Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Тараз-Ғасыр» колледжінде орналасқан Абай атындағы кітапхананың филиалында 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, «Мақсат – ортақ, бейбітшілік – ұранымыз» тақырыбында өткен кездесуге облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, ұжым қызметкерлері, студенттер қатысты

Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Тараз-Ғасыр» колледжінде орналасқан Абай атындағы кітапхананың филиалында 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, «Мақсат – ортақ, бейбітшілік – ұранымыз» тақырыбында өткен кездесуге облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, ұжым қызметкерлері, студенттер қатысты.

Шараның мақсаты –  еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» демекші, берекені көздеген ел  мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған еліміз үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Атап өтейік, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір қазақстандық Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігін толық сақтай алады. Және осыған орай, этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасып, Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

«Рамазан» – рақымшылық пен қайырымдылық айы

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық түскі ас беру Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктері жомарт та қайырымды жандарының игі дәстүріне айналды. Рамазан айы – рақымшылық айы, айлардың сұлтаны болғандықтан көптеген адамдар игі істер жасауға, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге тырысады. Көмек пен қолдауды қажет ететіндердің арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Осы орайда,      аталмыш  санаттағы жандарға Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының меценаттары шын жүректен қайырымдылық ауызашар-ифтар өткізді. Бұл маңызды шара ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының “Омад” кафесінде өтті. Онда келушілер мен қонақтарға арналып  бай және жомарт дастархан жайылды. Ұйымдастырушылардың бірі – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әлішер Әлімұратұлы Кәрімов 35 адамға арналған қайырымдылық іс-шараны өткізуге көмек көрсетті. Осымен Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы меценаттарының қайырымдылық көмегі аяқталған жоқ. Мәселен, “Наргиз” кафесінде 30 адамға қайырымдылық түскі ас берілді. Бұл шақырылғандардың арасында да  мүмкіндігі шектеулі жандар болды.  Қиын өмірлік жағдайда қалған жандарға көмектесу және қолдау білдіру – біздің өңірлік ҚХА меценаттарының қалыпты ісіне айналды. Сондықтан қасиетті Рамазан айындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға  қайырымдылық жасаушы ер-азаматтардың пейілі кең, қолы ашық болсын! Жасаған жақсылықтары  өздеріне еселеніп қайтарылары сөзсіз.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығының басшысы Бибігүл Шахзада

Спорт жас тандамайды

Денсаулықты нығайту оңай емес, бірақ кез-келген жаста өте маңызды. Осы себепті “алтын жастағы” адамдар деп аталатындар, олардың арасында этномәдени бірлестіктердің өкілдері көп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады, жыл сайын белсенді бола түсуде. Жақында Тараз қаласының Қайрат Рысқұлбеков демалыс саябағында қалалық спартакиада өтті, оған Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ардагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған іс-шараны Тараз қаласының әкімдігі, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Спорт және денсаулық мерекесі салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Іс-шараға қатысушыларды Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтап, қатысушыларға жаңа спорттық жетістіктер тіледі. Салтанатты рәсім  спорттық ойындарға ауысты. Қатысушылар тоғызқұмалақ пен асық ату,  үстел теннисі мен волейбол, бильярд, шахмат пен дойбы ойнап, дартс ойынында мергендік танытты. Барлығы 8 спорт түрінен жарысты.

Іс-шара соңында жеңімпаздар диплом, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде Жамбыл облысының спартакиадасына жолдама болды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім»КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

Таразда еврей этносының “Песах” діни мерекесі атап өтілді

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Тараз қаласында біздің дәуірімізге дейінгі 13-ғасырда орын алған еврей халқының тарихындағы айтулы оқиғаны – мысырлық құлдықтан шығу мен бостандыққа қол жеткізуді бейнелейтін иудейлік “Песах” діни мерекесі атап өтілді.

Іс-шара Тараз қаласының “Эльба” кафесінде өтті. Мерекеге қатысушылардың арасында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, “Жамбыл облыстық поляк “Полонез” Тіл және мәдениет орталығы ” ҚБ төрайымы Лариса Калькова, облыстық еврейлер қауымдастығының төрайымы Людмила Корнилина және қалалық еврей қауымдастығының өкілдері болды. “Шиват Цион” Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы “қоғамдық бірлестігінің еврей халқының тарихы мен дәстүрін зерттеу жөніндегі “Авраам” клубының жетекшісі Михаил Бунин қатысушыларға мерекенің тарихын, оның өсиеттері мен дәстүрлерін еске салды. Мереке мерекелік аспен аяқталды. Мерекелік үстелді «киара» тағамы безендірді.  Онда мерекенің атрибуттары – боялған жұмыртқа, тауық еті, ащы шөптер болды. Дастарханнан салат немесе ақжелкен жапырақтары қосылған тағамдар да, матца шелпектері де  орын алды.  Әр тағамның өзіндік сыры бар. Матца наны жиналғандарға Израиль елінің Иерусалим қаласынан арнайы алынып таратылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21сәуірінде Тараз қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және төрағалары, төрайымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиынға облыстық қазақ, грек, ұйғыр, күрді, қытай, қарашай-балқар, тәжік, орыс, поляк, қалалық және облыстық өзбек этномәдени бірлестіктерінің басшылары, “Ассамблея жастары”  ҚХА жастар қозғалысының жастары және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедованың өңірлік ҚХА мүшелерін таныстыруынан басталды. Сонымен бірге, ассамблея мүшелерін насихаттау және сайлауалды жұмыстарының басталғаны жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында Закиржан Пірмұхамедұлы өзін қысқаша таныстырып өткеннен кейін Әулиеата өңіріне келген сапарының себебін түсіндіре келе, қатысушыларға өзінің сайлауалды идеяларымен бөлісті. Оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымында іске асыруды жоспарлап отырған бірқатар шаралар кіреді. Сондай-ақ, ол бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылған іс-шаралар туралы айтып, өзіне жүктелген жауапкершілікті өз мойнына зор жауапкершілікпен алуға дайын екендігін атап өтті: «Қазір әлемнің біраз жерлерінде қақтығыстар орын алып, кейбір елдерде бейбітшілікке қауіп-қатер төнуде. Бірақ Қазақстанда мұндай жағдайлар көрініс бермейді деп толық сенемін. Өткен күндерімізге көз жүгіртсек, кешегі Мақтаралдағы табиғат апаттары, Арыс пен Байзақтағы қару-жарақ қоймасының жарылысы, жалпы Қазақстандағы қаңтар оқиғасы адамзатқа қауіп тудырған келеңсіздіктер Қазақ елінің қабырғасын қайыстырмай қоймады. Қазір Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан жаңаша даму жолында. Осыған орай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың төрт бағыты бойынша қоғамды демократияландыру жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Қазір парламенттік және президенттік дұрыс басқару жүйесіне көшудің соңғы кезеңдері жүзеге асырылуда. Біздің ұранымыз– қуатты Президент, беделді Парламент және тиянақты жұмыс істейтін Үкімет. Мен заң шығарушы органның мүшелігіне үміткерлердің бірі ретінде осы бағытта жұмыс істеуге дайынмын», – деп өз сөзін түйіндеді Закиржан Кузиев.

Осыған қоса, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері – Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Гректер орталығының басшысы Георгий Буюкиди, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Радонеж» Орыстар қауымдастығының басшысы Владимир Сорокин, “Ассамблея жастары” ҚХА жастар қозғалысының жетекшісі Хамида Турдыева және этносаралық саладағы зерттеу жұмыстарымен танымал Парида Иманжанқызы да отырыста өз ойлары мене ұсыныстарын ортаға салды. Олар ассамблея статусының сақталуы, төмендемеуі немесе жоғарылауы, саяси реформалар, сайлау сауалдары, ұлттық мектептерді ашу, мемлекеттік және ұлттық тілдері игеру бойынша тіл мәселесі,көші-қон мәселелері, сондай-ақ, ақпараттық әлемдегі этносаралық араздыққа әкелетін, адам құқығына қайшы келетін заңсыздық әрекеттер, орын алып жататын жағымсыз пікірлер жөнінде де айта кетті.

Жиын соңында Тараз қалалық Достық үйіне саяхат жасалып, З.Кузиев осы ғимаратта орналасқан Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайымен танысты.

Дауыс беру жуық арада Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясында өтпек. Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚХА мүшелерінің атынан Закиржан Пірмұхамедұлына сәт сапар мен сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының басшысы

Бибигуль Шахзада

 

Өмірімнің мәні – биім

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Тараз қаласында  А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында облыстық «Живу танцуя» тақырыбында эстрадалық хореографиялық би  байқауы өтті.

Байқаудың міндеттері мен мақсаттары – өңірдегі талантты орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, дәріптеу, әр өнерлі жастың жұртқа өзін-өзі танытуы, жастар мен балалар арасындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнатуды нығайту,  олардың өнер жолындағы білім көкжиектері мен интеллектуалдық деңгейлерін көтеру,  орындаушылық мәдениеттерін жақсарту, өскелең ұрпақтың көркемдік талғамын арттыру.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық «Creative fest» жастар қозғалысы.

Аталмыш би сайысының І-дәрежелі лауреаттары  болып,  І-орынға  Жамбыл облыстық Гректер этномәдени бірлестігінің «Инфинити» (infiniti_dance_taraz) шығармашылық би ансамблі ие болды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Игі істер айы

Қасиетті Рамазан айында  қайырымдылық, жомарттық сияқты игі қасиеттер мен іс-қимылдардың алдыдан орын алатын кезеңі. Бұл игілікті айда көмекке мұқтаж адамдарға қолдау, қайырымдылық жасау аса  маңызды рөл атқарады. Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА қызметінің ажырамас бөлігі. Қандай мейрам, мереке, іс-шара  болмасын облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері әрқашан қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып отырады.

Жуырда “Ахыска” түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының меценаттары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық қызметімен Жамбыл облысының 5 ауданы мен Тараз қаласы қамтылды. Атап атсақ, Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандарында және облыс орталығында тұратын мұқтаж жандарға жалпы сомасы 2 млн.теңгеге 140  азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық көмек аяқталған жоқ. Өңірлік ассамблеяның мұндай игі істер болашақта да жалғасын табады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының

басшысы Бибігүл Шахзада

Этносаяси мәселелер – басты назарда

2022 жылғы 8 сәуірде Тараз қаласының Достық үйінде . “Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру” тақырыбында облыстық үш күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараға этносаралық этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Жамбыл облысының аудан әкімдері және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастырушылар – ҚР БП, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, ҚР АҚДМ ЭҚДК, ҚЭЗИ және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Семинар-тренингті өткізудегі мақсат – көпэтносты өңірлердің өзекті проблемаларын және этностық топтар жинақы тұратын жерлердегі мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын талқылау. Сондай-ақ, көпэтносты ортаға толерантты мінез-құлықты дарыту үшін жастар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу. Басты міндеті -этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру болды. Үш күндік семинар-тренинг бағдарламасы маңызды дәрістермен, ашық талқылаулармен мәнді болды.

Іс-шараны өткізу кезеңінде қатысушылар, атап айтқанда, аудан және ауылдық округ әкімдері, білім беру жүйесі мен күштік құрылымдардың өкілдері  этносаясаттың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.  Олар жастар ортасындағы,  еңбек ұжымдарындағы өзара іс-қимылдар туралы сауалдар  қойып,  кәсіби, тәжірибелі  мамандардан толыққанды жауаптар алды.         Сондай-ақ, жанжалды жағдайларды реттеу тәсілдері туралы да толық ілімге ие болды.

Үш күнгі семинар бойына қатысушылар алдында этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары және мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара ынтымақтастығы туралы негізгі баяндаманы ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин жасап отырды. Бұдан бөлек, Ғалым Нұрмағамбетұлы Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және ҚХА мүшелерімен кездесу ұйымдастырып, олармен жүздесіп сұхбаттасты.

Іс-шара соңы қатысушыларға сертификаттар табыстаумен және естелікке фотосессия жасаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

Жанды жадыратар жақсылық жаса

Қайырымдылық – Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері арасында өмірлік мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым дайын меценаттар аз емес. Қазір қасиетті Рамазан айы – адамдар игі істер жасауға ұмтылатын уақыт. Арғы жағында Пасха мерекесінің де ауылы алыс емес. Діні мен ділі мықты жандар үшін қайырымдылықпен жақысылық жасау бірінші орында.

Діни мерекелерге байланысты  ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов пен Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Айша Идыбо мен дүнген кәсіпкерлері 250 адамға арналған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырып, 50 адамға азық-түлік салынған себеттер таратты. Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы 38 отбасына да көмек көрсетілді. Жамбыл облысы Қордай ауданында 300 адам, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар: аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, ардагерлер кеңесі қайырымдылық акциясымен қамтылды.

Сондай-ақ, “Ахыска “түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалынан Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының 100 аз қамтылған отбасы азық-түлік себеттерін алды.

Бұған қоса, Жамбыл облысының “Немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері  аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік таратып, дәрі-дәрмек берді.

Сонымен бірге, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі де белсенді түрде қайырымдылық көмек көрсетуде. Оның төрайымы Мухаббат Миражапова мен мүшелері қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 40 тәрбиеленушісіне азық-түлік тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

Маңызды мемлекеттік құжатты түсіндіру сәттерінен

Біздің өңірде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және этникалық келісімді нығайту бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Бұл іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы белсенді қатысуда.

Осыған орай, бүгін  2022 жылдың 5 сәуірінде  қалалық № 31 орта мектепте Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедованың қатысуымен мектептің педагогтік құрамымен кездесу өтті.

Мектеп қызметкерлеріне Президентіміз Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мәселелер түсіндірілді. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларында, әдетте, басым мақсаттар мен міндеттер қойылады. Бұл жолы саяси реформаларға баса назар аударылды. Кездесу барысында мектеп тағылымын беруші қала педагогтеріне құқықтық тәрбие және көп этностық ортада түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқығы, саяси сауаттылық, ұжымдағы және оқушылар арасындағы өзара мызғымас бірлік пен ынтымаққа шақыратын қарым-қатынас мәселелері қозғалды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Page 1 of 2
1 2