МЕМЛЕКЕТТІ ҚОЛДАУ-ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Қазақстан сыртқы саясатта еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұлттық экономиканың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастырады.

Ұлу жылында мемлекетіміз үшін аса маңызды халықаралық шаралар өтеді. 2024 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етпек. Жыл барысында Астанада осы халықаралық ұйымдардың жиыны өтеді. Оның ішінде, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуы мен Астана халықаралық форумын өткізу жоспарланған.

Бұдан да өзге мәселелер көтерілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берілген сұқбаты үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр.

 

Махкам Орифов, Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ БІР КҮНІНДЕ

Еврей қауымының балалары үшін қызықты және тәрбиелік мәні бар іс-шара 2023 жылдың сенбісі —30 желтоқсан күні өткізілді.

Тараз қаласының «Хэсэд Полина» Еврейлер ұйымы оларға Облыстық драма театрына барып, «Қыс мезгілінің бір күнінде» ертегісін тамашалауға тамаша мүмкіндік жасады.

Сонымен қоса, спектакльді тамашалау арқылы балалар сиқырлы орманның өміріне еніп қана қоймай, балалар Ақшақар және орман жануарларымен бірге Аяз Атаны құтқару жұмыстарына қатысты.

Зұлым жалмауыз кемпір оны сиқырлап тастаған еді. Тек жалпы көпшіліктің күш-жігерімен ғана сиқырларды жоқ қылған балалар қауымы шыршаны киіндіруге және мерекені қарсы алуға көшеді.

Бұл ғажайып сенбідегі есте қалғаны — ертегілер елі мен сиқырлы орманға саяхат, жарқын жарық әсерлер ғана емес, бастысы, еврей балақайлары бұл күнді ата-аналарымен қызықты өткізді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БАЛАЛАРҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ТОСЫНСЫЙ

Жаңа жыл қарсаңында 30 желтоқсанда төрағасы Махкам Орифов бастаған Жамбыл облысының республикалық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып тосынсый ұйымдастырды.

Кездесу барысында орталықтың тәрбиеленушілері де өз кезегінде қонақтарға жаңажылдық костюмдерін киіп, дайын тұрған мерекелік концертімен кері байланысқа шығып, әдемі ән-бимен өнерлерін көрсетті.

М.Ж.Орифов барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, зор денсаулық, амандық және оқуларына мол табыс тіледі.

Сондай-ақ, мерекелік торт, жаңажылдық сыйлықтар —түрлі ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.

Аталмыш орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік концерттен кейін Тәжіктер этномәдени орталығына зор алғыстарын білдірді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БАЛАЛАР БАР БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚ

Жаңа жылда қайырымдылық іс-шараларын өткізу Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері үшін игілікті дәстүрге айналған.

2023 жылғы 30-желтоқсанда Тараз қаласында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналып, «Grand Royal» мейрамханасында дәстүрлі жаңа жылдық қайырымдылық мерекесі өтті.

Оны Жамбыл облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы ҚБ ұйымдастырды.

Қайырымдылық акциясына қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының (бұрынғы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі) 96 тәрбиеленушісі және 50 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты.

Аталған мейрамханада жас қонақтар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен жарқын және қызықты ойындарға толы бағдарлама дайындалды.

Сонымен қатар, мерекеге келгендер би билеп, ән айтып, тақпақ айтты. Мерекелік іс-шара мол дастарханға ұласты.

Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Page 2 of 2
1 2