2022 жылдың 25 мамырында Тараз қаласының “Қоғамдық келісім” КММ-де ел Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізудің тарихи оқиғасы қарсаңында ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтті

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының өкілдері, ҚХА мүшелері, өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мен қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының атынан кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, хатшысы Данияр Бектұрғанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Абдулла Исматуллаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының басқарушы директоры Олжас Өмірсерік және т.б. қатысты.

Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері іс-шараға қатысушыларға ұйымның қазақстандық бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған қызметі туралы айтып берді. Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылдан бергі барлық саяси реформаларының қисынды жалғасы болып табылады. Қауымдастық кәсіпорындар басшылары мен бизнес-қауымдастықтарды – ҚХА мүшелерін біріктіруге бағытталған қоғамдық ұйым болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы 2011 жылы құрылған болатын. Оның жұмысының негізгі мақсаты – экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында оның мүшелерінің Кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, Қазақстанға инвестициялар, инновациялар мен технологияларды тарту, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға жәрдемдесу, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу.

Ағымдағы жылы “Жаңа Қазақстан” бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен Ассамблея қызметін нығайту тетіктерін жетілдіру және дамыту бойынша ауқымды реформаларды бастады. ҚХА құрылымдарын жаңғырту бағыттарының бірі кәсіпкерлер қауымдастығын трансформациялау болып табылады.

Осы орайда кездесуге қатысушыларды спикерлер арнайы Жарғымен, оның ішінде өкілдік ету, мемлекеттік органдарда оның мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қолданыстағы құқықтық базаны талдау және кәсіпкерлік саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша есептер, ұсынымдар дайындау, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерінен шетелдік инвестицияларды, технологиялар мен инновацияларды тарту сияқты жұмыстың басым бағыттарымен таныстырды. Сонымен бірге, алға қойылған жоспар туралы да айтылды, оның ішінде – ҚХА серіктес-шетелдік достар клубын құру, өз мүшелерін шет елдермен екі жақты іскерлік кеңестерге белсенді түрде ілгерілету, Қауымдастыққа келешекте білікті көмек көрсету және түрлі рұқсат құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесу мәселелері бойынша оның мүшелері болу үшін бір ұйым болмақ.

Іс-шараға келгендер инвестициялар, жобаларды қолдау, халықтық қолөнер саласын дамыту, гранттар алу, қажетті құжаттарды алу рәсімдерін жеңілдету мүмкіндіктері бойынша өзекті сауалдар қойды.  Барлық сұрақтарға  өз деңгейінде қанағаттанарлық құзыретті жауаптар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім»  КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

Менің жаңа Қазақстаным

Бүгін, 2022 жылдың 25 мамырында Тараз қаласының  Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің қолдауымен «Менің Жаңа Қазақстаным»  атты іс-шара өтті.

Іс-шараның белсенді қатысушылары аталмыш бала-бақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленуші бүлдіршіндері, олардың  ата-аналары  және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері болды.

Аталған іс-шара Қазақстан рәміздері күніне 30 жыл толуы, «1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай  және  өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының  «Жаңа Қазақстан бөбектері» облыстық жобасы шеңберінде  ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының былтырғы жылғы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді, Қазақстан этностары туралы мектепке дейінгі кезеңнен бастап бүлдіршіндерге өз  деңгейлеріне шақ дәріс беруді міндеттегендіктен, бала-бақшадан бастап балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Ассамблея бөбектері» республикалық пилоттық жобасын қолға алу сөз болған болатын.

Осы жобаның негізінде өңірлер арасында ең алғашқылардың бірі болып өткен жылы Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ел Президентінің бұл ұсынысын  назарға алып, Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай,  «Ассамблея бөбектері – тәуелсіз елдің жаңа ұрпақтары» деген тақырыппен іс-шара өткізген. Ал   биылғы  жылы  елімізде жүріп жатқан жаңа өзгерістерге қатысты облыстық ассамблея жобаның атауын «Жаңа Қазақстан бөбектері» деп  өзгертіп өткізуді жөн көрді. Іс-шараның шымылдығын     “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова ашып, жиылған жұртқа өзінің құттықтауын арнады.

Бұл іс-шараның мақсаты«Қазақстан рәміздері», «Балаларды қорғау күні» және  «Жаңа Қазақстан бөбектері» жобасы бойынша достық үйі мен  ассамблея, этностар деген ұғымдар жөнінде бүлдіршіндердің   түсініктерін бекіту, оларға  ассамблея, бейбітшілік, достық, бірегейлік деген түсініктердің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, оның әлеуметтік мәнділігін ұғындыру және балақайлардың түрлі іс-шараларда өнерлерін көрсету белсенділіктерін арттыру, балаларды өзін-өзі тануға, өзін құрметтеуге үйрету, өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, халық бірлігін нығайту, этносаралық ынтымақты сақтау болды. Осы орайда №45 бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеленуші сәбилерінің белсенді қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Онда вокалдық, хореографиялық билер, патриоттық әндер, тақпақтарды мәнерлеп оқу ұсынылды. Балалар Қазақстан Республикасы рәміздерінің  30 жылдығына арналған және достық, бірлік, отан туралы өлеңдерін оқып, әр ұлттың киімін киіп, өздерінің этносымен таныстырып, өнерлерін ортаға салды.  Олардың қатарында балалар оркестрі, хоры,  бишілер мен әншілер тобы «Бейбіт ел тұрғыны» әні, «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт елім», «Достық», «Қуыршақ», «Қазақстан халықтарының билері», «Ақ көгершін» би, әндерімен көрермендердің көзайымына айналды.

Мерекелік кездесу соңы аталмыш мекемелердің бір-бірін салтанатты марапаттауымен, сыйлықтарды тапсыруымен және көңілді фотосессиямен аяқталды. Достық үйінің басшысы Парида Иманжанқызы мен мекеме қызметкерлері балалардың өнеріне риза боп, кішкентай бүлдіршіндер мен соларды дайындап әкелген бала-бақша басшысы мен тәрбиешілеріне, ата-аналарына зор алғыстарын білдіріп, аталмыш бала-бақшаның меңгерушісі Динара Салемова, әдіскер Алтынкүл Азимбаева, психолог Гаухар Шеңгелбаева, тәрбиешілер Шолпан Ануарова, Мария Абжетова, Гүлбахира Дихамбаева, Майрамкүл Исхаковаларды, музыканттар Назым Өміртай мен Ақерке Әдірасылға алғысхаттар табыстап, 40 өнерлі балапанға «Магнат» компаниясының балмұздақтары мен «Түрік халықтарының ертегілері» кітаптарын және Достық үйінің суреті бейнеленіп тоқылған  кілем сыйлады.  Сондай-ақ, №45 бөбекжай-балабақшасының бас әдіскері Алтынкүл Әзімбаева да осындай атаулы іс-шараны ұйымдастырған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова мен Баспасөз орталығы, Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріне алғысхаттар тапсырып, балалардың қолымен жасалған өнер туындыларын сыйға тартты.

Балалардың күлкісі мен амандығы – өмірдегі ең құнды нәрсе! Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балақайлар – жаңа Қазақстан бөбектері бала-бақшаларына ризашылықпен тарқасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда

Бүгін, ағымдағы жылдың  21мамырында Тараз қаласының «Анаға тағзым» орталығында өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің  кездесуі өтті.

Кездесудің ұйымдастырушысы – «Республикалық және облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің»  Аналар кеңесінің төрайымы Даузова Сара Манкизқызы. Бұл кісінің  ұйымдастыруымен орталықта дүнген халқының ұлттық тағамын дайындау шарасы өтті.

Іс-шараға Республикалық және облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова,  Жамбыл облыстық  ҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ Аналар кеңесінің мүшелері – облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Сабохат Құдайбергенова, облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті» Поляктар орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева, облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің белсенді өкілі Салима Манкизқызы,  «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сауле Құрманқұлова,  сондай-ақ,   «Жер Ана» корпоративтік қорының қоғамдық кеңесінің төрайымы, аталмыш орталықтың «Білгеніңмен бөліс» бизнес кабинетінің меңгерушісі Роза Мұсабаева, «Жер Ана» корпоративтік қорының қоғамдық кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Елена Нұсқабаева, облыстық қоғамдық іс-шаралардың белсендісі Наталья Гончарова, дүнген этносының өкілі, республикалық деңгейдегі блогер, танымал аспазшы Роза Азинаева,   М.Х.Дулати атындағы өңірлік Университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының Аналар кеңесінің ішіндегі оқытушылар құрамы және Тараз қалалық №17 жалпы білім беретін мектебінің «Қыз Жібек» клубының  жетекшілері Замира Қожағалиева мен Азиза Өскенбаева және сол клубтың тәрбиеленушілері – 6-сынып оқушылары, «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының тілшісі  қатысты.

Іс-шараның шымылдығын Сара Манкизқызы ашып берді.  Бұл кездесу мен Аналар кеңесі  ұлт талғамайды, керісінше, ол – облысымызда тұратын этнос өкілдері арасындағы, қазақ халқы мен өзге ұлттар ортасындағы  үлкен сыйластықты, бірлікті ұлағаттайтын бағдарлама.

«Анаға тағзым» орталығының бүгінгі жиынында қатысушылар дүнген этносының «Жусай қосылған манты» ұлттық тағамын бірге әзірледі.  Алдын-ала 1 сағаттын ішінде арнайы ашытылған тағам қамыры дайындалып, жусай мен сиыр еті ұсақталып туралып, оған қызыл бұрыш пен дүнген халқының  дәмдеуіштерін қосып, жасөспірім қыздардың қатысуымен бүгінгі шуақты  кездесудің себепкері – дүнген тағамы да осыдан төрт ай бұрын «Анаға тағзым» орталығында ашылған «Береке» студиясында  белсенді дайындалып кетті.

Бұл іс-шара аталмыш орталықта ана мен келін ортасындағы арақатынасты дұрыс сақтау, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын ілгерілету және Қазақстанда тұратын өзге этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын жаңғырту, басқа ұлттарға қазақ халқының  ұлттық  тағамдары мен дәстүрлерін   дәріптеу, оны өскелең ұрпаққа – жас қыздарға, болашақ отау иелеріне-келіндерге насихаттау, халықты бірлікке, ынтымаққа, жастарды достық қарым-қатынаста болуға баулу мақсатында әр аптаның сенбі күндері тиянақты өткізіліп тұрады. Демек,  ізгілікті жобалар жүзеге асуда.

Жусай қосылған дүнген мантысын дайындау рецептіне қайта келсек, тағамның  қамыры ашытылған, еті мен жусайы, майы  ұсақталып туралған болу керек. Оған қоса, әдеміленіп, ықшамды  түйілген мантылар  отта 25 минут қана тұруы қажет екенін шебер аспазшымыз Роза Азинаева жиналған жұрт пен тағам пісіруді үйренуге құштар талапты жас қыздарға айтып берді. Сонымен бірге, тағамға дәмді болу үшін өте ұсақталып туралған ішмай немесе құйрық майы аздап қосылу керектігін де атап өтті. Сондай-ақ, Сара Манкизқызының өзі де жастарға бұл мантыны дайындаудағы өзінің үй асханасындағы әйедік құпиясымен де бөлісе кетті. Манты  дайындалған соң оған қосылып бірге желінетін ерекше соус жөнінде пайдалы кеңес берді.

Сара Даузова дүнген халқының тек ұлттық тағамды қалай әзірлеуі ғана емес, жалпы ұлттық құндылықтары мен үлкен аналарының тарапынан келіндер мен қыздарға берілетін тәлім-тәрбиесі жөнінде де құнды мәліметтер берді.

Асханада қолмен ұстап, көзбен көріп жұмыс жасаған жас жеткіншектер бүгінгі аналары мен апаларына жасаған көмектеріне риза боп,  олардан алған пайдалы тәлімдерінен нәр алып, көңілді тарқасты.

Буы бұрқыраған піскен манты  орталықтағы «Ақ жаулық» ана мен келін өнеге мектебі» бөлмесіндегі жайылған дастарханға қойылып, қатысушылар дайындалған дәмді астан дәм татысты.

Екі бірдей бірлестік – Республикалық және облыстық дүнгендер қауымдастығының  Аналар кеңесін басқарып отырған Сара Манкизқызының ұйымдастыруымен өткен аналар арасындағы көңілге жылулық сыйлаған бүгінгі әсерлі кездесу өз деңгейінде ойдағыдай өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Бүгін, 2022 жылдың 21 мамырында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Немістер қауымдастығының  “Взгляд в истории” мұражайы халықаралық қызғалдақтар күніне арналған Қазақстан немістерінің тарихы жөнінде сабақ өткізді

Сабақтың тақырыбы кездейсоқ таңдалмады, өйткені Қазақстан және біздің аймақ барлық қызғалдақтардың отаны болып табылады. Іс-шара барысында қатысушыларға көктемде қазақстандық жерімізді кілемдей құлпыртып  безендіретін таңғажайып нәзік гүл – қызғалдақтар мен сарғалдақтар  туралы айтылды.  Қызғалдақ гүлін ашушы Эдуард Регельге ерекше көңіл бөлінді:

Алғаш ашылған қызғалдақтардың барлығын Санкт-Петербург университетінің ботанигі Регель Эдуард Людвигович тауып, сипаттаған, – деді Жамбыл облысы Немістер қауымдастығының жетекшісі Александр Гибнер. – Ол Орта Азияның барлық өсімдіктерін сипаттаумен айналысты, бірақ оның қызметінде қызғалдақтар ерекше орын алды. Ол ашқан және сипаттаған алғашқы қызғалдақ Грейг қызғалдағы болды. Ол оны досы, Санкт-Петербург университетінің әріптестері деп атады. Оның келесі ашылуы Әулиеата уезі аумағында экспедиция жұмысын қамтамасыз еткен Түркістан өлкесі губернаторының құрметіне аталған Кауфман қызғалдағы болды, -деп атап өтті этномәдени бірлестік басшысы.

Іс-шараның ең жарқын сәт – балалар жұмыстарының көрсетілімі болды. Жас қатысушылар өз қолдарымен түрлі материалдардан қызғалдақтар жасап, өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетті.

 

Жамбыл облысының ІСБ

“Қоғамдык келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысында алғаш рет “Текті келін” өңірлік байқауы өткізілді

Үстіміздегі жылдың 20 мамырында Тараз қаласының Достық үйінде алғаш рет  облыстық “Текті келін” байқауы өтті, оның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ, “Gulfairus_ studio” болды. Іс-шара ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, жақында ғана іске қосылған республикалық жоба “Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт” іс-шарасын ілгерілету, жалпыұлттық бірлікті, отбасы институтын одан әрі нығайту мақсатында өткізілді. Байқаудың ерекшелігі, оған әр түрлі этностардың келіндері қатысқандығы болды. Тараз қаласы, Шу, Талас, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарынан келген 10 жас келін “ошақтың ең үлгілі сақтаушысы” атану құқығын дәлелдеді. Қатысушылар үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы білімдерін ортаға салды.

Қатысушылар конкурстық бағдарламаның қызықты, алуан түрлі және күрделі тапсырмаларын орындады. Алдымен қатысушылар түрлі-түсті презентациялар ұсынды, олардың негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлері негізінде отбасы  құндылықтарын көрсету болды.

Байқау барысында жас үй шаруасындағы әйелдер сахнада дефиле көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салумен қоса, ұлттық тағамдар да дайындады, салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап берді және бесік жырын шырқады. Жеңіске  үміткерлердің өнерін қазылар алқасы бағалады, оның құрамында М. Х. Дулати атындағы Тараз облыстық университетінің Мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнертанушы, профессор – Айгүл Қабиева, ҚР танымал актрисасы Дариға Бадықова,   “Вынхуа” Дүнген республикалық этномәдени орталығы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова,  ҚР Білім беру ардагері,  Т.Рысқұлов ауданының құрметті ардагері, Жамбыл облысына еңбегі сіңген ардагер – Мырзабек Маңғұтов, белгілі блогер Жанат Қалтаевтың анасы, “Жомарт Жан” Президенттік орденінің иегері – Алтын Қаниқар болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі үштікке Жамбыл ауданының қатысушысы, дүнген этносының өкілі Роза Юнусова (3 орын), Тараз қаласынан қатысушы Айжан Жарылқасынова (2 орын), Шу ауданының өкілі Еркемай Мұқанова (1 орын) кірді. Бас жүлдені Тараз қаласының тұрғыны Аружан Әбілқасым жеңіп алды. Ең үздік келіндер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Үстіміздегі жылдың 17 мамырында Тараз қаласының Достық үйінде “Береке көзі – бірлікте”  дүнген қауымдастығының кездесуі өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігін құру болды, оның құрамына 9 өңірдің, атап айтқанда Нұр-сұлтан, Алматы қалалары және Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының өңірлік этномәдени бірлестіктері кірді. Дүнген аймақтық этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен басқа, конференция жұмысына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, Qazaqstan dauiri ЖШС Бас директоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов, құрметті ақсақал және белсенді Лоу И. Ю. қатысты., ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Ш. Х. Хахазов, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов қатысушылардың назарын болып жатқан елеулі оқиғаның маңыздылығына аударды. Құттықтау сөзінде Рүстем Дәулет: “Бүгін сіздердің біріккен іс-шараларыңыздың  мәні маңызды боп отыр. Өйткені, ол Негізгі заңымызға – біздің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум алдында өтуде”. Бұған қоса, Ілияс Буларов та өз сөзінде: “Мұндай республикалық бірлестіктің құрылуы этносаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтереді. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламаларын, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін жемісті жұмыс істейтінімізге күмәнім жоқ“, – деп атап өтті.

Қазіргі уақытта “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” РҚБ еліміздің 9 өңіріндегі дүнген этномәдени бірлестіктерін біріктіретін жалғыз заңды бірлестік болып табылады. Іс-шарада өңірлік бірлестіктерді, мәдени орталықтарды республикалық заңды тұлғалар бірлестігіне біріктіру туралы меморандум бекітілді. Сондай-ақ, қатысушылар жаңадан құрылған бірлестіктің жарғысын қабылдады. Сонымен бірге, аталмыш этномәдени бірлестіктің қайта сайлауына Бақылау кеңесінің мүшелері, “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің  Басқарма мүшелері, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Имамдар кеңесі, Жастар орталығы да қатысып, үміткерлер таңдалды. “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” РҚБ басқарма төрағасы болып Зайнуддин Махусеев бірауыздан сайланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 “Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Отанды және Туды қорғау

2022 жылдың 15 мамырында Тараз қаласындағы “Көркем гимнастика және үстел теннисі” спорт кешенінде Жеңіс күніне арналған “Ордабасы” және таэквондо ұлттық командалық ойындарынан Қазақстанның Ашық Кубогы болып өтті.

Шараны “Ордабасы” Қазақстан командалық ойын федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастырды.

14 мамырда салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламентінің депутаты Гүлдар Нұрымова, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова қатысты.

Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай, Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан және Алматы, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген 20-дан астам команда додаға түсті.

Спортшылардың шеберлік деңгейі тек ұрыста ғана емес, сонымен қатар «ката» көрсету кезінде де көрінеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. “Ордабасы” ұлттық ойынында Тараз қаласы жеңімпаз атанды, 2 орын – Қостанай облысы, 3 орын – Алматы.

Нысан номинациясында тағы да бірінші орынды Тараздың таэквондошылары жеңіп алды. Екінші орынды Ташкент алды. “Қоланы” Нұр-Сұлтан жеңіп алды.

Kick-sparring-те I орынды Қостанайдың файтерлері жеңіп алды. Жүлдегерлер Алматы (II орын) және Тараз (III орын).

Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды.

Жамбыл облысы ІСБ

“Қоғамдык келісім” КММ

Баспасөз орталығы

 

Бітімгершілік – бейбіт елдің миссиясы

Жамбыл облыстық ҚХА Медиация кабинеті Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, яғни Тараз қаласының “Көне Тараз” тарихи-мәдени кешеніндегі Достық үйінде орналасқан.  Облыс бойынша құрылған Медиация кабинеті бітімгерлік институтын дамыту бойынша өз миссиясын күні бүгінге дейін тыңғылықты жалғастырып келеді. Осы сала бойынша құрылған 40 алаңда Жамбыл облыстық ҚХА-ның 38 медиаторлары халыққа практикалық және бітімгершілік көмек көрсете отырып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын  жүргізуде. Мәселен,  соңғы есеп негізінде 2022 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін өңірлік ҚХА медиаторларына 215 азамат жүгініп, оның ішінде 163 жанжал мен 47 отбасылық даулы мәселелер өз оң шешімін тапты. Бұдан өзге, шешілген мәселелер – балаларынан бөлек тұратын ата-аналардың  тұрғылықты жерлері туралы даулары – 8, баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша-4, балаға алимент өндіріп алуға байланысты даулар бойынша – 20, жақын туыстар арасындағы мұра  даулары бойынша -15 іс-қимыл жасалды. Медиация кабинетінің бірінші тоқсанында және осы уақытқа дейін татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша жүргізген жұмыстарын  өткен жылмен салыстырғанда биыл бір тоқсанның өзінде-ақ біршама нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ,  ағымдағы кезеңде медиация кабинеттеріне отбасылық даулар бойынша 47 адам жүгінді, бұл – 2021 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 30,43% – ға артық нәтиже көрсеткіші. Және де, бұл азаматтардың өңірдегі медиация институтын кеңінен танудан хабардарлығын және медиация арқылы дауларды шешудің оң серпінін көрсетеді. Көрсеткіштерді арттыруда облыстың барлық аудандарында Билер кеңестері мен Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері құрылып жұмыс істеуде, сондай-ақ олардың қатарында дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ететін татуластырушы судьялар да бар. Бүгінде біз, осындай ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтыла беруіміз керек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылған ҚХА Аналар кеңесі де – отбасы ішіндегі жанжалдарды, дауларды реттеуде маңызды рөл атқарып жүрген ҚХА құрылымдарының бірегейі. Отбасылық және неке дауларына қатысты ажырасу үдерістерін азайту үшін Достық үйінің Медиация кабинетінде арнайы “Отбасы орталығы” ашылған болатын. Аналар кеңесінің өкілдері отбасы ішіндегі жанжалдар мен дауларды реттеу негізінде медиация бойынша бітімгершілік ілім алу үшін түрлі семинар-тренингтерге қатысып тұрады.  Олар отбасын сақтап қалу бойынша алдын-алу  жұмыстарын атқаруда. Үстіміздегі жылдың 1- тоқсанында оларға 3 отбасы жүгінді, онда олар келіссөздер кезінде 1 отбасын сақтап қалды және басқа да кездейсоқтық жағдайларда достық қарым-қатынасты сақтай отырып, Аналар кеңесі окушылардың мұғалімдерімен, ата-аналарымен қарым-қатынасы, туыстар арасындағы дау-дамай, бала ұрлау және тағы басқа келеңсіз жағдайларға байланысты, оған қоса, баланың үйден қашу мәселелері және этнос өкілдері арасында болатын балалар қақтығыстарының да алдын-алу проблемаларын қарастырады. Сонымен қатар,  тоқсан сайын аналар мен қыздарға қатысты рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі отбасының рөлі, отбасындағы қыздарды тәрбиелеудегі моральдық-этикалық қағидаттар, қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы құқықтық даулар мен жанжалдарды жан-жақты дамыту және сотқа дейінгі және соттан тыс реттеуді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен және этномәдени орталықтардың қоғамдық бірлестіктерімен татуластыру рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға  2017 жылдың 4 тамызында қол қойылған болатын. Осыған орай, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды оңалту үшін облыстың этномәдени бірлестіктері олардың  мінез-құлқын психологиялық түзетуді жақсарту үшін тәрбиелік сипаттағы шараларға қабылдап,  шығармашылық үйірмелерге қатыстырады. Медиация институтын насихаттау үшін медиация кабинеті 78 адамды қамтитын 3 үлкен іс-шара өткізді. Олар түрлі мәселелер бойынша ұйымдастырылған –  қоғамдық қабылдау бөлмесі, жастармен диалог алаңы, этномедиация курстары. Мысалға, осы жылдың ақпан айында Бітімгерлік кабинетінде “Отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы медиация қызметі” атты диалог алаңында  жастар мен аға буын арасында оңтайлы кездесу өтті. Этномәдени бірлестіктердің жастары отбасылық жанжалдардағы медиацияның рөлі және олардың пайда болу себептері жөнінде Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева және ҚХА Коғамдық келісім кеңесінің өкілі Абдырахман Зайнутдиновтың жасаған баяндамалары негізінде түркі халықтарының ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ежелгі отбасылық дәстүрлерімен танысты. Сонымен бірге, көп ұлтты некелер және ондағы діннің рөлі туралы қалалық “Мірхалық қажы” мешітінің имамынан дәріс алды. Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек орталығының психологтары  да орталық туралы слайд көрсетіп, жастармен тәжірибелік жаттығулар өткізді. Қатысушылар арасындағы қызу диалог жас отбасында туындайтын түйткілді мәселелерді талқылауға ықпал етті және олардан дұрыс қарым-қатынас орнату бойынша кеңестер берді. Бұған қоса, қоғамдағы жанжалды азайту мақсатында  осы жылдың наурыз айында Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті  Жамбыл облысының Әділет департаментімен және ҚХА медиаторларымен бірігіп, жергілікті азаматтар үшін азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, іс жүргізу, еңбек және отбасы құқығы саласында тегін заң консультациялары бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.  Жүгінген азаматтар заңгерлік кеңес алды, сондай-ақ алимент төлеу мәселесі бойынша да бітімгерлік келісімдер жасалды. ҚХА бітімгерлері қоғамда, ұжымдарда, түрлі этникалық топтарда жанжалды жағдайды азайту үшін бітімгершілікті сәтті пайдаланады десем қателеспеймін. Біздің өңіріміздің халқы үшін, көпэтносты ортадағы медиацияның ұсынатын бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Кез-келген тұрмыстық жанжал, оның ішінде полиэтносты отбасылардағы даулар мен қақтығыстар түрлі этникалық тонмен боялуы да және оған қызығушылық танытатын көптеген “делдалдар” да күшіне енуі мүмкін. Біздің бітімгерлердің басты міндеті – кез-келген тұрмыстық жанжалға біздің бейбіт елімізде негіз жоқ деп қарауы және этникалық компонентке араласпауы. Мемлекетіміздің астанасында өткен ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысында ел Президентінің этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Тараз қаласында пилоттық режимде “Этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу”тақырыбында 5 күндік оқыту курстары ұйымдастырылды. Білім алушылардың мақсатты тобы облыстағы этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, білім беру жүйесінің өкілдерінен, этномәдени бірлестіктердің басшыларынан, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ және Жамбыл аудандарының қоғамдық көшбасшылары мен медиаторларынан құрылды. Қатысушылар этникалық топтардың қатысуымен жанжалдарды реттеу саласында қажетті  білім алды. Алынған базалық білім ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталды  және әлеуметтік қақтығыстар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылмақ. Медиация кабинетінің медиация институтын насихаттау жөніндегі, оның ішінде еліміздегі отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы медиация қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде, мультимедиялық порталдарда кеңінен  жарияланды. Бітімгерлердің отбасылық Медиацияны дамыту жөніндегі белсенділігі олардың тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі ретінде отбасылық құндылықтарды сақтаудағы және көбейтудегі маңызды рөлін көрсетеді.  “Отан отбасынан басталады”, “отбасы”, “отан”, “бірлік”, “бейбіт өмір” – бұл бүгінгі күннің маңызды постулаттары мен басымдықтары. Мұның бәрі қолайлы әлеуметтік ахуал мен отбасының қоғамдағы оң имиджін қалыптастыратын отбасылық бітімгерліктің нақты қажеттілігін көрсетеді. Жас ұрпақтың жарқын болашағы тек бейбітшілік пен отаншылдықта.  Өзіміздің ұлттық, отбасылық құндылықтарымызды сақтай отырып, барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігін бекем ұстап, олардың барлығын Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегенде ғана  біз қоғамның дұрыс бағыттағы тиянақты отбасын жандандыра аламыз. Осыған қоса, сәуір айының соңында өткен ҚХА-ның 31-сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев этнобітімгерлік орталықтарын ашу және осы салада оқыту курстарын көбейтуді қолға алуды ұсынды. Осыған орай, бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Референдумда айтылған барлық оң өзгерістер, жаңа идеялар алға қойылып, оның ішінде осы аталмыш сала – бітімгерлік те бейбіт елімізде  жанданып, “халық үніне құлақ асатын” Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға  өз үлесін қосуы керек деп санаймын.

 Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

Тараз қаласының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінде мерекелік концерт өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513-әскери бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті.

Мерекелік іс-шарада Достық үйінің «Үкілім ай» би ансамблінің мың бұралған қыздары жиылған жұртты өз өнерлерімен тамсандырса, Неміс этномәдени бірлесітігінің «Поющие сердца» вокалдық ансамблі «Я приеду в Казахстан» т.б. тамаша әндерін ұсынып, көрерменнің көзайымына айналды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513-әскери бөлімінің қызметкерлері де тамаша көңіл-күйде тарқасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Көмек қолын созған жандар

1 мамыр – Қазақстан  Халқының Бірлігі күні қарсаңында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің меценаттары қайырымдылық акциясын өткізді.      Тараз қаласының 30 әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Жинаққа ұн, макарон, өсімдік майы, шай, кондитерлік өнімдер, жемістер кіреді. Азық-түлік себетін “Вайнах “Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы” ҚБ,  Жамбыл облысының “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігі, Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі, “Қарашай және балқар – Бірлік” республикалық қоғамдық бірлестігінің “Архыз” Жамбыл филиалы, облыстық және қалалық Өзбек этномәдени бірлестіктері, ҚХА меценаттары ұйымдастырды. Бұл игі істер осымен аяқталмайды, ҚХА атынан мұқтаж жандарға көмек одан әрі де жалғаспақ.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Page 1 of 3
1 2 3