Бүгінгі ҚХА кеңейтілген отырысындағы өзекті мәселелер бұрынғыдан өзгеше қарастырылды.

“Этносаралық қатынастарға қатысты проблемаларды шешпеске болмайды”, – деді Президент Қ.Тоқаев. Президенттің айтуынша, еліміздің ауылдық жерлерінде және қалаларында түкпірдегі этникалық аудандар мен орамдардың пайда болуының теріс үрдісін еңсеру үшін жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Этностардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы саясатын мақсатты түрде жүргізетінін және олардың қақтығыстарға ұласуын болдырмау үшін мен де қақтығыстардың алдын алу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын барлық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерін. Ел арасын ашушы арандатушылардың әлеуметтік желіде отырып алып, ассамблея жөнінде түрлі жағымсыз пікір қалдырып, жастарға жағымсыз жақтарға итермелеп отырған “диванды сарапшыларға”, басқа да БАҚ беттерінде ассамблеяның атқаратын міндеттерінен бейхабар жандардың достық, бірлік, татулық қасиеттерімен пара пар ұғымды мазаққа немесе жеңіл ұйым деп қарайтындарға алтын сырға- “Бірлік түбі – тірлік”. Бірлесіп осы салада атсалысуға аянбай бар күшімізді саламыз. Үлкен боп болашағымыз үшін жастардың санасына өз ақыл-кеңесімізді сіңдіреміз деген үміттемін.

 

Жамбыл аудандық “Барбанг” күрділер қауымдастығының “Ақсақалдар кеңесінің” төрағасы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сабри Асанов.

Рухани келісім күні – Қазақстанымыздағы тұтастықтың, татулықтың кепілі, ұлттардың өзара түсіністігі, достығы, бейбітшілігі.

Рухани келісім күні –  Қазақстанымыздағы тұтастықтың, татулықтың кепілі,  ұлттардың өзара  түсіністігі, достығы, бейбітшілігі. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екені белгілі. Этностар мен діни қауымдастықтардың осыншама көп екеніне қарамастан, елімізде ешқандай келіспеушілік, дүрдараздық белең алмаған. Барлық ұлт, барлық дін өкілі Мәңгілік Қазақстанымызды ортақ Отаны санайды. Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың екіншісі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім екенін Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында да айтып өтті. Бұл бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталып қалғаны сөзсіз.
Дінге ешкімді күштеп апаруға болмайды. Оның кері әсерін, дін лидерлерінің ынтымақтастық рухын және бір-біріне деген құрметі болуы жайында талай рет сөз қозғалған. Діни үйлесімділік, діни еркіндік пен оларға деген құрмет дұрыс білім беруден басталады.  Оның мәні – тек діни кітаптарды бірлесіп оқу емес, діндердің шығу тарихын дұрыс түсіне білу, тарихты да терең талдау. Әлемдік діндер бір-бірімен ынтымақтастықта болып, діни құндылықтарды пайдалана отырып, тарихтағы рухани күйзелісті болдырмау үшін күресе алады. Адамзатқа ортақ мәселелерді көтеру арқылы дінді саясаттан ажыратып алуға болады. Сол үшін де осындай, тек Қазақстанда ғана өткізіліп аталып жүрген Рухани келісім күнінің еліміз үшін маңызы зор.

Болашақ жастарымыз үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында да, басқа да облыстық діни бағыттағы іс-шараларда  бүгінде діни экстремизм мәселелері  қайта қаралып жүр.  Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолында ойластырып, келістіріп, ұйқастырып істеп жатқан жұмыстары баршылық. Нәтижесінде, дін өкілдерінің үлкен күшке ие болуына мүмкіндік беріліп, ұлттардың, діндердің т.б. саясаттың құрбаны болуына жол берілмеуде. Бұл ретте, біздің Президентіміз – Қасым-Жомарт Тоқаевтың, еліміз Қазақстанның беделі әлем жұртшылығы алдында өсе түсті.

Аспанымыз ашық боп, еліміз әлемдегі бейбітшілік пен  келісімде тұрақты жағдайды сақтап, рухани келісімінің туын биікте ұстағай!

 

Ұлттық сана негізі – қазақы салт пен діни дәстүр. Салты жақсының – халқы жақсы

Ғасырдан ғасырға ұласқан талай заманды басынан өткерген қазақ халқы өзіне ғана тән болған ұлттық бейнесін паш етер қазақы салты мен ислами дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа тапсырып келеді. Алайда ата салтты ескіліктің қалдығы санаған, діни дәстүрді құбыжық көрсетіп санаға сіңдірген адасушылықтың салқын сызы әлі де ел ішінде білініп келеді. Кейде қазақи салт пен діни дәстүрдің мәнін жете білмегендіктен дін ұстанып, намаз оқып жүрген кейінгі ұрпақтың арасында өзара түсінбеушіліктің орын алып жүргені де рас. Ол екі тараптың бірі, өзін ғана жөн санап, екінші жақтың іс-әректтері мен амалдарынан кемшілік тауып жатады. Ондай өзара түінбеушіліктің бір қатар себептері де көпшілікке  белгілі. Десек те,  сондай себептің пайда болуы, күнделікті қолданып жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне де қатысты екенін аңғармай жүрміз.

Бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр, салт-сана мәселелері айтылудай-ақ айтылып келеді. Тіпті бұл тіркестерге құлақтың үйренгені соншалық сана да, салт та, дәстүр де бір мағынада айтылатын синоним сөздер сияқы естілетін болып кетті. Алайда, бұл сөздер қоғамдық ортада бөлек-бөлек өзіндік міндет атқаратын, жеке-жеке ұғымдар екеніне көпшіліктің  мән беріп жатқаны шамалы.

«Әдет-ғұрып» деп айтып жүргеніміз, арап тілінен ауысқан «әл-ғәдат» және «әл-ғурф» деген сөздер. Бұл сөздер түрлі мағынаға ие. Қоғамдық ортада, «әл-ғәдат» – үйреншікті іс, қалаптасқан жағдай дегенді білдіретін, ал, «әл-ғурф» – дұрыс, тура, жақсы дегенді білдіретін мағынада қолданып жүрміз. Әдет-ғұрып деп айтқанда, дұрыс деп мақұлданған, қоғамға пайдалы болатын жақсы іс-әрекеттер айтылады. Егер әдеттің ішінде жағымсыз көрінетін бұрыс (теріс) әрекеттер байқалып қалса, ондайда «әдеті жаман екен» деп, әділ баға беріп те жатамыз. Яғни, ондай әдет жақсы (әл-ғурф) емес.  Әдет-ғұрыпты сақтайық, – дегенде, қазақтың ерекшелікке ие ежелгі жақсы әдеттері мен табиғатын  байыта отырып, келер ұрпаққа жеткізейік дейміз.

Дәстүр – «дустур» деп айтылатын арап сөзінің баламасы, конституция, құқықтық негіз, діни үкім дегенді білдіреді. Ислам мемлекеттерінде конституция (дәстүр) ислам шариғат ережелеріне негізделген. Ислам діні келгеннен кейін арап халқының ежелгі салттары реттеліп,  дінге қайшы келмейтіндерін Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) өзі да ұстанды.

Мысалы: Пайғамбарымыз (с.ғ.у.), Құрайыштықтардың ежелгі салты бойынша, ұлы Ибраһим дүниеге келгенде, жеті күннен кейін шашын алып, есімін қойып, садақа таратып, мал сойып, жақындарына дәм татырды. Осылайша, Ислам дініне қайшы келмейтін Құрайыш салттары  Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.), сүннетке айналып, діни дәстүр талаптарына кірікті.  Сондықтан Ислам мемлекеттерінде діни білім алған кейінгі ұрпақтың ішінде, діни дәстүр талаптарына қайшы келмей тұрса да, басқа елдің салттары «бидаға (діннен тыс)» деген ұғыммен, өз салтына өзі өгейсіп қарайтындардың бар екендігі шындық.

Қазақ та мұсылман халық, олай болса ислам шариғатына тән дәстүр (үкім) бізге де лайық әрі міндетті. Кеңестік заманның негізгі мақсаттарының бірі халықты дінсіздендіру болғандықтан, атейст ғалымдардың белсенділігі «дәстүр» сөзінің мағынасын түбегейлі өзгертті. «Дәстүр» сөзін «салт» немесе «ежелгі, бұрынғы» деген мағынада қолдана беретін болдық. Бұл орайда өнер саласындағы «жұлдыздар» оқ бойы озып, аспандап тұр. «Дәстүрлі ән,  дәстүрлі жыр,  дәстүрлі күй, дәстүрлі би» деп сырғыта береді. Ол «жұлдыздарды» шалғайдан тартып, «жер бетіне» түсірер ғылым иелерінің өздері де салт ұғымына оншалықты мән бермейтін сияқты, «салт-дәстүр» деп қосарлап сөйлегенге немесе жазғанға үйренген. Сонда салт не үшін керек, дәстүр не үшін керек екенін айырып ала алатын тыңдаушы немесе оқырман болса ғой.

Салт – бір тұтас өлкенің, халықтың тұрмыс-тіршілігіне сіңісті болған әдеттерден қалыптасқан қолданыстағы іс-әрекеттер.

Бір қатар ежелгі ғылым иелері әр этностың салтына үлкен мән бере отырып, ол әдеттердің бір елдің «салты» деп мойындалуы үшін төмендегі мына үш шартты ұсынған:

  1. Салт, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижмаъ) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге кері келмеуге тиіс.

Сондай-ақ, салт – зайырлы мемлекеттерде, конституциалық талаптар мен ережелерге қайшы болмауы керек. Имам әс-Сарахсидың сөзіне құлақ салсақ: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды. (ХІ ғ. «әл-Мәбсут» 1/146)

  1. Салт – сол қоғамдық ортада кең таралуы тиіс. Имам ас-Суютидың айтуынша: «Егер салт (қоғамдық ортада мойындалып) кең тараған болса ғана тән алынады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды». ( «әл-Әшбахһ уә-инәзиар» 87).
  2. Салт, бізге бұрынғылардан жеткен, сондай-ақ, бүгінгі өмірде де қолданыстағы салт болғаны жөн. Бұл орайда имам ал-Қарафи: «Әр нәрсенің салт арқылы көрсетілетін айрықша орыны бар», – десе, имам ән-Нәуәуи: «Шариғатқа қарсы келмеген кейбір мәселелерде, салтқа сүйену керек», – екенін айтады.(«Шарх Сахих Муслим» 2/8).

Салт негізінде – бір ұлыстың, ұлттың, сондай-ақ қоғамның, қауымның табиғи болмысын, сыртқы сипатын айқындайтын көрініс.

Салт – ұлттық құндылықтарды, ана тілімізді, түр-тұлғамызды сақтаушы. Салт өзгеріп ұлттық сипатынан айырыла бастағанда қазақы менталитет те (діл) өзгеріске ұшырайтынын бүгінгі өмір көрсетіп отыр. Ана тіліміз өзге этностың сөздерімен шұбарлана берсе, қазақ тіліне тән үндестік бұзылып, біртін-біртін өзге тілге айналдырып алмаймыз ба? Әрине, мұндай жағдайдың бетін аулақ еткей, алайда «өркениет» деген түсінікпен басқа елдің салтын бойға сіңіріп жатқанымызды аңғаруға болатын шығар.

Салт – жасампаздықтың кепілі, ұлт күмбезінің діңгегі.

Білектің күшімен, найзаның ұшымен елін, жерін қорғаған арыстан азаматтар аттан аунап жер жастанғанда, олардың отбасына қамқорлық еткен, артында қалған жетімдерді жебеп, кеткен боздақтардың шаңырағын сақтап, ұлын ұядан, қызын қиядан  көрсете алатын ерекше салтымыз болды. Ол – ӘМЕҢГЕРЛІК.  Азулының аузына, мықтың уысына түсіп, «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болған сол бір қиын кезеңде қазақты жойылып кетуден сақтап қалған осы әмеңгерлік салтымыз. Бүгінгі ай-күн аманда, бейбітшілік заманда неге жесір көп, неге жетім көп?

Салт – туыстық байланыс пен жекжаттық қатынасты реттеуші. Орыс халқы ұлдан шыққан немерені де, қыздың шыққан жиенді де «немере» деп қабылдайды, сондықтан құдандалы екі жақ бірін-бірі «туыс» деп есептейді. Өкінішке орай, бүгінде осылай деп түсініп: «Несі бар, ұлдың баласы да, қыздың баласы да өз балам, немере» деп жүрген қазақтар баршылық. Бұл – өзге ұлттың салтын қабылдап жатқанымызға айғақ емес пе? Қазақ салтында құда туыс емес, сыйластық жөнінде ең жоғарды құрметке лайық жекжат. Жиен де, күйеу де – жекжат. Салтымыз олардың да өздеріне тән сый құрметтерін реттеп қойған.

Салтына қарап адамдардың қай ұлттың өкілі екендігін айыру қиын емес. Өйткені ұстанған салты, ана тілі, сәні мен салтанаты олардың кім екендігін айшықты түрде көрсетіп тұрады. Ежелден-ақ салт – адамдардың  бірін-бірі құрметтеуде, өзара сыйласуда үлкен міндет атқарып, қоғам тыныштығы мен ауызбірлікті қолдаудың нақты көрінісі болып келген. Бүгінде Қазақстан халықының Ассамблеясы осы көріністің шынайы жалғасы екендігіне баршамыз куә болып жүрміз.

Дәстүр болса – рухани сенім айнасы. Адам дінсіз бе, жоқ әлде дін ұстанама? Егер дінде болса, қай діннің өкілі? Яғни діни дәстүр – адамның рухани бейнесі, қауымның рухани байланысы.

Мысалы: ауылға келін түскенде, оны кұйеу жігіттің жақын туыстарымен таныстыру, жырға қосып, өсиет-өнеге беру, сондай-ақ адам өмірінде айрықша орын алатын осындай қуанышты күнге лайық жарасымды әзіл-күлкіні араластыра отырып, келіннің бетін ашу – қазаққа ғана тән болған салтымыз. Ал, шариғатымызға сай жұбайлардың некесін қию – діни дәстүр. Атап айқанда, Ислам шариғатымен дәстүрлер жалғасады. Дәстүр арқылы миллиондаған мұсылмандар қатарынан орын алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) абройлы үмметінің ішінде болмақпыз. Ал салтымыз арқылы өзге ұлт өкілдері бізді  ҚАЗАҚ  деп таниды әрі мойындайды.

Олай болса, салт пен дәстүр сабақтастық шырынынан сусындаған сенім ғана келешекке алып бара алатын, байырғы бабалар ұлылығын жалғастырар жол деп түсінеміз.

Ежелгі тарихқа қарасақ қаншама ұлыстар, кезінде гүлденген қаншама өркениет жер бетінен жоқ болып кеткен. Олардың сәулет өнеріндегі жетістіктері мен алып құрылыстары, сондай-ақ кейбір тылсым құпиялары, акемедиялық ғылыми табыстармен қаруланған бүгінгі заман тұрғындарын күн өткен сайын таңғалдыруда. Бірақ олар жер бетінде мәңгі ел болып қала алмады ғой.

Өткенге үңілсек, қазақ елін жоқ етуге ұмтылған мемлекеттердің кейбірі жер бетінен жойылып кетіпті. Бабалар тілегі қабыл болып, мың өліп, мың тірілген қазақ елін Жаратушы Ие сақтап келеді. Өйткені Қазақ елінің ұлылыққа ұмтылған салтанатты салты, адамгершілікке, мейірбандыққа, сүйіспендікке шақырған діни дәстүріне деген кіршіксіз сенімі, әр заманда рухына қуат, жасампаздыққа деген берік сана қалыптастыра білді.

Ендеше «салт – сана» деп бекер айтылмапты. Барша Қазақ елін ұлттық биіктікке көтеретін қоғамдық сананың қалыптасуы, озық, жасампаз салтымыз бен кінаратсыз сенімге негізделген діни дәстүр тазалығын сақтай білуде екен.

 

Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі,

Медиатор Қуанышбек Әлішерұлы

Таразда «Туған жерім-дархан далам» атты Жамбыл, Байзақ аудандарының күндері өтті

Үстіміздегі жылдың 8-9 қазанында Тараз қаласының туған күніне орай, Арбатта «Туған жерім – дархан далам» атты Жамбыл мен Байзақ аудандарының күндері өткізілді.

Іс-шарада облыстық ассамблеяға қатысты Жамбыл аудандық «Ахыска» түрік, «Вынхуа» дүнген және «Барбанг» күрді этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенді мүшелері қатысып, аталмыш іс-шарада өздерінің ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын жиналған жұртқа тарту етті.

Бұған қоса, Арбат алаңында спорттық ойындар көрсетіліп, оның ішіндегі үздік қатысушыларға төсбелгі мен мақтау қағаздар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекеге Байзақ ауданының этнос өкілдері де қатысып, Қазак мәдени орталығының мүшелері ұлттық жабдықтармен көркемделген киіз үйді жұртшылық назарына ұсынды. Бұған қоса, екі ауданның түрлі этностарынан құралған шығармашылық топтары сахнада ұлттық киімдерімен өнер көрсетті. Киіз үймен қоса, қала қонақтары мен тұрғындары, іс-шараға қатысушылар екі ауданның Өлкетану мұражайларынан әкелінген көне тұрмыстық заттарды, көркем суреттерді, тарихи артефактілерді тамашалады.

Сонымен қатар, кітап экспозициясы ұсынылды. Осыған қоса, жәрмеңке өткізіліп, Жамбыл, Байзақ аудандық ауылдық округтерінің жеке шаруашылық қожалықтарының өкілдері сүт, ет өнімдерін, көкөністер мен жемістерді келушілерге арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың қатарында атап айтсақ, “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, “Жалпақтөбе” ауылының тұрғыны Фарида Камалова, “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің мүшелері, “Шайқорық” ауылдық округінің тұрғындары Мехрави Хамдиев пен Рамазан Мұзафаров, “Барбанг” Күрділер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабри Асанов, “Олжас” шаруа қожалығының өкілдері бар.

Сонымен бірге, “Айнұры” татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Темірболатова (“Бесағаш” ауылдық округі), сол ауылдық округтің тұрғыны Гүлмира Биторсықова және “Қаратөбе” ауылдық округінің тұрғыны Нұрқабыл Қыстаубеков және т. б. аталмыш жәрмеңкенің ел көңілінен шығуына аянбай атсалысты.

Тараз қаласын әсем ән мен тәтті күйге бөлеген бұл іс-шара қала қонақтары мен тұрғындарына қоңыр күздің салқын бір күндерінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Үлгілі қарттар» іс-шарасын өткізді

Үстіміздегі жылдың, қазан айының 10-жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Қарттар күніне арналған «Үлгілі қарттар» атты іс-шара өткізді.

«Машраб» Ақсақалдар кеңесіндегі іс-шарада бірлестік төрағасы Мұхабат Тұрдыева жиналғандардың назарын ұлағатты ақсақалдардың жастарға үлгі болуына, олардың бастамаларын есте сақтауға тиіс екендігіне аударды. Біздің ақсақалдарымыз өскелең ұрпаққа өз Отанына деген патриоттық сезімдерін оятуға зор ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті.

Бірлестік төраайымының айтуынша, олардың облыстық ҚХА-дағы жұмысының арқасында Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрген 30 жыл ішінде ешқандай қақтығыстар болған жоқ. Сөзінің соңында Мұхабат Тұрдыева Ақсақалдар кеңесіне ұйғыр бірлестігінің жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, барлығына  іс-шара барысында ол Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының экс-басшысы Жаманкөзов Бейқұт Тілебалдыұлының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті .

Соңында ұйғыр бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қайым Мұсаев орталықтың жұмысы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, сол күні аталмыш этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесінің отырысы өтіп, орталық төрағасы Мұхабат Тұрдыева қоғамдық және мәдени жұмыстарға атсалысқан  көпжасты белсенді әйелдер қауымын құттықтады. Бірлестіктегі көп жылғы  еңбегі үшін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жаманкөзовтың атынан алғыс хаттар мен қосымша түрде өз атынан сыйлықтар табыс етіп, барлық белсенділерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысының аудандарында семинар-кеңестері өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығымен және ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5-11 қазан аралығында облысымыздың этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ аудандарында және олардың бірнеше ауылдық округтерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-кеңестері өткізілді.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Әрбір аудан мен сол ауданға қарасты Жалпақтөбе, Бурылды, Гродеково, Ауқатты ауылдарындағы өзекті мәселелер сарапталып, соған орай, әр ауылда оқытушылар мен оқушыларға жиналыс ашылып, кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтар және олардың себеп-салдары туралы және ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда мектептегі және жалпы кенттегі этносаралық жағдай туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Медиация туралы ақпараттар да ортаға салынды. Одан әрі жастарға арналған тренинг өткізілді.

Семинар өткізіп, кеңес берудегі мақсат пен қоғамның алдында тұрған басты міндет – жас ұрпақтың құқық бұзушылығының алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

« Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

«Хазар» әзірбайжан этномәдени орталығы еске алу кешін өткізді

Ұзақ тарихи және мәдени тамыры бар қоғамаралық қақтығыс қайта құру жылдарында (1987-1988) Армения мен Әзірбайжандағы ұлттық қозғалыстардың күрт өсуі аясында жаңа айқындыққа ие болды.

Осыдан бір жыл бұрын 2020 жылдың қыркүйегінде қақтығыс қайтадан соғыс кезеңіне өтті, нәтижесінде 9 жылғы 10-2020 қарашадағы атысты тоқтату туралы мәлімдемеге сәйкес Әзірбайжан бұрын жоғалған аумақтардың едәуір бөлігін бақылауға алды, оларды 2020 жылға дейін танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы басқарды.

Халықаралық құқық тұрғысынан бұл қақтығыс екі негізгі қағидат арасындағы қайшылықтардың мысалы болып табылады: бір жағынан, халықтың өзін-өзі анықтау құқығы, екінші жағынан, аумақтық тұтастық қағидаты, оған сәйкес келісім бойынша шекараларды бейбіт түрде өзгерту мүмкін болады.

Біздің облыста 5 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Әзірбайжан этносы өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын өзге ұлт өкілдерінің бірі. Бұл     этномәдени бірлестіктер қызметінің басты мақсаты – әзірбайжан этносының тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен салттарын жаңғырту, қазақстандық мәдениеттің дамуына жәрдемдесу, Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту. Әзірбайжан этномәдени бірлестігі Қазақстандағы этносаралық қатынастарды жетілдіруге жан-жақты жәрдемдеседі. Этномәдени бірлестіктің қызметі республиканың барлық этностарымен байланысты нығайтуға, біздің ортақ үйіміз – көпұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді дамыту мен сақтаудың мемлекеттік бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған.

Басқа ұлттық орталықтармен қатар әзербайжан этномәдени орталығы да ата-бабаларының тарихын, салт-дәстүрлерін қастерлейді. Осындай әдет-ғұрыптарына байланысты «Хазар» Жамбыл облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Асабали Ахмад-оглы бастаған өкілдері жақында Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс құрбандарын еске алу кешін өткізді. Бауырластық соғыстан гөрі қорқынышты ештеңе жоқ. Мұндай соғыстың  жеңімпаздары болмайды және одан бейбіт тұрғындар көп зардап шегеді.

– «Біздің барлық дұғаларымыз бен ас-дастарханымыз жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге арналады» – деді Асабали Ахмадоғлы.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Таразда «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өткізілді

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және облыстық ҚХА ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында Достық үйінің алдында, ашық аспан астында «Тіл – тұтастық туы» атты фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты – тәуелсіз елде тұратын ұлт өкілдерінің бойында достық пен бірлікті нығайту үдерісінде мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға облыстық  ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шара барысында Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жасалып, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көз айымына айналды. Сондай-ақ, кеш соңында фестивальге белсене қатысып, қазақ тілін еркін меңгерген, мемлекеттік тілімізді құрметтейтін өзге этнос өкілдеріне  алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

ҚХА Аналар кеңесі Байзақ қарттарына қайырымдылық жасады

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде түрлі форматта ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларымен  биік. Осындай іс-шаралардың бірі – ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өткен Қарттар күні.

Қайырымдылық дегенде қарап отыра бермейтін, жүректері мейірімділікке толы этнос өкілдері біріншіден, Байзақ ауданында болған жарылыстан зардап шеккен жандарға оларды ұмытпай қолда барын аямай атсалысуда. Бұған қоса, «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, қарттар күніне орай,  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған өкілдері қиын жағдайға ұшыраған Байзақ ауданының қарттарына қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Байзақ аудандық Қайнар ауылының 19 қарт тұрғындарына азық-түлік ретінде  көмек көрсетті. Игі қасиеттерден алыс қалмаған ҚХА Аналар кеңесінің көрсеткен көмегі қайнарлық қарттардың көтеріңкі көңілдеріне сеп болды.

Қайырымдылық іс-қимылдарының басында жүретін Аналар кеңесінің Қайнар қарияларына жасаған бұл жолғы көмектеріне де алғысымыз шексіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Page 2 of 2
1 2