Достықта жоқ шекара!

Ел ертеңі жастар! Бүгінгі ұрпақ бүгінгі аға толқыннан қандай іс-әрекет көреді, соны өз дәуірінде жалғастыртын болады. Демек елдің болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында. Олар ертең де осы бейбіт өмір мен тарих сахнасындағы Қазақстанның гүлденген ғасырларын жалғастыра алуы керек. Олар жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті, халықтар достығын, ұлыстар ынтымағының қаймағын бұзбай сақтауы қажет. Ал, біздің әр ісіміз оларға үлгі аларлық, өнегеге толы болуы шарт.

Міне осыған орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы өңірлік Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» тақырыбындағы халықаралық жастар мәдени жобасын ұйымдастырды.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 93, 94, 97 тармақтары бойынша жүзеге асқан жоба қараша айының 15-16 күндері аралығында екі күн бойы өтті.

Шараға Қырғызстан Республикасының және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастары, сарапшы-жаттықтырушылар, лекторлар қатысты.

Жобаның негізігі мақсаты жас ұрпақты жалпыұлттық бірлік пен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үндеу, патриотизмге тәрбиелеу, мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамытудың жаңа формаларына бастамашылық ету болып табылады.

15 қараша күні жоба шымылдығы салтанатты түрде түрілгеннен кейін жастар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты – Керимбаева Рысты Калдыханқызы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Педогогика және психология» кафедрасының оқытушысы – Байбосынова Раушан Темиргалиевнаның «Менің құндылықтарым» атты семинар-тренингіне қатысты. Сондай-ақ, тренинг барысында жастар асықтан жасалған түрлі бұйымдардан көрмеде тамашалады.

Семинар бітісімен Алатаудың арғы бөктерінен келген айыр қалпақты ағайынның жастары Тараз қаласының көркем әрі көне жерлерін аралап саяхат  жасады. Дәл осы уақытты «Қазақтану» жобасы бойынша  Достық үйі ауласында аймақтық ассамблеяның белсенді жастары киіз үй тұрғызып оның әрбір элементтерімен танысты.

Екі күнге созылған жастар мәдени жобасының екінші күні «Жастардың иннавациялық әлеуеті» атты көрме тамашалаумен басталды. Көрмеде жастар түрлі қылқалам шеберлерінің ереше, асқан шеберлікпен салынған  картиналарымен танысты.

Көрме тамашалау аяқталғаннан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Маратқызы мен Замана Назимқызы «ҚХА жас елшілері» конференциясын өткізді. Конференцияға арқау болған тақырып «Селфбрендинг» болды. Конференция барысында бүгінгі күннің басты брендтері мен блоггерлері және интернет желісіндегі танымалдық туралы кеңінен ой қозғалып ортаға салынды. Конференция барысында облысымызға белгілі блоггер Исламбек Дастан бүгінгі күннің бренді туралы өз ойымен бөлісіті. Белгілі блоггер бүгінде менің посттарымның халыққа тез таралуының себебі қате жазуымда. Қандай ой айтсамда постта қатені өте көп жіберемін.Бұл оқырманның көңілін аудартып әрі жарияланымның рейтингін көтереді дейді. Аталмыш тақырып аясында облыстық «Ақ желкен» және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді жастары Махусеев Зайнуддин,  Лигостаев Артур, Турдыева Хамида, Мухтасимова Алина, Прияхина Русалина және Қырғыз елінен келген қонақтар жастар арасындағы бренд түсінігінің мағынасы мен ондағы ерекшеліктер туралы атап көрсетті. Конференция соңында сөз алған облыстық ассамблеяның төраға орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Төреғұлқызы селфбрендинг тақырыбының мағынасы ашып көрсетіп, жастардың бойынан байқаған күш-жігері және ерекше форматта өткен конференция туралы ойымен бөлісті. Хатшылық меңгерушісі достықты ту еткен іс-шараның ұлттар арасындағы қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін баса айтты.

Конференция аяқталысымен жастар «Жамбыл облысы этномәдени бірлестік өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдекниеті» жобасы аясында  «Этномириада» атты тимбилдинг өткізді. Жастар арсындағы бұл сайыс жастардың да қазылар алқасы құрамы мен көрермендерге де ерекеше көңіл күй сыйлады. Тартысты өткен тимбилдинг соңы  аталған жоба аясында және «Қазақтану» жобасы негізінде «Қазақ қонақжайлығының ерекшеліктері» тақырыбына сай қонақтар мен өңірлік жастарға қазақ халқының ұлттық тағамдары жент, мәйсөк, құрт, бауырсақ және ішінде кәмпиттер толтырылған қоржындар таратылды.

Жоба ары қарай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің «Шекара дос жүрегін бөлмейді» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концертте елімізге белгілі Оңал Азаматова, Сұлужан Әбеновалар қырғыз тілінде ән салып қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Әлішер Боранбаев және Ақбота Қосақбаева, «Болашақ» вокалдық триосының әншілері таланттарымен тамсандырды. Сондай-ақ, облыс ассамблеясының «Инфинити» және  «Үкілім-ай» би топтары әр ұлттың билерін биледі. Кеш соңы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызының қонақтар мен белсенді жастарға сый-сияпат тарту етуімен тәмамдалды.

Екі күнге созылған іс-шара соңында Тараздықтардан тәбәрік сый ретінде қазақ халқының брендіне айналған «Қазақстан» шоколады таратылып, қолөнер бұйымдары тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Ахыска түріктеріне 75 жыл

Ахыска түріктері түркі халықтарының құрамындағы тағдыры күрделі, тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл халықтың орналасуы қазақ жерінен алыста, тілдік байланыстары алшақ болғанымен, тағдыр ол халықты тоталитарлық қоғамның зұлмат жылдарында қазақтармен бір шаңырақ астында табыстырды. Содан да Жамбыл жерін мекен еткен ахысхалықтардың кешегі тарихы мен бүгінгі тағдыры жамбылдықтарды да бей-жай қалдырмайды.

«Ахыска» түріктері – Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.

14 қараша 1944 жылы Грузияның Түркиямен шектесетін шекарадағы Аспиндза, Ахыска, Адыгюн, Ахилкелек және Богдановка секілді аудандарынан ахыска түріктерін Орта Азияға күштеп қоныс аудартты.

Міне, бүгінде Жамбыл облысын мекен еткен Ахыска түріктерінің жер аударылып келгендері 75 жыл толды. Атаулы датаға орай «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі ас беріп, нәубетті жылдары өмірден өткенден құрбандардың құрметіне құран сүрелерін бағыштады. Жалпы түрік халқының жергілікті жердегі тұрғындары жыл сайын қараша айының 14 күні ата баба рухына арнап ас беруді дәстүрге айналдырған.  «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев бұл  бас қосудың әр жыл сайын жалағаса беретіндігі және осы жолғы асқа жастардың қатысуы осы үрдісті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратынына сенетіндігін айтты.

Сонымен қатар, ас үстінде тағдыр тырнағы батқан түрік халқының тарихы туралы облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан, түрік этносының ақсақалдар алқасының төрағасы Зулфаров Ибрагим, ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмағұл Қанат естеліктер мен  еске алулар айтып, 1944 жылы құрбан болған ата бабаға арналып оқытылған ұран аяттары қабыл болсын деп тіледі.

Жиын барысында тарих толқынынан сыр шертер арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

Тарихқа көз жүгіртсек…

Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректеріне қарағанда 1944 жылдың желтоқсан айының ортасында 92 307 адам, оның ішінде ер азаматтар – 18.923 (қариялар мен мүгедектер), – 27.399 әйелдер, 16 жасқа дейінгі балалар 45.085 болатын. Ең алғашқы эшелондар Ташкент облысына 9 желтоқсан 1944 жылы келді. Қоныс аударушылардың екінші жартысы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 22 күндік жолдан кейін келіп жетті. Қазақстанға қоныс аударушылар саны 6300 отбасын құрады, яғни 27 833 адам (Бараташвили, 1998: 12). Оларға тек 3 күндік тамақтарын алсын деп бұйрылды, бірақ олар 20 күннен астам жол ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (88). 2018 181 Тұрсұн Х.М., Омаралиев И.М. жүрді. Жол бойы тауарға арналған вагондарда 40 мыңға жуық адам суықтан және аштықтан мерт болды. Себебі, ол вагондар адам жағдайын еш қанағаттандырмады. Біріншіден, вагондардың ішіне 20-30 отбасын сыйғызды. Екіншіден, ол вагондар ешқандай жылулыққа икемделмеген. Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректерінде мынандай көрсетіледі: «Қоныс аударушыларға ешқандай эксцесс жүргізілген жоқ және оларға жол бойы әрбір станцияда тоқтап ыстық тамақ берілді» деп жазылған болатын. Бірақ ол мағлұматтардың бұрыс екендігі белгілі. Түнгі сағат 12-де әскери киімдегі адамдар түріктердің үйлеріне келіп, оларды өз тұрғылықты жерлерінен эвакуациялады. Соғыс біткен соң оларды қайтадан өз үйлеріне әкеп жайғастырамыз деген уәде әлі күнге дейін орандалған жоқ. Түннің жартысында кім не аларын білмей, ешқандай дайындықсыз тек құжаттарын алуға үлгерді. Жер аударылғандарды тауар вагондарына салып, сыртынан құлыптап тастады. Вагонның ішінде ашыққандар сырттан көмек сұрай алмады, дәретке шығайын десе есік құлыпталған, іші боран, себебі далада қараша айы және вагонның ішінде пеш орнатылмаған. Осының салдарынан қаншама адамдар жолда үсіп, қайтыс болды. Арнайы мәліметтерде КСРО Ішкі істер халық комиссариатының дерегі бойынша 1948 жылдың маусым айы бойынша 14895 адам қайтыс болды деп келтіреді. Шын мәнісінде алғашқы алты айда 37 мың адамға жуығы қайтыс болды, олардың ішінде 17 мың балаларды құрады (İbrahim Hasanoğlu, 2016: 4). Қоныс аударған түріктердің ешқандай қоғамдық және азаматтық құқықтары болмады. Оларға Қазақстан мен Орта Азияның ауылдық жерлеріне ғана қоныстануға рұқсат берілген.

Тарих қойнауындаға түрік бауырлардың бастан кешкен өмірі осылай.

Әр жылдың 14 қарашасында Тараз қаласында және Жамбыл жерінің әр ауданында  түрік  халқы ата-бабаларына арнап ас беріп, құран бағыштауды әдетке айналдырған.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

«КОРЕ» Жамбыл облысы кәрістер қауымдастығы этнос күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың қараша айындаөңіріміздегі Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «КОРЕ» корейлер қауымдастығыөзінің 25-жылдығын атап өтті.

Бұл мереке Жамбыл облысы корейлері үшін ерекеше маңызға ие. Себебі, әр жыл сайын күз мезгілінде этнос күнін атап өтетін кәріс халқы осы жылы 25 жылдықтарын тойлады.

Салтанатты кешке құрметті қонақтардан  Жамбыл облысының “КОРЕ” корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ким Ирина Алексеевна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ан Антонина Анатольевна, сондай-ақ «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты.

Концертте «Ариран» өнер мектебінің әртістері корей барабандарында өнер көрсетті. Дәстүрлі стильдегі корей музыкалық қойылымы бірінші секундтан бастап көрермендерге мерекелік атмосфера сыйлады.

