Сізге мұздатуға жол бермейді

Өңірлік «Ассамблеясы жастары» РҚБ мүшелері қала тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмегін көрсетті. Белсенді жастар үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде «Жылу» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ең алдымен әлеуметтік желілерге хабарландыру таратылды. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға мектеп киімдері, қыстық киім және аяқ киімдер таратылды.

Айта кету керек, аталмыш қоғамдық бірлестіктің жасап жатқан қайырымдылығы әлі де өз жалғасын табады.

 

 

«Қоғамдық келісім»

Баспасөз қызметі орталығы

Қарттарым аман-саумысың

1-қазан Халықаралық қарттар күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қаламыздағы  №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына арнап концерттік бағдарламасын ұсынды.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге ерекше көңіл бөлу, олардың қоғамдағы орнының тәрбиелік мәнін жастарға түсіндіру. Мерекелік кешке   «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Концерттік бағдарламаға неміс этномәдени бірлестігінің «Поющиие сердца» және «Juwell» вокалдық ансамбльдері, «Шабыт» триосы сондай-ақ, Филипова Илья, Лапшин Вячеслав, Ишанкулова Ирада, Дүйсен Камила, Розанна Абишевалар әннен шашу шашса, «Бәйшешек», «Қарлығаш» би топтары түрлі этностардың билерін тарту етті. Аталған кешке №40 мектеп гимназияның бүлдіршіндері де өз үлестерін қосты.

Кеш соңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі мерекелік кешті ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етіп, дәстүрлі кешті өткізушілерге өз ризашылықтарын білдірді.

Қамкөңіл қарттар кеш соңында өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсті.

Баспасөз қызметі орталығы

«Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам»

Жамбыл облысында жұмыс топтары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева, «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мақсат-міндеттер талқыланды. Қатысушыларға басты мемлекеттік стратегиялық құжаттың негізгі тармақтары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мүбарак Қасымқызының айтуынша, басты назар әлеуметтік блокқа аударылған. Іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындарына сән-салтанат салығы енгізілетіні, одан түсетін түсімдер өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалатыны ерекше әсер қалдырдыі. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызы аударылатыны ауыл тұрғындарын қуантты.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысы ҚХА медиаторларынан құқықтық көмек

Халықтың аз қорғалған топтары әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыс құбылыстарында қатты зардап шегеді. Бұл бірінші кезекте балалар үйі түлектеріне, көп балалы және толық емес отбасыларға, көшіп-қонушыларға қатысты. Жетім балаларға келетін болсақ, біздің елімізде олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда. Мемлекет жастарды ұстауды, тәрбиелеу мен оқытуды толық қамтамасыз етеді. Дегенмен, олардың кәмелетке толмағандары өмірде болатын кейбір проблемаларды шешуге дайын емес.

Әлеуметтік бейімсіздік, тұрғын үйдің болмауы, тұрақты жұмыс, кәсіби дайындықтың жеткіліксіздігі… Оларды жеңе алмаған соң, олардың кейбіреулері қылмысқа қатысады, ал басқалары өз-өзіне қол жұмсайды. Халықтың осал топтарын қолдау үшін Жамбыл облысының «Мирэкл» балалар үйлері мен жетім балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ҚБ қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, Гүлсара Түктамышева және Рауф пен Тамара Сәбитовтар секілді ҚХА медиаторлары мәселені шешуге толыққанды атсалысады. Олар тұрғын үй, тұрғылықты жерді тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ жеке, еңбек, отбасылық және басқа да дауларды шешуге байланысты мәселелерді қарастырады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтініш білдіргендер міндетті түрде құқықтық кеңес, ал кейбір жағдайларда практикалық көмек алады. Мұндай мәселелерге консулдықтан азаматтықтың жоқтығы туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу, балаларды мектепке орналастыру мәселелері жатады. Қоғамдық қабылдау проблемалық мәселелерді мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен және тікелей байланыс орнатылған көршілес мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан консулдықтарымен ынтымақтастықта шешеді.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмысы қайта жанданды

Үстіміздегі жылдың 26-қыркүйегінен бастап «Қоғамдық келісім» КММ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» хореография секциясы жұмысын қайта жандандырды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Достық үйінде 2019 жылы ашылған. Оның түрлі қызықты бөлімдерінде  80-ге жуық қарт адамдар жұмыс істеді. Өкінішке орай, пандемияға байланысты 2020 жылы сабақтар тоқтатылған болатын. 2021 жылы сәндік өнер секциясында және тілдерді оқыту бөлімінде сабақтар қайта басталып, Галина Чибитко атындағы әдеби клуб өз жұмысын тиянақты жүргізуді қолға алды.

Ал, бүгін ағымдағы жылдың 26-қыркүйегінде хореография бөлімі де өз жұмысын қайта бастады. Енді би дәрістері апта сайын және тұрақты өтетін болады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының белсендісі Людмила Чекалинаның құттықтау сөзінен кейін хореограф Гүлнұр Сағынтаева би сабағын бастап кетті. Осыған қатысты биге құштар барлық салауатты өмір салтын ұстанатын қарттарды Достық үйінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өкілдерінің қатарын толықтыруға шақырамыз.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықтық дипломатия

2022 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласында Өзбек халқының этносы, тілі мен дәстүрлері күніне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен бірге,  аталған іс-шараның шеңберінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына қатысты халықаралық конференция өтті.

Ұйымдастырушылардың қатарында ҚХА, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитеті, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бар. Белсенді қатысушылар арасында Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігінің президенті, ҚХА мүшесі, ҚР «Құраш» Федерациясының Президенті Бахром Муминов бар.   – Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тарихи, достық қарым-қатынастарды одан ары нығайту, – дейді Бахром Муминов. – Шараға Орталық Азияның бес мемлекеті-Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан  қатысты. Қазақстанды жоғары деңгейде танытқандардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов та болды. Өзбекстан атынан өкілдік ететіндердің арасында Өзбекстан Республикасының Министрлер  Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тошев, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Аброр Фатхуллаев болды. Шараны өткізу барысында біз, кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмастық. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықтық дипломатия, одақтық, стратегиялық әріптестік және мәңгілік достық туралы 30 жылдық келісім мәселелерін талқылады, – деп атап өтті Б.Муминов.

Қатысушының айтуының қарағанда, бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды қалпына келтіру, ұлттық мектептер ашу жөнінде пікірлер де ортаға салынды. Бұған қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 22-саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер Көшбасшыларының VII-съезі туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының Өзбекстанға тоқтағанда 30 күн тіркеусіз жүре алуын ұсыну туралы акт жасалды. Іс-шарада Шымкент қаласында Өзбекстаннан келген көптеген әртістердің қатысуымен ауқымды қызықты мәдени бағдарлама да орын алды.   Бұдан өзге, барлық қатысушылар арнайы дайындалған 160 кг-дық өзбек  «палауынан» дәм татты.  Іс-шараға қатысушылар келесі кездесуді Самарқанд қаласында өткізуді ұсынды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

«Бүгінгі заман ертегісі»

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Астана қаласы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және ҚХА Аналар кеңесі үстіміздегі жылдың басында ұйымдастырған «Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы болды.

Аталған байқауға Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұсынған сегіз оқушының ертегісі ұсынылды.

Байқау іріктеуіне іліккен елу шақты ертегіні сараптауға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, филолог – Өріс Яшүкірқызы, ҚХА республикалық Аналар кеңесі мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты – Әлпейісова Камал және филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қоғам белсендісі – Бота Баман қатысты.

Байқаудың мақсаты – балалардың қиялын қозғайтын, шығармашылығын шыңдайтын, табандылығын қалыптастыратын, адамгершілік құндылықтар негізін егетін, арман-мақсатқа жетуде жігерлі болуға бейімділігін ұштайтындай құндылығы бар ертегілер жинап, ертегілер жинағы ретінде көпшілікке ұсыну болатын.

Ортақ  шешім бойынша талапқа сай ертегілер саны тым аз болуы себепті ешқандай жүлделі орын тағайындалмады. Дегенмен он шақты ертегі жинаққа енуге үміткер туынды ретінде іріктеуден өтті. Шығарма авторлары қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталады. Ал, Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ атынан қатысқан сегіз оқушы арнайы алғыс хаттарға ұсынылды.

#Аналаркеңесі

#МәдениеттіАнаМәдениеттіҰлт

#БүгінгіКүнніңЕртегісі

#ЕртегіЕлЕртеңінТәрбиелейді

#ТәрбиеБасыТалБесік

Баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тараздағы Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын білімгерлерге түсіндірме жұмыстары өтті

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тараздағы Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын білімгерлерге түсіндірме жұмыстары өтті.

Дөңгелек үстелге М.Қашқари атындағы ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Тұрдыева, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Макхам Орифов және Қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы  Галина Воробьева қатысты.

Сондай-ақ, колледж директоры Фарида Фаридқызы да өз ойын ортаға салды.  – Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әрине барша жасты сапалы білім беру жүйесі, қолжетімді жоғары білім, қолына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту, жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толғандырады. Ал Президенттің Жолдауы дәл осы проблемалардың шешіміне айналғандай, – дейді Фарида Нақыш.

Сондай-ақ, Мухабат Тұрдыева мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтті: – 2025 жылға дейін Қазақстандағы қазақ тілінің үлесі 95 пайызға дейін артады деген үміттемін. Жаһандану кеңістігінде мемлекеттің болмысын, ерекшелігін танытатын ұлт тілі – Қазақ тілі. Олай болса, тіліміздің ертеңі туралы ойлану, оны мәңгілік жобаға айналдыру барлық уақытта алдыңғы орында болу керек, – деп атап өтті Ол.

Іс-шара соңында білімгерлер  өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық  жауаптар алды.

Баспасөз қызметі орталығы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы, Ақкөл ауылында мемлекеттік тілді оқытуға арналған Тіл мектебі курсы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелерімен таныстыру және одан әрі оқыту үшін жағдай жасау арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, осы өңірдің тарихымен, көрнекті тұлғаларының өмірбаяндарымен таныстыру, іс-шараға қатысушыларды өмір сүру дағдыларына үйрету, өңірдің киелі жерлеріне апару көзделген.

Аталмыш курсқа облысымыздан Тілдерді оқыту орталығы Жамбыл аудандық бөлімше меңгеруші міндетін атқарушы – Айгерім Байғабыл, ҚХА облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі – Русалина Пряхина және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студенті – Ульфедина Дурсунова қатысты.

Тіл лагерінде қатысушылар қазақ тілін үйренумен қатар, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдениетін бойына сіңірді. Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Тіл мектебі курсы барысында белсенділігі үшін облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі – Пряхина Русалина Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғысхатымен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдык келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет  үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті.

Аталған  фестивальдің мақсаты – ауданда тұратын этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып қолдау және таныстыру, ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі ұлттық саясатты насихаттау, жастардың рухын көтеріп шығармашылық белсенділіктерін арттыру сондай-ақ, этномәдени орталықтардың жетістіктерін көрсету.

Салт-дәстүрмен сабақтасып, ұлттық өнермен ұштасқан фестивальге «Архыз» РҚБ Жамбыл облысындағы «Бірлік-Қарашай балқарлары» филиалынан Аминат пен Руслан Кудаевалар және Ясмин Есенкулова қатысты. Олар «Лезгинка» биін билеп, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жатқа орындады.

Жеңімпаздар дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Page 1 of 3
1 2 3