржын» акциясы аясында №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қарттарына арналған «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» атты қайырымдылық концерті өтті.

Адамның адамға құрмет көрсетіп, алғысын білдіретін, бір-біріне деген риясыз көңілдерін көрсететін, құлпырып жайнаған көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне арналған қоғамдық келісім мен тұрақтылыққа үндейтін түрлі форматтағы жиындар легі жалғасуда.

Іс-шаралардың басты мақсаты – еліміздегі  түрлі этнос өкілдерін мейірімділікке, достық пен ризашылыққа, ынтымаққа азаматтардың бір- біріне деген сүйіспеншілігі секілді адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту болып табылады.

Еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күніне орай өткізілген кешке Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өнерлі өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Жамбыл облыстық гректер қоғамы», «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы», «Немістер қоғамы», «Ахыска»  түрік этномәдени бірлестіктері бар.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Ақпанның 27 күні облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Тараз қалалық №85395 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен «Алғыс айту» күніне орай кездесу өткізді

Ақпанның 27 күні облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Тараз қалалық №85395 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен «Алғыс айту» күніне орай кездесу өткізді.

Кездесу ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғалидың алдағы мерекеге орай құттықтау сөзі және үздік сарбаздар аналарына Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекованың алғыс хатын табыс ету рәсімімен басталды.

Ары қарай Аналар кеңесінің мүшесі Сара Даузова және ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Исмайл Хаджимуратов қазақ жерінің біртұтастығын сақтауда қазақ батырлар мектебінің, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының даңқты жолын жалғастырып жүрген сарбаздарға алғыс білдіріп, батасын берді.

Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің Бас Қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов мереке қарсаңында үздік әскери қызметкерлерді марапаттады.

Кездесу кешінің көркін қыздырған сәт Жамбыл жоғары политехникалық колледжі студенттерінен құрылған «Жас сарбаздар» әскери-патриоттық клубының қаруды шашып қайта жинау ептілігі мен шеберлігін көрсетуі болды.

Шара барысы әскери бөлімнің көркем шығармашылық ұжымы және облыстық ҚХА, “Анаға тағзым” орталығының өнер иелері қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әуеннің ырғағына аналарымен вальс билеген сарбаздар естелік суреттерге түсумен тарқасты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында елімізде тыныштық пен үндестік

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған «Алғыс айту» күніне арналған кездесу жиыны өткізілді.

Іс-шарада ризашылық пен алғыс, кішіпейілділік, ізеттілік, сыйластық құндылығы туралы нақыл сөздер, жыр шумақтары, алғыс тілектері айтылды.

Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева және Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева катысты.

АССАМБЛЕЯ БӨБЕКТЕРІ ЕРТЕГІ АЙТЫП БАТА АЛДЫ

1 наурыз – Алғыс айту күні. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен құттықтаулар акциясы жалғасын табуда.

Соның бірегейі — 2019 жылдан бері қолға алынып, ілгерілетіліп келе жатқан облыстық «Ассамблея бөбектері», «Әжемнің ертегісі» және «Батаменен ел көгерер» жобалары.

Аталмыш жоба аясында кезекті Марфуға Балтабаева басқарып отырған №17 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасына жол түсті. Ақпан айының соңында ҚХА Ақсақалдар, аналар кеңесінің өкілдері аталған балабақша тәрбиеленушілерімен кездесті.

Балалар шара басын өз туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен «Атамекен» әнін орындаумен бастады.

Атап өтейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ассамблеяның 31-сессиясында «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» республикалық жобасын қарқынды іске асыруды тапсырған болатын.

Жобаны іске асыру мақсатында арнайы «Әжемнің ертегісі» жобасы негізінде ҚХА Аналар кеңесі өкілдері бүлдіршіндерге ертегі айтып, түркі халықтарының ертегі жинағын сыйлады. Аталмыш республикалық жоба аясында «Батагөй» шарасы қоса ұйымдастырылып бөбектердің бата беру дәстүрі тамашаланды. Ақсақалдар кеңесінің өкілдері бата берудің түрлі жолдарын көрсетіп, бүлдіршіндерге бата берді. Бұдан соң. арнайы қазақы салт-дәстүрмен жабдықталып, ұлттық астар қойылған дастарханнан дәм ұсынылды.