Шара барысында «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хе Илья Николаевич құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, 25 жыл бойы алған жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті. Өз кезегінде «Ноиндан» ақсақалдарының мүшесі Пак Анатолий Иванович кеңес үкіметі кезіндегі этносаралық қатынастар туралы тарихи деректерді егжей-тегжейлі баяндалып, сөз сөйледі. Қазақ жеріне келген сәттен бастап кәрістер тарих шеңберіне кірмегенін, керісінше, өз мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап, байытқанын атап өтті.

Жамбыл облысының «КОРЕ» корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, осы жылы бірлескен күш-жігерміздің арқасында  көптеген мақсаттарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті. Атап айтар болсақ биылғы жылы кәріс этносы «Сэроун Мирэ» кәріс жастарының қозғалысын және «Ариран» өнер мектебінің құрған.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерттің салтанатты бөлімі басталды. Бағдарламаға сай кеш барысында дәстүрлі биден бастап замауи биге дейін түрлі би биленді.Сондай-ақ, кәріс этносының ұлттық аспаптарымен түрлі музыкалық шығармалары орындалды. Кештің көркін қыздырған кәріс халқының талантты жастарының асқан шеберлікпен барабанда ойнауларын айтпай кетуге болмас.

Кеш соңында аталмыш этнос өкілдері  кәріс халқының мәдениетіне қызығушылық танытушы қонақтарға алғыс білдіріліп естелік суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

 

Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігі облыс аймағында жерленген поляк сарбаздарын еске алды

Польшада 1 қараша күні өмірден кеткен барлық жақын адамдарды еске алатын күн болып саналады. Поляк халқы дүнеиден озған жақындарын жиі еске алып, оларға зор құрметпен қарайды. Қараша айы жақындаған сәтте Польша көшелерінің кез-келген дүкендер сөрелерінен шамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл осы күні поляк халқының жақын адамдарының зираттарында тұтататын шам.

Бұл күні зират басы жарықтандырылады. Өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Бұл зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Дәл осы күні зират өте жарықтандырылады, өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Осыған байланысты жыл сайын осы уақытта Жамбыл облысының «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысындағы жерленген поляк сарбаздарын еске алады.

Облыста поляк этносының жауынгерлері үш өңірде жерленген. Олар Мерке, Т.Рысқұлов аудандарында және Шотпак станциясында. Осы жылы олар поляк сарбаздары жерленген барлық орындарды аралап шықты.

Бірінші күні көптеген поляк жауынгерлері жатқан Шотпак станциясына барды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Польша орталығы мен Алматы қаласындағы Польша Республикасының елшісі Михал Богдановичпен кездесу өтті.

Келесі күні Достық үйінде елшінің  Польшадағы білім беру, виза алу, поляк картасын алу мәселелері бойынша кезекшілігі өтті. «Полонез» қоғамдық бірлестігінің өкілдері сондай-ақ, Меркі ауданы Сыпатай Батыр ауылында және Т.Рысқұлов ауданында поляк солдаттарының мазарына барып, гүл шоқтары мен шамдарын қойды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

«2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауы

ҚР ҚХА-ның даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын (2025 жылға дейін) орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Байқау медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА-ның кәсіби емес медиаторларын анықтау және ынталандыру мақсатында өткізілді.  Байқаудың негізгі міндеті – қазіргі кәсіпқой емес медиаторлардың патриоттық рухын арттыру.

Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р. М. Убайдуллаева Жамбыл облысындағы медиация институтының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Байқау қортындысы бойынша Шу ауданының ҚХА медиаторы Абдуллаев Таджир Максим-оғлы – 1 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Расилов Тамаша және Байзақ ауданының медиаторы Үрпекбаев Жұматай – 2 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Тоқбергенов Сағындық Құралбайұлы, Байзақ ауданының ҚХА медиаторы Жұмағұлов Жиенғали және Тараз қаласының ҚХА медиаторлары Жанисенов Талғат Сугралиұлы мен Сафонова Лариса Владимировна  3 дәрежелі орындарды иеленді.

Қалған медиаторлар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде өңірлік ассамблеясымен серіктес кәсіби медиаторлар да болды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі