ҚХА жастары аймақтық «Жастар шақырады» форумына қатысып, белсенділік танытты

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының активтері ағымдағы жылдың 23-25 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен табиғатымен баурайтын  Меркі ауданындағы тау бөктерінде орналасқан «Turan» демалыс орталығындағы аймақтық «Жастар шақырады» форумына қатысты. Аталмыш форумға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері іріктеліп алынды. Дарынды жастардың шығармашылығын анықтауға, қолдауға және көтермелеуге, қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тәрбиелеуе, қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыруға және мемлекеттік тілді оқыту арқылы халықтың бірлігін нығайтуға бағытталып үш күнге созылған «Жастар шақырады» форумы ойдағыдай аяқталды. Үш күн ішінде жастарға түрлі ойын сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылып, қатысушылар арасында таныстық, достық қатынасы орнады. Аймақтық форум аяқталып өз мәресіне жеткенде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Махсудқызы жастарға жүрекжарды тілегін білдірді.

– Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Меркі ауданындағы “Тұран” мәдени-демалыс кешенінің аумағында “Жастар шақырады” этномәдени бірлестігі жастарының облыстық форумын өткізіп келдік. Бұл жыл сайын өткізілетін іс-шара. Форумға қатысушылар этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен көшбасшылары. Ұйымдастырушылары Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясы. Меркі өңірінде жастар жиынын алғаш рет өткізіп отырмыз. Менің ойымша, бұл форум табысты өтті деп ойлаймын, себебі бұл іс-шара түрлі бағдарламаларға қанық. Аймақтық форумның қатысушы жастар бір-біріне ұмытылмас естеліктер, ерекше көңіл-күй сыйлау үшін бар күш жігерлерін салып тырысты. Форум барысында ойын-сауықтық сипаттағы мәдени іс-шаралар ғана емес, сондай-ақ семинар-тренингтер өткізілді. Барлық қатысушылар уақыттарын жақсы өткізді деп ойлаймын.

Шынында да жастардың демалысы қызықты сәттерге толы болды. Алғашқы күннен-ақ жоспар бойынша белгіленген бағдарламалар жалындаған жастардың ерекше қызығушылықтарын оятты. Әрбір берілген тапсырманы бар ынта-жігерлерімен орындап форумға қатысушылардың әрқайсысы жеке қырларынын танылды. Шілденің аптап ыстығы болмаса да қолайлы ауа райына байланысты форум жастарына арнайы жүзуден  «Лови волну-2019» сайысы өткізіліп, жүзгіш жүйріктер де анықталды.

Күннің екінші жартысында қатысушылар Хасанова Дильноза Бахадүрқызының жүргізуімен «Поколение Z» тақырыбында семинар-тренингке қатысып, нәтижесінде бұл буын туралы қызықты ақпарат алды. Сонымен қатар тренингте лектор жастарға бағыт-бағдар ретінде алдағы он жылдықта жоғары сұранысқа ие болатын және сол уақыт аралығында қоғамға пайдасы бәсеңдейтін  мамандық түрлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Қазақтану» бағдарламасы аясында әр этнос қыздары арасында қазақтың ұлттық тағамы «Қуырдақ» пісіруден шеберлік сыныбы өткізілді. Ал, ер балаларға жоғары санатты аспаз кәуап пісірудің және мүшелеп ет бөлшектеудің қыр-сырларын көрсетті. Жоғарыда атап өткеніміздей форум жастардың интеллектуалдық, мәдени деңгейін арттыруды басты нысанға алынды. Осы орайда көшбасшы жастарға «Ораторское искусство и леторское мастерство» тақырыбында «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ким  Полина Александровна семинар-тренинг өткізді. Семинар тренингте «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері төрт топқа бөлініп, әр топ көңіл-күй түрлерін (меланхолиялы, сангвиндік, ашуланшақ, қызба, т.б.) таныстыру арқылы сөздік қорларының кеңдігін көрсетті. Бұл тренинг жастарға шешендік өнерді игерудің маңыздылығын аңғартты.  Күндізгі уақыт жастардың білімдерін арттыруға жұмсалса, кешкі мезгілде ой сергіту мақсатында жастарға караоке сайысы, би сайыстары және викториналық ойындар ойнатылды. Форум барысында жастар бос уақыттарын да тиімді пайдаланып, демалыс орталығының тамаша табиғатымен танысып, демалыс орталығын қоршаған алып тауларға көтеріліп, аймақтың көз тоймас табиғаты аясында фотосесия жүргізді. Сонымен қатар форумға қатысушыларға демалыс барысында төрт мезгіл дастархан жайылып, тәтті тағамдар беріліп, демалысты жақсы өткізуілеріне қолайлы жағдайлар жасалды.

«Жастар шақырады» аймақтық форумының жабылу салтанатында концерттік бағдарламамен қоса Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы форумға қатысушы көшбасшы жастарға сертификат пен Қазақстан халқы ассамблеясының логотипі бар ыдыстарды сыйға тартты.

Аталмыш форум жастарға ерекше әсер сыйлап, білімдерін кеңейтуге, жаңа достар табуға, тамаша табиғаттың куәгері болуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге зор үлесін қосқан игі іс-шараларымыздың бірі болып қатарға енді.

Тараз қаласының Достық үйінде «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті

Қазақстан 140 этнос пен 19 конфессия өкілдерінің туған шаңырағына айналды. Азаматтық  татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз.

Тараз қаласының Достық үйінде ағымдағы жылдың  22 тамызында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі –   «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы облыстық «Бірлік» қарашай-балкарлар Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігі ұйымдастырған  басқосуда  Жамбыл  облысы әкімі аппараты  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы  Рано Махсудқызы  жиылған қауымды атаулы күнмен құттықтай келе,  «Бірлік» қарашай-балкарлар бірлестігінің аға буын өкілдері мен жастарына өзінің: – Қазақстан – барлық этнос өкілдеріне кең құшағын жая білген қасиетті ел. Өңірлік «Бірлік» қарашай-балқарлар этномәдени бірлестігін бүгінгі этнос күндерімен құттықтай отырып, өткені мен болашағына зор құрметпен қарайтындығымызды білдіреміз. Қарашай-балқарлар қауымдастығына деген ықыласымыз шексіз. Ұйымның талапты, өнерлі жастарына өсіп-өркендеу тілейміз,- деп, жылы лебізін білдірді.  Іс-шара барысында жастарды тәрбиелеу  және үлкенге құрмет көрсету, ата-бабалар рухына тағзым ету,  басқа да этникалық ерекшеліктерге қатысты дәстүрлерді сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінді.  – Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қарашайлардың жанына батқан қиындығын тереңінен түсініп, ыстық ықыласын көрсеткен қазақ  халқы бізге өте жылы көрінеді. Біздің ұрпақтарымыз қазақ топырағында өсіп-өніп, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп келеді, – деді қарашай-балқарлар бірлестігінің басшысы Леля Ахмадқызы. – Саны аз болғанымен, қарашай-балқар жұрты ұлттық болмысын сақтап, мәдени орталықтары арқылы, өзіндік салт-дәстүр мен мәдениеті барда  ұлт ретіндегі ерекшеліктерін қастерлей білетін халық. Бүгінде осы Ассамблея, тағдыры тоғысқан этностық ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін бір шаңырақ астында ұйытып, бірлігін нығайту бағытында толайым тірліктер атқарып келеді.

Жиын соңында Жамбыл облысы ҚХА игі іс-шараларына аянбай өз үлестерін қосып, қайырымдылық танытып жүрген «Бірлік» қарашай-балқарлар бірлестігінің Аналар кеңесінің беделді мүшелері мен шығармашылық жастарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

Облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы – Михаил Тё, республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, суретші, фотограф  және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға өз үлесін қосып жүрген танымал тұлға.

Басылым облыстың мәдениет, тарих және археологияның ең танымал ескерткіштері туралы ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы болып табылады. Кітап 13 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы облыс аумағында орналасқан қасиетті жерлерге арналған. Олардың ішінде баршамызға белгілі, қазір Жамбыл жеріндегі туристік тартымдылығы жоғарғы нысандардың бүкіләлемдік тізіміне енген Айша-бибі, Бабаджи-хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, ежелгі ислам мешіті, Төрткүл керуен-сарайы және т.б. бар.

Кітапта тек Михаил Теның ғана емес, аймақтағы өз ісінің танымал шеберлері Юрий Ким, Ағәділ Рысмахан, Алтынбек Картабай және Виктор Барбаш жасаған көптеген фотосуреттерді (шамамен 100 сурет) көруге болады. Автордың кітапқа дайындаған иллюстрациялары да керемет. Жинақтың мұқабасы Айша бибі кесенесі  және Ақыртас қалашықтарының фотосуреттерімен көркемделген.

