МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»

Биыл бірінші қыркүйек мен үшін қос мереке деп санаймын. Жаз бойы мектепті сағынған  балаларды қарсы алып, президентіміздің халқына кезекті жолдауын асыға күттім. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» тақырыбы  біз үшін өте маңызы зор. Жолдауды    мұқият оқып ,осындай ой  туындады. «Еліміздің басты құндылығы – адам» ұранымен айтылған әрбір сөзі маңызды.

Әрине ,педагог ретінде ең алдымен білімге қатысты тапсырмаларға  назар аударамын. Президентіміз  ұстаз еңбегінің маңыздылығына ерекше мән берді. Соны  жүрегімнен шыққан қуаныш және мақтанышпен оқыдым. Бұл бізге үлкен баға мен мотивация.Әрбір ұстаз өз ісіне бар жанын салады.Тек қана « бүгін» немесе «ертең» емес, Отанымыздың болашағы қандай болатыны  өзімізге байланысты. Баланың болашақ біліміне инвестиция салу, оның тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігі туралы ерекше айтылды.Бірнеше жыл бойы қолайлы орта,қолайлы мектеп жобасы іске асырылуда. Енді «Жайлы мектеп» жобасы мен апаттағы мектептердің ғимаратына тоқталу мәселесін толық орындауды тапсырды.ҰБТ нәтижелерін  және маман тапшылығын талдай отырып сол бағытта жұмысты жаңарту керек екенін аңықтап тапсырма берілді.

Әрине,тұрғындардың ең төмен жалақысын көтеру мен әйелдердің зейнет жасын төмендету  бұл сөзсіз дұрыс шешім. Жазсам жаза беремін, жолдауының қай бағытын алсам да қарапайым халықтың талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып, Қасым —Жомарт Кемелұлы өзі зерттеп нақты шешімдерді айтты.

Мемлекет басшының жолдауында айтылған бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға леп береді. Қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың орындалуына талқыламай, бір ел болып атсалысу қажет!!!

 Динара Нуралиева, Дүнген этносының өкілі,  қалалық №34 мектеп директоры

Жолдауда жаңа әлеуметтік-экономикалық саясат ұсынылды

2022 жылғы 1 қыркүйекте Тараз қаласында, Достық үйінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден тамашалау өтті.

Кездесуге этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мен ұжымы белсенді қатысты.

Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында айтылған бұл мемлекеттік құжат шынайы қызығушылық тудырды, өйткені онда ел мен қоғамның игілігі үшін болатын өзекті өзгерістер бар.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне арналған.

Салық саласын реформалауға, ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаға, медицина және сот салаларын жаңғыртуға көңіл бөлінуде. Зейнетақы жүйесі, білім беру, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, жастарға қолдау көрсетуге қатысты аспектілер айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы тағайындалды

2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы – Мүбарак Жинақбаеваны Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің төрағаларына, аналар кеңесінің, «Жастар Ассамблеясының»,  ҚХА басшылары мен өкілдеріне таныстырды.

Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.  Бірі Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақстан мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша болса, екіншісі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қызмет көрсету саласы» мамандығы.

Еңбек жолын 1983 жылы туған қаласында бастап, онда кейінгі жылдарда  Шу қалалық комсомол комитетінің статистикалық есеп секторы, «Саламат» кинотеатрының әдіскері, Шу қаласы әкімдігінің I дәрежелі маманы, мұғалім, директор, Шу ауданы әкімінің кеңесшісі, 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Ал қазіргі қызметіне дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ежелгі Тараз ескерткіштері  тарихи мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері лауазымында болған.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,  ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медальдарының  иегері.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Ақ жол!

Жаңа жұмысқа ауысуына байланысты Парида Мамедова Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметін тоқтатты.

2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің басшылары мен өкілдері,  Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Парида Иманжанқызының жаңа жұмысына сәттілік тілеп шығарып салды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Алмас Садубаев: «Облыс басшылығы Парида Иманжанқызын аса маңызды орынға жұмысқа жібереді. Біз Парида Иманжанқызымен 2 жыл жемісті еңбек еттік. Сізге үлкен рахмет»-деді.

Өз сөзінде Жамбыл облысы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова да  Парида Мамедова өзінің барлық міндеттемелерін адал және кәсіби түрде орындағанын атап өтті.

Сондай-ақ,  «Днепро» оқу-жаттығу орталығының төрағасы Федор Клименко, «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Махмутжон Давришев сөз сөйледі.

Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 30 тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбында Ата-заң» мерекелік концерті өтті

Ағымдағы жылдың 30 тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбында Ата-заң» мерекелік концерті өтті.

Концерттің шымылдығын Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Калинка» вокалдық ансамблі «Роза белая» әнімен ашты. Ал Жамбыл облыстық «Немістер»  қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Juewell» вокалдық ансамблі «Я Приеду в Казахстан» әнін шырқады.

Сондай-ақ, Али Тілеуқара  – «Гүлстан – Қазақстан» әнін дүйім жұртқа шырқап берді. Жиылған жұрт мерекелік көңіл-күймен қайтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

Page 3 of 3
1 2 3