Жалпы, «Ассамблея бөбектері» жобасының мақсаты — жас ұрпаққа «Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру, «Ассамблея бөбектері» жобасы бойынша «достық үйі», «ассамблея», «этнос», «алғыс айту» деген ұғымдар жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, бейбітшілік, достық, бірегейліктің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, оның әлеуметтік мәнділігін ұғындыру.

Сондай-ақ, атаның батасы, әженің ертегісі арқылы әже мен атаның немеремен арақатынасын нығайту, өсиет сөздеріне баулу, бата беруді, бата алуды үйрету, ертегі тыңдату және өздеріне айтқызу арқылы балабақша бөбектерінің түрлі іс-шараларда өз шешендік өнерін, қабілетін көрсетуде еркін сөйлеуін қалыптастырып, ауызекі, әдеби сөйлеуге белсенділіктерін арттыру, таланты мен талабын зерделеу, балаларды өзін-өзі тануға, өзін құрметтеуге үйрету, жақсылық істеп бата алуға және өздерін жеке тұлға ретінде қалыптасуға дағдыландыру болып табылады.

Аталған үш жоба да өскелең ұрпаққа Отанына, туған жеріне, еліне деген патриотизмге, жалпықазақстандық бірегейлікке, бірлік пен ынтымақты қызғыштай сақтауға меңзейді.

Орайлы кездесу соңында ертегі айтқан балабақша бүлдіршіндеріне

мекеме атынан аналвр мен аталар түркі халықтарының ертегі кітаптарын сыйлап, баталарын берді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚХА-НЫҢ КӨПҚЫРЛЫ ҚЫЗМЕТІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Біздің елімізде полиэтностылық – тарихи шындық. Әр түрлі этностардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі ретінде табысты жұмыс істеуде, оның тиімді құралы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады, ол 1 наурыз – «Алғыс айту» күні құрылды. Бірегей институт өзінің жемісті қызметінде жылдар бойы қоғамда этностар арасындағы құрмет, сенім және өзара түсіністік ахуалын қалыптастыру, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту мәселелерінде тиімділік пен маңыздылығын көрсетті.

Барлық өңірлерде ҚХА мардымды жұмыс істейді және олардың төрағалары облыстық әкімдер және олардың қоғамдық орынбасарлары – ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары, өңірлік ҚХА құрылымдарының басшыларынан сайланады. Оларға жүктелген негізгі міндет – қоғам игілігі үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік этносаралық саясатты, ұлттық идеологиямызды алға ұстау. Мәселен, Жамбыл облысының ассамблеясы этносаралық қатынастар, бірлік пен келісімді нығайту, этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері тұрады, әділет органдарында 40 этномәдени бірлестік тіркелген, олардың 31-і қоғамдық аккредиттеуден өткен. Олар ҚХА-ның көпқырлы қызметіне белсенді қатысады. Оларға бағытталған ортақ жұмыстар әрбір этносқа достық қатынасты көрсетуге, патриотизмді дәріптеу, өз Отанына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеуге меңзейді. Жасөспірімдерінен бастап аға буынына дейін әртүрлі жас топтары қамтыла отырып, қайырымдылық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, салт-дәстүрлерін көрсету, тілдерді меңгеру және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі таңда Ассамблеяға міндеттелген этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау, бірлік пен келісім саясаты, жастармен жұмыс, этносаралық қарым-қатынас және этносаралық саладағы медиация, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері  бойынша ағарту жұмыстарын жандандыруда жаңа жүйе тұр. Этномәдени бірлестіктер мен өңірлік ҚХА құрылымдары өкілдерінің қатысуымен негізгі бағыттар бойынша өзара сәйкестікті нығайтуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған ауқымды жобалар дәстүрлі түрде іске асырылуда.

Мәселен, биыл Таразда және облыс аудандарында этностар жинақы тұратын шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын қамти отырып, “Достық керуені” ағартушылық жобасын іске асыру жалғасын табатын болады.

Аталмыш жоба этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған және оның мақсаты – коммуникацияларды қалыптастыру және ҚХА этномәдени бірлестіктері мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу, диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Жоба шеңберінде өңірлік ҚХА құрылымдары – Аналары кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, “Ассамблея жастары” РҚБ, ҚХА медиаторлары, ғылыми-сараптамалық зерттеу тобының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, үкіметтік ұйымдар мен халық арасындағы өзекті мәселелерді консультативтік-кеңесші органдар ретінде шешетін тиімді, әрі әмбебап диалог алаңына айналған “Бейбітшілік пен келісім” ауқымды жобасы да жалғасын табады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы аудандарындағы этностар ықшам тұратын аймақтарда ҚХА, өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері ақпараттық топтар құрамында бірлік пен келісім саясаты, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді дамыту, мемлекеттік саясатты ілгерілету мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.

Этномәдени бірлестіктер мен жалпы облыс көлеміндегі этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Осы негізде мемлекеттік тілді дамыту, оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдалану шеңберінде “Ұлы даланың ұлтаралық тілі” ашық алаңы жобасы еңсеріледі. Онда мемлекеттік тілді еркін меңгерудің арқасында қызметтік табысқа қол жеткізген спикерлерден тұратын пул қалыптастырылады. Бұған қоса, мемлекеттік тілдегі өзекті тақырыптарды талқылайтын “Мәміле” қазақ тілі пікірталас клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстанның түрлі этностарының өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған этнос балалары арасында “Мың бала” республикалық мәдени-ағарту жобасына қатысу қарқынды қолға алынған.

Жамбыл облысының ҚХА жұмыстары ешқашан бір орында тұрып қалған емес, «Қоғамдық келісім» КММ арқасында уақыт талаптарына сәйкес жаңғырту істері қолға алынып, жұмыс жүйесіндегі жаңа талаптар толығымен қамтылуда.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму” атты ассамблеяның XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде жастар театрларын ашудың маңыздылығы туралы баса айтқан еді. Осыған орай, өткен жылы Жамбыл облысы ҚХА жанынан “Достық” жастар театры ашылды, оның әртістері өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен өкілдері, олардың балаларынан құралған. Театрдағы қойылымдар тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Режиссері – өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы және “Әулие Ата” Қазақ мәдени орталығының белсенді мүшесі – Асқарбек Сейілхан.

Жастар театрының қатысушылары көрермендерді «Алғыс айту» күніне арналған «Бір атаның балалары» театрландырылған қойылымымен қуантуға дайындалуда.

Қайырымдылық көмек көрсету – ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Мәселен, этномәдени бірлестіктер, Жамбыл облысының өңірлік ҚХА “Ассамблея жастары” РҚБ, этнос меценаттары игі дәстүрді өзгертпей, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді “Ерікті донор”, “Жылу”, “Қоржын”, “Мейірімді жүрек”, “Бар жақсымыз – балаға”, “Мектепке жол”, “Қамқор” және т.б.  қайырымдылық акцияларымен жүзеге асырып келеді.

Көпэтностылық әлеуметтік кеңістіктің алуан түрлілігі мен мәдени ерекшелігі, адами қатынастардың бірегей мозаикасын дамытуға және толықтыруға, қоғам кеңістігінің палитрасын байытуға зор мүмкіндік береді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері облыстың барлық қоғамдық-мәдени маңызды іс-шараларына қалыпты түрде қатысады, этностардың мәдениет күндерін, қайырымдылық акцияларын өткізеді, мемлекеттік және ана тілдерін оқытуды насихаттайды, ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер, акциялар, байқаулар, фестивальдер, челлендждер және т.б. ұйымдастырады.

Қорытындылай келе, әрбір азаматтың қазақстандық қоғамда, әсіресе этносаралық қатынастар саласында тұрақтылықты сақтау жөніндегі өзінің азаматтық борышын түсінуі болашаққа ұмтылған біртұтас ұлтты қалыптастырудың маңызды элементі болып табылатынын айрықша атап өткім келеді. Өйткені, біртұтас халық ретінде біз алға өршіл мақсат-міндеттер қойып, оларға қол жеткізе аламыз және біртұтас құндылықтар – тарих, тіл және мәдениет төңірегінде кеңінен шоғырлана аламыз.

 

Ұлана Сламбекова, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы

ЕҢ ИГІ МАМАНДЫҚ — ОТАН ҚОРҒАУ

«Болат қайнауда, ер жігіт майданда шынығады», – дейді дана халқымыз.  Мұқым  елдің мығым қалқаны – Қарулы күштеріміз әрқашан ел мен жерді қорғауға саны, сапасы, біліктілігі мен ұрыс даласындағы әрбір техникалық шеберлігіне сақадай сай тұруы тиіс. Осы орайда Қазақстан Республикасының 18-27 жас аралығындағы кез-келген әскерге жарамды азаматы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге міндетті.  

Елімізде әскери борышын өтеуге ер жігіттер жылына екі рет қазан- желтоқсан, сәуір-маусым айларында іріктеуден өтеді. Әскерге шақырылушыларға елімізде жыл өткен сайын қойылар талаптар да жоғарылады. Себебі, әскер тәртіпке, жүріп-тұруға, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз ер-азаматтардың  мықты мектебі.

Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар. Әрбір азамат әскерге баруға міндетті дейтін болсақ, жалпы қазақстандықтардың арасында 140-тан астам этнос өкілі бар. Мәдениет, дәстүрлер мен конфессиялардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін бірегей әлеуметтік-демографиялық жүйе қалыптасқан Қазақстанда этнос өкілдерінің ер-азаматтары әскери борышын өтеп жүр ме, олардың пікірі қандай деген сауалға Жамбыл облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі, Ильхом Мехриев  Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп келуге әскерге барғанын мақтанышпен айтты.

«Қазақстан  –  ата-бабамыздың  қоныстанған құтты мекені. Ал, біз үшін кіндік қанымыз тамған қадірлі де,  қасиетті туған жеріміз. Ал, Отанды қорғау жарық дүниеге келген әрбір азаматтың маңдайдағы бағы, мойнындағы абыройлы борышы. Парызды өтеу, ортақ отанымызды қорғау міндет.  Бүгінде менің Алла берген бес ұлым бар. Олардың үшеуі әскери қызметті өтеп келді.  Қазір осында тұрақты жұмысқа орналасты. Ал төртінші ұлымды жақында салтанатты түрде шығарып салдық. Ел қорғау ісі  абыроймен  жетік меңгеріп келсін деп тілеп отырмыз. Кенже балам да әскерге барып,  азаматтық борышынан қашпай, елім деген ерлер қатарынан  болса екен деген тілегім бар. Ұлдарымның ес жиып, ер-азамат  болып қалыптасар тұсында Отанды қорғау,  әскери әрекеттерді жетік меңгеру, еразаматқа тән  болмысты қалыптастыруға қатысты көп тәрбие беруге тырыстым. Себебі, ер адам үйдің емес, түздің адамы. Отбасынан бастап Отанды қорғауға дейінгі қиындықтарға тойтарыс беруі тиіс.  Егемен елдің перзентіміз, Отанды сүю, отына күю ортақ міндет. Сондай-ақ, әскерге бару этносқа бөлінбейді. Мен әрбір қазақстандық әскерге баруға міндетті деп білемін» -деді, ортақ Отанда тәртіп те ортақ деп санайтын Ильхом аға.

Қазақстан әскері – жауынгердің жеке басын жауынгерлік даярлық деңгейі, кәсіби шеберлігі, жауынгерлік тапсырманы жауапты орындауы және нәтижесі бойынша бағалайтын  үлкен  ұйымшыл команда. Ол команда ұлт пен ұлысқа бөлмей тәрбиелейді.  Бүгінде ел әскерінің  20 пайызы этнос өкілдернің жастарынан тұрады. Әскери қызметте жүргендердің көпшілігі –  қазақтар мен орыстар, украиндар мен қырғыздар, грузиндер мен башқұрт ұлттарының өкілдері.

Қоғамда да, әскерде де бірлік пен келісім – сүйікті  Қазақстанымыздың  аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын ең мықты қару.

 «Ақпараттық   жұмыс  және  қоғаммен  байланыс»  бөлімі

ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

Ақпанның 27 күні қаламыздағы Достық үйінде Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі облыстық ҚХА «Ассамблея жастары», қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің жас өкілдерімен кездесті.

Кездесуде алғашқы сөз сөйлеген Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің мәдениет және жастар ісі жөніндегі төралқасының төрағасы Мұхаметілда Байшонов «Ел ертең жастардың қолында. Бүгінгідей келісім мен тұрақтылық сақталған бейбіт күнде жастарға мүмкіндік зор. Енді олардың міндеті бәсеге қабілетті елдің еңселі азаматтары болу. Үздіксіз білім жинап, біліктіліеті арттыру. Үнемі ізденіс үстінде, талапшыл, тиянақты, тәрбиелі болып бой түзеу. Себебі, біздің сендерге деген сеніміміз мол, айналайындар!. Қазір заманның талабы зор. Сендер соған лайық болуларың керек. Отанға адал қызмет етіп, елім дегенде ғана еңбектерің жанатынын ұмытпаңдар! Отан ортақ, оны гүлдендіру ұлт пен ұлысқа бөлінбейді. Нанын жеген елдің қамында жеу керек. Ел ертеңі сендердің қолдарыңда, жалындаған жастар» – деген табанды сөздерімен жастарға құлшыныс сыйлады.

Жиын барысында сөз алған Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің орынбасары Исмаил Хаджимуратов та жастарға жалынды, жүректі сөздерін арнап, қала жастары соның ішінде облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ жұмысына көңілінің толатынын жеткізді. Жастардан күтер үміт пен сенімнің зор екенінде алға тартты.

Ал, облыстың ардагерлер кеңесі Төралқа мүшесі, ақын, жазушы Майлыбай Смағұлов бірлік пен бітімгершілік, татулық пен тұрақтылықтың қайнар көзі саналатын Достық үйі жастарға мықты тәрбие беретін бірегей мекен екенін ерекше атап өтті. Жастар тәрбиесі түп-тамырызды темірдей діңгегі, оның мықты болу аға буынның сапалы тәжірибесінен қаланатынын айтты.

Кездесу барысында айтылған аталы сөздер жастарды жай қалдырмады. Олар өздерінің озық ойларын ортаға салып, санада жүрген сауалдарына жауап алды.

Арада жылдарды арқалаған қос буын өкілдерінің кездесуі тәлім мен тәрбиеге, өнеге мен өсиетке, кемелдік пен көрегенділікке толы болды. Аталы сөз баталы дегендей келелі кездесудің тәмамдалар тұсында жастар ақсақалдардан бата алды.

Жиын соңында Өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестік төрайымы Хамида Турдыева келген қонақтарға жастар тарапынан үлкен алғысын білдіріп, қонақтармен естелік суретке түсті.

Ардагерлер ары қарай «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Қасымқызына атқарылып жатқан жұмыстың көңіл қуантарлық тұсының көптігіне алғыс білдіріп, алдағы істерге сәттілік тіледі. Ақсақалдар әр іс-шарада белсенділік танытып, жастарды тәрбиесінде бірге жұмыла жұмыс істейтіндерін айтып тарқасты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЕРІКТІ ДОНОР

Жарық дүниеде адамзаттың өмірі мен оның денсаулығынан асқан бағалы ешнәрсе жоқ. Сын сағаты соққанда ақ халаттылармен бірге қарапайым адамдардың да өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатыны рас. Адамзаттың бұл саналы әрекеті – донор болу, яғни, ерікті түрде қан тапсыру деп аталады.

Жыл сайын наурыздың алғашқы күні «Алғыс күніне» арналған іс-шаралар шеңберінде өтетін осынау игілікті іске Жамбыл облысы ҚХА мүшелері, құрылымдар өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ және қала жастарының белсенділері мұрындық болып келеді.

Жақсылық жасауды дәстүрге айналдырған жастар биылғы жылдың 26 ақпанында Тараз қалалық Қан орталығының қолдауы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ерікті донор» акциясына қатысты.

Қан тапсырар алдында Жамбыл облыстық «Қан орталығы» МКК директоры Ғұлам Мұхтарұлы, «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Сәуле Досымбекқызы және «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Турдыева жастар бастамасына қолдау білдіріп, ел болашағы жастар қолында екенін айтты.

Әрі қарай тіркеу бөлімінен өтіп, зертханалық кабинетте талдама жасалынды. Денсаулығы жарамды деп танылған 60-қа жуық қыз-жігіттер қанға мұқтаж жандарға өз қандарын өткізіп, қайырымды іс жасады.

Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға жас буынның саналы түрде қатысуы қуанарлық жағдай. Аталған ізгілікке толы іс келер жылы да өз жалғасын табады деп күтілуде.

Айта кетейік, халықаралық зерттеулерге сенсек, бір рет қан өткізсеңіз, орта есеппен үш адамға көмек көрсетеді екенсіз. Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, ұдайы қан өткізіп жүрген адам өз өмірін 5-7 жылға ұзартады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі этнос өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске игілікпен қадам басуға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды.

Жалпықазақстандық бірегейлігі бекем еліміздің барлық қоғам қайраткерлері мен ардагерлерімізге,отаншыл жастарымызға, еліміздің шекарашылары мен өрт сөндірушілерге және т.б сала қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтып отырамыз.

Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін!

 

Ізгі тілекпен:Айгүл Қабиева, «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары

Page 1 of 5
1 2 3 5