Тараздағы Достық үйіне Өзбекстан Республикасынан делегация келді

Ағымдағы жылдың маусымында өңірлік Достық үйіне Өзбекстан Республикасы Премьер министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов бастаған өзбек делегациясы ат басын бұрды.

Этносаралық келісім мен қоғамдағы бірлікті одан әрі нығайту, екі ел арасындағы достықты арттыруды басты мақсат етіп келген бауырлас халық аймақтық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Тараз қаласындағы өзбек ұлтының өкілдері мен Өзбекстан Республикасынан келіп жұмыс істеп жүрген азаматтармен кездесті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған келелі кездесуге Өзбекстан Республикасының делегациясы, облыстық әкімдіктің және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы және мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Көршілес елден келген делегацияны күтіп алу шарасы Облыстық этномәдени бірлестіктердің экспозициялары және өзбек этномәдени бірлестігінің көрмесін таныстырумен басталды. Көрме басрысында сан түрлі этностың тарихынан сыр шертер ұлттық нақыштар және өзбек халқының бұйымдары туралы толық қанды мәлімет беріліп, сәні мен сәулеті келіскен Достық үйінің ішіне саяхат жасады.

Мұнан соң өңірге келген бір топ делегация өкілдерінің қатысуымен өңірлік өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері және Жамбыл облыстық ЭМБ жетешілерімен жиын өтті. Онда бауырлас екі елдің саясаты, аймақтық өзбек этносының хал-ахуалы сынды ортақ мәселелер қозғалды. Жиын барысында модераторлық еткен Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жаманкөзов аймақтық ассамблея мен этностар туралы жалпы ақпарат беріп, сөз тізгінін Өзбекстан Республикасы Премьер министрінің кеңесшісі М. Хайриддиновке берді.

Делегация басшысы «2021 жыл Өзбекстан үшін ерекше жыл. Бізде Қазақстан секілді биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сонымен қатар, биылғы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа да 30 жыл толып отыр. Бауырлас халықтардың арасындағы байланыс жан-жақты нығайып жатқанына қуаныштымыз. Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Тараз қалаларын аралап келеміз. Алда Түркістан мен Шымкент қалаларына баруды жоспарлап отырмыз. Мұндағы басты мақсат 24 қазан күні өтетін Өзбекстан Президентін сайлауда Қазақстанда уақытша тұрып жатқан өзбек азаматтарының сайлауға белсенді қатысуға шақыру болып табылады. Мен Қазақстанда тұрып жатқан өзбек этносының сайлауға біркелкі қатысатынына сенемін» деп, сұрақ қоюшы, тілек білдірушілер болса кері байланысқа шығатынын айтты.

Мұнан соң сөз кезегі Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов «Жамбыл облысына қош келдіңіз! Бұл жер достық үйі деп аталады. Мұнда отыруымыз тегін емес. Достық үйі барлық этнос өкілдерінің басы қосылатын, түрлі мәселелер талқыланатын бірегей алаң. Жергілікті өзбек этностары туралы айтар болсам қыз беріп қыз алып құдаласып жатқан, қазақ елімен туыстас, бауырлас халықпыз. Мұнда бізді ешқашан өзбек халқы деп бөліп жармай, тіпті шен беріп жоғарғы билікке де отырғызды. Одан өзге осы залда медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, Ауған соғысының ардагерлері, музыканттар, құқық қорғау қызметкерлерінің өкілдері отыр. Мұнда ешқашан бізді қазақсың, өзбексің деп бөлмей бірдей қараған. Мұнда өзбек этностарының балалары арналған бала-бақшалар мен мектептер бар» – деп, жергілікті өзбек этносының тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.

Жиын соңыңында делегация мүшелеріне сұрақтар қойылып, тілектер айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Зайырлы Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа 30 жыл

Ел егемендігінің 30 жылында Отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен, келешекке деген батыл мақсаты бекіген қуатты, құнды мемлекетке айналды. Қазақстандағы қоғамның рухани дамуы мен жан-жақты өсу факторларының негізі – зайырлылық екені даусыз.

Еліміздің Тәуелсіздік алған кезеңдегі маңызды жетістіктерінің бірі саяси тұрақтылық, конфессияаралық келісім және дінаралық толеранттылық. Республикада құқықтық теңдік, ұлты мен қай діннің өкілі болғанына қарамастан, барлық азаматтардың экономикалық және қоғамдық бостандығы үшін барлық жағдай жасалған. Әлемнің барлық елдерінде, сондай-ақ біздің мемлекетіміздің де әлеуметтік өмірінде дін маңызды рөл атқарады. Жыл өткен сайын бұл рөл күшейе түсуде.

Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың жеке модельдерін іздей отырып, көптеген елдер зайырлы мемлекеттілік қағидатына таңдау жасады. Зайырлы мемлекет – толерантты, еркін, демократиялық. Бір жағынан, мұндай үлгі ұлтты біріктіруге, мәдениетаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, ортақ іс пен өркендеу үшін диалог орнатуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ол біртұтас халықты құрайтын этникалық топтардың, мәдени, діни қауымдастықтардың өзіндік ерекшелігін сақтайды.

Ата-Заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.

Бүгінде Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады.

Зайырлы мемлекеттің маңызды аспектісі – дін ережелері конституциялық жүйеге қайшы келмеуі, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі, әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты тудырмауы керек. Яғни діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың нақты тетігін жасайды. Түрлі ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл бұрынғыдан да өзекті. Осы орайда Елбасымыздың тағы бір сөзі ойға оралып тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан – зайырлы мемлекет, сондықтан дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Ар-ождан бостандығына Конституция кепілдік береді» деп нақтылаған болатын.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің еліміз халықтың рухани дәстүрлерін жаңғырту мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін нақты мысалдармен көрсетті. Мемлекетіміз тек әділетті әлемдік тәртіп адамзат қоғамының өркендеуінің негізі бола алатындығын дәлелдеді.

«Тараз қаласының өзбек орталығы»

қоғамдық бірлестігі жетекшісі

Абдурахман Зайнутдинов

 

Таразда ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларовпен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың тоғызыншы шілдесінде Достық үйінде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларовпен Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері және ЭМБ жетекшілерінің кездесуі өтті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен өткен іс-шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларов, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Бейқұт Жаманкөзов және аймақтық ЭМБ жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, БАҚ мүшелері қатысты.

Кездесу басы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Бейқұт Жаманкөзовтың алғы сөзімен басталды. Ал, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларов өңіріміздегі этносаралық күрделі мәселелерді талқыға алып, этникалық топтардың өзара келісімі, бейбітшілік пен тұрақтылық саясаты және біздің облыстық ассамблеяның белсенді жұмыс жасап жатқанын алға тарта отырып, алда атқарылуы тиіс бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Латиф Айдаровта облыста орын алып жатқан біраз олқылтарды тарқата айтып, бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Жиын соңында этномәдени бірлестік жетекшілері мен өкілдер депутатқа өз ұсыныстары мен сұрақтарын жолдады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Елорда күніне орай фестиваль өтті

Ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Елорда күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» фестивалі өтті.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, сақтау және болашақ ұрпаққа этностар мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу болып табылады.

Аймақтық ассамблея шығармашылық топтарының қатысуымен өткен фестивальдің шымылдығын «Үкілім-ай» би ансамблі қазақ биімен ашты. Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал Досымбекова аймақтық ассамблеяға және қоғамға еңбегі сіңген бірқатар жандарды облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаттарымен марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.

Еңбегі еленіп, алғыс арқалағандардың қатарында облыстық М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігің өкілі Данияр Абдусаметов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Ибрагим Зуфаров, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Қабиева, «Вайнах» Жуалы ауданы бойынша шешен этномәдени орталығының төрағасы Лечи Оздамиров, «Шиват-цион» еврей этномәдени бірлестігінің өкілі Наталья Перфильева, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының басшысы Бибігүл Утепова, бас есепші Рабиға Асанкулова, «Juwel» неміс жастары ұйымының өкілі Дарья Борсукова, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшелері Мишель Вернер және Рамазан Искаков болды.

Фестивальдің концерттік бағдарламасында «Infiniti», «Үкілім –ай» би ансамбльдері, «Калинка» вокалдық тобы және Аян Тынышбек, Әсем Әбілбай, Қосақбаева Ақбота өнер көрсетті.

Кеш соңы Нұр-Сұлтан қаласына арналған әсем әнге Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастарының флешмоб билеуімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Елорда күніне орай фестиваль өтті

Ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Елорда күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» фестивалі өтті.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, сақтау және болашақ ұрпаққа этностар мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу болып табылады.

Аймақтық ассамблея шығармашылық топтарының қатысуымен өткен фестивальдің шымылдығын «Үкілім-ай» би ансамблі қазақ биімен ашты. Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал Досымбекова аймақтық ассамблеяға және қоғамға еңбегі сіңген бірқатар жандарды облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаттарымен марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.

Еңбегі еленіп, алғыс арқалағандардың қатарында облыстық М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігің өкілі Данияр Абдусаметов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Ибрагим Зуфаров, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Қабиева, «Вайнах» Жуалы ауданы бойынша шешен этномәдени орталығының төрағасы Лечи Оздамиров, «Шиват-цион» еврей этномәдени бірлестігінің өкілі Наталья Перфильева, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының басшысы Бибігүл Өтепова, бас есепші Рабиға Асанкулова, «Juwel» неміс жастары ұйымының өкілі Дарья Борсукова, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшелері Мишель Вернер және Рамазан Искаков болды.

Фестивальдің концерттік бағдарламасында «Infiniti», «Үкілім –ай» би ансамбльдері, «Калинка» вокалдық тобы және Аян Тынышбек, Әсем Әбілбай, Қосақбаева Ақбота өнер көрсетті.

Кеш соңы Нұр-Сұлтан қаласына арналған әсем әнге Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастарының флешмоб билеуімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Екі күнге созылған семинар мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың 29-30 маусымы күндері өңіріміздегі Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының ұйымдастыруымен «Интернет кеңістігіндегі коммуникацияның жаңа технологиялары: даму болашағы мен мәселелері» атты семинар-тренинг іөтті.

Этносаралық қатынастар мен тұрақтылық саясаты туралы біліктілікті арттыру дәрістеріне облыстық бұқаралық ақпарат құралдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, Полиция департаментінің Баспасөз орталығының тілшілері, психологтар қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты, әрі міндеті – қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда журналистиканың рөлін жан-жақты ашу, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен облыс журналистері арасындағы байланысты нығайту, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін ашық диалогқа тарту болып табылады.

Дәріс алуға келген журналистер, ЭМБ өкілдері мен жастарды облыс әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова қарсы алып, алғы сөзін арнады.

Екі күнді қамтыған тренингте «Алматы» телеарнасы Бас директорының кеңесшісі, журналист – Рауан Есқали, «Рух» психология және тұлғаны дамыту» орталығының директоры, психолог – Резеда Баймухамедова, Жамбыл облысының ардагер журналисті, 2015 жылғы «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпазы – Михаил Бунин қатысушыларға дәріс өткізсе, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының психологы- Лола Шакимова ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, дәріс берді.

БАҚ өкілдеріне және этномәдени бірлестік мүшелеріне арнап Рауан Өмірұлы «Ақпараттық замануи интернет-журналистика», «Ұлтаралық қақтығыстарды шешудің әдістері мен тәсілдері», «SMM (social media marketing) мәтіндері мен пресс-релиздерді қалай дұрыс жазуға болады?», «PR» немесе қоғаммен байланыс» тақырыптарында, Резеда Салимжанқызы «Қоғамдық сананы насихаттау мен манипуляциялаудың психологиялық аспектілері», «Ақпаратты қабылдаудың интерактивті тренингі», «Этносаралық қақтығыстарды шешу ерекшеліктері: халықаралық аспект», «Ақпаратты қабылдаудың психологиялық аспектілері» тақырыбтарында семинар тренингтер жүргізді. Ал, Лола Сергеевна «Жанжалды жағдайларды шешуде нейролингвистикалық бағдарламалауды тәжірибелік қолдану» атты дәрісін онлайн форматта өткізсе, Михаил Вениаминович «Бірлік тілі. Газеттегі және эфирдегі сөздердің мағынасы» тақырыбында журналистерге арналған шеберлік сабағын өткізді. Дәріс беру барысында Рауан Өмірұлы белсенді қатысушыларға соңғы үлгідегі электронды сағат пен «Әдемі-ай» ұлттық зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар компаниясының арнайы флеш-картасын табыс етті.

Дәріске қатысушылар аталған шараның біздің өңірге керектігін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, аталмыш семинар-тренингтердің жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген тілектерін де білдірді.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы біздің еліміздің басты саясаты болып саналатын бейбітшілік пен тұрақтылық арқасында елімізде сан түрлі ұлттың тату-тәтті тұрып жатқанын тілге тиек етіп, әрбір қазақстандықтық осы саясат тұрғысында хабардар болу керектігін алға тартты. Сонымен қатар, екі күн бойы алтын уақыттарын бөліп қатысқан қатысушыларға және дәріскерлерге алғысын білдірді.

Семинар тренингтің соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, естелік фото-сессия ұйымдастырылды.

Аталған біліктілікті арттыру дәрістері түрлі форматта әр жыл сайын жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы