2022 жылдың 17 маусымында Тараз қаласының Достық үйінде өзара байланысты екі іс-шара – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаевтың этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуі және Жамбыл облысы ҚХА Кеңесінің отырысы өтті
Іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, “Ассамблея жастары” РҚБ басшысы Хамида Тұрдыева, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері және т.б. қатысты.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XXXI сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен көңіл бөлгенін және этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау жөніндегі іс-әрекеттер өте өзекті тақырыптардың бірі болып қала беретіндігін атап өтті. Сонымен бірге, аталған іс-шара барысында ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдеріне блогерлермен жұмысты күшейтіп, БАҚ тілшілерімен тығыз байланыста болу, этносаясат аясында атқарылып жатқан игі істерді жиі жариялау, әлеуметтік желілердегі пікірталастарға белсенді қатысу, Ассамблеяның көзқарасын қорғауға Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен құндылықтарды насихаттау мақсатында әлеуметтік медиада көбірек жұмыс істеу, блогерлермен жұмысты күшейту сияқты бірнеше пайдалы кеңес-ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара барысында алға қойылған облыстың этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеуден өткізу мәліметтері және Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасарын қайта сайлауды талқылау, басқа да түрлі өзекті мәселелер өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері мен ҚХА мүшелерінің қатысуымен талқыланды.
Күн тәртібінде үш мәселе талқыға түсті: 1. – облыстың этномәдени бірлестіктеріне қоғамдық аккредиттеу жүргізу туралы мәлімет беру; 2. -Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары лауазымына кандидатуралар ұсыну; 3. -түрлі мәселелер. Бірінші сұрақ бойынша қоғамдық аккредиттеу туралы ақпарат берілді. Маңызды мәселе – облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарын сайлау бойынша ҚХА кеңесінің мүшелері – “Радонеж” орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, Жамбыл облысы Байзақ ауданы “Ахыска” Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Жалил Аббосов, Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдрахман Зайнутдинов кандидатуралары қарауға ұсынылды. Үшінші мәселе бойынша “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова сөз сөйлеп, Жамбыл облысы ҚХА-ның кезекті XXV сессиясын және этностар күндерін өткізу сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.
ҚХА Кеңесі – жанды дискуссия түрінде мәселелер ашық талқыланған іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы