Таразда ҚХА қоғамдық құрылымдары бірлескен отырысы өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған ҚХА қоғамдық құрылымдары бірлескен отырысы өтті.

          Қатысушылар – этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ

басшылары мен қызметкерлері.

Мақсат –  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған өңірдің оң нәтижелерімен бөлісу және алдағы уақытта этносаралық шиеленіс пен жанжалдардың алдын алатын кешенді жүйе қалыптастыру.

Алғы сөздің тізгіні облыс әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы  Кәрібекте болды: Мемлекет дамуы мен өсіп-өркендеуінің  темірқазығына айналған – этносаралық татулық пен өзара келісімді нығайту және оны бағалай білу әрқашан да аса маңызды. Өйткені, мемлекет байлығына айналған ынтымақ пен бірлікті сақтау – үздіксіз іске асырылатын аса жауапты сала және барша көпұлтты халқымыздың ортақ парызы,-дей келе, өңірдегі этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтауда өңірде атқарылған жұмыстарды қорытындылау екенін жиналған жұртқа жүйелей түсіндіре келе, атаулы мерекемен құттықтады.

Бұдан соң, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелді Тәжібаев  «Бейбітшілік пен келісім»  жобасы аясында Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің этностар тығыз орналасқан аудандарда белсенді жұмыс істегендігін атап өтті. Арықарай, сөз кезегі «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева Валентинаға берілді. Валентина Николаевна облыстық ассамблеяның кәсіби және тәжірибелі медиаторлармен сындарлы өзара іс-қимыл орнату бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқандығынан жұртшылықты хабардар етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2021 жылғы 21 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру аясында, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігін құру мақсатында «Ассамблея жастары» жастар ұйымы қызметінің алты негізгі бағыты айқындалған болатын. Осы негізде облыстық ҚХА “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының мүшесі, дүнген этносының өкілі Амина Курбанова ассамблея жастарының  атқарып жүрген іс-қимылдары жөнінде баяндап шықты. Сонымен бірге, аймақтық ассамблея Журналистер клубының төрағасы және “Казахстанская правда” республикалық газетінің меншікті тілшісі Михаил Те Журналистер клубының жұмысы туралы айтып берді.

Баспасөз қызметі орталығының қызметкерлері мен журналистер клубының өкілдері Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жұмысы баспа БАҚ, сайттар, әлеуметтік желілер, теледидар беттерінде кеңінен жария етілді . Жедел ақпараттың арқасында Жамбыл облысы ҚХА баспасөз орталығы барлық өңірлер арасында жетекші орынға ие, – деп атап өтті өз сөзінде Михаил Те.

Одан әрі марапаттау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібектен бастап, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сержан Қуанышов, Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедовалардың жетекшілігімен іс-шараға қатысушыларды  марапаттау рәсімі өтті.

Облыстың қоғамдық, мәдени іс-шараларына үлес қосып, өңірлік ассамблея жолында аянбай еңбек еткен этномәдени бірлестіктердің өкілдері “Бірлік” және “Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл” медальдарымен, “Жомартжан” төсбелгісімен, сондай-ақ, алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім»  КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Облыстық “АХЫСКА” түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Давришев марапатталды

Бауырластық рухында тәрбиеленген барлық этностар дерлік Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылды. Бүгінде қазақтар, татарлар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, қырғыздар, армяндар, шешендер және басқа ұлт өкілдері тату отбасының бір бөлігіне айналды. Сонымен бірге, олар ата-бабалары үйреткен дәстүрлерін дамыта отырып, арықарай балаларына беруді жалғастыруда. Біздің елімізде Тұңғыш Президент құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бейбітшілік пен келісімде 140 этнос өмір сүруде. Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар біртұтас халық ретінде өмір сүруде. Олардың ұлтаралық араздығы жоқ, және бұл шынайы құндылық.
Дүниежүзілік DATÜB (Dünya Ahıska Türkleri Birliği) «Ахыска» Түріктер қауымдастығының төрағасы Касанов Зиятдин Исмиханұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай, Жамбыл облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени бірлестігінің төрағасы Давришев Махмуджон Мираддинұлын «Ахыска» қауымдастығын көркейту жолында жасаған ерен еңбегі және еліне қосқан үлесі үшін «Dünya Ahıska Türkleri Birliği» атынан төсбелгімен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

2021 жылғы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында Республикалық Журналистер клубында назарға алынған және облыстық журналистер қоғамдастығының алдында тұрған өзекті мәселелер мен жаңа міндеттер талқыланды.

Іс-шараға “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Баспасөз қызметі қызметкерлері мен республикалық, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері, клуб өкілдері қатысты.

Парида Мамедова өз кезегінде: – Бүгін біз барлығыңызды Журналистер клубының жұмыс жоспарларын,өзекті мәселелерін, ұсыныстарын бірге талқылау, сондай-ақ жақсы жаңалықтармен бөлісу үшін жинадық. Бірінші кезекте республикалық “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі Михаил Тены республикалық “Шаңырақ” байқауындағы жеңісімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Михаил Те 3- орынды иеленіп, жоғары дәрежелі  дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметінің жетекшісі Бибігүл Утепованы Республикалық Журналистер клубының отырысына белсенді қатысқаны және өңірлік ассамблеяның ақпаратын республикалық және облыстық БАҚ – та белсенді жариялағаны үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хатымен құттықтаймын, – деп құттықтау сөзін айтып, алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Парида Иманжанқызы 2019-2021 жылдар аралығында ҚХА Журналистер клубының жұмысын тыңғылықты, нәтижелі жүргізгені үшін республикалық “Айқын” газетінің меншікті тілшісі, облыстық “Арай” газеті мен қалалық “Жамбыл-Тараз” газетінің бас тілшісі – Саятхан Сатылғановты арнайы құттықтап, алғыс хат табыс етіп,  естелікке жақында жарыққа шыққан  ҚХА кітабын табыстады. Сонымен бірге,  өңірлік ассамблея ақпараттарын БАҚ беттерінде тиянақты жариялаған облыстық журналистер – республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі – Хамит Есаманды, облыстық “Арай” газетінің тілшілері – Қамар Қарасаева мен Айжан Өзбекованы, облыстық “Знамя труда” газетінің тілшілері – Индира Боташева мен Лариса Губашеваны, апталық облыстық “Магнолия» газетінің тілшісі – Михаил Бунинді,  облыстық «Знамя труда» газетінің фотографы – Юрий Кимді «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хатымен марапаттады.

Айта кету керек, облыстық Журналистер клубының өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің жұмыстарын БАҚ беттерінде, теледидарда үзбей жариялағандығы мен Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі қызметкерлерінің жедел ақпарат беріп отыруының арқасында Жамбыл облысының ҚХА Баспасөз орталығы басқа өңірлер арасында жетекші орынға ие болғандығы – біріге жасалған игілікті істің нәтижесін көрсетеді.

Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының жаңа төрағасын сайлау өткізіліп,  төрағасы болып клуб мүшелерінің дауыс беруімен бірауыздан журналистер клубының республикалық “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі Михаил Те сайланды.

Отырыс соңында клуб өкілі, ардагер журналист Михаил Бунин Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының жұмысы туралы өзінің арнайы әзірлеген жаңа Ережесімен таныстыра келе, БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша семинар-тренингтер, шеберлік кластар өткізу жөнінде басшылыққа ұсынысын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін, үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанында  Мемлекет басшысының тапсырмасымен облысқа келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысуымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жамбылдықтарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздікті нығайтудағы Елбасының рөліне зейінмен тоқталды. Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасампаз саясатты жемісті жалғастыруы, салиқалы сабақтастық еліміздің одан ары табысты дамуының негізі болып отырғанын жеткізді. Туған халқының сенімін арқалаған Елбасы мен Қазақстанның егіз ұғымға айналғанын айта кетіп, Нұрсұлтан Әбішұлының болашақты  болжап, келешекті көре білген көреген саясатының арқасында Тәуелсіздікпен бірге қоғамның тұтастай жаңаша ойлау жүйесі қалыптасқандығын жиналған жұртшылыққа ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы барша қазақ елінің  арманмен келген Тәуелсіздігінің құндылығын бүгінгі әрбір өскелең ұрпақ жете түсініп, бағалауы керектігін баса айтты.

Шара барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір халқын, оның ішінде аймақтық ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, облысымыздың жетістіктерін атап өтті. Егемендік алғалы еліміздің өркендеуі жолында жамбылдықтар да аянбай атсалысып келе жатқанын жеткізіп, өңірдің экономикалық, әлеуметтік жетістіктеріне тоқталды.

Мемлекеттік хатшы да өз кезегінде салтанатты іс-шара соңында Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды әртүрлі салада ел мерейін асырып жүрген жамбылдықтарға тапсырды. Атап айқанда, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА мүшелері – Ғұлам Умаров, Махметғали Сарыбеков, Мұқаш Зұлқарнаев, Владимир Сорокин, Рамзан Магомадовтар және басқа да өңірдің бір топ азаматы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, «Жамбыл  облысының Құрметті азаматы» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» атақ-белгілерімен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында бірқатар азаматтарға «ІІI дәрежелі Барыс», «Парасат», «Құрмет», «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдері және ҚР Құрмет грамотасы сынды мемлекеттік  белгілері табыс етілді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен кездесу өтті

2021 жылғы 11 желтоқсанда “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік тәрбие орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздікке тәубе” акциясы өтті. Аталмыш іс-шара Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті.

Сонымен бірге, іс-шараға Тараз қаласы және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Олар қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, неміс, әзірбайжан, күрд және басқа да этностардың ұлттық тағамдарын ұсынды.

“Анаға тағзым” орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали қатысушыларды қоғамдағы әйелдердің мәртебесін арттыруға бағытталған Ұйымның қызметімен таныстырды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі – ана мен баланы қолдау екенін атап өтті: – Ел болашағы бесіктен басталады. Ана мен бала денсаулығын қорғау – Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының негізгі басым бағыты. Көп балалы аналарды одан әрі жан-жақты қолдау қажет.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары

ҚХА-ның биылғы жылғы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, балаларға ассамблея, бейбітшілік, достық, толеранттылық деген түсініктердің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, Қазақстан этностары туралы деңгейлеріне шақ дәріс беру маңызды екеніне назар аударды.  Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚХА, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші болып балабақшадан бастап балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Ассамблея бөбектері» пилоттық жобасын қолға алды.

Жобаны іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ассамблея бөбектері – тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы болды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел Тәуелсіздігінің маңыздылығын түсіндіру, халық бірлігін нығайту, ынтымақты сақтау және балалар арасында этносаралық келісімді дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу.

Шараны ойдағыдай өткізуге ең басты қолдау көрсеткен қатысушылары -Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің “№12 бөбекжай-балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері мен бүлдіршіндері. Сонымен бірге, жас жеткіншектерге үлгі-өнегесімен бөліскен  Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және ассамблея жастары да жиында өз үлестерін қосты.

“Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова өзінің құттықтау сөзінде: – Бұл іс-шара пилоттық режимде “Ассамблея бөбектері” жобасы ретінде өтуде. Біз бұрын-соңды болмаған акцияны бастадық.  Достық үйінің қабырғасындағы бала-бақшалардың тәрбиеленуші бүлдіршіндері  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа ілім алуда. Бала кезінен бастап  бейбітшілік, келісім, толеранттылықта өмір сүру керек екенін әрбір жас ұрпақ біліп өсуі керек. Қандай этникалық топтың баласы болмасын, ол барлық этностармен таныс болып, және олардың салт-дәстүр, мәдениеті туралы білуі өте маңызды, – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің “№12 бөбекжай-балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Балалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өлеңдерін оқып, әр ұлттың киімінде өздерінің этносы туралы айтып берді. Бұған қоса, балалар хорының орындауында “Көк туым”, “Менің Қазақстаным”, “Тәуелсіздік”, “Балғын шағым” әндері шырқалды. Сонымен қатар,  “Батырлар”, “Текемет”билері орындалып, елгезек бүлдіршіндер көрермендердің көзайымына айналды.

Шара барысында “№12 бөбекжай-балабақша” мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің меңгерушісі Марфуға Балтабаева ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұл ретте Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Мухаббат Миражапова, Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Тараз қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Әбдірахман Зайнутдинов, облыстық “Вынхуа” дүнгендер қауымдастығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Идрис Юнусов та балалардың өнеріне риза боп, кішкентай бүлдіршіндер мен соларды дайындап әкелген бала-бақша басшысы мен тәрбиешілеріне зор алғыстары мен құттықтау сөздерін жаудырды.

Іс-шара аталмыш мекемелердің бір-бірін марапаттауымен және естелік- фотосессиямен аяқталды.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі орталығы

#ҚРтәуелсіздігіне30жыл

«Анаға тағзым»

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі – Лобар Гаюпова «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Бұл жолы Лобар ханым өзбек халқының сүйікті сорпасы – Машхорданы дайындады.

«Бұл сорпа өте тойымды, әрі пайдалы дәрумендерге толы. Тағамның басты ингредиенті – «маш» асбұршағы. Оның құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, токсиндерден тазартатын талшық, сонымен қатар пайдалы заттар мен антиоксиданттар бар. Өнім әсіресе артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін өте пайдалы» – дейді Лобар Төлегенқызы.

Ары қарай аспаз өзбек халқының ұлттық тағамына қосылатын дәмдеуіштердің түрлерін егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша аскөктің орнына кинза өсімдігін дәмдеуіш ретінде пайдалану тағамның көркі мен дәмін кіргізіп қана қоймай, шығыс асханасының мәдениетіне жетелейді.

Жиын соңында жиналғандар ерекше астың дәмін татып, жылы лебіздерін білдірді.

“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

“Егемен Қазақстан” газетімізде Елбасы

Бүгін республикалық танымал баспалардың  бірі – “Егемен Қазақстан” газетімізде Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздік тағылымы” атты мақаласы жарық көрді. Мақала менің қазақша түсіну деңгейім бойынша ашық түрде жазылған. Қазақ елінің жеке дербес мемлекет атанып,  тәуелсіздікке дейін жету жолында каншама қиын-қыстаудан өткені жақсы жазылған. Егемендікке жеткеннен кейін де ел жағдайының көтерілуі мен дамуына қыруар еңбек, күш-қуат жұмсалғанын Елбасы осы мақаласында атап көрсетеді. Қай ой толғанысын алып карасам да, ұлтына қарамастан халқының тек бірлік пен келісім, бейбітшілікте өмір сүруін көздеген көшбасшы Қазақ халқын бүкіл әлемге мәдениеті, тарихы, өркениеті арқылы танытып, мойындатқан екен, өзіндік саясаты көреген, мыкты болған. “Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек. «Бірлігі бар ел озады», – дейді дана халқымыз”,- деп сындарлы саясат ұстанып келген Елбасымыз аман- есен болсын! Күш-жігері сембесін! Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қандай қанмен, қандай күшпен келгенін біліп өскені абзал. Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жетекшісі ретінде осы бала тәрбиесі жағынан жастарға бар ұлағатты тәрбиемізді беруге бар күшімізді саламыз!

Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна

Таразда Ашық есік күні өтті

Үстіміздегі жылдың 30 қарашасы күні Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа 30 жыл» атты Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналып өткізілді.

Мақсаты – жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, облыстық ҚХА Ұйғыр этномәдени бірлестігінің қызметімен таныстыру, жастар санасында этносаралық бірлікті, толеранттылық пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.

Іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының “Жаңғыру жолы” өңірлік штабының белсенділері мен ұйғыр этномәдени бірлестігінің жастары, колледж студенттері мен қалалық №34-мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара Достық үйіне экскурсия жасаулан басталды. Танысу барысында  қатысушылар “Қоғамдық келісім” КММ қызметі мен ассамблея құрылымдарының іс-қимылдарынан хабардар болды. Сондай-ақ, жиналғандар алдында Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Мухабат Абрахманқызы  сөз сөйледі. Облыстық Махмута Қашқари атындағы бірлестіктің басшысы Мухабат Тұрдыева өз сөзінде ҚХА-ның ел өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, өзі басқарып отырған этномәдени бірлестіктің жұмысы туралы айтып өтіп, оның дәлелі ретінде жастарға бейнеролик көрсетті.

30 жыл ішінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Тәуелсіз Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті, – дейді Мұхабат Тұрдыева. – КСРО ыдырағаннан кейін еліміздің жаңа өмірі басталды. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрды, ал 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді. Біз-Қазақстанның біртұтас халқымыз, біз-еліміздің тең құқылы азаматтарымыз. Біз бейбітшілік пен бірлікті сақтауымыз керек,- деп, жастарға үлгі-өнеге боларлық ұлағатты сөздер айтты. Сонымен бірге, шара барысында «ассамблея дәрістері» өткізіліп, жиналған жұртшылыққа Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы  мен Тұңғыш Президент күніне орай,  «Бейбітшілік пен тұрақтылықтың 30 жылдығы» атты сабағы өткізілді. “Ассамблея жастары – Тәуелсіз Қазақстанның патриоттары” тақырыбында “Жаңғыру жолы” штабының мүшелері сөз сөйледі, “Мамандық таңдау” СГТК колледжінің студенттері өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар арасында танымдық викториналық сұрақтар қойылып, жастар құлшына жауап берісіп, өзара қызықты пікірталас та ұйымдастырды.

    Ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетістіктері туралы, оған қоса, осы аталмыш ұйымның кабинетіндегі марапаттары жөнінде де сөз болды.  Жастарға ондағы әдебиеттермен, экспонаттармен танысуға да мүмкіндік болды.

Шара соңында Махмұт Қашқари атындағы бірлестіктің жетекшісі Мухабат Турдыева колледж директорлары Фарида Накыш пен №34 мектеп директоры Динара Нұралиеваны аталған мерекелерімен құттықтап, жемісті бірлескен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Іс-шара қонақтар мен қатысушыларға арналған арнайы фуршет пен естелік-фотосессиямен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 “Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын ұсынып

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын ұсынып, негізгі бағдарды айқындай отырып, мемлекет тарихындағы жаңа дәуірді ашты. Осы тұғырнаманың нәтижесінде біздің руханият пен менталитетімізді қалыптастыратын алғышарттар анықталады. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған шекара мен аумақтық тұтастықтың сақталуы, көрші елдермен достық қарым-қатынас және қазақстандық қоғамның шынайы интеграторы болып табылатын дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау болып табылады. Тұңғыш Президент атап өткендей білімге деген ұмтылыс, адамның еңбекқорлығы игіліктің кілті саналады. Біздің облыс, қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған, ал нұротандықтар үшін нақты мақсат-міндет қойылған, сондықтан, бұл қарапайым адамдардың өзекті мәселелерін шешуде партияға деген сенімдерін нығайтуға зор ықпалын тигізеді.

 

Облыстық “Барбанг” күрділер қауымдастығының

төрағасы Сартиф Алиев