Ерекше форматта, шығармашылық кеш түрінде өткен тұсаукесер қонақтардың қызығушылығын тудырмай қоймады.  Облыстық мәдениет басқармасының өкілі Михаил Платов шығармашылық кештің жүргізушісі ретінде ғана емес, сонымен қатар жазушының мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларымен мән-мағыналы сұхбат жүзінде де бөлісті. Сондай-ақ, төл туындының авторы осы кітапты жазу барысындағы алуан түрлі сезімін көзі қарақты көрерменге кеңінен әңгімеледі: – «Мен бұл кітабымды жазам деп ойламап едім. Әріптестерім және дос-жарандарым республикалық «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған өңірлік киелі жерлер турасындағы мақалаларымды көріп, «сен неге осының бәрін жинақтап, кітап жазбайсың?» деп қолқалағаны бар емес пе?! Өзім де зерделесем, тарихи өлке тақырыбында жазған материалдарым мен түсірген суреттерімнің саны  шынымен де 3 жылдан бері біразға жеткен екен. Осы себепті де ойланып-толғана келе қолжазбаларымды жинақтап кітап етіп шығаруды ұйғардым. Міне, сөйтіп осы аталмыш төлтуындым жарық көрді. » -дей келе,  автор күні кеше ғана жарық көрген төл туындысын оқушылар мен студенттер үшін де, тарих, археология және өлкетану тақырыбына қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін де пайдалы болады деп сенеді. Михаил Борисұлының төл туындысы жергілікті тұрғындардың туған өлкесін аралап  саяхаттауға деген  қызығушылығын оятады және шетелдік туристер үшін де тамаша естелік болатынына сенімі мол екендігін жеткізді.

Сонымен қоса, Михаил Те жаңа қырынан танылып, өз шығармашылығының ән қоржынынан гитара сүйемелдеуімен  жиылған жұртшылыққа тамаша әнін тарту етті.

Кеш соңы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерқанат Манжуов  пен  облыс әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлованың  аталған кітап лентасын ресми түрде қиюымен және автордың  кеш қонақтарына өз қолтаңбасы қойылған  кітаптарын үлестірумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісм» КММ

Баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды. Экскурсия маршруттық жоспарға сәйкес екі бағыт бойынша өткізілген болатын: біріншісі Тараз-Байзақ-Рысқұлов-Шу-Қордай-Меркі аудандарын, екіншісі Тараз-Жамбыл-Жуалы-Талас-Байзақ-Меркі аудандарын қамтыды. Қатысушылар алдында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім «Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева сөз сөйледі. Сонымен бірге, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова экспедиция қатысушыларына сәт сапар тіледі. «Жаңғыру жолы» өкілдеріне осы іс-шара бойынша техника қауіпсіздігі шаралары жүргізілді.

Экспедиция қатысушылары Таразда археологиялық саябақ пен «Көне Тараз» кешеніне барды. Экскурсиядан кейін белгіленген нысан бойынша қатысушылар арасында логикалық тапсырмалары бар квест-ойындары өткізілді. Бірлескен экскурсиядан кейін қатысушылар екі бағыт бойынша бөлініп, жолға шықты.

Бірінші топ Ақыртас кешеніне, Құлан ауылындағы, Шу және Қордай қаласындағы мұражайларға барса, бағдарламаның зияткерлік және экскурсиялық нысаны бойынша , “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастары  #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдады . Балалар сапар барысында аталған аудандарда экоакция өткізді.       Акцияның маңыздылығы – Қазақстан жастарын өз аймақтарының тазалығын сақтауға шақыру. Кордайда қатысушылар коворкинг-орталығына барып, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» атты Стивен Р. Ковидің екі кітабымен танысты. Кордай тарихи-өлкетану мұражайында балалар экспозициялары арқылы бейне-челленджін түсірді. Одан әрі белгіленген бағытқа сәйкес белсенділер “Қарақоңыз” мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалына сапар шегіп, ҚХА жастары Іле Алатауы жотасының батыс бөлігінің бірегей өсімдіктерімен танысты.
Екінші топ бірінші күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына, Қарахан мен Айша бибі кесенелеріне жол тартып, осы тарихи орындардың тарихы туралы мағлұмат алды. Күннің екінші бөлігінде экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы мұражайында орналасқан экспонаттармен танысып, “Шақпақ ата әулие” үңгіріне бағыттады. Экспедицияның екінші күнінде қатысушылар Талас ауданындағы Тамды қалашығының және Берікқара шатқалының тарихымен танысты. Үш күндік экспедиция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Медиа мәдениет кеңістігіндегі этникалық имидж

Азияның жүрегі, тоғыз жолдың торабындағы қазақ жерінде этникааралық келісім мен өзара сыйластықты, толеранттылықты қалыптастырған, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт тіршілік кешуінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған. Ал осы ішкі тұрақтылыққа негіз болып отырған татулықты сақтап қалу – өскелең ұрпақтың міндеті. Айтар ұлағатын өнеге қылып көрсеткен халқымызбұл есті ескертуді жастарға енді қалай жеткізеді? ӨңірлікҚазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»мекемесі «Заманауи медиа мәдениет кеңістігіндегі этникалық имидж» тақырыбында пікірталас алаңдарын ұйымдастырып, көкейдегі көп сұраққа жауап іздеді.

Қазақстандық бірегейлікті, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды, жастарғаотаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеуді көздеген шара он ауданда және Тараз қаласында өткізілді. Пікірталас алаңдарынаэтномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесі және ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, аймақтық этномәдени бірлестіктердің жастары және облыстық, қалалық, аудандық  БАҚ өкілдерішақыртылды. Ұйымдастырушылар бұл шара аймақтағы сексеннен астам этностың мәдениеті, өркениеті, әдебиеті, тілі, ділі сынды ұлттық құндылықтарын жандандыра түседі дейді. Себебі ашық диалог алаңында осы мәселелердің шешу, дамыту жолдары қарастырылып, түрлі ұсыныстардың жай-жапсары талқылануда.Әр этностың өкілдері өз салт-дәстүрлері туралы сауалнама толтырып, ұсыныстар жасау арқылы да бұл жобаға белсенді түрде атсалысуда.

«Бұл шараны қолға алғандағы мақсатымыз – әртүрлі ұлттардың дәстүрлерінің ерекшеліктерін, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші миссиясының маңыздылығын талқылау. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтап қалу керектігі туралы анық айтылған. Біз де осы бағытта тиісті жұмыстар атқарудамыз. Елімізді мекендеген барша этностың мәдениетін тиісінше келешектің санасына сіңірсек дейміз», -деді жобаның жетекшісі, аталған мекеменің бас сарапшысы Альбина Маратқызы.

Назерке Оңғар,

облысәкімі аппаратының«Қоғамдық келісім»

мекемесінің баспасөз қызметінің маманы.

Меркі ауданында облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  Меркі ауданында облыстық Қоғамдық  келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Облыстық жиында модераторлық жасаған  Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облысындағы филиалы төрағасының орынбасары –  Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс аудандарында және оның ішінде Меркі, Талас  аудандарында  қоғамдық келісім кеңестерінің мемлекеттік саясатты түсіндіру тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы сөз бастап, аудан әкімі орынбасарлары баяндама жасады. Сонымен қоса, республикамызда құнды саналып отырған конфессияаралық келісімнің тәжірибелері барысында да Қазақстанның  қоғамдық-саяси өміріндегі діннің  игілікті рөлдері, сонымен бірге,  ұлтаралық, дінаралық келісімді  нығайту жолында өзге этностардың да барынша үлестерін қосып отырғандары сөз болды.  – «Қоғамдық келісім кеңесі берілген тапсырманы орындап, есебін беріп отыратын ұйым емес, болмаса ұлтаралық немесе конфессияаралық қатынасты реттеуші  емес, халықтың ішіндегі қоғамдық келісім болып табылады.  Аты айтып тұрғандай қоғамдағы болып жатқан түйіткілдердің шешу жолдарын тауып, келеңсіздіктерді болдырмау. Қазіргі таңда дүниенің әр қиырында түрлі жайттар  орын алуда. Ал, мұндай жағдайлардың Меркі, болмаса Таласта болмайтындығына кім кепіл?!»-деді, өз сөзінде. Сондай-ақ, кеңес төрағасы жастардың еңбекке құштарлығын арттырып, елге қызмет ету керектігін естеріне салды. Кеңес басшысы мұнымен ғана шектелмей,  2009 жылы Қордай ауданына келген әр мемлекет  шенділерінің арасынан Тәжікстандық Қорғаныс министрлігінің бір полковнигінің Қазақстанның армиясы материалдық техникалық базасы жағынан жоғары деңгейде екендігін және мұндағы бейбітшілік пен келісімнің мықты сақталғандығы туралы айтқан естелігімен бөлісті. Бұл арқылы өз еліңнің өсіп өркендеуіне мықтап күш салуға тиіс екеніңді ұғынуға болады деген тілегін де тілге тиек етті.

Отырыс барысында Жамбыл облыстық аудандардың Қоғамдық келісім кеңестерінің  Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында берілген жергілікті бюджеттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы аудан әкімдерінің орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Көшпелі отырыс соңында ҚХА XXVII сессиясында өңірлерге Елбасының берген тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы  мен  облыстық қоғамдық кеңес төрағасы  Сейдазимов Сембек Әбетайұлы алдағы уақытта тізе біріктіре жұмыс істеу үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Көшпелі отырыс ары қарай Қоғамдық келісім кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелерімен бірге  Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр»  ЖШС  қызылша егу шаруа қожалығында жалғасты.  Мұнда оларға агроөнеркәсіптік секторда прогрессивтік   технологияны енгізудегі жұмыс сапасы таныстырылып, егін алқабын тамшылатып және жаңбырлатып  суару әдістері көрсетілді. Аталған серіктестіктің басшысы Қанат Шайхиев қонақтарға  егін алқабының жай-күйімен таныстыру барысында қант қызылшасын жаңбырлатып суару технологиясы арқылы республика бойынша жоғарғы көрсеткішке жеткендігін айта тұра, құрылғының Франциядан алдырылғанын атап көрсетті. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің тарапынан егін алқабында бұдан өзге де оң шешімін тауып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізген Қанат Кеналыұлына атқарған еңбегіне сай жоғары мемлекеттік марапатқа ұсынылуы тиісті екені туралы сөз болды. Бұл ұсыныс тиісті мекеменің күн тәртібіне енгізілетіні де айтылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жамбылдық этнос өкілдері «Good Look» өндіріс орнында барып қайтты

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті бюджетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологияларды ілгерілету жұмыстарына тарту бойынша жол картасына сәйкес облыстық этномәдени бірлестік өкілдері   «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндіріс орнына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Кездесуге Жамбыл облысы этномәдени бірлестік жастары «ГудЖем» ЖШС жем шығару өндірісіндегі мамандар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы,  агроөнеркәсіп саласындағы мамандар, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологиялармен таныстыру кездесуін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Тараз қаласындағы «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндірісі «GOODZHEM» тауарлы маркасымен жылқының, мүйізді ірі қара малдың, ұсақ малдың, құстардың құрама жемдерін өндіреді. 2017 жылдың 1желтоқсанынан іске қосылған өндіріс орны бүгінгі таңда өзінің тауарлық брендін қалыптастырған өндіріс орны бір жарым мыңнан астам жемнің түрімен облыс көлемін ғана емес еліміз бен алыс-жақын шет елдердің де ауылшаруашылық салаларын қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс орнының серіктестік сату бөлімінің басшысы Мұхаммед Үсенбаевтың айтуынша бүгінде серіктестік өнімдері Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттеріне экспортталып жатыр екен. Өндіріс орны қазір 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бір тәулікте 480 тонна өнім өндіретін өндіріс орнында 4000 тонналық астықты шикі күйінде сақтау үшін Түркия құрылғыларымен екі элеватор салынуда.

  • Элеватор бағаны тұрақты ұстап тұру үшінде өте пайдалы болмақ. Біз астықты еліміздің түпкір-түпкіренен аламыз. Бірінде арзан бірінде қымбат келеді. Дегенмен жаз айларына қарағанда күз айларында астық бағасы қымбаттай түседі. Мәселен, күз мезгілінен бастап бидай бағасы артады. Осы уақытта біз элеваторда сақталған бидайымызды пайдаланып, баға тұрақтылығын сақтаймыз, – дейді, Мұхаммед Еділбайұлы. Сондай-ақ, мұнда өндірілетін жем қорегімен 6-7ай бордақыланатын ірі қара малдарды небәрі 3-4 ай ішінде семіртуге болатынында тілге тиек етті.

Өндіріс орны толықтай автоматтандырылған технологиялармен қамтамасыз етілген және мұнда қауіпсіздік сақтау ережелері де дұрыс жолға қойылған. Сондай-ақ, өнідіріс ошағында жемнің құрамын арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы бағдарлап, ал, әр астық арайы лабараториялық тексерістен өтіп отырады. Лабартория қызметкері Сонина Евгения астықтың құрамы мен сапасын анықтайтын «Инфралумь» деген құны 5 млн теңге тұратын құрылғы Украинадан арнайы алынды, қазір құрылғы жүгімізді жеңілдетіп, өндіріс орнының жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізіп отыр дейді.

Өндіріс орнындағы этнос өкілдері жастарының кездесуінің соңы  жемнің қалай жасалу жолдарын және жұмыс барысындағы техникалардың атқаратын қызметтерін тамашалаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Медиация – бейбітшілік пен келісім кепілі

Өңірдегі  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс медиаторларының «Медиация-бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты облыстық конференциясы өтті.

Конференцияны өткізудегі басты  мақсат-медиация институтын дамыту бойынша өзекті мәселелер мен жұмыс әдістерін, ҚХА медиация құрылымдарының мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау.

Іс-шараны аша отырып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жақсылык Жасөркен Берікұлы бүгінгі таңда Қазақстан халқы ассамблеясы, медиаторлар, жергілікті атқарушы  органдар және барлық мүдделі мемлекеттік органдар бітімгерлік рәсімдерді қолдану арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында біраз жұмыстар атқарғанын атап өтті.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы  бүгінгі күнге дейінгі медиация мен облыстық Қоғамдық келісімнің кеңесінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесіне тоқталып, «Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметіндегі медиацияның рөлі» тақырыбында баяндама жасады: Өз құзыреті шегінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара бірлесе отырып жұмыс жасайды. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыруына қоғамдық бақылауды, халық проблемаларының мониторингін жүргізіп, олардың шешілу жолдарын қарастырады. Мәселен, бүгінгі таңда біздің облыста 177 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыста, 4 қалада, 154 ауылдық округтерде және 9 ірі кәсіпорындарда “Қазфосфат” ЖШС, “Таразэнерго” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, “Жамбыл-Жылу” КММ, “Тараз – Су”КММ. Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің жалпы саны – 1108. ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, аудан кеңестерінің, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша да бірқатар мәселелер шешілді. Бұл өзара іс-қимылдар біздің елімізде бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі сақтау үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Жамбыл облысындағы ҚХА медиация кабинетінің қызметі бойынша есеп беру баяндамасында В. Н. Досыбиева конференцияға қатысушыларды кабинеттің атқарылған жұмыстары туралы слайдтар көрсету арқылы таныстырды. Баяндамада Облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы адамды заңсыз бас бостандығынан айырған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық істердің қаралғаны, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер туралы статистикасы бойынша 2019 жылдың жарты жылдығында облыс соттарымен 71 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылғаны, ал сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу және анықтау бөлімдері медиаторларының қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты 139 қылмыстық іс қысқартылғаны мәлімденді.

Одан әрі Жамбыл облыстық сотының судьясы, бітімгершілік шаралар жөніндегі үйлестіруші Д. А. Әзіретқұлов “Азаматтық сот ісін жүргізудегі бітімгерлік рәсімдер туралы” баяндамасында медиация тәртібімен рұқсат етілген “азаматтық істер” санының өсуіне тоқталды және бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,7% – ға көбейгенін көрсетеді.   Аймақтық ассамблея аналар кеңесі төрағасының орынбасары А.В. Плетневаның пайымдауынша – отбасындағы бейбітшілік пен келісімнің сақталуы, Аналар кеңесі кез келген өзекті мәселелерді шешу үшін іргелі қоғамдық күш болып табылатындығы және балаларды қазақстандық патриотизм рухында  тәрбиелеу үшін отбасылық құндылықтарды қайта жандандыру іс-шаралары жүргізілу керек. Сондай-ақ, С.Нұрмағамбетов атындағы  № 10 орта мектебінің  КММ директоры – Бектұрғанов Бауыржан Өмірзақұлы «Мектеп медиациясы» атты баяндамасында Жамбыл облысында  Медиация кабинетінің ашылғаны үшін алғысын білдіріп, кабинеттің ашылуы  мектеп балалары мен олардың ата-аналарының  тыныштықта болатыны және  мектеп арасындағы қақтығыстар ендігі тезірек және оңай шешілетіндігі сөз болды.

Іс-шара соңында бағдарламада көрсетілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты және сындарлы диалог өтті, тиісті қарар әзірленді және осы бағытта ұсыныстар енгізілді.

Медиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін ынтымақтастық серіктестері мен ерекше көзге түскен медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция соңында қатысушылар Медиация күніне арналған дайындалған музыкалық бағдарламаны тамашалады.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі