ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022 – 2026 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында, 2023 жылдың 31- қазанында  «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйі ғимаратында «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы жобасының кезекті отырысы өтті.

Аталмыш жиынға құрамында колледж және  этнос жастарынан құралған клуб мүшелері қатысты.

Мәміледе қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйрену көзделген.

Мәміле клубының бүгінгі тақырыбы отбасы құндылақтарына негізделді.

Осы орайда өңірімізде қазақ халқынын құндылықтарын  кеңінен насихаттап жүрген белгілі зиялы қоғам белсендісі,  «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі» мекемесі басшының орынбасары  Ринат Нұрақбаев «Тәрбие бастауы – Отбасы» тақырыбында өзекті мәселелерді қозғап, келелі  кеңестерімен  бөлісіп, жастарға үлкен ой салды.

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеу жайлы ерекше айтып,  тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, мемлекеттік тілге деген құрмет басты қағида болу керек екендігін айқын түрде жеткізді.

Сондай ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі төрағасы  Арнат Ұлтанбаев жастар арасындағы проблемалық мәселелерді талдай отырып, жастарды қаржылық сауаттылық мәселесін, лудомания, аптекалық есірткіге тәуелділік сияқты келеңсіз ағымдардан аулақ жүруге шақырды.

-Патриот болу ерлік жасау емес, бағдарлы білім алу, отанға қажетті мамандықты игеру, қоғамның бір мүшесі болып қалану, еліміздің ұлтжанды азаматының бейнесін қалыптастыру, – деді Арнат Бегдалыұлы.

Айта кету керек, әр кездесуге қатысушыларға көмектесуге ниет білдірген қазақ тілді еріктілер, мәдениеттанушы, тарихшы, тілдің кәсіби оқытушылары, креативті және жарқын спикерлер тартылады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың

Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың 30-қазанында Жамбыл облыстық «Манас Ата» атындағы қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері кездесу өткізді.

Этносаралық қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында өткен іс шарада жиналған қауымға Қазақстан- Қырғыздар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің құрылуы таныстырылды.

Шарада президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамасымен қайта аталып өтіп жатқан 25 қазан Республика күні ұлттық мерекеміздің маңызы жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар өңірімізде тұтастықты, ауызбіршілікті, достықты және татулықты нығайтуға, қазақ тілін жетілдіруге бағытталған пікірлер айтылды.

Жиын соңында Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Ахметұлы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық, қуаныш, достық және бейбітшілік тілеп, этнос өкілдерін татулыққа шақырды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Елім менің еңселі

25 қазан-Республика күніне орай, Тараз қаласы ОККЖ- ның #5 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен ” Елім менің еңселі” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонақтары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім ” КММ-нің ” Ғылыми-сараптамалық қолдау ” бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева, “Шерхан Мұртаза” атындағы Руханият және Тарихтану орталығының қызметкері, облысымызға белгілі жас ақын Дидар Аббасов, “Тараз- Болашақ ” жоғарғы медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел жас ақын Дидар Аббасовтың ” Еліме арнау” әнімен басталып, мекемеміздің жетекші сарапшысы Ж.Шілдебаева студенттерге Республика күнінің тарихы жайлы, Қазақстан көп ұлтты мемлекет және барлығымыздың ортақ үйіміз тәуелсіз Қазақстан, ал ортақ мақсатымыз елімізде бейбітшілік пен келісім -екендігін туралы айтып өтті. Іс-шара ” Тәуелсіз елім-Қазақстан” атты кітап көрмесімен жалғасып, колледж студенттері Туған жер туралы өлеңдерін оқыды, жиын соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.ҚХА «Ғылыми – сараптамалық» тобының сарапшысы, Жазира Шілдебаева

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР, ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы мен ұжымы атынан баршаңызды бүгінгі ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бүгінгі Қазақстан -тыныштық пен тұрақтылықтың ордасы. Еліміз бірліктің бесігіне,татулықтың тірегіне айналды.

Ел тарихындағы жасампаз жылдар тұғырлы болды. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды,беделді де берекелі,ынтымағы мен бірлігі жарасқан Еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

Өркениет пен әділеттілік көшіне ілескен халқымыздың гүлденуі мен көркеюіне тілектестігіміз шексіз!

Елімізге бірлік пен тыныштық, бақ пен береке, азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің ғасырлар бойы сақталуын тілейміз!!

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Президент, ең алдымен еліміздің ең басты мейрамы

Президент, ең алдымен еліміздің ең басты мейрамы – Республика күнімен құттықтай отыра бірқатар жаңалықтармен бөлісті .

“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту”ұлттық жобасы басталды.

Осы жобаның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынады, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Бұған қоса 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылады, ал 12 емхана заман талабына сай жаңарады. Яғни, төрт миллионнан астам ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. 2026 жылға дейін барлық аймақта жүздеген жаңа мектеп бой көтереді. Ауылдарда 100 спорт орталығы ашылады. Сондай-ақ 650 мәдениет ошағы салынады және жөнделеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Дәл осы сөзі спорт, ауыл, денсаулық барлығын қамтуы халықтың қамы деп ойлаймын. Еліміз өркендеп дамуында ерекше тың өзгеріс болады деп сенемін.

Еліміздің көк туын биікте ұстап дәл осындай қарқынмен еліміз дамып, өркендей берсін.

Жамбыл облыстық М.Қашқари атындағы Ұйғыр бірлестігі аналар кеңесінің жетекшісі Мухабат Алиханова

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!» ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ

Бүгін, 25 қазанда Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық іс-шарасы өтті.

Қатысушылар бірге әнұранды шырқап, еліміздің егемендігінің символына айналған Қазақстанның мемлекеттік туын көтерді.

Аталған акцияға облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтен бастап, әкім аппараты қызметкерлері, облыс әкімдігінің ІСБ, қалалық ІСБ, барлық басқармалар өкілдері, өңірлік ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, ассамблея құрылымдарының өкілдері және “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Акцияда жиналған қауыммен қолөнер туындылары ауқымды көрмесі тамашаланды.

Шара концерттік бағдарламамен, өңірдің шығармашылық топтарының, жеке әншілерінің патриоттық әндерін орындауымен жалғасты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Биылғы жылдың 24 қазанында облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев Республика күні қарсаңында Ж.Баласағұн атындағы орталық концерт залында марапаттау рәсіміне қатысып, Мемлекеттік марапаттармен бірқатар ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерін де марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында – Жалил Аббосов («Құрмет» ордені), Абдрахман Зайнутдинов (ҚХА Қоғамдық «БІРЛІК» алтын төсбелгісі), Таня Апаева («Қазақстанның құрметті азаматы» төсбелгісі), Эльмира Мырзағали («Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі), Ибрагим Зуфаров (ҚХА «құрмет грамотасы»), Махкам Орифов (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Диляфруз Кинжеханова (ҚХА Алғыс хаты), Хабиба Джумабаева (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Любовь Кондратенко (ҚХА Алғыс хаты), Магомет Лолохаев (ҚХА Алғыс хаты), Валентина Досыбиева (ҚХА Алғыс хаты), Бибігүл Утепова (ҚХА «Құрмет грамотасы»), Хамида Тұрдыевалар (ҚХА «Құрмет грамотасы») бар.

Ерекше атап өтейік, Республикалық Тәжіктер этномәдени бірлестігінің филиалы төрағасы Махкам Жұманазарұлы марапатын Астана қаласында ҚХА төрағасының орынбасары Алмас Әзілхановтың қолынан алды.

Сонымен, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, өңірлік этномәдени бірлестіктер, өңірлік ҚХА құрылымдары өкілдерінің атынан лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, таусылмас күш-жігер тілейміз. Бірлік пен ынтымақты, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінде алдағы уақытта да толағай табыстарға ие бола беріңіздер! Береке-бірлігіміз артып, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!

Республика күні құтты болсын!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Ардақты жерлестер! Бүгін еліміздегі ұлық мерекенің бірі – Республика күнін атап өтудеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарды кеше марапаттады. Мемлекет басшысының наградасы мен марапатына ие болғандардың қатарында түрлі саланың өкілдері бар. Жерлестеріміздің марапаты құтты болсын!

Құрметті отандастар, жамбылдықтар, Сіздерді ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекені біртұтас еліміздің берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміздің нышаны деп білемін. Он үш жылдан кейін қайта жаңғырған мереке ұлт рухын оятып, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетін ашты.

Қазақстан бүгінде – болашағына үлкен сенім артқан мемлекетке айналды.

Баршаңызды еліміздің басты мерекесі Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Егеменді еліміздің мәртебесі биіктей берсін!

Жамбыл облыстық ҚХА Журналистер клубының белсенді өкілі, өңірлік «Ақжол»  газетінің тілшісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылар тобының мүшесі, Марат Кулибаев

БЕРЕКЕСІ КЕТКЕН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ

Бүгін қаламызда баршаңызға атаулы ұлттық мейрам – Республика күні мерекесі еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символына айналған көк байрақты көтеру рәсімінен басталды. Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың негізі – Қазақстан халықтары арасындағы өзара сыйластық, татулық, бірлік болғандықтан, бұл күнді өңірлік ҚХА өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері бірге атсалысып атап өту жылда ортақ парызымызға айналады.

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынып, оған “ұлттық мереке” деген мәртебе беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастама халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Сонымен былтыр Қазақстан халқы ұзақ жылдар бойы атаусыз қалған Республика күнін алғаш рет атап өтті.

– «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет» дегеніміз – жалаң ұран емес. Бұл – Әділетті Қазақстанды құруға қажетті ең басты қағидат. Біз былтыр еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына бірқатар өзгеріс енгіздік. Сол арқылы кейбір облыстың дамуына тың серпін бердік. Менің тапсырмаммен ауыл-аймақты дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың мән-маңызы зор. Аймақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет”,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында Астанада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде.

Президенттің пікірінше, Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек деп патриоттық, іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды ұсынды.

Қуатты мемлекет болу үшін ауыл-аймақты инфрақұрылымын дамытуға қоса саяси ахуалын да үнемі қадағалап отыру – сарапшылардың міндеті. Осыған қатысты мемлекет басшысы еліміздегі тұрақтылықты сақтауды айта келе, тыныштық болмаса басқаның бәрі бекер дейді.

Сондай-ақ, әлемде болып жатқан кейбір келеңсіз жағдайлар халыққа қандай ауыр күй кештіретінін де баса айтқан еді. Тұрақтылық пен тыныштықтың айқын бір көрінісі – алыс-жақын шетелдегі әртістердің Қазақстанмен шарт жасасып, біздің аймаққа батыл келетінідігін де тілге тиек етті.

Шынымен де, тұрақсыздық жайлап, берекесі кеткен елге ешкім келмесі анық.

Осыдан ой ала түйіндейтін болсақ, тыныштығымызға жетер байлық жоқ. Бір бүтін мемлекет тұрмақ бір кішкене ауылдың өзіне өз атқаратын міндетімізде қаншама сараптамалық жұмыстар керек?!

Сондықтан да, тұрақтылығымызды ең асыл қазынамыздай сақтағанымыз дұрыс. Және де балаларымызға Қазақстанымыздың ең асыл қасиеті — бейбітшілікті сақтап отырғандығын үнемі дәріптеп отырғанымыз абзал.

Қайта жаңғырған мейрамымызда жерлестер мен әріптестерге тілерім – зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы-жанұяларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбекте барлық бастамаларыңызға сәттілік, жаңа жетістіктер!

«Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық топты қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков

Құрметті Отандастар!

Сіздерді айтулы мереке Республика күнімен құттықтаймын! Республика күні— еліміздің игілігі,баға жетпес құндылық.

Бүгінгі Қазақстан -тыныштық пен тұрақтылықтың ордасы. Еліміз бірліктің бесігіне,татулықтың тірегіне айналды. Көк байрағы желбіреген,бүгіндей абыройлы да айбынды,беделді де берекелі,ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз баянды болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілеймін. Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, жетістіктеріңіз мол, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 

Меркі аудандық «Ахыска» Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы, Айваз Османов

Page 1 of 4
1 2 3 4