Медиация – қоғам игілігінің кілті

Медиация – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті Тараптар қақтығысының деңгейін төмендету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты қызметі ҚХА Қоғамдық құрылымдарын және мүдделі уәкілетті тұлғаларды шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

2022 жылдың 5 тамызында Тараз қаласының Достық үйінде өткен “Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің Ашық есік күні” республикалық акциясына судьялар, ішкі істер, әділет және адвокатура органдарының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдері, Жамбыл облысының ҚХА және  өңірлік Ардагерлер кеңесі жанындағы билер және БАҚ тілшілері белсенді қатысты.

Алғы сөзімен Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова сөз сөйледі: – Медиаторлар  – саяси этникалық ортада ешқандай сөгіс  пен жанжалға жол бермейтін, керісінше дау-дамайды болдырмау және әділетті түрде шешетін,  ең бастысы – адамдардың мәселелерін қабылдай алатын келіссөз жүргізе алушылар. Этникалық қақтығыстарды тоқтату өте қиын екенін бәріміз білеміз. Міне, осы құбылыстың алдын алу үшін біз сіздермен біргеміз, медиатор жолдастар! Сондықтан, үнемі бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

Одан әрі Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Ләззат Рамазанова “Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңнаманы жетілдіру”  тақырыбында баяндама жасады. Ол жазаланушыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы заңнаманы жетілдіруге және оны қолдану тәжірибесінде медиацияны қолдануға тоқталды. Оның сөз сөйлеуі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев те елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік Әділет жұмысы, реформалар туралы былай деді: –ҚР-да жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру ғана емес, қазіргі уақытта биліктің әлеуметтік сұраныстарды барабар және уақтылы шешу қабілеті маңызды.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тахмина Сұлтанова өз сөзінде “Отбасылық даулардағы Медиация” тақырыбын ашып, келісім жасау кезіндегі бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, спикер ювеналды сот пен ҚХА құрылымдары арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты атап өтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдерді оңалтуға этномәдени бірлестіктер тартылғанын атап өтті.

Жамбыл облысы ардагерлер Кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы жанжалдарды шешуге белсенді қатысып, медиаторлармен бірге халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндіктері мен жағымды жақтарын белсенді насихаттап жүрген билердің жұмысы туралы айтып берді.

Іс-шараның модераторы, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Спикер этномедиацияның өзектілігіне баса назар аударып, бұл ретте алғашқы қадамдар жасалғанын атап өтті: – “Этносаралық жанжалдар және олардың алдын алу”, “Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі” семинар-тренингтері өткізілді, оған мемлекеттік қызметшілер, күш құрылымдарының, білім беру саласының өкілдері қатысты. Алған базалық білім этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталады және жанжалдар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылатын болады деп үміттенеміз. Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация институтын дамыту бойынша жұмыстың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар жобасымен таныстырды.

Іс-шара медиаторлар өз тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді айтқан диалог алаңымен аяқталды. Барлық қызықтырған сұрақтарға судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері толық, құзыретті жауаптар мен кеңестер берді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Аналардың атқарар шаруасы ауқымды

Жамбыл облысы  ҚХА Аналар  кеңесі  отбасылық құндылықтарды  дамыту және насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру, этнос әйелдері  арасында құқықтық сауаттылық деңгейін  жетілдіру бойынша ақпараттық-кеңестер өткізіп, қоғамдық маңызды шараларды ұйымдастырып келеді.

Осы бағытта Аналар кеңесі «Бақытты отбасы» орталығында некені бұзу туралы істерді сотқа дейін реттеу шарасына қатысып, аталған мәселе бойынша жүгінген он отбасының  арызын қарастырды. Нәтижесінде мәселесі терең деп табылған алты  отбасының екеуі сақталып, екеуіне өзара мәмлеге уақыт берілсе, некесі бұзылған екі отбасында балалардың құқығын қорғау ұсынылды.  Сондай-ақ,  Аналар кеңесінің  жетекшісі  Мухабат Миражапова мен  кеңес мүшелері Аракси Плетнева және Роза Изъятова  Байзақ ауданында тағы бір отбасын сақтау мақсатында  кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп  қайтты.

Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі атқарған ауқымды жұмыстардың басым бөлігі отбасын сақтап қалу сынды қоғамда маңызды мәселеге айналған түйіткілдерді шешуге арналып келеді. Бірлік пен берекені сақтап, отбасын ұйыта алғандық Отанға да пайдалы болары сөзсіз деп білетін Аналар кеңесінің мүшелері алға қойған жоспарлар да жүйелі. Еліміздің  бейбітшілігін, отбасылардың беріктігін сақтауда ҚХА Аналары мен барша аналардың арқалаған жүгі ауыр.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жақында “Елу жылда – ел жаңа” ҚБ Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін Тараз қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оның жұмысына қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов белсенді қатысты.

Іс-шара барысында № 55 орта мектебінде өткен іс-шараға мүмкіндігі шектеулі жандар мен қандастар келді. Бос орындар жәрмеңкесі-жұмыссыздардың жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, қойылатын талаптарды, еңбек жағдайларын білуге және жұмысқа жолдама алуға мүмкіндік береді. Бұл жолы бос жұмыс орындарын 16 жұмыс беруші ұсынды. Мектептерде, дүкендерде, жанармай құю бекеттерінде және т.б. жұмыс істеу үшін қызметкерлер қажет болды.

Абдырахман Зайнутдиновтың айтуынша, Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 30-дан астам үміткер жолдама алды. 1 орынға 2-3 жолдама берілді және бір ізденуші қолына 3-4 жолдама алды. Бұл жұмыссыз жан үшін оның жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырды және жұмыс беруші үшін құзыретті қызметкерлер  табылып жатады. Сонымен қатар, іс-шараға келгендердің заңгерлік кеңес алу мүмкіндіктері қалыптасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім”  КММ Баспасөз қызметі орталығы

Жақында облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен кездесуге қатысты

Іс-шара Тараз қаласының Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» қалалық саябағында өтті.

Әкіммен болған әсерлі кездесу ашық, сындарлы диалогтық форматта жастардың ойын анық жеткізуге бағытталды. Жас ұрпақтың белсенді және перспективалы өкілдерін қолдау жолдары, жастарда жиі кездесетін мәселелерді ортаға салып, талқылады.

Жастарды жұмысқа орналастыру-ең маңызды міндеттердің бірі. Өкінішке орай, университетті бітіріп, диплом алғаннан кейін де бәрі бірдей жұмысқа орналаса бермейді, кейбіреулері мамандық бойынша жұмыс істемеуі де мүмкін. Сондықтан, бүгінгі таңда басым міндет жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады, сондықтан қолда бар мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие болады, – деп атап өтті облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Қатысушыларға сомен қатар «Дипломмен ауылға» жобасы туралы әңгімеледі. Олардың арасында жоғары оқу орындарының түлектері және  диплом алған мамандарға аталған жобаны  пайдалана алатындары да айтылды.

Жастар үшін тұрғын үй мәселесі де маңызды болып табылады. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пәтер сатып алудың жақсы мүмкіндігі болып табылатын жастарға арналған «Әулиеата жастары» ипотекалық несиелендірудің перспективті бағдарламасы туралы хабарлады.

Іс-шара барысында сондай-ақ кейбір спорттық жобаларды қаржылық қолдау,  дін,  кадр резерві, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы, алдағы республикалық жастар слетін өткізу және т.б. туралы әңгіме өрбіді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Page 3 of 3
1 2 3