ҚОЛӨНЕР — СЫРЛЫ ӨНЕР

2023 жылдың 9 қараша күні Меркі ауданы Жаңатоған ауылында аналар кеңесі Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұмыт қалған қолөнер» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның алғашқы алғы сөзін аудан аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл анамыз ашып, сол округ аналар кеңесінің төрайымы Базарбаева Жаңыл өз мүшелерімен, ауылдың қолөнер сүйер аналарымен ши тоқуды, сырмақ тігуді, киіз басуды, кілем тоқуды көрсетті.

Жиынға әр округтің аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Аудан аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Роза Байбосынова іс-шараның өту барысына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ардагерлер мен ауыл округі әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтарын тапсырды.

Сонымен қатар ұлттар арасындағы ынтымақтастықты сақтау мақсатында сол ауылда тұратын әзірбайжан халқының «Қыз ұзату» дәстүрі өткізілді. Өз қолөнер бұйымдарын, тағамдарын тарту етті. Ұлттық биін, әнін, ойынын көрсетті. Қызды айттыру, оның қолына қына жағу, жеңгелерінің сыйлық тартулары, алтын тағулары, құрбандыққа малды шалуы, шамды айналып жүруі, қызды шығарып салуы,құрбыларының билері қоштасуы, қызыл белбеумен қыздың белін байлауы сияқты дәстүрлерін көрсетті. Мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Ауыл әкімі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,орамал жауып, рахметін жеткізді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЭТНОСАРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

2023 жылдың 9 қаңтарында «ҮЕҰ және ҚХА:қазақстандықтар үшін өзара іс қимылдың пайдалы тәжірибесі» жобасы аясында ҮЕҰ және ҚХА құрылымдарының өкілдеріне арналған пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыстың мақсаты – этносаралық келісімді нығайту және мемлекеттік тілді ілгерілету, Қазақстан халқының бірлігін сақтау үшін азаматтық қоғам институттары (ҮЕҰ) мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өзара іс-қимылын дамыту.

Пікірсайыс ұйымдастырушылары – «ТРИНТА» ЖҚ және аймақтағы серіктес ұйымдар.

Британдық парламенттік формат бойынша өткен пікірталас екі ойыннан тұрды. Үкімет және оппозиция ретінде құралған бұл палата қазақстандық құндылықтарды , мемлекеттік тіліміздің маңызы туралы

айтылды.

Нәтижесінде ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаздар анықталды.

Атап айтқанда, «Үздік спикер» номинациясымен Вадим Белозеров, Салтанат Қадырова, Русалина Ибрагимова, Мархаббат Көпбосынова марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, пікірсайыста жеңіске жеткені үшін «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Жобаларды қолдау және ҚХА құрылымдарымен жұмыс» бөлімінің сарапшы маманы Әсем Жолдасова және ғылыми-сараптамалық тобының жетекші сарапшысы Рианна Жалпанова дипломдармен және ҮЕҰ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«ҮЙДЕ СӨЙЛЕ» АУЛАЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Биылғы жылдың 7 қарашасында Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданында

Қазақстан халқы ассамблеясының «Үйде сөйле» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті.

Жиынға мөлтек ауданнның тұрғындары, өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік ұйымы мүшелері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастары, ЖОО студенттері, еріктілер, қала тұрғындары қатысты.

Мақсаты – аула клубтары мен тұрғын үй кешендерінің коворкинг-аймақтарының қызметі шеңберінде сөйлесу клубтарын құру арқылы мемлекеттік тілді үйренуге жәрдемдесу.

Ашылу салтанатының алғы сөзі Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Жинақбаева Мубарак Қасымқызы және Өңірілік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі -Турдыева Хамида Кахарджановнаға берілді.

Атап айтқанда, үйде сөйле жобасы – аула клубтары мен тұрғын үй кешендерінің коворкинг-аймақтарының қызметі шеңберінде сөйлесу клубтарын құру арқылы мемлекеттік тілді үйренуге ат салысуға арналған бірден бір жоба.

Ассамблеяның жас жарқын жұлдызы Айхан Фаизовтың орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалды. Сондай ақ, заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Фарида Нақышқызы өз тілек лебізін білдіріп, самал мөлтек ауданының тұрғыны қарт әжеміз жастарға өз батасын берді.

Сонымен қатар «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің орындауында «Құдаша» композициясы мен Ассамблея жастарынан құралған жігіттердің «лезгинка» биі баршаға қуаныш пен шаттық сыйлай білді.

Жүздеріне шаттық,жүректеріне мейірім, көңілдеріне қуаныш орнатқан іс-шарадан жиналған қауым ерекше әсер алып, барша ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Іс шара соңы Қалижан Саркеевтің орындауындағы «Самға Қазақ» әнімен қорытындыланып, тәттілер және ыстық бауырсақ таратылды.

Айта кетейік, жоба қазақ тілін оқыту мен оның қолдану аясын кеңейтуге, қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 4 өңірде (Астана қ., Алматы қ., СҚО,) аулалық клубтары ашылып, жұмыс жасайтын болады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДА МЕДИАТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 7 қарашасында Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінде Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара Жамбыл облысында қоғамдық келісімді бұзудың алдын алу, этносаралық қатынастарды үйлестіру және өңірдегі бірлікті сақтау бойынша медиация институтының қызметін арттыру, Медиация институтын әлеуметтік мәселелердің алдын алу, шешу тетігі ретінде дамыту мақсатында өткізілді.

Мақсаты — Жамбыл облысының сот, прокуратурасымен, полиция, білім департаменттерімен, адвокаттар алқасымен, нотариаттық палатасымен, этномәдени бірлестіктерімен және медиаторларымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің жұмысын проблемаларды баңдарлау және оларды тұрақты негізде шешу жолдарын табу үшін ұсыныстар әзірлеуде бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы жандандыру.

Ұйымдастырушы — Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Жиынға медиаторлар, облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдері және облыстық ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты тілдерді дамыту бөлімі, білім басқармасы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, саяси партиялардың өкілдері, дағдарыс орталығы, үкіметтік емес ұйымдар БАҚ өкілдері қатысты.

Модератор ретінде Жамбыл облысы әкімдігі “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева аталмыш отырысты өзі жүргізді.

Бұдан ары баяндама жасаушылар – Тараз қалалық сотының судьясы Ж.Абаева, Жамбыл облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің аға прокуроры А.Жұмабеков, ОКҚДБ бастығының орынбасары спикерлердің айқын көзқарасты сөздері тыңдалды.

Жамбыл облысы бойынша полиция полковнигі И.Абдуллаев, «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, Медиаторлар кеңесінің төрағасы И.Федорова, мәдениет және даму басқармасының бастығы М.Ахметова, Байзақ ауданы бойынша ҚХА медиаторы Г.Көшекбаева, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі В.Досыбиева өз пікірлерін ортаға салды.

Азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, ксенофобия мен этникалық және тілдік белгілері бойынша кемсітушілікке және этносаралық шиеленістерге әкелетін кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сот ісін жүргізуде медиация институтын насихаттау, үкіметтік емес ұйымдардың этносаралық жанжалдардың алдын алу және дамыту жөніндегі өзекті мәселелер және аймақтағы этномедиация мәселелері талқыланды.

Қатысушылар медиаторлар жұмысының қыр-сырына, медиация келісіміне, әлеуметтік желілерде шиеленіс тудырғаны үшін айыппұлдарға және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Барлық сауалдарға сауатты жауаптар берілді.

Айта кетейік, кездесуге қатысушылар өңірдегі медиацияның дамуына кедергі келтіретін мәселелерді де талқыға салды.

Аталмыш іс-шараны өткізу нәтижесінде Медиация институтының қызметін нығайту және жандандыру бойынша нақты, сараланған ұсыныстар әзірленді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Ғылым саласындағы жетістіктері мен адал еңбегі үшін Жамбыл облысы ҚХА ҰЭТ белсенді мүшесі, Тараз өңірлік университетінің профессоры. М.Х. Дулати, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Сейдахан Бақторазов «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді қатысқаны, іздестіру және алғашқы жинақты шығаруға материалдар дайындағаны үшін С.Бақторазов Алғыс хатпен марапатталды.

ҚХА, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылымдары, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы мен ұжымы атынан С.Бақторазовты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы күндеріңізге де сәттілік, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыстар тілейміз!

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та баянды болсын!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

М.ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ӨЗ ДӘСТҮРЛЕРІН ДӘРІПТЕДІ

Биылғы жылдың 31қазанында Жамбыл облысының «Анаға тағзым» орталығында Ұйғыр этномәдени бірлестігі өз дәстүрлерін дәріптеді.

Атап айтқанда, Жамбыл облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Отбасының салт-дәстүрі» ұрпақтар сабақтастығы бағдарламасын жүзеге асырды.

Шақырылған қонақтар қатары Ассамблея жастарымен толықты.

Ұйғыр ұлты- әдет ғұрыптарға бай, сол дәстүрлердің бірі анағұрлым айқын көрініс табатын үйлену тойы жайлы айқын көрсетіліп және қалыңдықтың ерекше киім үлгісімен, музыкамен, билермен және дәстүрлі халық әндерімен қамтылып, жиын ерекше форматта өтті.

Іс-шара аясында бірлестіктің атынан шашу шашылып, ыстық бауырсақтар үлестіріліп, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Page 3 of 3
1 2 3