Ағайынды Зайнутдиновтар – игі істің жаршылары

Үстіміздегі жылдың қаңтарында Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының ардагерлері ағайынды Зайнутдиновтар Тараз қаласы полиция департаменті мен полиция басқармасының қираған ғимараттарын қалпына келтіріп жатқан полиция қызметкерлері мен жұмысшыларға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды. Үлкен ағасы Абдурахман Тараз қаласының өзбек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ал кіші Абдурахим – Мырхалық қажы атындағы мешіттің имамы. Бүгін мұсылман діндарларының және қалалық Өзбек орталығы мүшелерінің қолдауымен аталған полиция нысандарында жұмыс істейтін 200-ден астам адамға пештен жаңа шыққан ыстық таба нан мен хош иісті өзбек палауы түскі ас ретінде берілді. ІІО ардагерлері қаза тапқан полицейлер мен ҚР Ұлттық гвардиясы жауынгерлерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтты, ал жараланғандар мен жарақат алғандардың тезірек сауығып, қатарға оралуын тіледі. Абдурахман ІІО қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қылмысқа қарсы күресте әрдайым алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Кеңестік кезең болсын, Тәуелсіз Қазақстан жылдары болсын, олар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, өздерінің қызметтік борыштарын абыроймен атқарып келеді. “Қаңтар трагедиясы” күндері полицейлер лаңкестік көріністермен күресте батылдық пен табандылық танытты. Ағайынды Зайнутдиновтар қоғам мен азаматтарды осы қиын уақытта полиция қызметкерлерін қолдауға шақырды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Тараз – Ұлы Жібек жолының бойында, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған көне қала.

Оның терең тарихы – Әулиеата жұртының, Қазақ елінің мақтанышы. Тараз егеменді елімізбен бірге дамып келеді. Жыл өткен сайын жаңа шағын аудандар, көрікті ғимараттар салынып, заманауи инфрақұрылым жүргізілуде. Жақын күндері «Гимнастика және үстел теннисі», «Анаға тағзым», «Облыстық онкологиялық» орталықтары халық игілігіне берілмек. «Үшбұлақ», «Қарасу» каналдарында тағы бір жағалау пайда болады. Естуімізше келесі жылы Мұз сарайының, Жеңіл атлетика манежінің, Бокс орталығының, 14-шағын ауданда 250 төсек орынды көпсалалы аурухананың құрылысы басталады екен. Көп жылдан бері қараусыз қалған «Зербұлақ» көлі аумағында үлкен демалыс орны ашылады деген жақсы жаңалық айтылып жүр. Мұның бәрі тараздықтардың жайлы тұрмысы үшін, келер ұрпағымыздың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар, Тараз әкімдігінің де ерен еңбектері! Қала басшысы Ержан Жылқыбаевқа да айтар алғысымыз шексіз. Ержан азамат – нағыз игілікті істің адамы. Ендеше сүйікті қаламызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – әрқайсымыздың перзенттік парызымыз. Жылдың басында елімізді дүр сілкіндірген қаhарлы «қаңтар оқиғасы» баршамызды есеңгіретіп тастағаны рас. Қандай қиыншылық болса да, ел басына қандай қараң күн туса да қазақстандықтар бірлігін жоғалтпауы керек! Жастар бұдан соң бұзақылықтан аулақ боп, қандай да бір аяқастынан пайда болатын арандатушылардың жетегіне ермей, еліміздің, қаламыздың, тұрып жатқан елді-мекендерімізге сыйластықпен қарайық. Қазақстан үшін ауыр жағдайда қаламызда қираған ғимараттарымыз қалпына келтіріліп, Тараздың бүгінгі келбетіне әрбір тұрғын өз үлесімізді қосалық!

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы

Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі,

 өңірлік ассамблея Аналар кеңесінің өкілі

 Мухаббат Абдырахманқызы Тұрдыева

 

 

Ризашылықпен айтылған рахмет

2022 жылдың 22 қаңтарында Тараз қаласында әкімшілік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 700-ден астам адамға қайырымдылық түскі ас берілді. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіріп жатқан 300 жұмысшыға түскі ас берді. Бұл жолы түскі асқа оларға салат, ыстық қуырдақ, сусындар берілді. “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Мираддинұлы Давришевтің айтуынша, қайғылы оқиғадан кейінгі түрік ағайындардың бұл алғашқы қайырымдылық акциясы емес, осы этномәдени бірлестіктің өкілдері тәртіпті қорғап, блок-бекеттерде кезекшілік жүргізгендерге де тегін, ыстық түскі ас берген.

Тәртіпсіздік орын алған күндері Жамбыл облыстық Полиция Департаментінің, қалалық басқарманың және № 1 полиция бөлімінің ғимараттары зардап шеккен болатын. Осыған орай, бүгін Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығының өкілдері де қайырымдылық істен қалыс қалмады. Қала имамы Орынбасар Дәуренбеков пен “Досматов Престиж”, “Тим Досматов” ЖК демеушілерінің қолдауымен жоғарыда аталған ғимараттар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 400-ден астам жұмысшыларға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды. Түскі ас мәзіріне ыстық палау, сусындар кірді. Шын ықыласпен берілген асқа құрылысшы жамағат та ризашылықпен зор алғыстарын білдірді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ІСБ Қоғамдық келісім “КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

Мероприятие Мерке

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ұлтаралық келісімді және ұлттар достығын нығайту мақсатында өзгеұлт өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Меркі және Ойтал ауылдық округтерінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ауыл ақсақалдары, ауыл имамы және құқық қорғау органдарымен бірлесе ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында ой-пікірлер алмасып, достығымыздың берік екендігін көрсете білді. Елімізде соңғы болған жағдайға байланысты Президентіміздің Қазақстан халқына үндеуіне және берілген тапсырмаларына қолдау көрсету бойынша салихалы кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, ауданымыздағы қалыптасқан ұлттар достығы, жастар арасындағы Отанға деген патриоттық іс-шаралар, дін және конфессиялар арасындағы түсіністікбағыттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныстар айтылды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жастармен кездесу

2022 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облысының ҚХА жастарымен кездесу өтті. Іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті. Қатысушылар арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі Ғұлам Умаров, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері бар. Ғұлам Умаров болып жатқан оқиғалар және жаңа Қазақстанның даму жолдары туралы айтты. Ол кез келген ақпаратты қабылдап қана қоймай, талдау, дұрыс қорытынды жасау, болжау, қауіп-қатерлерге қарсы тұру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, Латиф Айдаров та жастардың дамуына, оның жұмыспен қамтылуына баса назар аударды. Жастарды өздерінің бизнес-идеяларын ұсынуға, жобаларын іске асыруға шақырды. Ол жақында Жастар бастамаларын қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің ашылғанын хабарлады. Осыған қоса, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова идеологиялық құрамдас бөлікке, тәрбие сәттеріне назар аударды. “Ассамблея жастары” республикалық жастар бірлестігінің төрайымы Хамида Тұрдыева кәсіби бағдар, мемлекеттік тіл, экология, тарихи-мәдени, әскери-патриоттық тәрбие беру негізіндегі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Талқылау барысында қатысушылар ұсынылған жобалық бағыттар бойынша өз қызықты және тартымды пікірлерін білдірді. Ерекше ұсыныстар ішінде туризмді дамыту,  сондай-ақ, қатысушылар Қазақстанда, Жамбыл облысында барлығы біле бермейтін әдемі жерлер аз емес екенін және оларды сыртқы және ішкі туристер үшін ашу қажет екенін атап өте келе, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, “Радонеж” орыс қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі Анастасия Попова еріктілік, туризм саласында жүзеге асыратын жобалары туралы айтты. Жобаларға тіпті оқушылар да тартылғаны сөз болды.

Іс-шара барысында қатысушылар ассамблея мүшелеріне сұрақтар қойып, алдыңғы толқын – ағалардан сауалдарына жауаптар, қажетті кеңестер алды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Доноры ҚХА

2022 жылғы 12 қаңтарында Жамбыл облысы Тараз қаласының қан орталығында “Өмір сыйла” қайырымдылық акциясы өтті.
Оған Жамбыл облысы ҚХА “Ассамблея жастары” республикалық жастар бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері қатысты.
– Барлығына қан қажет, – дейді “Ассамблея жастары” республикалық жастар бірлестігінің өкілі Мұса Арабов.
– Егер Денсаулық мүмкіндік берсе, Сіз донор бола аласыз. Адамдар бір-біріне көмектесуі керек. Қаныңызбен бөлісе отырып, сіз біреуге өмір сүруге мүмкіндік бересіз, – деді Ол.
– Құрметті әріптестер, бүкіл ел үшін осындай қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымды білдіремін. ҚХА әр түрлі төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша әрдайым алдыңғы қатарды бастап тұр, – дейді ҚХА мүшесі, қан орталығының директоры Гулам Умаров.
Айта кету керек, қан орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңғы күндері қан орталығына 700-ге жуық адам келген . Қанның жарамдылық мерзімі бар және пациенттерге күн сайын қажет, сондықтан екі айда бір рет уақыт тауып, қан орталығына баруды ұмытпаңыз, мүмкін олар сіздің қан тобыңызға өте қажет.
Жыл сайын сіз тапсырған қан мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Қазіргі уақытта донорлық қан қоры жеткілікті, бірақ донорлар әрқашан қажет.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз орталығы
«Күш бірлікте» – деп ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі елді қорғап тұрған 3 әскери блок бекеттерге ыстық шәй мен тамақ және сусындар таратты. Сондай-ақ, әскерлерге 2,5 тонна картоп пен 2,5 тонна пияз жеткізді. Ал Меркі ауданына қарасты аталмыш этномәдени бірлестік 3 блок бекеттегі сарбаздарға ыстық шәй мен тамақтар таратып берді. Айта кетейік, этномәдени бірлестіктерінің жасап жатқан қайырымдылықтарының соңы емес.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

“Аяғы жаман төрді былғайды, ауызы жаман елді былғайды”. Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді деп бабаларымыз айтпақшы, еліміздің ішін даудан, сыртын жаудан сақтасын!! Біз, Жамбыл облысының “Әулие Ата” атындағы Қазақ мәдени орталығы ел іргесі бүтін, тыныштығы берік болуы үшін барша қазақстандықтарды бір шаңырақтың астында ешқандай ұлтқа, нәсілге, дінге бөлінбестен байырғыдан келе жатқан бірлігіміз бен бейбіт өмірімізді қызғыштай сақтауға шақырамыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

“Әулие Ата” атындағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы орынбасары Айгүл Кабиева

Қымбатты отандастар! Біз еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық қабылдаған шаралары мен шешімдерін толық қолдаймыз! Бейбітшілік пен тұрақтылық әркездері жамбылдықтардың жалауы болған. Еліміздегі жағдай тұрақтанып, қалыпты өмірге келуімізді тілейміз! Біздің Отанымыз – Қазақстан!

 

“Архыз” Қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы Узденова Леля Ахмадқызы