Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Достық үйінде Town Hall форматында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Достық үйінде Town Hall форматында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды.
Аталған жиынға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ, “Ассамблея жастары” РҚБ, ғылыми-сараптама тобының өкілдері қатысты.
Президент Жолдауын талқылау барысында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Бақторазов, “Әулие Ата” қазақ мәдени орталығы” ҚБ төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева баяндама жасады.
Жолдаудың негізгі аспектілері бойынша М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының жетекшісі Абдурахман Зайнутдинов, “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин өз пікірлерімен бөлісті.
Спикерлер Жолдауда айтылған бастамалар мен негізгі бағыттар туралы айтты.
Президенттің бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер талқылаудың негізгі тақырыбына айналды. Әсіресе, баяндамашылар Жолдаудың әлеуметтік бағыттағы реформалар мен саяси өзгерістер туралы айтылған бөлігіне тоқталды.
Кездесуді қорытындылай келе, кездесу модераторы – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева
– Жалпы қазір жер-жердегі этномәдени бірлестіктер Президент Жолдауын талқылап жатқанын білеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Реформалардың мәнін және олардың прогрессивтілігін барлық қазақстандықтарға, түрлі этностар өкілдеріне жеткізу қажет. Ол үшін Жолдауды насихаттау топтарының жұмысы, этномәдени бірлестіктерге түсіндіру жұмыстары маңызды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы