Тараз қаласының Достық үйінде ҚХА Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынның модераторы болып облыстық ассамблея Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Сайдуллақызы Миражапова сөз сөйлеп, кеңестің бір жылда атқарған жұмысы туралы кең көлемді баяндама жасады.

Іс-шараның басты мақсаты – кеңестің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылау, көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шаралардың жүзеге асуын талқылау, аудандардағы аналар кеңесінің іс тәжірибесімен таныстыру, сонымен бірге аудандық мектептердегі балалардың тамақтану мәселелері, пандемия кезіндегі стрессті жағдайлардан шығу жолдары, аналарды өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру.

Жиынға Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің аналар кеңесі, аудандық аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық білім басқармасының мамандары, Жамбыл өңірлік университетінің беткеұстар білікті психологтары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы аясындағы аналар кеңесінің көшпелі отырыстарында қарастырылған түйткілді мәселелер де талқыланды. Бұған қоса, қаладағы жоғары оқу орындарының психолог мамандары «Дағдарыс жағдайының психотерапиясы» атты тренинг, «Эмоционалды интеллект басқару» тақырыбында тимбилдинг өткізді. Тимбилдингте пандемия кезінде жауапкершілігі еселене түскен аналардың дағдарыс жағдайдан шығуына арналған кеңестер берілді.

«Бүгінде Аналар кеңесі – облыс орталықтарынан ауылдарға дейін жеткен үлкен ұйым. Аналар кеңесінің алдында тұрған жұмыстар өте көп және сан алуан. Және де зор жауапкершілікті қажет етеді түсінген адамға. Бүкіл әлемде қазір жаңғыру, жаһандану процесі жүріп жатыр және біз оған міндетті түрде атсалысуымыз керек. Сан қырлы жұмысымыздың ішіндегі әр этностың өз-өзін сақтап қалуы үшін ең негізгі жұмыс – тәрбие. Ал тәрбиелі балалар – біздің болашағымыз. Тәрбиелі ұрпақ жамандық жасамайды ешкімге. Біз алға қойған негізгі мақсат та дәл осыған келіп тіреледі. Әр ауданның да өз проблемалары бар, оларды аналар кеңесінің қатысуымен шешу қажет. Бүгінгі таңда кеңес өкілдері біздің облыста болып жатқан барлық іс-шараларға, саяси-идеялық, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға белсенді қатысады. ҚХА Аналар кеңесінің мақсат, міндеттері тек игілікті істермен айналысу», – деп есептейді Мухаббат Миражапова.

Жиын соңында Аналар кеңесінің белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, оларға өңірлік ассамблея іс-шараларына қатысып, еткен ерен еңбектері үшін тағайындалған сыйлықтар табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Облыстық ассамблея жастары ұлттық мұрамен танысты

2020 жылдың 12 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу және қазақстандық жас буынға мәдени-рухани тәрбие беру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы» атты шығармашылық кездесу өткізді. Іс-шараға облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру Жолы» ЖҚ облыстық штаб мүшелері мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев оркестір жұмысымен толық таныстырды. Жастар қазақ музыка өнерінің негізін салушы Әміре Қашаубаев, Күләш Бәйсейітова, Құрмаңғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпеисова, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы тұлғалардың өмірі және өнер тарихы, сондай-ақ қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеткен жетістіктерімен танысты.

Сондай- ақ, облыстық ассамблея жастары қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дайындығында болды. Ұлттық аспаптардың шығу тарихын, әр аспаптың ерекшелігімен үнін тындады. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі келген жас қонақтарға арнап «Сарыарқа», «Адай» шығармаларын орындады.

Ұлттық музыка аспаптарының өткеніне көз жүргіртсек, ән де, әуезді аспап та қазақта көп болғанын аңғару қиын емес. Байырғы қазақ тастан да, ағаш пен өсімдіктерден де, мал терісі мен сүйегі, мүйізі мен ішегінен, керек десеңіз, қылдан да сан түрлі аспап жасаған. Кейінгі ұрпақ атын да естімеген қаншама аспап бар.

Ұмытылып кеткен аспаптарды өскелең ұрпаққа насихаттау біздің басты борышымыз.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы



Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» тақырыбында ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. 2020 жыл Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Ассамблея барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған қасиетті мекен. Азаматтық татулық пен этносаралық келісім мемлекетіміздің басты саясаты. Өкінішке орай, қазіргі қиындау жағдайға байланысты айтулы мерейтойды кең көлемде атап өте алмаймыз. Дегенмен де, бейнебайланыс режимінде өткен кеңестің өзінде ұлтаралық достықтың қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін аңғара білдік.

Жамбыл облысы ҚХА мүшелері елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өз ұйымшылдықтарын көрсетуден тайған емес. Оған дәлел ретінде атқарылып жатқан қаншама акциялар мен қайырымдылық жұмыстарын айтуға болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жыл бойы түрлі этностардың күш біріктіруін қамтамасыз етіп, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және әрі қарай дамытуын қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда Жамбыл облыстық ассамблея мүшелерінің көбі дерлік қазақ тілінде еркін сөйлей алады десем қателеспеймін! Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде этнос өкілдері бірлікте боларына кәміл сенемін!

Абдуллаев Дуниядар Мизамович

Жамбыл облыстық ҚХА және

облыстық «Ахыска» түрік этномәдени

бірлестінің мүшесі

Жамбыл облысында Жастар ресурстық орталығында «Жастар арасында ажырасудың алдын алу» тақырыбында тікелей эфир өтті

Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы Жамбыл аудандық жастар үйінде аталған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастар арасында ажырасудың алдын алу» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Іс-шараның мақсаты – ажырасу үрдістерінің, отбасылық-неке қатынастарынан туындайтын даулардың санын азайту. Оған мекеменің заңгер-консультанты Шәріпбай Айбекғұланұлы, «Татуласу, татуластыру» орталығының төрағасы, ҚХА медиаторы-Амирова Нұрлыкүл Сейсенбайқызы, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері, «Жамбыл Ауданы Жастары» атты «Фейсбук» парақшасын пайдаланушылар қатысты.

Н.С.Амирова тікелей эфирде өз сөзін былай бастады: «Әрбір отбасы – бұл біздің қоғамның ұясы! Және бұл қандай болады, әрқайсымызға байланысты. Отбасылық өмір үрдісінде әрқашан оң бағытта шешілуі керек белгілі бір қиындықтар туындайды, сондықтан ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қарым-қатынасты сақтауға, отбасылық бақытты сақтауға барынша күш салады. Неліктен жастар арасында ажырасу саны өсуде? Себептердің бірі – келіссөздер жүргізе алмау, бір-бірін тыңдамау және өзіндік бір ымыраға келе алмау. Әрине, отбасы ішіндегі татулық пен бірліктің ыдырау себептеріне материалдық проблемалар, тұрғын үй қиындықтары, жағымсыз әдеттер (алкоголизм, нашақорлық, опасыздық және т.б.) болса, бұл келеңсіз жағдайдан шығудың жолы қаншалықты қиын болса да, оны шешудің де жолы тек ерлі-зайыптылардың ортақ мәмілеге келуі. Некенің берік болуы үшін олардың бірі өз сыңарын өзі ретінде қабылдау, бір-біріне қамқорлық жасау, оның пікіріне төзуге және құрметтеуге үйрену және бір-бірін тыңдау қажет! Егер сіз мәселені өзіңіз шеше алмасаңыз, онда сіз әрқашан мамандарға – медиаторға немесе психологқа жүгіне аласыз», – дей келе, ҚХА медиаторы жанжалдардың алдын алу тәсілдері және оларды шешу жолдарымен таныстырды.

Консультациялар барысында мынадай мәселелер талқыланды: отбасына түсетін табыс деңгейі төмен болса да некені сақтау, жұмысқа орналасу мәселесі, ата-аналармен бірге өмір сүргісі келмеуі, құмар ойындарға үйір болуы, ата-аналардың жастардың өмір сүруіне араласуы, ерлі-зайыптылардың ата-аналарына құрметсіздігі тәрізді және т.б. жастар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық кеңестер беріліп, сондай-ақ, жеке медиативтік тәжірибелерден мысалдар келтірілді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: аталмыш консультациялар отбасындағы жанжалды жағдайлардың түпкі себептерін анықтауға көмектеседі және оларды қалай жою керектігіне зор ықпалын тигізеді. Онлайн кеңес әр отбасына деген сүйіспеншілік пен өзара түсіністік тілегімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Президент жолдауын қолдаймын

Президент Қ.Қ. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында елді одан әрі дамытудың 11 негізгі міндетіне тоқталды.

Соның бірі – мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру. Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне көзқарастарды және оларды жүзеге асыруға жауапкершілікті өзгерту қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі реформаның орталық буыны болады.

Әрине, дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тәжірибесін мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруда жүзеге асыруға болады. Сыртқы бақылау мен бекітудің көп деңгейлі жүйесінен бас тарту, мемлекеттік органдардың жұмысына жобалық тәсіл қағидаларын енгізу немесе келісімшарттық модель мемлекеттік қызметті модернизациялаудың бастауы бола алады.

Жолдаудың 5-міндеті қол жетімді және сапалы білім беру жүйесіне арналған. Мұнда Мемлекет басшысы еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттілікті қалыптастыру үшін бүкіл кәсіптік білім беру жүйесін қайта бағдарлай отырып, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Әрбір білім беру бағдарламасының мазмұны өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді, ал олардың әрқайсысы жеке-дара болашақ жүйені қалыптастыратын құзыреттіліктерді дамытуға жағдай жасайды: өмір бойы білім алу қабілеті, өз бетімен білім алу қабілеті, өзгермелі әлемде дағдылар мен құзыреттерді қолдана білу.

Мен бұл тәсілдің қазақстандық білім беру сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені қазіргі жағдайда өзін-өзі үнемі немесе үздіксіз дамыту сәттіліктің, кәсіби өсудің және бәсекеге қабілеттіліктің кепілі болып табылады.

«Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігі»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мулладжанов Алижон Шукурович

Президент жолдауын қолдаймын

Президент Қ.Қ. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында елді одан әрі дамытудың 11 негізгі міндетіне тоқталды.

Соның бірі – мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру. Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне көзқарастарды және оларды жүзеге асыруға жауапкершілікті өзгерту қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі реформаның орталық буыны болады.

Әрине, дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тәжірибесін мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруда жүзеге асыруға болады. Сыртқы бақылау мен бекітудің көп деңгейлі жүйесінен бас тарту, мемлекеттік органдардың жұмысына жобалық тәсіл қағидаларын енгізу немесе келісімшарттық модель мемлекеттік қызметті модернизациялаудың бастауы бола алады.

Жолдаудың 5-міндеті қол жетімді және сапалы білім беру жүйесіне арналған. Мұнда Мемлекет басшысы еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттілікті қалыптастыру үшін бүкіл кәсіптік білім беру жүйесін қайта бағдарлай отырып, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Әрбір білім беру бағдарламасының мазмұны өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді, ал олардың  әрқайсысы жеке-дара болашақ жүйені қалыптастыратын құзыреттіліктерді дамытуға жағдай жасайды: өмір бойы білім алу қабілеті, өз бетімен білім алу қабілеті, өзгермелі әлемде дағдылар мен құзыреттерді қолдана білу.

Мен бұл тәсілдің қазақстандық білім беру сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені қазіргі жағдайда өзін-өзі үнемі немесе үздіксіз дамыту сәттіліктің, кәсіби өсудің және бәсекеге қабілеттіліктің кепілі болып табылады.

 

«Жамбыл облысы  тәжік этномәдени бірлестігі»  

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мулладжанов Алижон Шукурович

Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» тақырыбындағы көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың қазанынан бастап қараша айымен жалғасқан Сарысу ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Қазақстан Республикасында патриотизм мен қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі» тақырыбындағы көшпелі кеңейтілген отырысын өткізді.

Кеңейтілген отырыстың негізгі мақсаты – этносаралық ынтымақтастық пен патриотизмді дамытудағы этномәдени бірлестіктер қызметінің маңыздылығын талқылау.

Отырысқа қатысушылар: Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, этносаралық қарым-қатынастар саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер.

Жиын барысында Мамедова Парида Иманжанқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Жамбыл облысы, Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары «Укрепление казахстанской гражданственности – важный фактор консолидации общества и суверенитета Казахстана» тақырыбында сөз қозғаса, аталған оқу орындарының оқытушылары («Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі) Еменова Гүлнар Болатбекқызы «Этнос жастарын қазақстандық мәдени кодты сақтау контекстінде тәрбиелеу» тақырыбында және («Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі) Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы «Жастардың этноконфессионалдық қатынастар саласында құқықтық құзыреттілігін жоғарылату» тақырыбында, сондай-ақ («Педагогика және психология» кафедрасының доценті», Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты) Керімбаева Рысты Қалдыханқызы «Қазақстандық патриотизмді нығайтудағы Ассамблеяның негізгі жұмыс бағыты» тақырыбында баяндамаларын оқып, өз ойларын ортаға салды.

Отырыс соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

ҚР ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ 2018-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НӘТИЖЕСІ

Бүгінгі таңда діни мәселе қоғамдағы өзекті сұрақтардың бірі. Біздің қоғамды діни радикализм мен экстремизм проблемасы біршама алаңдатып отыр. Бұл бағытта мемлекет нақты шараларды қолға алып, діни саладағы ахуалды реттеуде жаңа бастамалар ұсынып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймағанымен, конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қауіпі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп, алдын алмасақ…», – деген болатын. Осы орайда, з.ғ.д., профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров те: «Экстремизмге қарсылықты іске асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда реттеуші ғана емес, тыйым салушы да шаралар қарастырылатын еді», – дейді. Десек те, бұл бағытта атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Оған дәлел, бүгінде дінтану, саясаттану және теология саласында білікті мамандар еңбек етіп, діни ұйымдардың іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алып, олардың таралу шеңберін шектеуге біршама күш жұмсауда.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мәселелерін үйлестіретін негізгі бағдарламалық құжаттардың бірі – ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама екені бізге белгілі. Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірибесі назарға алынып және бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 286 981,6 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 226 294,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60 687,4 млн теңге қарастырылған. Бұл экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлерінің алдын-алу саласындағы өзекті мәселелерді шешудің нормативтік және ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Ол ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 Қаулысы бекітілген болатын.

Бағдарламаның басты мақсаты–діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті көріністерінен жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағдарламаны жүзеге асыруға көптеген мемлекеттік органдар қатысып және келесідей мақсаттар орындалмақ:

– қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;

– тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен, соның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және діни араздықты немесе алауыздықты өршітуге жол бермеуге бағытталған діни

бірлестіктерді тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

– халыққа діни қатынастар саласында консультативтік көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай республикалық «114 – қауырт желісінің», радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталған адамдармен және олардың жақын ортасымен жұмыс жүргізу үшін өңірлерде өкілдіктерін құру;

– қылмыстық-атқару мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшенің қызметін жетілдіру және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

– интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға деген иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Өйткені, діни сипаттағы проблемалар қоғамның өмір сүруіне қатысы бар проблемалар ретінде қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тікелей байланыста көрініс табады. Өйткені, осындай құрылымдардың белсенді жұмыс атқаруы дін саласына қатысты маңызды мәселелер бойынша қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген. Бірақ, ол үшін Қазақстандағы заңдарды бұлжытпай орындау қажет. Әсіресе, мемлекеттік органдардың өздері заңнан аттамауы тиіс. Заңдарда Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы жоғарғы оқу орындары студенттермен жұмыс істеп, терроризм мен экстремизмге қарсы әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс деп жазылған. Бұл жерде бір реттік іс-шаралар емес, үздіксіз жүргізілетін жұмыстар мен тұрақты оқыту туралы әңгіме болып отыр.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Діни экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды қалай ажыратуға және білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары

керек. Меніңше, заңда көрсетілгендей факультативтік сағаттар өткізіп, жастармен жұмыс істеу керек, әр қайсысының бұл мәселеге қатысты пікір білдіруіне мүмкіндік беру қажет. Сондай ақ, идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстардың тиімді жүргізу ісі уақытында қолға алынбаса, халықтың арасында рухани, адамгершілік және патриоттық идеалардың тоқырауы басталатыны рас. Аталмыш проблемалардың салдарынан 2011 жылы Ақтөбедегі ҰҚК Департаменті ғимаратының жанында, сонымен бірге, Астана, Атырау, Тараз және Алматы қалаларында жарылыстар мен террактілер ұйымдастырылып, орын алған қанды оқиғалар елдің үрейін тудырды.

Айналып келгенде, бұл – идеологиялық күрес. Астыртын әрекет ететін, арам пиғылды ағымдарды тек күш қолданып жеңе алмайсың, оларды қоғамға бейімдеу немесе қайтару үшін идеологиялық бағытта жұмыс жүргізу қажет. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу және дұрыс діни бағдар берудің маңыздылығы турасында салиқалы ой, салмақты пікірлерімен бөлісу. Тәуелсіздігі тұғырлы, экономикасы қалыпты, дінаралық келісім орныққан Қазақ елі қоғамының тыныштығын сақтауды басты ұстаным болу керек.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің бұрынғы басшысы Дәурен Абаев Қазақстан Дінтанушыларының ІХ форумында: «Екінші бағыт бойынша елде позитивті динамика байқалғанын атап өту керек. Деструктивті ағымды ұстанатын азаматтардың саны азайып барады. Бұл ретте біз «Ақ ниет» оңалту орталығымен және өңірлік құрылымдармен жұмыс жүргізудеміз. Сонымен қатар, масс-медиада радикалды идеологиямен күрес күшейтілді. Зайырлылық пен ұлтаралық келісім насихатталуда. kazislam.kz порталы жаңартылды. Құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды анықтау мақсатында интернеттік мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері. 2019 жылдың басынан бері кеңес беру тәртібімен интернет-алаңда құқыққа қарсы 25 мыңға тарта материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясы насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды. Алайда бұл бағыттағы жұмысты әлі де жетілдіру керек. Контрнасихат бойынша әлеуметтік желідегі қолға алынған шаралар әлі де әлсіздеу. Жарияланған материалдың форматын қайта қарап, сапаға мән беру керек», – деп атап өтті.

Жамбыл облыстық «Әулие-Ата»

қазақ мәдени орталығының мүшесі,

дінтанушы Бахтияр Алпысбаев

Page 3 of 3
1 2 3