«Қоғамдық келісім»
2023 жылдың 30 наурызында Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың қатысуымен Жамбыл облысы ҚХА Кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Оған жоғарыда аталған Кеңестердің, Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Іс-шара модераторы Еркін Үйсімбаев отырыстың күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда:
1.Өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен құрамын бекіту және жұмыс жоспарларымен танысу;
- Облыстық ҚХА кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;
3.Өңірлік ҚХА-ның 2023 жылға арналған жоспары;
4.2023 жылы 26-27 сәуірде өтетін ҚХА-ның XXIII сессиясына дайындық барысы туралы .
Сұрақтарға көшпес бұрын модератор Ақсақалдар кеңесінің құрылу алғышарттары мен тарихына тоқталып, 2022 жылғы 25 қарашада өткен ҚХА Кеңесінің отырысында нақты шешім қабылданғанын, консультативтік-кеңесші орган ретінде ҚХА Ақсақалдар кеңесі құрылғаны жайлы сөз қозғады.
Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы сөз сөйлеп, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен өкілдерін сайлауға үміткерлер тізімін жариялады.
Бұдан соң, дауыс беру арқылы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланып, осы Кеңестің құрамы бекітіліп, жұмыс жоспарымен таныстырылып, алдағы жоспарлар белгіленді.
Келесі сөздің кезегі өңірлік ҚХА кеңесінің құрамы мен қызметіне қатысты мәселелер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сержан Қуанышовқа берілді.
Жиын соңында қатысушылар түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, пікірлер мен ұсыныстар да тыңдалды.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі