Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этнобірлестік өкілдерінің карантин кезіндегі атқарған қайырымдылық іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы №285 Жарлығына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны барлағымызға аян. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоғалтпайтын құндылықтардың бірі – қайырымдылық ісі. Осы игі іс бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі саналады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейінгі аралықта облыстық ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, әлеуметтік осал топтағы  9 мыңға жуық   отбасыға 16 млн.теңгеден астам қаражат көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Қайырымдылық көрсету жалғасын табуда.

Атап айтқанда, республикалық «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциясының мәдени орталығы  10 млн. теңге қаражатқа 30 отбасыға азық-түлік себеттерін және 2 мыңға жуық медициналық маска таратты. Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы балабақша тәрбиеленушілеріне  850 дана маска таратылып, 600 мың теңге қаражат көлемінде 90 отбасыға азық-түлік және антисептикалық заттарымен көмек көрсетті. Аудандағы Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдарының аз қамтылған отбастарына 220 мың теңгеге қаржылай жәрдем берілді. Аталған бірлестіктің өкілі Исмазов Руслан Бакировичтың бастамасымен Алматы қаласында тұратын аз қамтылған дүнген отбастарына елде жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 4 500 000 теңгеге 3 тонна азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмек жіберілді. «Біз біргеміз» акциясы аясында Жамбыл ауданындағы Гродиково, Жалпақтөбе ауылдарының дүнген этнос өкілдері ауыл маңдарындағы бақылау бекетінде тұрған медицина, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды. Акция карантин мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Жамбыл ауданының Жалпақтөбе мешіті қызметкерлері мен дүнген этнобірлестігінің қолдауымен Түрксиб ауылында тұратын «короновируске» қатысты карантинге жабылған  көпқабатты үйдің 22 тұрғынына 250 мың теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен  қайырымдылық жасалды.  Қорыта келе, жалпы, облыстағы дүнген этномәдени бірлестігі өкілдері тарапынан барлығы – 7 770 250 теңге көлемінде игі іс атқарылды.

Облыстық «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі бойынша 5-мөлтек ауданында орналасқан 25-жатақахананың мүгедек санатындағы тұрғындары мен аз қамтылған көпбалалы 80 отбасына, барлығы-1млн.теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен қайырымдылық жасалды.

«Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 30 дана маска, 15 дана антисептикалық заттар және азық-түліктермен қамтамасыз етті, сонымен қатар 30 аз қамтылған отбасына барлығы 35 000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетті.

        «Ахыска»  түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы  100 000 теңгеге 15 отбасыға антисептикалық заттармен және 10 отбасына 100 000 теңгеге азық-түлік түрінде көмек көрсеті.  Этномәдени бірлестік мүшелері, меценаттар Абосов Жалил, Акинов Руслан және Ридванов Микаил 80 отбасына 600 000 теңге көлемінде көмек көрсетсе, ал меценат Ағалиев Наби 100 отбасына 800 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасады. Барлығы – 1 500 000 теңге көмек көрсетілді.

       Жамбыл облысының «Шиват Цион» еврейлер мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігі 500 маскалар, 350 антисептика, дезинфекциялау құралдары және жеке гигиена заттарын және 200кг еврей халқының ұлттық наны «МАЦ» нанын және балаларға 25 сыйлық берілді. 5 аз қамтылған отбасы үшін 75 000 теңгеге азық-түлік себеті дайындалып, таратылды. Тараз қаласы, Шу және Меркі аудандарының патронажға алынған 13 қартына 190 000 теңге көмек көрсетілді. Барлығы –800 теңге игі іс атқарылды.

    «Самшобло»  грузин этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі қала тұрғындарына 100 маска және 50 антисептикалық заттар  таратты.

«Вайнах»  Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі  аз қамтылған отбастарына азық-түлік және антисептиктермен біріктіріп  50 000 теңгеге көмек көрсетті.

«Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – қаладағы 10 отбасына –  барлығы 300 000 тенге қаржылай көмек көрсетті.

«Жамбыл облыстық тәжіктер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – 69 мың теңге көлемінде  4 жағдайы төмен отбасына көмектесті.

   «Туран» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі -25 мың теңге жағдайы төмен отбасына көмектесті.

   «Низами» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі25 мың теңге жағдайы төмен отбасына көмектесті.

     «Хазар»   әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі – жергілікті тұрғындарға 25 отбасына 300 мың теңге көлемінде жағдайы төмен отбасына көмектесті.

     Облыстық «Барбанг» күрділер қоғамдық бірлестігі жағдайы төмен отбасына 12500 теңге көлемінде аз қамтылған 1 отбасына көмектесті.

     Қордай аудандық «Отечество» ұлттық орталығы» славян қоғамдық бірлестігі – жергілікті тұрғындарға 500 адамға 1000 маска түрінде, барлығы – 50000 теңге көмектерін көрсетті.

    «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы»  қоғамдық бірлестігі – 50 маска, 20 антисептик түрінде көмек көрсете отырып, бірлестіктің ең белсенді мүшесі Апаева Татьяна Мудалифовна жерігілікті аз қамтылған 4 отбасыларына – 212500 теңге көмек көрсетті.

«Равноапостольный Кирилл және Мефодий атындағы Жамбыл облысы, Меркі аудандық славяндар» қоғамдық бірлестігі 50 адамға 50 маска түрінде 2500 теңгеге көмек көрестті.

    «Вайнах»  Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 14 аз қамтылған отбасына 50мың теңгенің шамасында маскалай және азық-түліктей қайырымдылық жасады.

Жамбыл облысының Меркі аудандық «Республикалық Әзірбайжандар қауымдастығы» филиалы әзірбайжандар қоғамдық бірлестігі  жергілікті тұрғындарға – 50 адамға 170 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетті.

Жамбыл облысының Жуалы аудандық «Республикалық Әзірбайжандар қауымдастығы» филиалы әзірбайжандар қоғамдық бірлестігі  жергілікті тұрғындарға – 20 адамға 200 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетті.

      Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының  Жамбыл облысындағы республикалық  филиалы» қоғамдық бірлестігі өкілдері жергілікті блок посттарда тұрған 50адам- медицина және  полиция қызметкерлерін түскі аспен 100 мың теңгеге қамтамасыз етті.

Жамбыл облысы Меркі ауданы «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының мүшелері Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айшабибі, Жамбыл ауылдарының тұрғындарына 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратылды. Қорыта айтқанда, аз қамтылған отбасыларға барлығы 1600 маскалар, 50 антисептика таратылды. Барлығы – 1 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы 10  отбасын 100 000 теңгеге сатып алынған азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 24 әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалалы  аналарға 200 000 теңге көлемінде азық-түлік пакеттері таратылды. «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Перфильева Наталья Николаевна демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасыларға жүйелі көмек көрсетуде. Біршама отбасы азық-түлік пен  жуғыш құралдар жиынтығын алды. Үш аз қамтылған қарттарға  тоңазытқыштар жеткізілді. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді.  Медицина қызметкерлеріне маскалар, қолғаптар, антисептиктер табыс етілді.

Байзақ аудандық «Радонеж»  орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Любовь Андреевна Горр көп балалы отбасылар үшін тағам дайындап, құймақ пісірді. Жамбыл облысы бойынша орыс қауымдастығының Аналар кеңесінің төрайымы Беляева Антонина Алексеевна көп балалы және  жалғыз басты аналарға жеке гигиена заттары, азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тұрмыстық техникамен көмек көрсетті.

«Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Давлатова Гульхумор халықтың әлеуметтік осал топтағы 31 отбасына қолдау көрсетті. Бүгінгі күнге дейін Аналар кеңесі тарапынан барлығы 844 470 мың көлемінде көмек көрсетілді.

         Облыстық  Өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ерназаров Шухрат Сабитович, «Нематбай» мешіті ауданында аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, сонымен қатар екі адамды жерлеу үшін 200 000 теңге бөлінді. Барлығы – 500 000 теңге көмек көрсетілді.

Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі – 50 адамға 2500 теңгеге 50 маска таратты.

Осы ақпараттарға қосымша облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы жастар қозғалысының»  белсенді жастары Тараз қаласының  және Гродеково ауылының 30 аз қамтылған және көпбалалы отбастарына 300 теңге көлемінде азық-түлікпен қайырымдылқ жасалды. Осыған қоса, Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айшабибі, Жамбыл ауылдарының тұрғындарына да облыстық ассамблеяның  еріктілер қозғалысы тобымен 1500 аз қамтылған отбасыларына маскалар берілді.  Аса, Қарасу, Жамбыл, Қарой, Ақбастау, Өрнек, Полатқосшы, Гродеково ауылдарында 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығы 33 отбасына 307 000 теңгеге азық-түлік себетін тарату  түрінде көмек көрсетті. ҚХА еріктілері мен Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығы жастарының  қайырымдылық іс-шаралары  бойынша барлығы – 1 млн 357 теңге шамасында көмек жасалды.

        Нәтижесінде, жалпы өңірлік ассамблея этнобірлестіктері бойынша азық-түліктей және заттай барлығы – 9000 аз қамтылған отбасыларына 16 млн.теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

 

 Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХЫ

Сейткулова Жанна Мамбетовна           

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік

университетінің доценті Тараз, Қазақстан

 Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселесіне айналған этносаралық қатынастарды жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен жұртшылығы маңызды қызметтерді атқарды. 1990 жылдың басында Елбасы Н.Ә. Назарбаев барлық этномәдени орталықтарды бір ұйымға біріктіру идеясын жариялаған еді.

Жамбыл облысында 1991 жылдардың өзінде облыста тағдыр талайымен келген 80-нен аса түрлі этностар мен этникалық топтар өкілдері мекен етті. Сол кезеңдерде облыстағы этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік, мәдени мәселелерін шешу мақсатында бірнеше этномәдени бірлестіктердің орталықтары ұйым ретінде құрылды. Этномәдени бірлестіктердің құрылып, дамуына негіз болған 1991 жылдың 27 маусымындағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның қабылдануы еді. Заң бойынша қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде этномәдени орталықтардың құрылуы мен тәртібі реттелді. Сонымен, алғашқыда облыс территориясында мекендейтін этнос өкілдерінің қызметін үйлестіріп отыратын этномәдени бірлестіктер ұйым ретінде қызмет етсе, 1991 жылдан бастап олар заңды түрде өз жұмыстарын жалғастырды.

1989 жылдары облыста Низен Давид Абрамович басқарған неміс, 1990 жылы Абдусамет Марс Зияровичтің бастамасымен ұйғыр этномәдени бірлестігі қызметтерін атқарған болатын.

1995 жылы 16 ақпанда бірінші президент Н.Ә. Назарбаев елдегі барлық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында КСРО ыдырағанннан кейінгі тәуелсіздік алған мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістердің зардаптары туралы және елімізде оған орын бермеу мәселесі қарастырылды. 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының (2007 жылға дейін осылай аталды) бірінші сессиясы өтіп, оған 260 делегат қатысты. Сессияда Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. Сессия нәтижесі республикадағы этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін берді.

1995 жылдың сәуірінде Жамбыл облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы (бұдан кейін ҚХА) құрылды. Оның құрамына этникалық және мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, зиялы қауым және тағы басқа өкілдері кірді. 1995 жылы Жамбыл облысында 9 этномәдени бірлестік болды. Грек, өзбек, түрік, шешен-ингуш, кәріс, ұйғыр, неміс, украин және орыс қауымдастықтары құрылған кезеңнен бастап, әлеуметтік-экономикалық және этникалық-мәдени тұрғыдан өз жұмыстарын атқара бастады. Жамбыл облысындағы этностар мен этникалық топтар жылдан-жылға өз этномәдени бірлестіктерін құрып, өркендеп келеді. Облыста қырғыздардың «Манас Ата», еврейлердің «Шиват Цион», әзірбайжандардың «Әзері», қытайлардың, поляктардың этномәдени бірлестіктері және «Қазақстан корейлері Ассоциациясының» Тараз бөлімшесі құрылған. Олар заң орындарынан тіркеуден өткен.

2005 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә. Назарбаев Жамбыл облысы ҚХА-ның жаңартылған «Достық үйін» ашып, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен сұхбаттасты. Ашылған «Достық үйінің» мақсаты – халық бірлігін, қоғамдық келісімді және ұлттық мемлекеттік бірегейлікті нығайту болып табылды. «Достық үйі» ұлтаралық мәселелер бойынша әдістемелік және консультативтік орталық та болып табылады. Сол кезеңдерде өтетін әртүрлі тақырыптағы мәдени-қоғамдық іс-шаралардың негізі де – ұлтаралық келісімді нығайту, ортақ Отанымыздың мерейін тасыту арқылы, ел бірлігін насихаттады. Арнайы жыл сайын жоспарлы түрде облыс көлемі бойынша көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланып отырды. Атап айтқанда, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен 22 Наурыз мейрамы, 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні, облыстағы түрлі халықтардың ұлттық мейрамдары, халықтық қолөнер шығармашылығының көрмелері түрлі фестивальдер ұйымдастырылды.

2006 жылдың 28 маусымындағы №593 Қазақстан Республикасының Қаулысымен «Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісін жетілдіру бойынша» арнайы Бағдарлама қабылданған болатын. Әрине, бұл құжат елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда және Қазақстан халықтары арасындағы келісім мен татулықты бекіте түсуде ұйымдастырушы, үйлестіруші басты құжат болды десе болады. Осы орайда Елбасы: «…Бізге төзімділік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ғашықтық. Бұл Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттылығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан ары қарай да сақталуға, дамуға тиіс», – деп дін мәселесінде аса сақтық таныту қажеттігін қашанда болсын баса көрсетті.

1995-2020 жылдары аралығында облыстағы этностар мен этникалық топтардың кестеде келтіргендей этномәдени бірлестіктерінің саны 75-ке жеткен. Олардың 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.   Олардың 34-і қоғамдық тіркеуден өтті.

 

Жамбыл облысы бойынша 1995-2020 жылдары этномәдени бірлестіктердің саны

Жылдары Облыстағы этномәдени бірлестіктер саны Облыс Қала Ауд.
1. 1995 9
2. 2000 14
3. 2005 16
4. 2010 29 20 9
 5. 2017 73 26 47
 6. 2018 74 48
 7. 2019 75 49

 

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 180 адам және облыстағы барлық ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері енгізіліп жұмыс жасады. Ассамблея өскелең жас ұрпақтың тәрбиесі мәселесіне жіті көңіл бөліп, олардың өз салт-дәстүрін, тарихын, ана тілін білуі жолында көп істер атқаруда.

2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағы өтті. Санақ қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тұрды. Облыс көп ұлтты аймақ болып табылады. Басым көпшілігі қазақтар 64,8%, орыстар 18,1%, дүнгендер 3,1%, өзбектер (2,3%), корейлер 1,4%, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.

25 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға сүбелі үлес қоса отырып, консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органга дейінгі өрлеу жолынан өтті. Ассамблея Қазақстан Республикасы Конституциясының, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларын адамдардың құқықтары мен бостандығын іске асыруды бейнелеуші негізгі Қазақстандық демократия институттарының бірі болып отыр.

Осы жылдар аралғында Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясының Достық үйі – ұлтаралық мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық орталық болып табылды.  Ресми түрде Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы құрылғалы оның қызметінің мазмұндылығы мен жүргізіп отырған жұмысының ерекше маңыздылығы жағынан осы ұйымның тиімділігін білдіріп отыр деуге болады. Облыс Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктер ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын, Ел бірлігі Доктринасын іске асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларының материалдарын насихаттау, ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, азаматтарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, сондай-ақ облыс аумағында тұратын этностардың ұлттық дәстүрлерін, үрдістерін насихаттау бойынша көптеген істерді атқарып отыр [2].

Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы хатшылығы өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңының, облыс ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық кеңестің концептуалды, ғылыми-теориялық әзірлемелері негізінде, Ел бірлігі Доктринасын, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды іске асыра отырып, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды, облысымызда тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен үрдістерін насихаттауды, жұмыс тәжірибесімен алмасуды мақсат еткен ұйымдастыру іс-шараларының жүйелілігі негізінде жүргізіп отыр.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан зерттеу және талдау құрылымдарымен (бірлестіктермен) сындарлы өзара іс-қимылдар орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.  Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ белсенділік танытуда. Олардың интеллектуалдық әлеуеті тиімді пайдаланылуда. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері этносаралық мәселелер бойынша ұсынымдар дайындауға, ғалымдарды, саясаттанушыларды, тарихшыларды, қоғам қайреткерлерін тарта отырып, көкейкесті мәселелер бойынша әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар, пікірталастар, «дөңгелек үстел» отырыстарын дайындауға белсенді қатысуда

2011 жылдың 5 тамызында «Медиация туралы» ҚР Заңы күшіне енуіне орай, Жамбыл облысында осындай игі істі атқару үшін Л. Сафонова бастаған «Бітімгер» медиациясы және құқық орталығы ашылды. 2016 жылдың алты айындағы статистикаға жүгінсек, облыс соттарында медиациялық рәсімдер тұрғысында 95 қылмыстық іс қаралып, тоқтатылды, ал, азаматтық сотта 552 іс кәсіби медиаторлардың көмегімен сотқа жетпей өзара келісім барысында шешілді. «Қоғамдық келісім» КММ-де ашылған медияция кабинетінде сенім телефоны орнатылған.  Осындай медиацияның 40 алаңы Тараз қалалық ІІД мен аудандық полиция бөлімшелерінде ашылып, жұмыстар жасауда.

2013 жылдың 20 тамызында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі құрылды. Оның негізгі міндеттеріне отбасылық құндылықтарды дамыту, облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы аналар кеңесі қызметтерін үйлестіру жатады. Бүгіндері облыс көлеміндегі этномәдени бірлестіктер жанынан құралған аналар Кеңесінің саны 55-ке жетті.

2013 жылғы 26 желтоқсандағы №404 қаулысы негізінде Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйін» Коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде облыс әкімі қайта құрды. Мекеме құрылымы 39 штаттық бірліктен тұрады. Оның ішінде 5 бөлім: әкімшілік құрамы, ғылыми- сараптамалық, көпшілік іс-шаралар мен тілдерді дамыту және этностар мәдениеті, әдістемелік, материалдық – техникалық қамсыздандыру және шаруашылық қызмет көрсету бөлімдері бар.

2015 жылдың 26 наурызында облыс әкімінің №48 қаулысымен «Достық үйі» Коммуналдық мемлекеттік мекеме атауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ болып өзгертілді. Осыған сәйкес штаттық кестесі бекітіліп, бөлім атаулары жаңа атаулармен аталды. «Қоғамдық келісім» КММ-нің штаттық құрылымы 39 бірліктен тұрады.

Жамбыл облысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің және этномәдени бірлестіктердің саны және олардың атқаратын қызметтері күн санап мазмұны мен мәні жағынан артып келеді. Ассамблея жанында ғылыми-сараптамалық топ, қоғамдық келісім кеңестері, ақсақалдар, аналар, медиация кабинеті, журналистер клубы, «Жаңғырту жолы» жастар қозғалыс, «Ақ желкен» жастар лигасы және «Айбын» жастар әскери-патриоттық клубы бірлесе отырып, жан-жақты салалы қызметтерді атқаруды қолға алған. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбековтың жетекшілігімен жан-жақты жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс ассамблеясы хатшылығы ішкі саясат, білім басқармаларымен, ішкі істер департаментімен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы облыстық кітапхана және әртүрлі қоғамдық бірлестіктермен және әлеуметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасауда.

Тараз қаласы және аудан әкімдері жанынан қоғамдық келісім кеңесі құрылған. Ассамблея құрылған 25 жыл уақыттан бері этностардың ұлттық мәдениетін дамытуда тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту мақсатында бірнеше мыңдаған қоғамдық мәні бар іс-шаралар ұйымдастырды. Қарттарға құрмет көрсету, көп балалы отбасыларын қолдау, еңбек әулеті дәстүрлерін насихаттау, этностардың мәдени күндері, жастар форумы, ашық сабақтар, этномәдени бірлестіктердің облыстың алыс аудандарына шығуы, сонымен қатар әртістермен, ғалымдармен, әртүрлі саладағы шығармашылық өнер адамдарымен кездесулер ұйымдастыру қалыптасты. Шекаралас көрші Қырғыз елдерімен мәдени байқаулар өткізу тұрақты жүргізіліп отыр.

Облысымызда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы белсенді жүргізілуде. Осы акция шеңберінде мәдени бірлестіктердің өкілдері аз қамтылған және көп балалы отбасыларын, өз үйлерінде және ардагерлер мен мүгедектер үйлерінде тұрып жатқан соғыс және еңбек ардагерлерін, әлеуметтік қолдауға зәру қарт адамдарды аралап, адамдарға қайырымдылық көмектер көрсетеді.

2015 жылы атқарылған қайырымдылық акциясына атқарушы органдармен қатар, облыстық, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалдары, кәсіпкерлер, ірі мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік өкілдері мен жастары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар бірлестігі және әртүрлі жастағы адамдар, дін басылары ат салысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқы 20 ізгі іс» эстафетасы шеңберінде облыс тұрғындары қайырымдылық акциясына, жәрмеңкелер және концерттерге қатысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 ізгі іс» акциясына этномәдени бірлестіктер жауапкершілікпен атсалысты. Мысалы: ұйғыр этномәдени бірлестігі осы акция шеңберінде 5 аз қамтылған және көп балалы отбасыларына 655 мың теңгеден жоғары қайырымдылық акциясын жасап, көмек көрсетті. Өзбек, грек, дүнген, түрік, неміс этномәдени бірлестіктері аз қамтылған отбасылары мен соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті. Поляк этномәдени бірлестік өкілдері К.Сарымолдаев атындағы балалар үйіне халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Этномәдени бірлестік басшылары жақын арада құрылған «Зербұлақ» ат клубына сал аурулары,жүйке ауруымен ауыратын балаларды емдеу мақсатында ат сатып алып берді.

Жамбыл облысында «Қоғамдық келісім» КММ барлық этномәдени бірлестіктердің басын қосатын, олардың жұмыстарына бағыт беріп, жастардың тұрғындармен бастарын жиі біріктіретін орталыққа айналды. Мекеме қызметкерлері аймақтық ассамблеяның жұмысын жандандыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы 2020 дейінгі даму» тұжырымдамасын, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» реформасын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, сонымен қатар этносаралық келісімді, саяси тұрақтылықты, халықтар бірлігін қалыптастыруда және Қазақстандық патриотизмді насихаттау бағытында жұмыстар жүргізіп, жұмылдырып отырады.

Этномәдени бірлестіктер біріге отырып қоғамдық мәні бар іс-шараларды жүргізеді, мемлекеттік мерекелерді атап өту, байқаулар, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары, акциялар, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. шаралар. Олар сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік жобаларды, білім гранттарын жүзеге асыру, және ана тілімен мемлекеттік тілді оқып үйренуде курстар ұйымдастырады. Аймақтарда этнос күндері ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып ерекше жағдайда өтеді. Облыстық ассамблея өзінің қарым-қатынасын үлкен ірі мекемелермен, ірі компаниялармен кеңейте түсті. Олармен қоғамдық келісім кеңесін құрып, этносаралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында іс-шаралар өткізеді.

2016 жылы Біртектілік пен бірлікті қамтамасыз ету бағыты бойынша жұмыс – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында іске асырды. Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» 4-ші реформасы «Біртектілік пен бірлік» Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму концепциясы, қазақстандық бірегейлік дамумен қатар, мәдени саясат концепциясы негізінде жүзеге асады. Әртүрлі әлеуметтік топтарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында насихаттау мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» іске асыру маңыздылығын түсіндіру үшін 11 облыстық ақпараттық топ және аудандарда да осындай топтар жұмыс жасады. Сонымен бірге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ та араласуда. Ғылыми-сараптамалық топтың 10 мүшесі аталған топтың қатарында. Ғылыми-сараптамалық топ облыста көшпелі кеңейтілген отырыстар, дөңгелек үстел мен БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, ғылыми жұмыстар жүргізуде.

2016 жылы Таразда «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында Достық үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 2016 жылдан бастап Жамбыл облысында «Қазақстандағы этносаралық ахуалдың бірыңғай әлеуметтік мониторингі» өткізіледі, оған жыл сайын 4 000 респондент қатысып, Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласы қамтылады. Әлеуметтік зерттеу деректері бойынша барлық этникалық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас төзімді болып табылады (2019 жылы-91,5%), этносаралық қатынастар саласында қолайлы жағдайлар сақталуда. 2019 жылы өңірдегі өмірмен қанағаттану деңгейі 89,5% құрады.

Өңірлік Ассамблея сонымен қатар халықаралық байланыстар деңгейінде де нәтижелі жұмыстар атқарылуда. 2019 этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарының Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған сапары ұйымдастырылып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізілді. Жамбыл облысына Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир және Өзбекстан Республикасының Бас консулы А. Фатхуллаевпен кездесулер болды. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің поляк консулы Михал Богдановичпен, Үндістанның Ұлттық Кадет Корпусының делегациясымен кездесуі ұйымдастырылды. «Жібек жолындағы сұхбат – 2019» атты халықаралық мәдени жобасы бойынша Достық үйінде жоба авторы Мұрат Әуезовтың басшылығымен  Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркмениядан келген жетекші ғалымдардың қатысуымен сұхбат ұйымдастырылды.

Сонымен, қорыта келе Жамбыл облыстық Кіші Ассамблеясы хатшылығы құрылған кезеңнен бастап, өңірдегі этносаралық қатынастар мәселесін оңтайлы шешіп отырған қоғамдық институт ретінде толық қалыптасты. Мекеме қоғамның барлық салаларында өзінің белсенді қызметі арқылы ерекшеленді. Институционалдық тұрғыда негізделген мекеме облыстағы этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің беделді орталығына айналып, полиэтносты қоғамымыздың өркендеуіне өзіндік зор үлесін қосып келеді.

 

 

Сырлыбаев Бахыт Уәлиұлы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы

«Адам адамға дос, бауыр, жолдас» деп жатамыз. Ол анық. Сол аныққа айғақ боларлықтай аталы сөзін айтып, «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйекті Үндеуін оқып, қуана құптадым.

Шындығында, әлемді жайлаған кеселді дүрбелең кезінде халқын сабырлыққа, байсалдыққа шақырған Нұрсұлтан Әбішұлын қолдамай тұру мүмкін емес.

Осынау сын сағаттан еліміздің сүрінбей өтуінде халықтың бірлігімен сабырлығы үлкен рөл атқаратындығы даусыз.

Манарбек Көшкімбаев «Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.

Елін сүйген Елбасы.

Мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын мұқият оқып шықтым.

Тәуелсіздікті алудан көрі оны сақтап қалудың қиындығын білген Елбасы өзінің мемлекетті басқарудағы әр қадамын оның тәуелсізідігін нығайтуға бағыттап отырды. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдың  ішінде кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасып, өзіміздің әскери доктринамыз бекіді.

Біз әлемдік қауымдастықта  ойып алар орны бар, өзіндік геосаяси ортаны қалыптастыруға ықпал ететін, бағыты айқын елге айналдық. Еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, әлемге бейбітшілік шуағын таратып, үлгі көрсетті.

Елбасы әлемді шарпыған індетке байланысты «Nur Otan» партиясының жұмысын жандандырып, қиын кезеңде халыққа қолдау жасап, «Біз біргеміз!» акциясын жариялады.  Акцияны қолдаушылар аз қамтылған отбасыларға, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем жасап,  жер-жерде қолдау көрсетуде.

Мақаланы оқи отырып, мен Елбасыны туған жерді, Отанды, халқын әр азаматтың қалай сүю керектігінің үлгі -эталоны,  елін сүйген Елбасы ретінде таныдым.  Ол халыққа ақжолтай  тілегін арнап, ақ батасын берді.

Халқымызда “Іштен шыққан жау жаман” деген сөз бар. Осындай қиын кезеңде үрей туғызып, кереғар сөз айтып, ұрандатқан адамдарға халық болып тосқауыл қойып, сабырға шақырайық.  Елбасы Н.Назарбаев мемлекет тарапынан қажетті барлық шаралар атқарылатынын және бірде – бір адамның қамқорлықсыз қалмайтынын тағы да кесіп айтты.

Ендеше “Бетеге кетсе бел қалар, Бектер кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар” деп Бекет атамыз айтып кеткендей, тәртіпке бағынып, берекені келтірейік!

Аты жаман жұқпалы дертті жеңе білу үшін қойылған талапты бұлжытпай орындап, бәріміз бірге темірдей тәртіпке бағынайық!.  Біз Біргеміз!

Абдурахман Зайнутдинов Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Елбасымыз Қазақстан халқына арнап «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді»  атты мақаласын жариялады. Мақаламен толық танысып шыққаннан кейін өз ойымды білдіруді жөн көріп отырмын. Тұңғыш Президентіміз аталған мақалада халықты сабырға, төзімділікке, бірлікке үндеген.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан кейін  дамудың даңғыл жолына түсті. Алыс-жақын, көршілес елдермен қоян қолтық араласып, көптеген игі істерді атқардық. Өзара келісім мен тұрақтылыққа негізделген саясатты ұстандық. Татулық пен бірегейліктің арқасындада көптеген  тірліктің түйіні тарқатылып, шешімін таптық.

Сондай-ақ,  Елбасымыз барша адамзатқа қауіп төндіріп отырған аты жаман індетті жеңу үшін халықты бірлікке шақырды. Бұл туралы мақаласында аға ұрпаққа арнайы айтарым бар деп тоқталған. Онда халықты  ынтымақ – бірлікке және сабырлыққа шақырыңдар, жастарды еңбек пен білімге құштарлыққа, қатарының алды болуға үндеңдер деген.  Себебі бұл ұрпақ алдындағы артылған жауапкершілігіміз бізді осыған міндеттейтінін еске салған.

Сондай-ақ әрбір жан отбасы мен балаларының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырса деген. Себебі бұл дәл қазіргі жағдай үшін аса маңызды.

Мен,  Елбасының мақаласында айтылған мәселелерді қолдай отыра, халықты сабырлыққа, бірлікке шақырамын. Бұл күндер де өтіп, мамыражай өмірімізге қауышатын шақ алыс емес. Сол үшін барынша төзімділік пен сабырлылық танытайық. Айтылған талап-тілектерді қатаң сақтап, еліміздің сын сағаттан аман-есен өтуіне өз үлесімізді қосайық!

 

 

Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді”  атты мақаласын жариялады. Мақаланы оқып ой түюді жөн көрдім. Елбасы өз мақаласында халықты сабырлы болуға, мәселеге байыппен қарауға шақырады.

Еліміз қашанда көршілес елдермен, алыс-жақын шет мемлекеттермен әрқашан достық қарым-қатынаста болып, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясатты ұстанды. Татулық пен бірліктің арқасында көп қиындықты жеңіп, жетістікке жеттік.

Жұқпалы індеттен бүкіл әлем әбігерге түсті.  Экономикалық дағдарыс орнады, кәсіпорындар жабылып,көлік қозғалысы шектеліп, шекараларға шектеу қойылып, елдер арасындағы алыс-беріс, байланыс үзілді. Міне осындай қиын кезеңде елдігіміз сыналу үстінде. Елбасы өз мақаласында бір-біріне”санкциялық соғыс” жариялаған елдер бүгін бір-біріне көмек көрсетіп жатқанын айтады. Расымен, адамзат баласы бұл қиындықты тек ауызбіршілікпен, темірдей тәртіппен жеңуге болатынын ұғынды.

Десек те, елдегі қиын-қыстау кезді пайдаланатын арам пиғылды адамдар да, өкінішке орай бар. Олар ел арасына іріткі салып, адамдарды арандатып бір-біріне айдап салуды мақсат етеді. Ел болашағына зиян келтіреді. Қоғамды құлдыратады. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы ел азаматтарын бірлік пен татулыққа шақырады, арандатушылардың  арбауына түспеуге үндейді. Ол үшін әр адам аса сауатты, білімді, парасатты болумен қатар өзіне сабыр мен төзімді серік етуі керек.

Мақалада сонымен қатар ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 млрд АҚШ доллары барын айтып, оны үнемді, дұрыс жұмсасақ бұл кезеңнен де қиналмай өтеміз деді.  Ата заңымыздың бірінші бабында “Мемлекеттің бірінші байлығы- адам және оның өмірі” деп нақты жазылған. Еліміз басты байлық- адам өмірін арашалап алу үшін қолдан келген бар шараны жасап жатыр. Ол үшін бізде білікті маман, озық технология, материалдық ресурс, азық-түлік бар. Тек сабыр сақтасақ,біріге әрекет етсек, еңсені түсірмей елге демеу болсақ бәрін жеңеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының “Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” деген нақыл сөзімен ұлтымызды ұйымшыл болуға, белгіленген тәртіпті бұзбауға шақырды. Иә, ел тағдыры, халқымыздың амандығы әрқайсымыздың қолымызда. Ендеше, тәртіп сақтайық, мамандардың кеңесіне құлақ түрейік, сабыр мен төзімді серік етейік.

Әлемді бірлік құтқарады

Әлем халықтарын алаңдатып отырған пандемия  біздің елді айналып өткен жоқ. Көліктер жүрмейді, ұшақтар ұшпайды, адамзат тіпті жақын-жуығымен қатынаспайды. Планетаны дүрліктірген індетті бүгінде 1,4 миллионнан астам жұқтырып алса, ондаған мың адам осы дерт салдарынан көз жұмған.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің арасында алғашқылардың бір болып кіріскендігі туралы өз мақаласын жариялаған екен. Мақаламен толыққанды таныса отыра ауыр індеттің зардабы  қабырғамызға аяздай батып тұрсада оған ел болып жеңетінімізге сенімділігім арта түсті. Әрине бұл күндердің де өтетіні ақиқат қой. Алайда, осы дерттің салдарынан қаншама бауырларымыз жап шегіп жатыр. Қайта дер кезінде атқарылып жатқан тиісті сақтандыру шараларының арқасында әлемнің кей елдерінен қарағанда біздегі жағдай бір қалыпты екені белгілі. Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы арқылы біз өз еліміз бен жерімізді аман сақтау арқылы әлемді құтқаратынымызға тағы бір мәрте көз жетті.

Еліміздің бүгінгі бейбіт күні уысымызға оңай олжа болып түспенгені анық. Қазақстан қазіргідей бірігу мен бірлесуге негізделген саясатын ұзақ жылғы  еңбек пен Елбасының мықты саясаткерлік қабілетінің арқасында қалыптастырған. Мақаланы оқи отырып болашақ үшін, алда күтіп тұрған алмағайып замандардың сын сағатында сынбай керісінше еңсеру үшін қаншама игі істердің атқарылғанына тағы бір мәрте илансам, жүзеге асқан сындарлы саясаттың жемісін көріп отырғанымызды бүгінгідей уақытта расымен өмірдің өзі дәлелдегендей. Сондай-ақ Елбасы мақалсаында Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» нақты жазылғанын тілге тиек еткен. Бұл нені аңғартады. Бұл қандай жағдайда да еліміз үшін әрбір адамның саулығы мен салауатты өмірінің бірінші орында тұрғанын аңғартады. Әлемге ауыр батпандай батып тұрған  індетті тек халқымыздың төзімділігі, ерік –жігері және өзіне деген зор сенімнің арқасында алып шығатынымыз, ол үшін бізге қажетті қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық – түліктің жеткілікті әрі оғана абыржып, алаңдаудың еш себебі жоқ екендігі де мақалада ерекше айтылған. Сонымен қатар әрбір жан өзінің және отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жауапкершілік қарау керектігі айтылған. Себебі әрбір отбасы – халықтың, ал халық мемлекеттің басты негізі. Елбасы мақаласында ел бірлігі мен берекесі туралы баса айтты. Біздің алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегі баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз.

Мақала барысында Елбасы өз сөзін үш топқа жіктеп айтқан. Бірінші топ аға ұрпақ, зиялы қауымға халықты ынтымақ – бірлікке және сабырлыққа шақырыңдар, жзастардың еңбекке, білімге құштарлыққа, қатарының алды болуға үндеңдер деген.  Себебі бұл ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз бізді осыған міндеттейтінін еске салған.  Екінші топ жаңа өскін жас ұрпақ. Тұңғыш Президенттің келесі айтылған сөзі болашақ ұрпағымызға бағытталған. Оларға «Еліміздің ең қуатты күші өздеріңсіңдер» деді. Саналы адамға мына сөз әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Бұдан өзге оларға аға буынның ұрпақ үшін аянбай еңбек еткендері, кезек өздерінде екендері  әрі жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренулері керек екендері, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп бауырмал болу басты міндеттеріекені айтылды. Ал үшінші топ кәсіпкерлер. Оларға «Мен еліме не беремін» дейітін сын сағатьтың туғандығы айтылды. Расымен кәсіпкер жандардың халыққа көмек қолын созатын дәл уақыты. Әрине жомарт жандар баршылық. Олардың шарапатында көріп жатырмыз. Деген осы үрдістің жалғасқаны керек. Әрі бұл үрдістің жалғасатына Елбасыда ерекше сенімділік танытқан. «Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерлде ғана игілік пен ізгілі қатар өркен жаяды»- дейді Елбасымыз.  Сонда-ақ мақалада дәл қазіргі уақытта бірде-бір адамның  мемлекет қамқорлығынсыз қалмайтыны айтылған.

Міне, елін сүйген, халқын аялаған, сын сағатта халықтың қасынан  табылған ер осындай болмақ. Елбасы мақаласын оқыған әрібір жанның көкейіндегі күдік сейіліп, сенімділігі артады, тек бүгінгі таңдағы жағдайда ғана емес кез-келген уақытта көңілдеріне медеу болатынына кәміл сенімдімін.

 

Муминов Бахром Тоқтасынович

«Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы