«Demo Day» форматындағы тренинг сәтті аяқталды

Үстіміздегі жылдың 28-қазанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ-нің «Your-Path» білім беру платформасымен бірлесіп өткізген «Demo Day» форматындағы тренингтің екінші бөлімі ойдағыдай аяқталды.

Тренингтің екінші күні қатысушылар топ-топқа бөлініп қоғамға қажетті бизнес жоспарларын жасап, стартаптарды құрастырды. Нәтижесінде, топ басшылары өз жұмыстарын қорғап, бастамашыл жастардан кеңес алды. Ал «Your-Path» жобасының негізін қалаушы – Александр Скалкин және Санжар Сүлейменовтер бизнес жоспарын әрі қарай дамытамын деушілерге өз тараптарынан көмек беріп, қолдайтындарын атап өтті.

Жалпы, «YOUR – PATH» қызметі – білім беру саласындағы қазіргі тенденцияларды меңгеруге және әр адамның әлеуетін ашуға мүмкіндік беруге бағытталған білім беру платформасы.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» -республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері – «Social Assembly» – жастарды әлеуметтік қолдау, білім деңгейін көтеру, жұмысқа орналасуға көмек беру, «Jastar media – медиа-жобаларды дамыту және медиа-сауаттылықты арттыру, «Ел мұрасы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау, «Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау, «Қасиетті парыз» – әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру жобалары бойынша облысымыздағы іс-шараларға үнемі белсене қатысып жүрген жастар. Дегенмен де, бүгінгі тренингте осы жобаларға қатысып сауаттылықтарын одан ары еселеп, нықтап, толықтырып, білім көздерін аша түсті.

Шара соңында, Жамбыл облысы «Ассамблея жастары» ҚБ төрайымы Хамида Турдыева қатысушыларға сертификаттар табыстады. Сондай-ақ, белсенді жастар алғыс хаттармен де марапатталды.

Ерекше атап өтейік, «Your-Path» жобасының негізін қалаушылар, Мәскеу жобалар акселераторының қатысушылары, Start-up жобаларын құрудағы мамандар, Enactus Kazakhstan өңірлік менеджерлері – Александр Скалкин мен Санжар Сүлейменовке «Болашақ жастардікі. Әлеуметтік жобаларды құру бойынша бастамаларды дамыту» республикалық жобасына қатысты тың идеяларымен бөлісіп, бизнес-жобаларды ілгерілетуде, еліміздің әлеуметтік даму стратегиясына, жобалық қызметтің Қазақстан Республикасында қарқынды дамуы мен жетілдірілуіне үлес қосып жүргендеріне және кәсіпкерлік пен экология тұрғысынан адам өмірін жақсы жаққа өзгертер маңызды жобалардың дүниеге келуіне себепші болып жүргендеріне Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан зор алғысымызды білдіреміз.

Баспасөз қызметі орталығы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ “ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫ” ЖАЙЫЛДЫ

Республикалық ҚХА және Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің “Дустлик” қауымдастығы және ҚР АҚДМ ның “Қоғамдық келісім” РММ Республика күніне арналған “Достық дастарханы” “Shymkent palau fest 2022” халықаралық фестивалін өткізді.

Осыған орай, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген 41 аспаз, палаудың 41 түрін даярлады.Аспаздардың барлықтарына бағалы сыйлықтар, Министрлік тарапынан “ҚХА этномәдени қоғамдық бірлестіктерімен қатынас басқармасының” жетекшісі Асилов Абдимомын Манапұлы қатысып, алғысхаттар берді. Қала әкімінің орынбасары және экс-сенатор Орынбай Рахманбердиев және басқа да беделді азаматтар фестивальді салтанатты түрде ашып, аспаздар ісіне сәттілік тіледі.

Сонымен бірге, атаулы іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері – облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Тохтасунұлы Муминовбастаған бірлестік өкілдері де қатысты. Олар да шараның сәні – ұлттық тағам «Өзбек палауын» дайындауда өз үлестерін қосып, ұйымшылдықпен атсалысты.

Қазақстан Республикасының ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАРЫ «Дустлик» қауымдастығы және «Лилия» туристик фирмасы атынан бір қырғызстандық және екі қазақстандық аспаздарға өздерінің шеберлігін көрсеткені үшін осы төменде көрсетілген қалалардың біріне, яғни, Таиланд, Грузия, БАА және Дубай қалаларына турист болып баруына арнайы сертификаттар берілді. Халықаралық палау фестивалі 800-ден артық азаматтар арасында 50-ден астам этнос өкілдерін басын қосып, бір дастарханнан дәм татып, «Ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін» және нағыз достықтың, бірліктің үлгісін көрсетті.

Өзбекстандық аспаз Ферғананың чоңғара күрішінен «Азия ынтымақтастығы» палауын, Иран ҰЭМО төрағасы Сулеймани Мами «Шах» палауын, алматылық Владимир Краснобородкин «Самарқан» палауын, қырғызстандық Адуахат ака «Бірлік» палауын, сонымен қатар, Шымкент қалалық 17 ЭМБ төрағалары 300 адамға арналған үлкен қазанда 30 кг «Достық» палауын, даярлап халыққа таратты.

Фестивальге Өзбекстаннан келіп, шығармашылық шырай көрсеткен Дильфуза Рахимова және Малика Эгамбердиевалар да қазақстандық әншілермен бірге сахнада концерттік бағдарламамен ән айтып, өнер көрсетіп, халықтың көңілінен шықты. Елімізде мұндай фестиваль болған емес десек те қателеспейміз. Тек «Ұлы даланың» перзенттері ғана ізгі істердің басында тұратыны сөзсіз.

 

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі

Page 2 of 2
1 2