Жаңа Қазақстанды құрушы халық

Жаңа  Қазақстанды құрушы халық. Ия, әрқайсысымыз өзімізге осындай жауапкершілік жүктегенде ғана Президент реформалары сәтті жүзеге асады. Бұл тұрғыда  Мемлекет басшысының әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Президент: Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.»-, деді.

Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биік белестерге жететіні анық. Бұл тұрғыда президент нақты іске көшкені белгілі. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық пен билік арасындағы сенімді арттырады.

Бұл жерде басты мәселе – елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, бірлігін сақтау.

Сартив Алиев, Жамбыл облыстық «Барбанг»  күрділер қауымдастығының төрағасы

Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы

Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған нық әрі батыл қадам болды. Қазақстан халқының күткені де осы болған. Президентіміз  барлық саладағы тоқырау тығырыққа тірегенін айтқан болатын. Жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды.

Мен бұл жаңашылдықты шын жүректен қолдаймын әрі елімдегі орын алып жатқан оң өзгерістер үшін өте қуаныштымын. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын ұрпақ болашағы үшін аса маңызды деп білемін.

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеу¬меттік-экономикалық өзге¬ріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», деді Президент. Мемлекет басшысының бұл сөздері мені қанаттандырды. Жаңа белестерді бағындыруыма күш сыйлады.

Біздің күшіміз бірлікте!

Зайнутдин Махусеев,  Дүнген республикалық этномәдени орталығының төрағасы

Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз

Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз. Ел тарихында талай нәубеттер, талай зұлматтар өтті. Сонда да Тәуелсіз ел атанып, оны көздің қарашығындай сақтап келеміз. Алдағы уақыттада бұл игі дәстүр жалғасын табады деп сенемін. Ең бастысы ел іргесі сөгілмесін деп тілейік. Ынтымақ бар жерде ырыс пен береке ұялайтыны рас.

Жақында президентіміз өз жолдауын жолдады. Бұл халықтың көптен күткені еді. Олда ақырын аяңдап жақындап келеді. Жалпы жолдау – стратегиялық құжат болып табылады. Аталған жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстан дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.Заң   Жолдауда өзгерісті өзімізден бастауымыз керек, әрбір адам жаңғыруы керек және негізгі байлығымыз – еліміздің тәуелсіздігін қорғап, әлемдік ынтымақтастық алдында батыл, заңды реформалар жасауымыз қажет екені айтылды. Өз кезегімізде талантты, еңбекқор, бақытты өмір сүретін мемлекет болуын қалайтынымыз – Мемлекет басшысымен бірге ұштасып жатқан осы бір құндылықтарды алып жүретін сіз бен бізге деген үміт. Біз мемлекетімізбен бірге өркендеуіміз керек. Қазақстанның тұғыры биік болуы тиіс.

 Жалел Аббосов, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары

Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі

«Ассамблея жастары» – «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» атты I Республикалық слетіне Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ басшысы Хамида Тұрдыева мен оның орынбасарлары Хабиб Әлиев пен Артур Лигостаев делегаттар ретінде қатысып қайтты.

Іс-шара Алматы облысы, Қонаев қаласында өтті. Слет өзекті мәселелерді талқылауға және өңір тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлермен жақынырақ танысуға  мүмкіндік беретін форматта өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың және ҚР Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиевтің қатысуымен өткен отырыс барысында «Ассамблея Жастары» РҚБ одан әрі даму перспективасы талқыланды. Сондай-ақ, тарихты жаңа форматта зерделеу туралы айтылып, Қонаев қаласын «Тәлімгер» республикалық менторлық жобасы  бойынша  дамыту туралы креативті идеялар платформасын құру ұсынылды. Қатысушылар алдында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев, Алматы облысының «Ассамблея жастары» төрайымы Руфина Усанова және т.б. сөз сөйледі.

Слет барысында қатысушылар тарихи көрікті жерлермен танысып, Қонаев атындағы және «Ретро машина» мұражайларын аралады, өңірдің ең көрікті жерлері – Көлсай көлдері, Қайыңды мен Шарын шатқалының табиғатын тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановтың Қазақстан халқы Ассамблеясы  қоғамдық келісім кеңестерінің орны мен рөлін концептуалды түрде анықтау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың шілде айында ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің қазіргі институционалдық жағдайына сараптама жүргізу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ қызметкері Олжас Қазбекұлы Шариязданов Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді.

Іссапар аясында облысымыздағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Байзақ, Меркі аудандарындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары және белсенді мүшелерімен кездесті.

Кездесулер барысында қазіргі таңда Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, кеңестердің тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

«DATÜB» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың жиырмасыншы шілдесінде Достық үйінде «DATÜB» халықаралық ҚБ белсенділері Жамбыл облысында тұратын түрік этносының өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға төраға Махмутжон Давришев бастаған «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері, «DATÜB» халықаралық ҚБ басшылығы мен белсенділері, осы ұйымның төрағасы Зиятдин Кассанов қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар көші-қонға, азаматтыққа, білім алуға қатысты сұрақтар қойып, оларға толыққанды  жауаптар берілді.

«DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының мақсаттарының бірі өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, өзара көмек көрсету, жан – жақты қолдау бар екенін атап өткен жөн. Аталған ұйым және «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Дуниядар Абдуллаевқа «Амбулаториялық гемодиализдегі науқастың үстел үсті кітабы» авторлық туындысын шығаруға көмектесті. Автор көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришевке Жамбыл облысы әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова қонақтарға белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, сый-сияпаттар табыс етті.

Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

2022 жылдың 14 шілдесінде Достық үйінде Наталья Мешковая ҚХА қолөнершілер клубының өкілдеріне арнап түйіндік бояу бойынша шеберлік сабағын өткізді

2022 жылдың 14 шілдесінде Достық үйінде Наталья Мешковая ҚХА қолөнершілер клубының өкілдеріне арнап түйіндік бояу бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Түйінді бояу – бұл үйде ерекше нәрсе жасаудың шығармашылық тәсілдерінің бірі.

Шебер қатысушыларды өз жұмыстарымен таныстырды. Қатысушылар ең керемет түстердің маталарын көрді, тіпті екі жағынан да әртүрлі болды. Ең қызығы, мұның бәрі үйде қолмен жұмыс.

Қатысушылар осы материалдардан жасалған дайын киімдерді, сондай-ақ үйде осы жолмен боялған заттарды көрді.

Түйінді бояу сәндік өнімдерге арналған киімге арналған материалдарға бір немесе көп түсті әсер алу үшін қолданылады. Матаны әшекейлеудің бұл әдісі ең көне болып саналады. Ол әлемнің көптеген елдерінде таратылды.

Матаға түрлі түсті әсерлер матаның жекелеген бөліктерін түйіндермен байлау арқылы алынады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

Жамбыл облысы ҚХА-ның ХХV сессиясы аясында №4 “Жаңа Қазақстан және ҚХА-ны жаңғырту”секциялық алаңының жұмысын атап өткім келеді

Жамбыл облысы ҚХА-ның ХХV сессиясы аясында №4 “Жаңа Қазақстан және ҚХА-ны жаңғырту”секциялық алаңының жұмысын атап өткім келеді.  Секция жұмысына облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, ҚХА медиаторлары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич -Жамбыл облысы Тараз қ. өзбек орталығы ҚБ төрағасы, медиатор “Этномедиация институтын қалыптастыру”тақырыбымен сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА – ға мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері үшін этносаралық қатынастар саласындағы кәсіби келіссөз жүргізушілер-этномедиация курстарын ұйымдастыруды тапсырғанын атап өтті. Жоғарыда аталған тапсырманы іске асыру үшін биыл “Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері” этномедиация курстары және “Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі” облыстық үш күндік семинар-тренинг өткізілді.

“Этномедиация Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері мүдделерінің тепе-теңдік балансында әрекет ететін тетікке айналуы тиіс және мұндай мамандарды даярлау-жалпы қоғам үшін үлкен қажеттілік! Алынған базалық білім ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталады және әлеуметтік қақтығыстар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылатын болады деп үміттенеміз” – деп атап өтті Абдрахман Юлдашевич.

Спикер медиаторлар кеңесі әзірлеген ұсыныстарды атап өтті, онда этномедиация институтын дамытудың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар енгізілді.

Жамбыл облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелди Халилуллаұлы Тәжібаев “Қоғамдық келісім кеңесі жұмысының алгоритмін анықтау” тақырыбында сөз сөйледі. Ол ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, аудан кеңестері проблемалық мәселелерді, соның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша да шешіп жатқанын атап өтті. Кеңес қызметінің өңірлік Ассамблея медиаторларымен өзара іс-қимылы еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі сақтау үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. “Бүгінгі таңда жалпы саны 1078 адамды құрайтын 172 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері есепті кезеңде облыс бойынша 21462 адамды қамтумен 511 іс-шара өткізді.

1 жартыжылдықта Қоғамдық келісім Кеңесіне 305 өтініш келіп түсті, 248 өтініш шешілді, 57 өтініш орындалуда. ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, аудан кеңестері проблемалық мәселелерді, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша шешеді.  Қоғамдық келісім кеңесі облыс халқы мен жергілікті қоғамдық бірлестіктер арасындағы дұрыс байланысты қамтамасыз етуде, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті нығайтуда, реформалар бағдарламасын, бірлік пен келісімді іске асыруда жоғары рөл атқарады!”- деді Бигелди Халилуллаевич.

Құрылған диалог алаңында қатысушылар жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жаңа идеяларды тұжырымдау, сондай-ақ олардың жаңа Қазақстанды құрудағы рөлінің өзектілігі мен маңыздылығы жөніндегі мәселелерді талқылады

Жамбыл облысы ҚХА ХХV сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні Достық үйінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен  «Саяси реформа жағдайында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.

Бұл сессия бұрыңғы сессия жұмыстарынан қарағанда  қатысушылардың бейбітшілік пен бірлікті нығайту мәселелерін ауқымды түрде талқылауы жаңа форматта өткізілгенімен өзгерек болды.

Қатысушыларды тіркегеннен кейін «Жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайтудағы БАҚ пен азаматтық қоғамның рөлі», «Ұлтты топтастырудағы мәдениет пен тілдің рөлі», «Жастар Ассамблеясы – жастар бастамаларын дамыту жөніндегі бірлестік», «Жаңа Қазақстан және ҚХА жаңғырту» атты төрт секцияға бөлінді.

Секциялық талқылаулар барысында қатысушылар қазақ тіліндегі этностардың тарихын көпшілікке тарату, этномедиацияның түрлі аспектілері, қазіргі әлемдегі әйел, ана рөлі, бірліктің жалпыұлттық келісімін нығайтудағы БАҚ пен азаматтық қоғамның маңызы, әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандырудың маңыздылығы, оның ішінде креативті бейне-жобаларды іске асыру бойынша белсенді пікір алмасты.

«Республикалық Дүнген этномәдени орталығының» қазақстандық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев өз сөзінде барлығын әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуге шақырды. Өйткені «Бұл біріншіден өзінің мәдениетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсетуге мүмкіндік береді; екіншіден-ҚХА мәртебесі мен маңыздылығын арттыруға әсер етеді; үшіншіден-барлық этномәдени бірлестіктердің Президентіміздің саясатын қолдаудағы қызметін паш етуге зор септігін тигізеді»- деді.

Жастар секциясында сөз сөйлеген ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесін зерттеу орталығының директоры, Жамбыл облысы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Сейдахан Бахторазов «Әуелі елімізде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту кезінде этностардың тарихын қазақ тілінде жазу,  осы этнос өкілдерінің біздің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырар еді, екіншіден, дәл осы жайт қазақ тілін үйренуге зор ықпал етер еді»- деп, баса айтты.

Секцияларда талқыланған пікір-талас кезінде Жамбыл облысы ҚХА қызметінің басқа да көптеген аспектілері талқыланды.

Одан әрі пленарлық отырыс өтті. Онда секциялық талқылаулардың нәтижелерімен, ұсынымдарымен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелді Тәжібаев таныстырды. Ұсынымдар арасында-БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, сайттарда ақпараттық жұмысты күшейту, аналарға, әйелдерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу және олардың мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәселелерді түсіндіруге жәрдемдесу, біздің өңіріміздің дамуына үлес қосқан барлық этностардың ғалымдары мен публицистерінің еңбектерін және басқаларды танымал ету мәселелері ерекше қаралды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясының қорытындысы бойынша қойылған міндеттерге баса назар аударды.

Сессияның пленарлық отырысы барысында Жамбыл облысы ҚХА Төрағасының жаңа қоғамдық орынбасары бекітілді. Аталған лауазымға ҚХА мүшесі, ҚХА меценаты, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Жалил Аббосов тағайындалды.

Іс-шара салтанатты марапаттау рәсімі және фотосессиямен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

 

Тараздықтар «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің 1 – ші кезеңіне қатысушыларын қарсы алды

Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған достықты дәріптейтін «Еуропа-Азия» бейбітшілік және келісім шеру ағымдағы жылдың 10 шілдесінде тарихи қала Таразға табан тіреді.

Халықты бейбітшілік пен келісімге шақырған шеруді «Барысхан» алқабынан ту ұстаған жастар күтіп алды. Қонақжай қасиетімен талайды тамсандырған халқымыз қонақтарға ұлттық тағам саналатын жеті түрлі астан дәм татқызды. Қонақтарды күтіп алуға арналған іс-шаралар легі қаланың мотобайкерлерінің қатыстуымен «Мемлекеттік тулар шеруі» рәсімімен басталды.

Шеру қала қақпасынан кіріп Жамбыл және Төле би даңғылдары арқылы Нұрсұлтан Назарбаев алаңынан өтіп «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніне тоқтады. Шеруді үрмелі аспаптарымен әскери оркестр бастап келді. Шеруге қатысушыларды шараға келген қала тұрғындары, облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қарсы алды.

Айта кету керек, шараны Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі ұйымдастырып, қызықты да ауқымды бағдарламалар  ұсынды. Аталған шараларға Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты.

– Маған өтіп жатқан іс-шара өте қатты ұнауда. Ең құндысы – достықта өзара түсіністік бар. Біздің елімізде ұлттар мен ұлыстар арасында достық бар! Мұны бүкіл әлем білуі керек, – дейді Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов.

Өнер сүйер қауым жамбылдық суретшілердің картиналарын, облыстық ҚХА қолөнершілер клубы өкілдерінің жәрмеңкеге ұсынған бірегей туындыларын тамашалады. Мұнда Сәрсенқұл Мырзабекованың моншақтан жасалған бұйымдары,  Раушан Құндызбаева мен Ольга Хабарованың әдемі әшекейлері мен кәдесыйлары, Вера Площенконың өзіндік қолтаңбасы бар керамикасы және Сәуле Мұсаеваның этникалық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Аталған жәрмеңкеге бұдан өзге Айғаным Байназарова, Гүлжазира Құдайбергенова, Левантина Козлова, Татьяна Горборукова, Сталин Хе, Наталья Мешков, Маяра Дәуренбаева және Раиса Науменко сынды кіл мықты шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар қойылды.

Жәрмеңкеге қатысушы қолөнер шебері Сәуле Мұсаева «Бүкіл елдің халқы бір үйдің баласындай бірлікте өмір сүргенін қалаймын. Ұлт пен дінге бөлінбей, ынтымақта, ұйымшылдықта өмір сүруге шақырамын. Ұрпағымыз бейбіт елде тату-тәтті өмір сүру үшін ауызбіршілігіміз мықты болу керек деп білемін. Мен мұнда өз әріптестеріммен бірге осы шеруді қолдап, әрі жәрмеңке өз қолымнан шыққан туындыларды ұсынуға келдім. Мен бейбітшілік пен бірегейлікті әрқашан қолдаймын. Еліміз аман болсын!»-деп, өзіндік пікірімен бөлісті.

Таңқалдыратын туындыларды тамашалаған жұртшылықтың назары одан әрі концерттік бағдарламаға ауды. Шерушілерге арнайы әзірленген «Жүректен жүрекке жетер сазды әуен» атты кешке облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары ерекше атсалысты.  Концертке К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Алмас Қырғызалиев және  «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Алишер Боранбаев, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» қоғамдық  бірлестігінің «Калинка» вокалдық ансамблі, «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Поющие сердца» вокалдық ансамблі, «Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Infiniti» би ансамблі, «Kamerton» эстрадалық вокал студиясының оқытушылары Бахром Муминов пен Диас Әбілеков, «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі және «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Маричка» вокалдық ансамблдері қатысып, жиылған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

«Бейбітшілік және келісім» шерушілері мен қала тұрғындары әрмен қарай облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының  ұйымдастыруымен  өткен спорттық халық ойындарын және  балалар мен ересектерге арналған спорттық шеберлік сағаттарын өткізді. Шерушілер гір тасын көтеру, асық ату, арқан  тарту сынды ұлттық ойындарды тамашалады.

Келісім мен бірегейлікке үндеген  шеру шаралары  11 шілде күні  қаламыздағы Достық үйінде өткен шеру қонақтары және  БАҚ өкілдерінің қатысқан баспасөз конференциясына ұласты.

Конференция барысында шеру жұмысының жай-жапсары, мақсаты мен міндеті, атқаратын жоспары мен арқау болған тақырыптары туралы және ең маңызды әрі қызықты сәттері туралы талқыланды.

Халықаралық шерудің атқарушы директоры Руслан Абдуллин бейбітшілік және келісім шеруіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан өкілдері қатысатынын айтты. «Қазірдің өзінде он алты шеруді ұйымдастырдық  және оның он бесі дайындық есебінде болған. Соның өзінде олар Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Үндістан аумағы арқылы өтіп 16 мемлекетті қамтыған. Сол шерулер барысында бүгінгідей кездесудің жоспары пысықталды»- дейді, Руслан Абдуллин.

«Еуропа – Азия» бейбітшілік пен келісім шеруінің 1-ші кезеңіне Қырғызстан мемлекетінен  қатысушысы Мээрим Женалиева  «Біздің халқымыз ежелден бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді.  Бұл біздің негізгі ерекшелігіміз. Этнос, дін, әлеуметтік мәртебеге қарамастан, барлығына бірегейлік пен ауызбіршілік қажет. Егер біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін болсақ, онда өркендейтін боламыз»-деді, өз сөзінде.

Одан әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, православие шіркеуі өкілдерінің, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері төрағаларының қатысуымен «Этносаралық және дінаралық диалогтың ғылыми тұжырымдамасын талқылау» атты дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында «Еуропа-Азия» бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин аталған халықаралық қозғалыстың пайда болу тарихын айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушыларды іске асырылып жатқан жобалармен таныстырды, олардың арасында қазақстандық брендтерді насихаттауға бағытталған жобалар да бар. Әрі қарай қазіргі әлемнің рухани аспектілері туралы мәселелер қарастырылды. Қатысушылар бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдіріп, сауалдар жолдады.

Іс-шара соңы естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Page 1 of 2
1 2