Таразда Шопеннің 210 жылдығы аталып өтті

Ағымдағы жылдың наурызында көрнекті поляк композиторы әрі  пианисті, поляк музыка мектебінің негізін қалаушы және еуропалық музыкаға романтикалық бағытты әкелген Фредерик Шопеннің туғанына 210 жыл толды.

Осыған орай,  «Еврей қайырымдылық ұйымы»  Қамқорлық Орталығы. Хэсед Полина», «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі және мәдениеті» орталығы» қоғамдық бірлестігі  бірлесіп М. И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі дирекциясының қолдауымен «Шопениана» дәріс – концерт форматында мерекелік кеш өткізді.

Кешке Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары, Тараз қаласының еврей және поляк қауымының мүшелері, музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары, және олардың ата-аналары қатысты.
         Кешті қысқа кіріспе сөзбен «Авраам» клубының жетекшісі, еврей қауымының ақсақалы Михаил Бунин ашты. Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеш  ұйымдастырушысы, музыкатанушы, «Хэсед Полина» еврей қайырымдылық ұйымының волонтері Людмила Кришнер таныстырды.  Ал, Польшада сақталаған  ұлы композитор туралы естеліктер туралы «облыстық «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова өз әсерлерімен бөлісті.

Концертте белгілі пианисттер Виктор Зоринның, Азиза Кушаковның, музыка мектебінің оқушылары Максим Кудринның, Зульфия Кабированың, Нелли Баранецканың, Меруерт Қасымның орындауындағы Фредерик Шопен шығармалары орындалды. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Ксения Русакова мен Татьяна Дума ЮНЕСКО халықаралық би кеңесінің мүшесі, оқытушы Ольга Привалованың Шопеннің музыкасына қойылған балет жанрындағы ерекше би қойылымын көрсетті. Сонымен қатар, кеш барысында Поляк қауымының жас таланттары Татьяна Сакович пен Матвей Любаев белгілі композиторға арнап поляк тілінде өлеңдер оқыды.

Кеш соңында еврей және поляк этномәдени бірлестіктерінің басшылары концерттің барлық қатысушыларына «Шопениан» шығармашылық кешіне қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.

Бибігүл Шахзада

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Медиация кабинетінің кезекті Ашық есік күні өтті

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласы Достық үйінің медиация кабинетінде медиацияның Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстық және қалалық соттардың өкілдері, адвокаттар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Ақсақалдар мен аналар кеңестерінің өкілдері, Жамбыл облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша медиация институтын дамыту мақсатында заңнамадағы қабылданған шаралар туралы азаматтарды хабардар ету.

Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева алғы сөзін медиациялық кездесулер жөнінде бастап, тарқатып айта келе: – Біздің осы алаңдағы кездесулеріміз дәстүрлі болды, диалог жолға қойылып, түсіністікке қол жеткізілді. Біз медиация институтын, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға және татуластыру рәсімдерін насихаттауға ықпал ету – бір іс жүргізудеміз. Татуластыру рәсімдерін дамыта отырып, біз адамдарға өзара тиімді және өзара тиімді шешімге қол жеткізуге, отбасылық, серіктестік және тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға  көмектесеміз, – деп атап өтті.

Қылмыстық заңнамадағы өзгерістермен №2 қалалық сотының судьясы – Жанна Есболқызы Байдаулетова бөлісті, ол қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу сатысында ғана емес, үкімді орындау сатысында да қарау кезінде медиацияның өміршеңдігін саралай өтті.

Азаматтық заңнамадағы өзгерістер туралы облыстық соттың бітімгершілік бойынша рәсімдеуші судьясы Нұрлыбаева Динара Ничаевна айтып берді: –26 ақпанда Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда Азаматтық іс жүргізу кодексіне түзетулерді мақұлдады. Татуластыру рәсімдеріне (медиацияға) қатысты жаңашылдықтар сотқа жүгінгенге дейін азаматтарды татуластыру рәсімінен өтуге ынталандыруға бағытталған.

Тараз қалалық сотының судьясы Жанна Мерекеқызы Абаева 2019 жылы құрылған бітімгершілік процедуралар жөніндегі әдістемелік құралдың жаңартылған нұсқасын таныстырды, ол медиаторлар, адвокаттар, судьялар, заңгерлер, студенттерге арналған аудитория еді.

Тұсаукесердің соңында қатысушыларға жаңартылған оқу құралына қолжетімділікті қамтамасыз етіп, қақтығыстарды реттеу кезінде ұсынымдарды пайдалануды және келешекте оқу құралында қызықтыратын тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын жіберу көзделді.

Қатысушылар арасындағы жанды диалог келелі мәселелерді талқылау барысында медиацияның қыр-сырын тағы да айшықтай түсті. Іс-шарадан өзіндік әсер алған қатысушылар судьяларға, адвокаттарға, заңгерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар мен кеңестер алды. Бұл көбінесе отбасылық және азаматтық даулар бойынша сұрақтар және де еңбек даулары бойынша енгізілген ұсыныстар еді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

 

 

 

 

 

 

Дембаева Гүлмира Маханбетқызы

Үстіміздегі жылдың 5-жұлдызында Тараз қаласындағы Достық үйінде  белгілі журналист Дембаева Гүлмира Маханбетқызы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арнайы алғыс хатын алып, «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Журналисттің марапатын Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы тапсырды.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі Гүлмира Маханбетқызы 43 жыл еңбек өтілінің 23 жылын Жуалы ауданындағы «Жаңа өмір, «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде өткерген. Қарапайым тілшіліктен басталған журналистік баспалдағы бөлім меңгерушісі қызметіне дейін жеткізген. Қазір зейнеткер журналист. Этножурналистика саласында кеңінен қалам тербеген журналист қазірдің өзінде зейнетке шыққанына қарамастан республикалық және облыстық газеттерге түрлі тақырыптағы мақалаларын жариялап жүр.

Тынымсыз тірлікте  тілшілік мамандықты жанына серік етіп,  бүгінгі күнде еңбегі еленіп, зор қуанышқа кенелген журналистке облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы шығармашылық табыс пен зор жетістіктер тілейді.

Бибігүл Шахзада

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі орталығы

 

Жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Жалпыұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» атты кеңейтілген отырыс өтті.

Күн тәртібінде ұлттық код түсінігін және қоғамдық сананы талқылау, сондай-ақ әскери патриотизмді қалыптастыру және ҚР әскери қызметіне қатарына шақыру кезінде туындайтын  қиындықтар туралы  талқыланды.

Отырыстың модераторы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы  өз сөзінде қатысушыларды ғылыми-сараптамалық тобының алдағы уақытта атқаратын жүйелі жұмыстары туралы сөз қозғады.

Сөз тізгіні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ төрағасының орынбасары Мамедова Парида Иманжанқызына берілді. Өз кезегінде ол «Қандай да бір этносаралық қақтығысты түпкілікті шешу мүмкін емес. Этностар бар кезде, олардың арасында қақтығыстар кезең-кезеңімен пайда бола береді. Қазіргі кезде этносаралық қайшылықтардың ондаған және жүздеген түрлерін атауға болады. Сондықтан да зорлық-зомбылыққа жол бермеу, даулы мәселелерді реттеудің тиімді жолдарын табуымыз керек!»,  – деп сөзін аяқтады.

Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Ерлан Қахарбекұлы Жабықбаев этномәдени бірлестіктердің әскери-патриоттық тәрбиедегі рөліне және әскерге шақыру науқанының өзекті мәселелеріне назар аударды. Спикердің айуынша,  «Өткен жылы біздің өңіріміз әскерге барудан ең нашар көрсеткішті көрсетті. Департаменттің тізімінде қызметтерін өтеуден бас тартып, жалтарған  900-ден астам адам бар. Облыс аудандарында және Таразда әскери қызметін өтемей, жалтарғандар саны бірдей. Биыл осындай жағдайды болдырмау үшін этномәдени бірлестіктердің басшылары бірқатар ұсыныстарды ұсынды. Атап айтқанда, ҚХА Аналар кеңесін әскери бөлімдерге шақырып. жамбылдық әскерге шақырылушылардың әскери қызметін кеңес мүшелерінің көруіне мүмкіндік беру. Олар алдағы уақытта да мектеп түлектерінің ата аналарымен  кездесіп, әскердегі әлімжеттік пен нашар тамақтану туралы сыбыстарға сене берудің қажеттігі жоқ екендігі туралы айтулары қажет», – деп сендірді Е.Жабықбаев.

Отырысқа қатысушылар әскери-патриоттық тәрбие – патриотизмді қалыптастырудың маңызды формаларының бірі деген спикердің бұл сөзімен келісті.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Джуншеев Расылхан Ерболсынұлы бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың рөлі мен маңызы туралы сөз қозғады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылым және жаңа технологиялар департаментінің директоры, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, профессор, техника ғылымдарының докторы Бекбасаров Исабай Исақұлы «О воспитании молодежи в контексте сохранения национального кода» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Болашақтың негізі бүгіннен қаланады. Ал, жастар – болашақтың мәңгілік қозғаушы күші. Ұлт болып ұйып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды сақтаймыз десек, жас ұрпақ санасына алдымен ұлттық кодты сақтап қалудың маңыздылығын түсіндіруіміз қажет. Ұлттық код – халықтың өзіне ғана тән тарихи қалыптасқан мәдени болмысы. Халықтың сан ғасырлар бойы бойына біте қайнасқан әрі өзге этнос өкілдерінен өзгешелігін танытатын белгілері» – деп, сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, отырыс барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлының «Бірлік пен жасампаздық аясындағы Жамбыл өңірі» (кеңестік дәуір) атты кітабының тұсаукесері өтті. «Мен өз кітабымда біздің облыс экономикасына дамуына түрлі этностардың үлес қосқанын көрсеттім. Мал, қызылша, өнеркәсіп шаруашылықтарының барлығы өңірдегі әр түрлі этнос өкілдері тұрғындарының еңбектерінің арқасында құрылып, дамыды» – деп, автор өз жұмысын таныстырды.

 Жиын соңында жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларға және олардың ата-аналарына қазақстандық бірегейлікті насихаттау, әскери патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Айбын» әскери-патриоттық клубына облыстағы әрбір этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты құрамына 1 мүшесін қосу, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған этномәдени бірлестіктері өкілдерінің әскери гарнизондарға баруын ұйымдастыру туралы шешімдер қабылданды.

Бибігүл Шахзада

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Ағымдағы жылдың 4-наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні  мерекесіне орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен,  облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер  өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Концерт шымылдығын мың бұралған «Үкілім-ай» би ансамблі қазақ биімен ашып, тәжік этномәдени бірлестігінің жас әншісі Тоқтамышов Мырзабобыр «Мама, мама, мой рай!» әнімен жалғады.

Іс-шара  барысында  «Ритмы гор», «Үкілім-ай» би ансамбльдері түрлі этностардың билерін  орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Дәулетбаев Фатих «Анашым» әнін орындап жүректерге жылу ұялатса, Боранбаев Алишер «Журавли», «Әдемі-ау» әндерін шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Жастық шақтарын еске алған қарттар әншілерге қосылып ән шырқап, би де биледі.

Қарттар үйінде тұрып жатқан  Айдарбеков Жорабек өз сөзінде: «Бүгін біздер үшін мейірімділік пен қуаныштың мерекесі. Осындай мерекені ұйымдастырып отырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына көп алғыс айтамыз!. Әсіресе, жастарымыз бізді қуантады. Қарттар үйінде бізге қолайлы жағдайдың барлығы жасалған,таршылық көрмейміз. Бізге керегі тек сіздердің  әуезді ән айтып, би билеп, бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңыз. Әсерлі әндерді тыңдап, билерін тамашалап отырып, өмірдегі қиын кезеңдеріңді ұмытып та кетесің. Әлі де өмір сүргің келіп кетеді.», – деді.

Сонымен қатар, Жорабек қария ұйымдастырушыларға мерекелік іс-шараға жиналған көрермендер атынан алғысын білдіріп, осындай кездесулер жиі өткізсін деген ұсынысын айтты.

   Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жансая Сабыр

 

Достық үйінде ұйғыр этносының ашық есік күні өтті

Бүгін Достық үйінде 1наурыз – Алғыс айту күні мерекесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25жылдығына орай  «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің»ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.

Шараға этномәдени бірлестіктер басшылары мен мүшелері, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімі аппаратаның «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы,қалалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Ашық есік күніне арналған шаралар басы аталмыш этномәдени бірлестіктің төрайымы Мухабат Турдыева жастармен кездесіп, Достық үйі ғимаратына саяхат жасаумен басталды. Әр этнос өкілдерінен құралған жастарға бірлестік басшысы Махмуд Қашқаридың өмірбаянынан бастап Достық  үйінде орналасқан ұйғыр этносының кабинетіндегі шағын мұражайына дейін таныстырды. Онда қойылған әрбір зат ұйғыр халқының өзіне тән құндылықтарын айшықтап тұрғандай. Мухабат Абдрахманқызы кездесу барысында алғыс хат, марапаттау, «Жыл лидері» медальі секілді т.б жүлделерімен таныстырып, оларды жастарға үлгі етті. Бірлестік жетекшісінің айтуынша қанжығасына байланған әрбір жүлдесі, медальдары, марапаттары тек адал және тынымсыз еңбектің, өзара ұйымшылдық пен ынтымақтық арқасында алған көрінеді.  Осы орайда,«Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы Тұрдыева Мухабат: -«2016 жылдан бері көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан ризашылық күнін атап өтіп келеді. Бұл қазақ халқының қонақжайлығы мен кең пейілі үшін өзге этнос өкілдерінің алғыс айту күні. Көпшілік жаппай жер аударылған жылдарда ас-ауқаты мен жылы-жұмсағын, ұлы даласынан жайлы қоныс берген қазақ халқына деген ризашылық білдіру күні. Осынау нәубетті жылдарда өздері қиындыққа душар болғанына қарамастан қазақтар өздерінің қираған үйлерінің есіктерін ашып, бір үзім нанымен бөлісіп, туысындай бауырына тартты. Бұл тарих жылнамаларындағы бірнеше ұлттың бірігуінен құралған күрделі кезең.Міне, қазақ хақының осынау жақсылығы үшін атқарып жатқан әр іс-шарамызда жас ұрпақты сабырлы, бауырмал, қазіргі заманғы Қазақстандағы ұлтаралық келісімді және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттап отырамыз. Сондай-ақ,биыл ел бірлігін бекемдеп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Біле білгенге облыстық ассамблеяның арқалап отырған жүгі ауыр. Бір ортада мінезі неше түрлі бірнеше адамдарды басқарудың өзі оңай емес. Ал, бірнеше ұлттың жағдайын жасап, ұлттық құндылықтарын сақтап, мәдениеті, әдебиеті, салты мен дәстүріне ден қойып оны ұрпақтарына қалдыру және осы бейбіт те берекелі күнімізді келер жастарға дәріптеу расымен ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс»-дейді. Сондай-ақ, кабинет көрнекіліктерімен танысып болғаннан кейін бүгінде ширек ғасыр шыңына шығып отырған Ассамблея және бейбітшілік пен келісім саясаты туралы дәрістер оқылып, жиылған жастарға бірлестік жетекшісі ұлттар достығы, этнос өкілдерінің атқаратын жұмыстары туралы баяндап берді. Сонымен қатар, осынау дәріс арқылы ұйғыр этносының төрайымы жастарға өмір сүруге талпыныс, арман-мұратқа жетуге құлшыныс, үлкен-кіші, елімізді мекен еткен барша этнос өкілдеріне сый-құрмет көрсету, ұлтарлық келісім мен тұрақтылықты сақтау секілді егемен елдің ұрпақтарына тән рухани азық болар мотивация сыйлады.

Жиын соңын Мухабат Абдрахманқызы жастарға Алғыс айту күні және Ассамблеяның 25 жылдығына  арналған қайырымдылық түскі асын берді. Ас үстінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің жұмысы туралы бейнероликтер көрсетіліп,  естелік суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Назерке Оңғар

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан

Бүгін Тараз қаласында Шахристан тарихи-мәдени кешенінде Жамбыл облысы әкімдігі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болыуымен «Алғыс айту» күніне орай «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шараға Тараз қаласының жұршылығы мен қонақтары, облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, белсенді жастар мен ЖОО студенттері және республикалық, облыстық, қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

«Алғыс айту» күнін тойлаудағы басты мақсат елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қиын-қыстауда ата қонысына айырылып, бас сауға іздеген түрлі ұлт өкілдеріне пана болған қазақ халқына алғыс білдіріп, құрмет көрсету болып табылады. Сондай-ақ биылғы жылғы 1 наурыз – Алғыс айту мерекесі ел бірлігінің беріктігін тізгіндеп отырған бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Меркелік шара бастауы «Достық дастарханынан» дәм татудан басталды. «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені  бойымен шатырлар тігіліп, онда түрлі этностардың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастархан жайылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыэтномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері аймақ басшысы  Бердібек Машбекұлы бастаған қонақтарды қарсы алып, ұлттық тағамдардан ұсынды. Дастархан басына жақындаған қонақтарға арнау айтылып, ұлттық аспаптарда қазақ халқының түрлі әндері  орындалды.

Жайылған дастарханда қазақ, өзбек, поляк, әзірбайжан, дүнген, түрік, орыс, шешен-инғұш, грузин, қарашай-балқар, ұйғыр, қытай, грек, неміс, еврей, күрді, корей, украин, тәжік, татар, қырғыз халықтарының түрлі  астары қойылды. Әр дастарханның басына жеткенше қонақтарға этнос өкілдері алғыс айтып, ұлттық аспаптарымен өнер көрсетті.

Қала жұртшылығы мен қонақтар тағамдардан дәм ауыз тигеннен кейін қой көтеру, асық ату, тоғызқұмалақжәне ордабасы секілді ұлттық спорттық ойындардан өткен сайыс пен «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шараның ашылу рәсімін тамашалады.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мерекемен жиылған жұртшылықты құттықтады.

«Баршаңызды ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне айналған – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының ашық белгісі. Қысылғанға сүйеу, қиналғанға медеу болған қазақ халқы кешегі қиын заманда – көптеген ұлт өкілдерін құшағына басып, бауырына тартып, дәм-тұзымен бөліскен дана халық. Сондықтан да, Алғыс айту күнін – қазақстандық патриотизм мен ынтымақтың, бірлік пен достықтың жарасқан күні деуге толықтай негіз бар.

Баршамызға белгілі, Қордайда орын алған жағдай тұрғындардың көңіліне қаяу түсіріп, тату тіршіліктің тыныштығын кетірген болатын. Бүгін оның барлығы ретке келтірілді. Ауылдық Ардагерлердің кеңесі құрылып, ел ішіндегі мәселелер сонда талқыланып, бірлік пен келісімнің арқасында өз шешімі шығарылатын болады.

Арандатушылардың жетегіне ермей, бірлігіміз бен ынтымағымыздың ыдырауына жол бермеуіміз қажет.

Бүгін – дүниежүзіне үлгі, татулық пен тұрақтылықтың феномені болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл, яғни ширек ғасыр толып отыр. Осынау уақыт аралығында– достық пен татулықтың, тұрақтылық пен келісімнің қайнарына айналды. 

Түрлі этностардың ғана емес, күрделі кезеңді бірге еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін Алғыс айту күні мерейтойымен үйлесіп отыр.

Сондықтан, азаматтар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет. Бір-біріне деген ізгі тілектері мен лебіздерін, ақжарма алғыстарын білдіруі керек»-деді, аймақ басшысы.

Бұдан өзге Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов,  «Полонез» поляк этномәден бірлестігнің жетекшісі Лариса Калькова және «Барбанг» күрділер ассоциациясы облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Сабри Асанов құттықтады.

Меркелік шара барысында «Алғыс айту» күніне арналған театрландырылған қойылым да көрсетілді. Композиция барысында сахна төріне түрлі ұлт өкілдерінен құралған  Аналар кеңесінен мүшелері өз тілдерінде қазақ халқына алғысын айтты.

«Алғыс айту» күніне арналған меркелік шара әрі қарай «Рахмет саған туған жер» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламада Қазақстан эстрада жұлдыздары мен «Ақжелкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастары, этномәдени бірлестіктердің би ансамбльдері, неміс этномәдени бірлестігі өкілдерінен құралған  «Поющие сердца» және «Juwel» вокалдық топтары мен облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.Мерекелік шараның соңы «Атамекен» әнімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратның

 «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

Назерке Оңғар