Ағымдағы жылдың 24 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімі “Бейбітшілік пен келісімге 30 жыл” атты ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қақтығыстардың алдын алу және бірлік пен патриотизмді дамыту, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығын талқылау болып табылады. Алқалы жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми – сараптама тобы төрағасының орынбасары – Парида Мамедова «Укрепление казахстанской гражданственности – важный фактор консолидации общества и суверенитета Казахстана» атты баяндамасын оқыды.

Өз кезегінде Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов баяндамасын баяндап берді.

Жиын соңында ЖОО студенттері өздерінің ғылыми мақалаларымен жиналғандарға таныстырды. Бұған қоса, пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім”

КММ Баспасөз қызметі орталығы

Тағамды бірге әзірлейміз

Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында әр ұлттың тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды. жас аналар және №45-классикалық гимназияның оқушылары дәмді де ерекше дүнген лағман тағамын дайындаудың құпиясын білуге келді.

Іс-шараға облыстық ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Шеберлік сабағын облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова мен аталмыш бірлестік мүшесі Роза Азинаева жүргізді. Олар іс-шара қатысушыларына осы дүнген ұлттық тағамына қосылатын ингредиенттер туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, көкөністерді қалай дұрыс кесуге, қамыр илеуге, лағманды қалай созуға болатындығын көрсетті. Тілек білдірушілер осы тағамды дайындауда өз күштерін сынап көрді. Жиын соңында дәмді тағамнан дәм тату рәсімі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім КММ

Баспасөз қызметі орталығы

#ҚХААналаркеңесі

Отан мен Туды қорғау

Жақында Таразда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Ордабасы” және Таэквон-до ұлттық командалық ойынынан ашық облыстық турнир аяқталды.

Іс-шараның мақсаты – балаларды, жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына тарту, компьютерлік тәуелділікті жою және жеңу, ұлттың салауатты генофондын жақсарту және қалпына келтіру, жастарды Қазақстан армиясы қатарында қызмет етуге психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындау, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын бұл ойынды ҚХА мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Исмазов әзірлеп, патенттеген болатын. “Ордабасы” спорт ойынының ережелері бойынша екі команда ту үшін таласады, шығыс жекпе-жегінің шеберлігін көрсете отырып, өз шекараларын қорғайды. Жарысқа “Тайчи”, “Джитай”, “Ястреб”, “Хаммер” және ПСК “Тимур”спорт клубтарының командалары қатысты. Барлығы-250-ден астам жауынгер. 5-6 жас, 7-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас және 15-17 жас аралығындағы бес жас санаты ұсынылды.

– Біз баяу, бірақ табанды түрде өз мақсатымызға қарай қадам басып келеміз, – дейді ҚХА мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Исмазов. – “Ордабасы” ұлттық командалық ойынын ілгерілетуге және оған қатысуға ниет білдірген спортшылар, ата-аналар мен жаттықтырушылар саны артып келеді. Пандемияға қарамастан, бұл биылғы Қазақстан бойынша бесінші турнир. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ордабасы” ұлттық командалық ойыны бойынша соңғы республикалық чемпионат 16-19 желтоқсанда Алматыда өтеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Таразда Қордай күндері өткізілді

Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың  «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында облыс орталығы Тараз қаласында аудан күндерінің өткізілуі өте орынды бастама болды.  Жуырда өткен Қордай ауданының күні де өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Жүсіп Баласағұн» орталық концерт залының аумағы жәдігерлер, кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, туған жерден түлеп ұшқан танымал тұлғалардың фотосурет галереясымен мерекеге сай безендіріліп,  көпшілік назарына ұсынылды.  Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс та қыза түсті. Елімізге белгілі эстрада жұлдыздары мен жергілікті көркемөнерпаздардың концерті де жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Аталған шараға облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері де айрықша атсалысты. Облыстық «Әулие Ата Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Шаңырақ» қазақ қоғамдық бірлестігі, Қордай аудандық  «Отечество»  славяндар қауымдастығы, облыстық «Вынхуа»  дүнгенгендер этномәдени бірлестігі, «Ахыска» – түрік, «Вайнах» – шешен-ингуш этномәдени орталықтары ұлттық ас мәзірлерін ұсынып, қала қонақтары мен Тараз тұрғындарына  ән мен жырдан шашу шашты. Берекелі бірлік болған жерде мерекелі тірлік салтанат құрады. Қордай ауданының Тараз қаласындағы күні осы сөзімізді тағы бір мәрте дәлелдей түскендей.

Әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімін оятар, татулықтың тұғырын нығайтар осындай өңірлік ассамблея іс-шаралары өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң септігін, зор септігін  тигізеді деген  үміттеміз.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Алексей Маслаковтың шығармашылық кеші өтті

Үстіміздегі  жылдың 20 қарашасында Тараз қаласының  “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  орыс автор-орындаушысы Алексей Маслаковтың шығармашылық кеші өтті. Ұйымдастырушы “Радонеж” Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі болды.

Іс-шара Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облыстық орыс драма театрының қолдауымен өтті.

Өнер адамының өз әндері орындалумен қатар, Болат Окуджава, Евгений Евтушенко, Владимир Высоцкий, Александра Гармаш және т.б. шығармалары орындалып, көрермендер жүрегіне жол тапты.

Кеш барысында жиылған жұрт іс-шара себепшісі, автор-орындаушы Алексей Маслаковтың шығармашылығы жөнінде өзіне сауалдар қойып,  өзі туралы айтып беруді өтінді. Бірнеше әдемі әндер жинағының авторы Алексей өзінің Тараз қаласында туылып, Ресейдің Симферополь қаласында музыкалық училищеге түсіп, кейіннен 1994 жылы біржола Ресейге көшкендігі жөнінде де әңгімелеп, көрермендерге биографиясынан мағлұмат берді.

Іс-шара соңында “Радонеж” Орыс қауымдастығы ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин Алексей Маслаковқа алғыс хат табыс етті.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім”

 КММ Баспасөз қызметі орталығының

баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

№12-бөбекжай-бақшасы  бүлдіршіндері “Достық үйіне саяхат жасады”

Биыл, қараша айында Тараз қаласының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің “№12-бөбекжай-бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
“Туған жерім туған елім” атты танымдық экскурсиясы өтті.
     Іс-шараның мақсаты –
балалардың туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, этностар, ассамблея, достық үйі, достық, татулық жөнінде дүниетанымын ояту, тіл байлығын дамыту, қоршаған орта және ондағы оларға беймәлім дүниелер мен құбылыстарға білімін ашу.
 Аталмыш бала-бақша басшысы Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна жетекшілігімен кішкентай бүлдіршіндеріміз бен тәрбиеші, әдіскерлер дәл осы мақсат-міндетпен Достық үйіне саяхат жасаган еді.
       Әр ұлттың ұлттық киімін киіп, арнайы дайындықпен келген өңірлік ассамблеяның ең сыйлы кішкентай қонақтары күмбезді Достық үйінің әр қабатымен танысып, көрме суреттерін тамашалады. Абай атамыз өзінің 19-қара сөзінде “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, “анау немене, мынау немене?” деп дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады” дегені бар. Осылай демекші, бүлдіршіндер әр сурет-картиналарды, ұлттық аспаптар мен әр ұлттың нақышына келтіріліп жасалған сувенирлік заттарын қолымен ұстап көріп, өзара таңыркасып жатты. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізнде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну –танып білу –жүзеге асыру»-осы үш бағытта жұмыс ұйымдастырылу керек.
     Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап зерттеу, бақылау нәтижелерін айта білу және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым – қатынастар арқылы қалыптасып, саналарында тез сақталады екен. Осыған орай,
биылғы караша айында Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚХА Кеңесінде “Балапан” телеарнасының жұмыс жүйесіне түрлі танымдық, тәрбиелік мәні бар ұлттық, этностық аннимациялар арқылы балаларға арналған сан-қырлы телебағдарламаларды ұйымдастыру көзделіп отырғаны біршама ата-аналарды қуантқан болатын. Қай арнаны ашсаң да, шетелдік мультфильмдердің көрсетілуі басым екені рас. Сондықтан да, аталмыш телеарнаға жаңашылдық кіргізу жөніндегі телеарна басшысы Сандуғаш Кенжебаеваның анимациялық өндірісті дамытуға қатысты Президентке жоспар- ұсынысы өте орынды деп саналды. Осы тұста айта кетейік, ҚХА Аналар кеңесімен бірлесе жұмыс істеу арқылы ұлттық арналар жаңадан құрақ жайып өсіп келе жатқан сәбилеріміздің “Достық үйі”, “ассамблея”, “этностар” деген ұғымдарды кішкентайынан санасына сіңдіріп, таңқалушылықпен карамай, қалыпты түсінік ретінде қабылдауға тәрбиелету жөнінде де сөз болған.
 Міне, бұл үрдіс осы №12-бөбекжай-бақшасы бүлдіршіндерінің қаламыздың Достық ғимаратына алғашқы қадамдарымен басталды десек те болады. Бала-бақша, одан мектеп қабырғасында да жалғастырылса деген ой жүзеге асуда. Бұған осыған дейін екі қалалық, бір ауылдық үш мектеп бастауыш сынып оқушылары мен оқытушыларының өз қалауларымен қызығушылық танытып, ассамблеяға саяхат жасауы дәлел.
 Сондай-ақ, бала-бақша балалары экскурсия барысында әр ұлттың әрқайсысы туралы біраз мағлұмат алды. Мұнда жиналған әр этностың өмірі мен рухани құрамын бейнелейтін экспонаттармен де танысты.
    Бүгінде Достық үйінің есігі бейбітшілік, достық, ұлтаралық келісім, Қазақстан халқының ұлттық бірлігі ұғымдарын бағалайтындардың барлығына ашық.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы басшысы Бибігүл Шахзада

Бүгін үстіміздегі жылдың 16 қарашасында Полиция департаментінде Жамбыл облысының полиция бастығы Жанат Сүлейменов облыстық ҚХА және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Іс-шара Қазақстанның Х – Азаматтық форумы қарсаңында өтті. Қатысушылар арасында ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, облыс әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи өз сөзінде қазіргі қоғамдағы негізгі және тәрбиелік мәселелерге көп тоқталды. Бұған қоса, алдағы міндеттер мен жобалар туралы да өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Н.Шанаи этномәдени бірлестіктердің, ҚХА Аналар кеңесі мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар құқық қорғау органдарының жұмысы, жұмыс жылдарында не істелгені, полицияның күнделікті тыныс-тіршілігі туралы құлағдар болды. Сондай-ақ, кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. Бұдан соң, іс-шараға қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылып, олар департаменттегі жедел басқару орталығының жұмысын көрді. Полиция департаментінің мұражайына экскурсияға барды. Мұражай экспонаттарының ішінде – мұрағаттық құжаттар, фото және бейнематериалдар, техникалық және т.б. құралдар тамашаланды. Олардың барлығы құқық қорғау органдарының қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі кәсіби қызметін көрсетеді. Кездесу жемісті өтті. Іс-шара барысында қатысушылар көптеген қызықты мәліметтермен танысып, тиісті сұрақтарға орынды жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 17- қарашасында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің “Ел боламын десең, бесігіңді түзе!” тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Анаға тағзым” республикалық форумы аясында өткізілді. Жиын модераторы Тараз аймақтық университеті “Мәдениет және өнер” кафедрасының меңгерушісі, М.Х. Дулати, “Әулие Ата” Қазақ мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева болды. Сондай-ақ, шараға ҚР Премьер – Министрінің кеңесшісі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, көпбалалы аналар қатысты. ҚР Премьер – Министрінің кеңесшісі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи жиында сөз сөйледі. Ол жұмыстың негізгі бағыттарына, жобаларға, акцияларға назар аударды. Олардың арасында “Әкеге хат” және “Қазақ clab” заманауи ертегілерінің байқауы, “Кешкі шай” акциясы, Рухани және тұлғалық өсу бойынша семинарлар және т.б. бар. Шара барысында қатысушылар тарапынан белсенді түрде сұрақтар қойылып, олардың бірде-біреуі жауапсыз қалған жоқ. Бұдан соң қатысушылар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап экспозициясымен және Ж.Жабаев, М. Мақатаев, К. Ахметова және жергілікті жазушы – әйелдердің шығармашылығымен танысты. Осыған қоса, қатысушыларға арнайы ұлттық тағамдар бойынша шеберлік кластары өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Сындарлы диалог

Үстіміздегі жылдың 12 қарашасында “Қоғамдық келісім” КММ-де үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің Жамбыл облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Рахымберді Әшкеевпен кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстанның X- Азаматтық форумы қарсаңында және “еститін мемлекет”мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар учаскелік полицейлердің жұмысына, есірткі жарнамасымен заңсыз граффитимен күреске, сондай-ақ жол қозғалысына қатысты өзекті сұрақтар қойды.  Барлық сұрақтарға қажетті жауаптар алынды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні.

Айтулы күннің шығу тарихына шолу жасасақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгіледі.

Еліміздің Тәуелсіздік алған тұсында біз үшін жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталды.  Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. Міне, содан бері 30 жыл ішінде Елбасының басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз.

Бірақ, Тұңқыш Президент  Н.Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өтетін үлкен белес бар. Оның біріншісі – еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылуы. Екінші – 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Үшінші белес – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.

Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, Алда алар асуларымыз одан да көп. Әлемнің дамыған елдерінің қатарынан ойып тұрып орын алуғаұмтылудамыз. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз.

Кабиева Айгүл Кабиқызы –М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі, «Әулие-Ата» атындағы қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары

Page 1 of 3
1 2 3