Отандастармен кездесу

7 шілдеде Тараз қаласы  Достық үйіне Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Бас елшісі Раушан Бобохонов пен дипломат Фаридун Амирхонов келді.

Кездесуге Махкам Орифов төрағалық ететін Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері, Тараз қаласының өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов және   Мухаббат Миражапова бастаған Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілдері қатысты.

Қонақтарға жылы шырайлы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін Бас елші Раушан Бобохонов өзінің алғысын білдірді. Ол өз сөзінде мемлекеттер арасындағы келісіті және жемісті ынтымақтастықты тілге тиек етті:

– Біз бауырлас елдерміз.  Мемлекеттік келісімдерге қол қойылды. Үлкен тауар айналымы, сауда бар. Біздің еліміздегі тауар айналымы бойынша Қазақстан екінші орында.

Кездесу барысында негізінен көші – қон, азаматтықты алу немесе одан бас тарту, Қазақстандағы бас бостандығынан айырылған Тәжікстан азаматтарының жазасын өз отанында өтеу мүмкіндігі секілді  мәселелерге қатысты көптеген сынды сауалдар қойылды.  Сондай-ақ, кездесуге тәжік тілінде оқытатын әдебиеттерге көмек сұрау,  Қазақстанның мемлекеттік тілін үйренудің маңыздылығы туралы бірқатар тақырыптар  арқау болып, оларға тұшымды жауаптар алынды.

Кездесуде құрметті қонақтарға тәжік этномәдени бірлестігінің экспозициясы көрсетілді. Онда қойылған көне жәдігерлер мен ерекше бұйымдарға  Бас елшісі Раушан Бобохонов пен дипломат Фаридун Амирхонов баса мән беріп, қызығушылықтарын танытты.

Іс-шара соңы фотосессиямен тәмәмдалды.

 

Пресс-центр КГУ «Қоғамдық келісім»  УВП  акимата  Жамбылской областиЖамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі  орталығы

Page 2 of 2
1 2