Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндеріне

2023 жылдың 4 мамырында Тараз қаласындағы №13 орта мектепте алдағы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны облыстық «Радонеж»  Орыс қауымдастығы кеңесінің мүшелері – музыка пәнінің мұғалімі Оксана Дьяченко, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Елена Передереева өткізді.

Мерекелік жиынға № 85395-әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері — майор Қайнар Байғабылов, аға лейтенант Қанат Аубатыров, келісімшарттық қызмет бойынша қатардағы жауынгер Жансая Сәулетова және мерзімдік қызмет бойынша қатардағы жауынгерлер – Сұлтан Абжатов, Ерасыл Асқарұлы, Ілияс Кабулов, сондай-ақ, Баспасөз қызметінің әскери қызметшілері және Тараз гарнизонынан – подполковник Мухаринова Дина, аға сержант Мартыненко Владимир қатысты.

Сонымен бірге, аталмыш шараға Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері – Аракси Плетнева, Антонина Беляева, Сабохат Худайбергеновалар да шақырылған еді.

Концерттік бағдарламаға ұласқан іс-шарада «Радонеж» Орыс қауымдастығының өкілі Антонина Беляеваның орындауында «Я люблю свою землю, родные края» әні шырқалды. Сондай-ақ, №13 орта мектептің 4-сынып оқушылары «Десятый наш десантный батальон», «А закаты алые», «Прадедушка», «Морская гвардия» әндерін орындап көпшіліктің қошеметіне иеленді.

Кездесудің шығармашылық бөлімінің сәнін Севинч Хошимованың С.Лапиннің «От рассвета до заката» өлеңін мәнеріне келтіріп оқуы және Ризван Мамедовтың С.Маршактың «Мальчик из села Поповки” соғыс туралы поэтикалық өлең жолдарын талантты түрде көрермендерге жеткізуі келтірді.

Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар № 85395-әскери бөлімінің қызметшілерінен әскердегі қызметтері туралы сұрады. Өз кезегінде сарбаздар мен офицерлер мерекелік іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушылар сауалдарына жауап беріп, алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңы естелік-фотосессиямен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлім

Жамбыл облысында ҚХА-ның XXXII сессиясы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облысында ҚХА-ның XXXII сессиясы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, бүгін, 2023 жылдың 4 мамырында Тараз қаласының Теміржол колледжінде сессия делегатының бірі – облыстық “Днепро” Украин этномәдени орталығының төрағасы Федор Клименко студенттермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Федор Леонтьевич Ассамблеяның кезекті сессиясында талқыланған өзекті мәселелер мен ҚХА қызметінің негізгі жаңа бағыттары жөнінде толық мағлұмат беріп, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев айтқан 5 басымдыққа тоқталды.

Сонымен бірге, Астанамыздың төрінде орналасқан ҚР Парламенті мәжілісі ғимаратында депутат жерлестерімізбен өткен кездесуді де тілге тиек етті.

Бұған қоса, Федор Клименко іс-шара қатысушылары – аталмыш колледж оқытушылар құрамы мен студенттерін алдағы 7-мамыр Отан қорғау және 9-мамыр Жеңіс күндері мерекелерімен құттықтап, бірлік пен келісім, ел дамыту жолындағы ауызбіршілігімізге қатысты ізгі тілегін білдірді.

“Қоғамдық келісім”КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғамдық байланыс» бөлімі

«Еркін ел ұрпағы»

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.

Іс-шараның өзгешелігі – аталмыш диктант барлық Қазақстан бойынша өтті. Диктанттың көлемі шағын. 145 сөзден тұрады. Айта кету керек, нәтижесі 10-мамырға қарай шығады

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Ағымдағы жылдың 3 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚХА мүшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары

Ағымдағы жылдың 3 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚХА мүшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің және Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, өңірлік ҚХА хатшылығының меңгерушісі – Сержан Қуанышов болды.

Іс – шарада этномәдени бірлестік мүшелері мен төрағаларының алдағы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне белсене қатысуы туралы айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Мүбарак Жинақбаева жиынға қатысушыларды көптеген түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын алдағы мерекелерді өткізу жоспарымен таныстырды.

Жоспарға сәйкес этномәдени бірлестіктер арасында шағын футболдан матчтары өтеді.

Сондай-ақ этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында әлеуметтік желіде және месенджерлерде әскери-патриоттық туындыларды орындау бойынша акцияларға, челлендждерге және флешмобтарға қатысуы жоспарда бар. Бұған қоса, этномәдени бірлестіктер арасында әскери әндерден попурри орындау бойынша челендж өткізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері «Ардагерлерге тағзым» акциясы аясында ардагерлердің үй маңындағы аумақтарын абаттандыруға көмек көрсетеді.

Бұдан басқа,Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, қорғаныс және ТЖ қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсыру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.

Дәстүр бойынша ЭМБ өкілдері Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюға ат салысады.

Айта кету керек, бұл мереке күндері қазақстандықтар ерекше мақтанышпен тағатын символдық ленталары басты атрибуттардың бірі болмақ.

Жиын барысында сессия делегаттары: Жамбыл облысы ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Асқарбек Сейілханов, «Днепро» украин мәдени орталығының төрағасы – Федор Клименко, Жамбыл облысы ҚХА Төрағасының Қоғамдық орынбасары – Жалил Аббосов және «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары – Айгүл Қабиева жиылған жұртшылыққа ҚХА сессиясы туралы өз әсерлерімен бөлісті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Ағымдағы жылдың 3 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚХА мүшелерінің

ҚХА-ның XXXII сессиясынан кейін делегаттар жергілікті жерлерде ақпараттық кездесулері өткізуде

ҚХА-ның XXXII сессиясынан кейін делегаттар жергілікті жерлерде ақпараттық кездесулері өткізуде. Жамбыл облысында делегаттар мен басқарма мүшелері «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш кездесу 2 мамырда – Сортөбе және 3 мамырда – Қордай ауданының Казачин ауылдық округтерінде өтті.

Төраға Айша Идыбо кездесуге қатысушыларды ҚХА-ның XXXII сессиясының қорытындылары мен қойылған міндеттерімен таныстырды.

Сондай-ақ, А. Идыбо жамбылдық ҚР Парламенті депутаттарымен кездесулер туралы айтып өтті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДА 1 МАМЫР-ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін, 2023 жылдың 1 мамырында Тараз қаласында “Көне Тараз” тарихи-мәдени кешенінің аумағында, “Қоғамдық келісім” КММ ғимаратының жанында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, өңірлік “Ассамблея жастары”, Жамбыл облысы әкімдіг және ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бұл жылғы мерекелік бағдарлама қызықты әрі ауқымды.Этномәдени бірлестіктерге арналып 10 шатыр құрылды. Әр шатырға түрлі этностар орнығып,мереке қонақтарын ерекше қарсы алды. Әрбір халықтық музыкалық аспаптарында орындалатын өзбек, татар, түрік әуендері шырқалды.

Шатырларда «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы, Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы, «Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» өңірлік қоғамдық бірлестігі, «М.Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі өз экспозицияларын ұсынды. Жамбыл облыстық «Вайнах» Шешен-ингұш мәдени орталығы, Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығы, Жамбыл облыстық «Архыз» Қарашай-балқар қоғамдық бірлестігі, облыстық «Днепро» Украин мәдени орталығы және “Айнұры” Татар-башқұрт мәдени орталығы, «Полонез» Жамбыл облыстық Тіл және мәдениет орталығы, «Шиват Цион» Жамбыл облыстық Еврей мәдени орталығы, Қытай мәдени орталығы, Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі, облыстық “Коре” Корейлер қауымдастығы, «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысының “Вынхуа” Дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық «Хазар» Әзірбайжан этномәдени орталығы, «Радонеж» Орыс қауымдастығы, «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі орналасты. Шара меймандары тұрмыстық заттарын, этно-киімдердін көріп, этно-асханалық тағамдарының дәмін татты.

Мерекеге орайластырылған көрмелерде кесте, тоқылған бұйымдар, кәдесый өнімдері, зергерлік, киізден жасалған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ жастар арасында спорттық ойыннан «Қазақша күрес» ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады. Сонымен бірге бірқатар азаматтар мен азаматшаларды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар. “Әулие-ата” қазақ мәдени орталығының Аналар кеңесінің өкілі Көненова

Пайза Сайлаубекқызы және “Радонеж” Орыс қауымдастығының өкілі Соколовская Ирина Самуиловна”Облысқа сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталды. Жамбыл облысы әкімдігінің «Құрмет грамоталарымен» Жамбыл облысы Немістер қоғамының өкілі Соколовская Ирина Самуиловна мен Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері Примкул Нарзикуловқа,сондай-ақ, Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің «Ахыска» Түрік этномәдени орталығының төрағасы Халиловқа Вагиф Вайтович марапатталды.

Сонымен қатар, «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Ахметұлы Меңдібаев, Жамбыл облысы «Вайнах» Шешен-ингұш мәдени орталығы төрағасының орынбасары Нұрислам Әбубәкірұлы Кенжебеков, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы алғыс хатқа ие болды.

«Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Битуева Зарина Камалқызы, «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ниязова Расима Габдухаковна, «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Саров Харсан Исхарович, «Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Тращенко

Анатолий Александрович, «Жамбыл облысы «Коре» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Хе Сталина Георгиевна, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Худайбергенова Сабохат Дадаевна,

«Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Трашенко Анатолий Александрович,Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Құдайбергенова Сабохат Дадаевна, «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мамедова Эсьмира Гашанговна, «Қытай мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Воробьева Майя Владимировна Алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара вокалдық және хореографиялық нөмірлері бар концерттік бағдарламамен жалғасты. Әртістер арасында этномәдени бірлестіктердің, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары бар.

Іс-шараға қатысқандар көрермендердің зор ықыласына ие болды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Page 4 of 4
1 2 3 4