Мың бала

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ-де аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен “Мың бала”республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік кезеңі өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – өзге этнос өкілдерінің жастарын қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін және тілін үйренуге шақырады. Бұған қоса, өзге ұлт жастарын тарту арқылы қазақстандық бірегейлік пен азаматтық қағидаттардың бірлігін нығайтуға ықпал ететін бірегей жоба.

Дүбірлі додада 54 үміткер үш номинация бойынша бақ сынасты. Яғни, ұстаздар арасында қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламасы “Тіл мектебі” номинациясы, оқушылар арасында “Өнер алды – қызыл тіл”, “Өнерлі өрге жүзер”музыкалық байқауы сынға түсті.

“Тіл мектебі” номинациясында бірінші орынды №40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақтоты Раймқұлова иеленді. Екінші орынды №1 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Баймақашева жеңіп алды, ал жүлделі үшінші орынды Қордай ауданы А.Пушкин атындағы № 7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміДинара Өмірзақова місе тұтты.

Сондай-ақ, “Өнер алды – қызыл тіл” номинациясын бойынша Жуалы ауданы Д. Похомов атындағы орта мектептің оқушысы Тамила Магамадова бірінші орынға жайғасты.  Екінші жүлделі орынды Байзақ ауданындағы Ғ. Мұратбаев атындағы гимназияның оқушысы Әсима Вахбиева және Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы мектебінің оқушысы Лейла Кочалиева алса, үшінші орында  Сарысу ауданы Арыстанды ауылы мектебінің оқушысы Диар Айдаров, Байзақ ауданы Көктал ауылы мектебінің оқушысы Дайана Даянова және Меркі ауданындағы №44 орта мектебінің оқушысы Софья Сулиева қанағат тұтты.

Ал “Өнерлі өрге жүзер” музыкалық байқаудың нәтижесі бойынша Қордай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы № 27 мектеп Тимур Ким бірінші орынды жеңіп шықты. Екінші орын Байзақ ауданы Ю. Гагарин атындағы мектептің оқушысы Фатима Абазоваға тиесілі болды. Үшінші орын мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Сарбиноз Орозованың қанжығасына байланды.

Бұған қоса, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – тірегім” атты эссе байқауының жеңімпаздары да алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 27 қазан айында Тараздағы М. Әуезов атындағы кітапханада “Елім – ай Достық” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мемлекеттік тіл» атты кездесу өтті.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің сондай-ақ, білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар белсенділері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Ең алғашқысы болып “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мөлдір Ахметова баяндама жасады. Ал “Елім-ай Достық” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Полина Ким Қазақстандағы жаңғырту үдерісінің басымдықтары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, әлеуметтік білім магистрі, “TALDAU” Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Алмұратов «Жамбыл облысында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы» тақырыбында сөз қозғады. Бұған қоса Жамбыл облыстық М. Қашқари ұйғыр этнобірлестігінің жетекшісі Мухаббат Тұрдыева “Мемлекеттік тіл – қазақстандықтардың бірігу факторы” тақырыбында өз баяндамасын баяндап берді.
Шара соңында қатысушылар жастарды Абайдың өлеңдерін, Әуезовтің шығармаларын және Жамбылдың жырларын оқуға шақырды. Бұл шығармалар әрбір жастың бойына патриоттық сезім ұялататынына кәміл сенімді екендіктерін жеткізді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

Үстіміздегі жылдың 28 қазанында Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті.

Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев кездесу барысында қалада атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті:

-Бұл ең алдымен жақсы жол, қауіпсіз көше мен таза ауыз суы. Ал үш жылдық жоспарға 89 су құбыры және кәріз желілерін жөндеу, 156 көше мен 151 көп қабатты үйдің аулаларын жарықтандыру мен 241 аула алаңын абаттандыру жұмыстары енгізілді. Қала маңындағы алқаптар басымдыққа ие болып отыр. Қазір біз Барысхан алқабында, Бурыл А, Бурыл Б және 15 шағын ауданында жолдарды асфальттау үшін ақшалай қаражат қарастырудамыз. Сондай-ақ, қаланың туристік әлеуетін кеңейту мақсатында “Әулиеата” кварталын жаңарту жоспарлануда.

Көпшілік қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу, электр желілерінің жағдайы және қоғамдық көлікке қатысты сұрақтарын қойды. Ал Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері бұқаралық іс-шараларды өткізу және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мектептерде бірыңғай сабақтар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Ержан Жұматұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

ДӘСТҮРДІ ҚҰРМЕТТЕЙМІЗ

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні “Қоғамдық келісім” КММ-де “Бірлік, достық татулық-ажырамас әніміз!» атты фестифаль өтті. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жасалып отырған бұл  шараның  мақсаты – этностардың дәстүрлерімен танысу, халық және дамытуға бағытталған

Іс-шара қонақтарының арасында Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Тараз қалалық Өзбек орталығының басшысы Абдырахман Зайнутдинов, Жамбыл облысы күрд этносы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Сүлейманов және “Уникум” қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Любовь Шахова болды.

Аталған шараға № 4 орта мектеп және Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының оқушылары, Жамбыл гуманитарлық, Жамбыл медициналық, Жамбыл индустриалды-техникалық колледждерінің білімгерлері бақ сынады. Барлығы бес команда ұсынылып, олардың әрқайсысы белгілі бір этностардың яғни, орыстар, өзбектер, грузиндер, дүнгендер, күрдтертердің салт-дәстүрлерін дүйім жұртқа әр қырынан көрсете білді.

Дүбірлі дода үш кезеңнен тұрды. Әуелі әр команда өз этносын таныстырып өтті. Екінші кезеңде олар дәстүрлерді көрініс ретінде көрсетті. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің тобы орыс этносының дәстүрі бойынша қонақтарды нан мен тұзбен қарсы алды. Ал № 39 мектеп гимназиясы құрамасы Грузин ұлтының суретшісі Нико Пиросманидің өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырды. Ал №4 орта мектеп құрамасы (өзбек этносы), Жамбыл жоғары медициналық колледжі (дүнген этносы) және Жамбыл индустриалды-техникалық колледжі (күрд этносы) командалары үйлену тойларынан үзінді ұсынды. Қорытынды кезеңде әр этностың шығармашылығы сынға алынды. Қазылар алқасы мен көрермендер назарына орыс, өзбек, күрд, дүнген халық билері мен грузин әндері алға тартылды.

Нәтижесінде Жамбыл медициналық жоғары колледжі мен № 4 орта мектеп топтары жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жамбыл гуманитарлық колледжінің командасы місе тұтты. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің командасы және №39 мектеп гимназиясы құрамалары жүлделі үшінші орынға жайғасты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен құрмет грамотасы табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

90-жылдардағы композиция

Үстіміздегі жылдың 26 қазан күні Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова бастаған этномәдени бірлестік өкілдері ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, доцент Мұратжон Рахымжановтың «90-жылдардағы композиция» (compozisio) деп аталатын көркем тақырыптық суреттерінің  жеке көрмесін тамашалады.

Шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы көркемсурет галереясында өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Экспозицияда барлығы 34 жұмыс бар, олардың 24-і заттай және он-ы біздің еліміздегі және шетелдегі мұражайлар мен жеке коллекциялардағы оның суреттерінің фотосуреттері түрінде қойылған. Суретші Мұратжон Рахымжановтың айтуынша, барлық шығармалар Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы кезеңінде әзірленіп, жазылған. Өзгерістер үдерісі, мәдени мұраны қалпына келтіру-осының барлығы туған өлкенің тарихына арналған сюжеттік-тақырыптық композициялар жасауға шабыт берді. Суретші көрермендерге өзінің әрбір жұмысы, оның ішінде біздің тарихымыз бен өміріміздің бөлшектері туралы қызықты етіп әңгімелеп берді.

Қатысушылардың назарын “Арқандағы би”, “Ұзын аяқпен  би”, “Сүннет-тойға сыйлық” сияқты суреттер енген өзбек халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға арналған бірқатар шығармалар қызықтырды. Қолжазбалардың барлығы да тамашалаған  адамның жан-дүниесіне  қайталанбас ұлттық нақышты жеткізді. Бұған қоса, өткен тарихымыздан сыр шертетін тақырыптар  «Төле бидің екі адамның арасындағы дауды шешуі», «Абылай ханның кездесуі», «Бата», «Жауап алушылар серіктері», «Мазасыз отбасы», «Алаңдаулы жылқылар» және «Керуен сарайының қақпасы», «Дулати ат үстінде», «Балуан Қажымұқан»  шығармаларының фотосуреттерінен көрініс тапты. Қаламыздың тарихына айналған – “Тараз батырларына арнау”, “Айша Бибіге зиярат ету”, “М.Х. Дулати ескерткішінің ашылу күні” еңбектерінде ерекше көрініс тапқан.

Философиялық тақырыптағы  бірегей суреттер «мәңгілік», «өлмес тарих» туралы ойлануға мәжбүр етеді. Мысалға композиция ретінде Мұратжон Рахымжановтың  әр түрлі жастағы бір адамды көруге мүмкіндік беретін “Үш ұрпақтың автопортреті” аллегориясын алып қарауға болады.

Мен суретші Мұратжон Рахымжановтың шығармашылығымен бұрыннан таныс едім, – дейді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова, –бірақ бүгін мен оның картиналарын жаңа қырынан тани түстім. Оның еңбектерінен қаламыздың тарихын байқауға болады. Көне Тараздың суреттерін көру маған қызықты болды, ескі қаламыздың өткенінің атмосферасына еніп кеткендей күй кештім.  Маған суретшінің өзіміздің өзбек ұлттық дәстүрлерімен байланысты бірқатар жұмыстары өте  ұнады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім»КММ  Баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың қазан айында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екпе алудың маңыздылығы айтылды.

Іс-шараның мақсаты – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ержан Халиұлы өз сөзінде: «Жер бетін жайлаған індетті жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация алу. Жаппай екпе алу арқылы біз COVID-19 пандемиясына қарсы тұра аламыз. Вакцина алу адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізеді», – деді ол.

Оның айтуынша, екпе алған адам да ауруы мүмкін, бірақ жеңіл қалыпта өтеді. Ресми өкілдің сөзін құп алған этномәдени бірлестік басшылары жиылған жұртты екпе алуға шақырды.

Жиын соңында ресми өкіл мен тыңдаушылар арасында кері байланыс орнап, жиналғандар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

 

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

#ЕкпеАл

Үстіміздегі жылдың қазан айында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жамбыл облысының Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Hallo, es ist Zeit für den Herbst!» мерекесі аталып өтті.

Бұл іс-шара «Erntedankfest» – «Егін жинау» науқанына арналып өткізілді.  Германияда неміс этносының салт-дәстүрі бойынша  егін жинау мерекесі қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі екен. Бұл дәстүрдің түп-тамыры – рим салт-дәстүрінен бастау алады. Неміс халқы егін-астық берекелі шықса қуанып,  оған қамқорлық жасаған «Құдайға»  алғыс айту ретінде дәстүрге сай алғыс айту түрінде өз рәсімдерін  жасаған. Сондай-ақ, ежелгі шаруалар егіннің өзіндік  өсу немесе өлім рухы бар деп наным-сенім жасаған.

Осыған байланысты бұл мереке бұрын жаман рухтарды жеңу ретінде аталып өтсе, қазіргі уақытта бұл дала жұмыстарының аяқталған күні және табиғат  сыйлықтары үшін Жаратқан Құдайға алғыс негізінде мерекеленеді.

Сонымен бірге, бұл күні шіркеуде арнайы ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, Құдай үйінің қабырғалары мол өнім берген жеміс-жидектермен және гүл шоқтарымен безендіріледі.

Аталмыш іс-шарадағы құттықтау сөз сөйлеу еншісі облыстық Немістер қоғамының директоры Николай Фастқа берілді.

Мерекелік жиын вокалдық және хореографиялық концерттік бағдарламаға  ұласты.  Атап айтсақ, бишілердің орындауында “Gemüsetanz” биі ұсынылды. “Überall sind schone Bunte Farben”, “Hej Jo”, “Juwel band”, «Zicke zacke Juwel band», “Und war sie schon war noch einmal” және т.б. әндері шырқалды.

Кеш соңы көрермендердің  “Көкөніс себетін көтерген қыз” сахна қойылымын тамашалауымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚХА Кеңесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХА Кеңесінің отырысында өз өңіріндегі этносаралық қатынастар мәселелері туралы айтып берді.

Ол Түркістан облысының күрделі этносаралық жағдайын ескере отырып, облыста этносаралық қатынастарды қалыптастыруда жаңа тәсілдер әзірленгенін атап өтті. Аймақта туындаған қақтығыстарды талдай отырып, этносаралық қатынастар картасы жасалғандығын және, оған құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың ерекше назар аударып, этносаралық жағдайды бақылауда ұстау қажет екенін басып айтты. Қ.Тоқаев өңір басшысынан облыста еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс істеп жатқан “Достық үйін” ашу мүмкіндігі туралы сұрады. Шүкеев жақын арада жаңа “Достық үйінің” құрылысы басталатынын мәлімдеді.Осыған қатысты біздің облысымыздың да көрнекті аудандарында да “Достық үйлері” ашылса екен деген тілек бар. Бұл өте жақсы бастама,ұсыныс екен. Толық қолдаймын. Облысымыздың аудандарында ғажайып достық ғимараттары орын алса, олар мәдениет үйлерінен кем жұмыс жасамас еді. Этномәдени бірлестіктер өздерінің орталықтарын, кабинеттерін ашып, бір жерде шоғырландырып, әр салт-дәстүрге қатысты этнос жастары үшін түрлі үйірмелер де ашуға болушы еді. Сондай-ақ, “Балапан” телеарнасының жұмыс жүйесіне ҚХА Аналар кеңесінің мүшелерімен қатысуымен түрлі танымдық, тәрбиелік мәні бар ұлттық, этностық аннимациялар арқылы кішкентайларымызға арналған телебағдарламаларды ұйымдастыру көзделіп отырғаны мені қуантты. Бәріміз де немере сүйіп отырған жандармыз, расымен де, қай арнаны ашсақ та, шетелдік мультфильмдердің көрсетілуі басым. Сондықтан да, аталмыш телеарнаға жаңашылдық кіргізу жөніндегі телеарна басшысы Сандуғаш Кенжебаеваның жоспар- ұсынысы маған өте ұнады. Осы тұста айта кетерім- Аналар кеңесімен бірлесе жұмыс істеу арқылы ұлттық арналар жаңадан құрақ жайып өсіп келе жатқан сәбилеріміздің “Достық үйі”, “ассамблея”, “этностар” деген ұғымдарды кішкентайынан санасына сіңдіріп, таңқалушылықпен карамай, қалыпты түсінік ретінде қабылдауға тәрбиелетер еді. Сондай-ақ, бұл үрдіс бала-бақша, одан мектеп қабырғасында да жалғастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева

Бүгін онлайн режимде ҚХА-ның кезекті кеңейтілген отырысы өтті.

Біз еліміздің басқа да этномәдени бірлестіктерінің өте қызықты баяндамалары мен тәжірибелерін тыңдадық. Ең өзекті мәселелер көтерілді: Интернеттегі балалар, білім, этносаралық қатынастар. Менің ойымша, барлық бағыттар маңызды, өйткені олар біздің заманымыздың өзекті тақырыптарына қатысты: патриотизмді тәрбиелеу, моральдық және этникалық нормалар, жастарға білім беру және басқалар. Аналар кеңесінің жұмысына да көп көңіл бөлінді. Бұл әйелдермен, балалармен, отбасылармен жұмыс. Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде үлкен рөл атқарады деп санаймын. Бұл этносаралық келісім, Мәдени мұра және еліміздің тарихына деген ғылыми көзқарас. Этностардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы саясатын мақсатты түрде жүргізетінін және олардың қақтығыстарға ұласуын болдырмау үшін, қақтығыстардың алдын алу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақыратынын айтты. Бұл отырыс ҚХА, этномәдени бірлестіктер төрағаларының жұмыс тәжірибесін тағы да көрсетті және дәлелдеді. Елімізде неше этнос бар, олардың әрқайсысының өз дәстүрлері, әдет-ғұрпы, тілі, тарихы бар және тек Қазақстан азаматы ғана еліміздің тарихымен мақтана алады.

 

 

Сарысу ауданы Қазақстан

халқы ассамблеясы

қоғамдық келісім

кеңесінің төрайымы         Светлана Кужаназарова

Жыл сайын екі оқиғаны асыға күтемін – Президенттің халыққа жолдауы мен ҚХА кеңейтілген отырысы.

Бүгінгі отырысындағы өзекті мәселелер бұрынғыдан өзгеше қарастырылды.  Президентіміз Тоқаев Қ.К. өз жұмысын қаншалықты анық және мұқият жүргізетінін атап өткім келеді. Халқымыздың  өмірінің барлық аспектілерін қарастырып шын мәнінде қоғам мен әр азаматтың әл-ауқатын ойланады. Біздің Президенттер саясатының сабақтастығын атап өту маңызды. Бәсекеге қабілетті тұлға мен көптілділік мәселесі туралы біздің Елбасымыз бірнеше жыл бұрын айтқан болатын , ал бүгін Қасым Жомарт Кемелұлы тілдердің білуің маңыздылығына тағы бір рет тоқталды. Бірнеше тіл біліп жас ұрпаққа үлгі көрсетеді.Біздің болашағымыз жастарда. Жастарымыз бәсекеге қабілетті болуы керек. Ал осындай мақсатқа жету үшін  сапалы білім мен  бірнеше тілді білу жағдайында ғана мүмкін болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарта Тоқаев өзінің бүгінгі сөзінде көптілділікке тоқталып, халықаралық тәжірибені зерделеу және біздің жағдайымызға бейімделу қажеттігін баса айтты. Сапалы білімге  назар аударып тәрбиенің маңыздылығынын туралы ескертті. Жастарымызға дұрыс тәрбие бере отырып, оларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету арқылы біз оларға қауіпті үрдістерден аулақ болуға көмектесе аламыз.  Сонымен қатар, Елбасы проблемаларға батыл «көзбе көз» қарайтынын және бәрінен бірдей әрекеттерді талап ететінін атап өткім келеді. Осындай проблемалардың бірі  этникалық топтасуы. Әлеуметтік-мәдени қақтығыстарға әкеледі.Біздің елдің ауылдық жерлері мен қалаларында жабық этникалық аймақтар мен кварталдардың қалыптасуының теріс тенденциясын жеңу үшін жүйелік шараларды әзірлеу қажет.

Қорытындылай келе, Отанымыздың болашағы бізге байланысты екенін айтқым келеді. Әр азамат мемлекеттен күтпей, жарқын болашаққа үлес қосуға міндетті. Әрқайсымыз  балаларды дұрыс тәрбиелеп ,сапалы білім беріп,халықтың игілігі үшін жұмыс істеу керек. Тек осы ең ем жағдайда ғана біз барлық стратегиялық мақсаттарға қол жеткіземіз. Бірге біз – күшпіз, біз – үлкен отбасымыз.

 

Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнгендер қауымдастығының мүшесі, Тараз  қалалық 34-мектептің директоры Динара Хатамқызы

Page 1 of 2
1 2