Мінбердегі міндеттер-мемлекеттің мерейі үшін

Егеменді еліміздің аясында бірқатар этнос өкілдері тату-тәтті тұрып жатқаны-біздің мемлекеттің мерейі. Тәуелсіздік алғанға дейінгі қиын-қыстау кезеңдерде де қазақ халқы өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, бір үзім нанды бөліп жегені тарихтан белгілі. 2020 жыл басталғалы Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл толды деп, осы елеулі дата аясында еңселі тірліктер атқарылды. Біздің облысымыздың өзінде-ақ «Бейбітшілік және келісім» жобасы жүзеге асып, көз қуантар тірліктер тындырылды.

Жақында ғана Қазақстан Халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өткен болатын. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев: «Бүгін біз жаңа VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынып отырмыз. Мемлекет басшысы Ассамблеяның XXVIII сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, онда 9 депутат сайланады. Бұл сайлау алдағы жылдардағы этносаралық қатынастар саласында саясаттың тиімділігін қайта арттыруы тиіс»,-деді өз сөзінде. Сондай-ақ, жақын уақытта жүзеге асуға тиіс 5 міндетті нақтылап соның аясында еңбек етуге шақырды.

Ең алдымен, бірінші міндет-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық жаңғырудың өзегіне айналуы тиіс екендігін баса айтты. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет» деп атап көрсетті. Бағзы замандардан үзілмей бүгінге жеткен салт-дәстүрлеріміз, жөн-жоралғыларымыз, әдет-ғұрпымызды заман ағымына сай жаңартып, жаңғыртып отырмасақ, ел болып ұйысып, ұлы мақсаттарға ұмтылып, алға жылжымасымыз анық. Рухани бұлақтың бітеліп қалуына жол бермей, сол бұлақтың суынан қанып ішіп, нәрі бойымызға қуат берсін. Тәрбиемізбен берілген біліміміз келешекте біздің бәсі биік бәйгеде оза шабуымызға зор үлесін қосатыны ақиқат.

Ал, екінші бағытта «Ұлттық жаңғырудың басында мемлекеттік тіл мәселесі тұру қажет» деп қадап айтты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген болатын. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөзіне сүйенсек, қазақ тілін мәртебесін асқақтатуды әр азамат абыройлы міндетім деп ұғынғаны абзал деп есептеймін.

Міне, кеңес отырысында қаралған 5 міндеттің ішіндегі алдыңғы екі бағыт менің көңілімнен шықты. «Бірлігі мықты ел озар» деген қағиданы ұстанатын көшбасшымыз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың» үлгісін көрсетіп келеді. Қиын сәттерде халықтың жанынан табыла білу, мұң-мұқтажын ескеріп, колдау көрсету-нағыз жанашырлықтың үлгісі. Адамның бойындағы бұл қасиет-тәрбиенің тамыры тереңге жайылғанын аңғартады. Ал, әділетті басшыға артынан ерген халқы қашан да қошемет көрсетіп,

қандай бастама болмасын білек сыбана кірісетіні сөзсіз. Рухани азығы мол ел ғана ұзаққа құлаш сермей алады.

Шу ауданы әкімдігінің ішкі

саясат бөлімінің басшысы

Рахымбаева Айнұр Қамшыбайқызы

Сонымен 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет мерзімінен бұрын емес, ағымдағы шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімінде өтеді.

Тұңғыш рет әйелдер мен жастарға 30 проценттік квота енгізілді. Мысалы, қазір еліміз бойынша 3 мыңнан астам мәслихат депутатының 60-ы ғана жастар. Үшіншіден, 10 қаңтарда мәслихаттарға да сайлау өтеді және олар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталады. «Бұл партиялардың өз позицияларын елдің саяси жүйесінде нығайтуға қосымша мүмкіндік береді», деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.

Менің ойымша болашақ депутаттардың орташа жасы айтарлықтай жасарады деп есептеймін, экономикалық дағдарыс пен пандемия кезінде конструктивті жұмыс істейтін Парламент керек, демократия маңызды құрал, алайда елдің тұтастығы одан да құнды, одан да маңызды деген сенімдемін.

Жамбыл ауданы «Қоғамдық келісім» КММ

кеңесінің хатшысы Асан Әділет Айтбекұлы

Биылғы жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Елбасы құрған бірегей институт айтулы дата аясында Н.Ə.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының мəні мен мақсатын ашып көрсете отырып, Қазақстан халқын біріктірге басымдық берді. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің, ішкі тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың мәдениет аралық диалог пен толеранттық көзқарастардың ілгерлеуіне ықпал етті. Тағдыр табыстырған , тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласты. Ынтымақты ырысқа , алуандықты байлыққа балаған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке- бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл -егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Осы уақытқа дейін елді біртұтастыққа шақырудан жаңылған емес, əрі қарай да осы бағытта өз міндетін лайықты жалғастыра беретініне сенемін және қолдаймын.

Қазақ этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Айгүл Сейсенбекқызы

2016 жылғы 20 наурызда сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылғы наурызда аяқталады. Сайлау заңнамасына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын Президент Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуынан кемінде бес ай бұрын тағайындайды және ол 2 айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Осылайша, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны қатаң түрде осы белгіленген конституциялық мерзімдерге сәйкес тағайындалды және кезекті болып табылады. Жоғары өкілді органды сайлау – елдегі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Дәл осы заң шығарушы орган мемлекет тетігінде басым орынға ие және тек Парламент қана заң арқылы халықтың еркін білдіру құқығына ие болып жұмыстар атқарады деген сенімдемін.

Джамалов Зиядин Бадырович,

Жамбыл ауданы бойынша «Вынхуа» дүнген

этномәдени бірлестігінің төрағасы,

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі

Әділ сайлау өтеді

 

Заң бойынша мәслихат депутаттарын президент пен сенат депутаттарымен бір уақытта сайлауға болмайды.

Осы жолы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын 2021 жылы 10 қаңтарда өткізу ұсынылды. Ал мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын бірге өткізу заңға қайшы емес.

Менің ойымша қазіргі жағдайда осы екі саяси шараны бір уақытта өткізудің арқасында бюджет қаржысын да үнемдеуге болады. Оған қоса, мәжіліс мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі жағынан ұқсас, үгіт-насихатты бір уақытта бастауға да мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Нәсіпбекұлы Береке

Сонымен, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда ҚР Конституциясына сәйкес Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы өтеді.

Көптеген сарапшылар 2019 жылғы Президент сайлауынан кейін Парламенттің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы болжамдар айтқан болатын, бірақ ол расталмады.

Қазіргі Мәжілістің өкілеттілігі 2021 жылдың 25 наурызында аяқталады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 85 бабы, 2 тармағына сәйкес, Парламент Мәжіліс депутаттарының сайлауын Қазақстан Президенті белгілейді.

Ол Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 5 ай бұрын белгіленіп, 2 ай бұрын өткізілуі керек екенін ескерсек, кезекті Парламент Мәжілісінің сайлауы 2021 жылдың 24 қаңтарынан кешіктірілмей, сәйкесінше, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің сайлауын 24 қазаннан кешіктірмей белгілеп, қазіргі таңда сайлау науқанына барлығы дайындалып кетті.

Алдымызда келе жатқан сайлау барысы заң талаптарына сәйкес өтеді деген сенімдемін.

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі, дүнген ұлтының өкілі

Шербаев Бахром Солмазович

Сайлауда дауыс беру менің Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде міндетім деп санаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау жайлы үндеуінде барлық деңгейдегі мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалғаны да айтылған.

«Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды» делінген сайлау туралы жарлықта. Менін ойымша әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алдағы уақытта өтетін сайлауда дауыс беруі керек және саулаудың әділ өтетініне сенемін.

Жамбыл ауданы әкімдігінің телеарна тілшісі,

ұйғыр ұлтының өкілі

Алеханова Мухаббат Бахытовна

2021 жылдың 10-шы қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті

Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар сайлауы келесі күні – 11 қаңтарда өтеді. Орталық сайлау комиссиясына саулайға дайындық және оны өткізу шараларын ұйымдастыру жүктелді. Мемлекет басшысы жариялаған үндеуінде барлық саяси партиялардың сайлау науқанына дайындалуы керектігін айтып, жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көп-партиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданғанын жеткізді.

Жалпы, Парламент жұмысына өзгерістер енгізіледі. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Мемлекет басшысы барлық азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Жамбыл облыстық

Жамбыл ауданы

Қазақстан халқы ссамблеясының мүшесі

Жапаров Рахымбек Керимкулович

2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Алқалы кеңеске Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдері – ҚХА төрағалары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА Кеңесінің мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қарастырылды.

Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы «Бүгін этносаралық қарым-қатынастарды дамытудың жаңа кезеңінің уақыты келді.

11 қарашада өткен Ассамблея Кеңесінде Елбасы этносаралық қарым-қатынас саласында жаңа инклюзивті саясатқа сұраныс барын баса айтты. Ассамблея Төрағасы алдағы уақытта қоғамның бірігу үдерістерін тереңдетуге бағытталған шараларды әзірлеу маңызды екенін тапсырды.

«Қазақстанның этникалық және мәдени алуан түрлілігін –бәсекелестік артықшылыққа және елдің тәуелсіздігі мен дамуын нығайтуға арналған құралға» трансформациялау қажеттілігі белгіленді.

Бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайту, этностар арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа алаңдарын қалыптастыру, этникалық мәселені саясиландыруға жол бермеу, этникалық негіздегі кез келген жанжалды бейтараптандыру маңызды екенін көріп отырмыз. Бұл – барлық билік институттары мен азаматтық қоғамның мәселесі.

Биыл қысқа мерзімде еліміздегі этносаралық процестерді басқаруға қатысты әдістемелерді ауыстыруға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылды. Олар институционалды түрде анықталған сипатқа ие болып отыр.

Ассамблеяның барлығы сенім білдіретін жалпы азаматтық, саясаттан тыс және жалпыхалықтық институт ретінде құрылымдық және сапалық тұрғыдан жұмысын қайта бастап жатқан жайы бар.

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жақында өткен отырысында біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылы іске асырылуын қорытындылап,

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жақында өткен отырысында біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылы іске асырылуын қорытындылап, жұмыстың алдағы уақыттағы басымдық берілетін бағыттарын айқындадық.

Жаңа жағдайларды ескере отырып, бірқатар жаңа жобалар енгізілді, оны тәжірибелік тұрғыдан толық қамту және тереңдету бойынша арнайы Жол картасы әзірленді. Оның негізгі мәні – ұлттың бәсекеге қабілеттілікті арттыру» деп атап өтті мемлекеттік хатшы.

Сабри Асанов, Жамбыл ауданы бойынша

«Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Қазақстан Халықтық Кеңесінің отырысы Мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен 2020 жылдың 11 желтоқсаныңда болып өтті. Отырыс барысында мемлекет хатшысы ұлт аралық қатынасты нығайту жөнінде қабылданған шешімдер жөнінде айтып өтті. Қазақ тілінің ұлт аралық қатынасты нығайту жөніндегі рөлін, 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетің сайлауға Ассамблея мүшелерінен 9 адам депутаттыққа түсетіні жайында айтып өтті. Әрине бір мемлекет болғаннан кейін бір атаның баласындай тату тұрғанымыз абзал.

Татулыққа, бірлікке қазақ елі де, Қазақстанда тұратын басқа ұлттар да қарсы емес екенің, өзге ұлт өкілдері бір бірімен, қазақ елімен тығыз қарым-қатынаста, етене жақын, ажырамастай араласып жатқаның, бір-біріне деген достық көңілдеріне бәріміз куәгерміз. Адам болғаннан кейін адамдар арасында қақтығыстар болып тұрады. Екі адамдық қақтығыс ішінде біреуі өзге ұлт болып қалуы мүмкін. Кеңес отырысында осындай қолайсыз жағдайларды ұлт аралық келіспеушілікке айналдырмау жөнінде де айтылды. Алдағы сайлау әділетті түрде өтеді деп толық сенім білдіремін.

Бергенбай Ербол Шолпақбекұлы

«Жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторы

Page 1 of 4
1 2 3 4