ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Шекара әскерлері күзететін және қорғайтын ең қиын және жауапты бөлім- мемлекеттік шекара болып табылады. Шекарашылар өз елінің азаматтарының қауіпсіздігі мен өмірі үшін үлкен жауапкершілікке ие. Олар шекараны бұзу әрекеттерін тоқтатып, шұғыл қажет болған жағдайда бірінші болып жекпе-жекті қабылдайды және ең маңызды сәтте олардың кәсібилігі, батылдығы, үйлесімді әрекеттері бәрін шешеді.

ҚХА Аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Аракси Плетнева, облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауғанстандағы соғыс ардагері Дүкенбай Ермекбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті.

Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті.Қатысушылар отансүйгіштік, Отанды қорғау туралы әңгімелесті әңгіме қозғап,қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Шекарашыларға қонаққа келгендер Отан шекарасының қорғаушылары қалай өмір сүріп қызмет ететінін өз көздерімен көрді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Шекара әскерлері күзететін және қорғайтын ең қиын және жауапты бөлім- мемлекеттік шекара болып табылады. Шекарашылар өз елінің азаматтарының қауіпсіздігі мен өмірі үшін үлкен жауапкершілікке ие. Олар шекараны бұзу әрекеттерін тоқтатып, шұғыл қажет болған жағдайда бірінші болып жекпе-жекті қабылдайды және ең маңызды сәтте олардың кәсібилігі, батылдығы, үйлесімді әрекеттері бәрін шешеді.

ҚХА Аналар кеңесі жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметшілермен, мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 19 шілдесінде Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Аракси Плетнева, облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Оспанова, Ауғанстандағы соғыс ардагері Ермекбай Дүкенбаев үш заставада қызмет ететін шекара сарбаздарымен кездесті.

Кездесулер ашық диалог түрінде еркін форматта өтті.Қатысушылар отансүйгіштік, Отанды қорғау туралы әңгімелесті әңгіме қозғап,қызметтері туралы да өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Шекарашыларға қонаққа келгендер Отан шекарасының қорғаушылары қалай өмір сүріп қызмет ететінін өз көздерімен көрді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 19-20 шілде аралығында Талас ауданына “Бейбітшілік пен келісім” жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен жол тартты.

Жұмыс топ құрамында облыс әкімдігінің ІСБ қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева мен аталмыш мекеменің бірқатар қызметкерлері мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали бар.

Олар бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында түрлі іс-шараларға қатысты. Мәселен, Қаратау қаласында орналасқан Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Мұнда қатысушыларға өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің жұмысы таныстырылып, кеңінен ақпарат берілді.

Бұдан соң, Талас аудандық этномәдени бірлестік өкілдерімен де кездесу жалғасты.

Қатысушылар қатарында- Неміс мәдени орталығының төрағасы Валерий Рихтер, Славян этномәдени орталығының төрайымы Надежда Некрасова, Корей этномәдени орталығының төрайымы Людмила Тен, Күрді мәдени орталығының төрағасы Хамза Мустафаев болды.

Кездесу барысында түйткілді мәселелер қарастырылды. Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында әңгімелер де қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейтесті сұрақтарын да қойып тыңғылықты жауаптарын алды.

Ал, Қасқабұлақ ауылдық округінде ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің сарапшылары Жазира Шілдебаева мен Рианна Жалпанова этнос өкілдері арасында әлецуметтік сауалнама жүргізіп, фокус-топтық зерттеулер жасады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылдың 18 шілдесінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Облыс әкімі аппаратының басшысы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Мәди Мейірбекұлы Мәтен аймақтық ҚХА кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Жиынның модераторы- ​ өңірлік ҚХА мүшесі және ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары – Ғұлам Умаров болды.

Ең алдымен қатысушылар М. Мәтеннің өмірбаянымен таныстырылды.

Бұдан соң, Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева этномәдени бірлестік жетекшілерінің ақпараттық-түсіндіру және қоғамдық келісім жұмыстарындағы белсенділік туралы және Достық үйінің түйткілді мәселелері жайлы кеңінен айтып берді.

Іс-шара бейресми, еркін форматта өткізілді.

Кездесу барысында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарлары – Ғұлам Умаров пен Асқарбек Сейлханов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы Абдрахман Зайнутдинов, Жамбыл облыстық «Шиват-цион» Еврейлер мәдени орталығының төрайымы Людмила Корнилина және «Қазақстан Татарлары мен Башқұрттары конгресі»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Фарида Нақыш сөз сөйледі.

Сонымен бірге, өңірлік «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Айгүл Кәбиқызы, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекші Хамида Тұрдыева бірлестіктердің жұмысы жайлы ақпарат беріп, пікір, ұсыныстарын білдірді.

Қатысушылар ҚХА мен этномәдени бірлестіктер жұмысының өзекті және перспективалы бағыттарын, жастармен жұмыс, мемлекеттік тілді үйрену, еріктілік туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЭТНОМЕДИАТОРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2023 жылдың 14 шілдесінде Тараз қаласында этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел анықтауға, уақытылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қабілетті этномедиаторлар пулын қалыптастыру бойынша 5 күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығы өткізді.Сабақтың соңғы күнін ресейлік саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы Андрей Манойло өткізді. Жаттықтырушы тыңдаушыларға этномедиатор жұмысының әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін ашып айтты.Спикер өз сөзінде этносаралық қақтығыстарды шешудің, әдістері мен практикасына, келіссөздер жүргізу тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының 50-ден астам қатысушысы сертификат алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ӨЗГЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТІЛ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2023 жылдың 26 маусымында Жетісу облысында ҚХА-ның этномәдени бірлестік өкілдеріне арналған Тіл мектебі өз жұмысын бастаған болатын.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жаздық лагерьге биыл ел аумағынан 65 қатысушы жиналды.

Жамбыл облысынан атынан өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Хасан-Ходжаев Абдувахоп, Леброва Рабям, Ямолдинова Диана,  Новикова Алена, Ахмедов Шерали қатысты.

Тіл мектебінің басты мақсаты- өзге этнос өкілдерінің жастары арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,қатысущыларды тіл үйренудің жаңа әрі қызықты әдістерімен таныстыру болды.

Мемлекеттік тілді оқыту барысында сарапшылар қызықты ойындар мен еркін форматтағы пікірталастар арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, оны өз беттерінше зерделеп, өзіндік сөйлеу мен жазу қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында аталмыш мектептің жабылу салтанаты өтіп, тіл үйренушілерге сертификат табысталды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЭТНОМЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Жамбыл облысы ҚХА-ның медиаторлары, құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері 2023 жылғы 10-14 шілде аралағында Тараз қаласында өтетін этномедиаторларды даярлау бойынша семинар-тренингке қатысуда.

Іс -шара Түркістан облысы мен Шымкент қаласының өкілдерінің қатысуымен өтуде.

Жаттықтырушылар ретінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері -Талғат Қалиев, Руслан Урумбаев, Луиза Узарова, Дэвид Эйдельман, Андрей Манойло мен саясаттанушылар,заңгерлер шақырылды.

Семинар-тренинг барысында этномедиация негіздері, қақтығыстарға тән ерекшеліктер, құзыреттер, этномедиаторлардың ықпалы мен мінез-құлқының стильдері, келіссөздер негіздері, оң нәтижелерге қол жеткізу қабілеті және тағы басқалар қарастырылады. Қатысушылар мобильді пікірталастарға, топтық, практикалық жұмыстарға белсенді араласуда.

Іс-шараның соңғы күні қатысушыларға сертификат табысталатын болады.

Ақпараттық және қоғаммен байланыс бөлімі

ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ЖАС АНАЛАРҒА ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

Шілденің алғашқы жексенбісі – ҚХА ұсынған «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының негізінде жүзеге асып келе жатқан дәстүрлі де өміршең мереке – Ұлттық Домбыра күні. Ағымдағы жылдың 2 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызы және «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырзағали бастаған өңірлік ҚХА Аналар кеңесі өкілдері облыстық перинаталдық перзентханаға арнайы ат тізгінін бұрды.

«Домбыра» күні мерекесінде дүниеге келген сәбилердің аналары – Ботагөз бен Мөлдірді атаулы мерекемен құттықтап, бастарына ақ орамал жауып, өмірге ұрпақ алып келгендері үшін қазақ елінің сувенир іспеттес көк байрағымен бірге Ұлттық аспабымыз – домбыраларды сыйға тарту етті.

«Тәрбие – тал бесіктен» қағидатын ұстанатын Ассамблея Аналарының бүгінгі жас аналарға басты тілегі – ұрпақ тәрбиелеуде қай этнос болмасын оған,

өзінің туған елі, туған жерінің рухани мәдениетін сыйлатып өсіру болса, перзентханаға келуінің мақсаты –

ұлттық құндылықтарды қастерлеу, көпмәдениеттілік пен жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және дүние есігін ашқан нәрестелердің бойында патриоттық сезімді дарыту тілеулестігі еді.

Аспабымыз әлемдік деңгейдегі брендке айналып, ел мерейін асыра берсін, ағайын!

ҚХА Аналарының игі істері еселеніп қайтсын! Жарқын іс-қимылдары жалғасын тапсын!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

“Қоғамдық келісім”

2023 жылдың 1 шілдесінде Тараз қаласындағы “Қоғамдық келісім” мекемесінде облыстық “АХЫСКА” Түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен бірқатар азаматтарды марапаттау іс-шарасы өтті.

Алдымен Азия чемпионы Юнус Гафуровқа құрмет көрсетілді . Оны лайықты жеңісімен “Қоғамдық келісім “КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева мен аталмыш бірлестіктің төрағасы Махмутжон Давришев құттықтады. Салтанатты рәсім кезінде спортшыға жылқы малы, ал жаттықтырушыға ұлттық ою-өрнектері бар шапан сыйға тартылды. Бұдан соң, мәдениет қайраткері Кәрім Әли-оғлының 70 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарлама өтті.

Концертте Меркі ауданы, Меркі ауылының өнерпаздары сахнада өнер көрсетті. Көрермендер назарына Ташкенттік “Мико шоу” театрының әртістері түрлі, қызықты қойылымдар ұсынды. Мерейтой иесін М. Жинақбаева мен М. Давришев мерейтойымен шын жүректен құттықтап, басына бөрік кигізіп, иығына шапан жапты.

Сондай-ақ шара барысында облыстық “АХЫСКА” Түрік этномәдени бірлестігінің Алғыс хаттарымен медицина қызметкерлері Шамшод Асланов, Радихан Сулиев, Мурад Асланов марапатталды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Page 2 of 2
1 2