Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

3 мамыр күні Достық үйінде, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Жиынға облыстық этномәден бірлестік басшылары мен өкілдері және «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары қатысты.

Жиын барысында азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту, кедергісіз орта құру, «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) сынды бірқатар мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақ арасындағы қылмыстық «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын адам. Жиын барысында мұндай әлеуметтік құбылыстың қаншалықты қауіпті екендігі, қоғамға және қоғамның мүшелеріне, саяси, материалды және басқа зиян келтіретіндігі жөнінде сөз болды.

Жиын соңында әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды мемлекетке адал қызмет етуге үндеді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі

Өзара іс – қимыл-мақсатқа жетудің кілті!

Жамбыл облысы “Қоғамдық келісім” КММ-де “Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл”атты Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған облыстық және қалалық соттардың судьялары, адвокаттар, билер, ҚХА медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты. Медиаторлар кеңесінің төрағасы-Сафонова Лариса Владимировна біздің аймақта медиацияны дамыту үшін ортақ пікірлестер мен серіктестерді, оның дамуына мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы үлкен серпін бергенін атап өтті. “Өңірдегі ҚХА медиаторлары медиация мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен кездесулерге белсенді қатысып, оң тәжірибе алмасып, бірлескен іс-шаралар барысында медиация институтын одан әрі дамыту бойынша толықтырулар, түзетулер мен ұсыныстар енгізеді. Біздің ортақ мақсатымыз-медиация институтын дамыту!“- деп толықтырды медиаторлар кеңесінің төрағасы.

Медиация туралы облыстық соттың судьясы Динара Нұрлыбаева бүгінгі таңда соттар, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, медиаторлар, барлық мүдделі мемлекеттік органдар бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы қоғамдық келісімді нығайту саласында біраз жұмыстар атқарғанын атап өтті. “Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек, өйткені мұндай жемісті ынтымақтастық пен әріптестік қарым – қатынас қоғамда татуласу рәсімдері мен медиацияға оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді” – деп атап өтті Динара Нұрлыбаева.

Осынау отырыста медиацияның жай-жапсары туралы Тараз қалалық сотының бітімгерлік судьясы Абаева Жанна Мерекеевна мазмұны осы тақырып бойынша ғылыми әзірлемелерге, дамыған мемлекеттердің халықаралық тәжірибесіне және өз тәжірибесіне негізделген бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша электрондық кітап – әдістемелік құралды таныстырды. Сонымен қатар, оқу құралының авторы отбасылық-неке дауларын; шарттық міндеттемелерден туындайтын дауларды; тұрғын үй, мұрагерлік және басқа да дауларды қарау кезінде психологиялық дағдыларды қолдану әдістемесін ұсынды.

Қорытындылай келе, баяндамашы әрбір адамға жұмыс үстелінде немесе цифрлық және электрондық тасығыштарда электронды кітап құралының болуын тіледі. Оған татуластыру рәсімдері институтын дамыту мақсатында жүгінуге болады.  Бұдан кейін Жанна Мерекеевна жиынға қатысушыларға электронды кітаптар таратты.

Кездесу барысында жан-жақты диалог, белсенді пікір алмасу өтті, онда сотта және сотта дауларды медиацияны қолданудан туындайтын медиацияның өзекті мәселелері талқыланды.

Таразда Аналар кеңесінің кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың     3-сәуірінде Достық үйінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудовна және Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған этномәдени бірлестіктердің қыз-келіншектері қатысты.

Кездесудің күн тәртібіндегі бірінші мәселе алдағы ел президенттігіне арналған сайлауда кандидатураларды қолдау болып табылады.

Естеріңізде болса, Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде елімізде 2019 жылдың 9 маусымы күні кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеп, «Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл — менің берік ұстанымым!»-деп атап өткен болатын.

Жиын басы Аналар кеңесі төрайымының күні кеше ғана кең көлемде өткен 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекемен құттықтаудан басталды. Мухаббат Миражапова: «Баршаңызды өткен 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын. Сонымен қатар, сәуір айында өткен ҚХА XXVII-сессиядан алған әсеріммен бөліскім келіп отыр. Кезекті сессия жылдағы сессиялардан кең көлемде өтті. «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» атауымен өткен сессияға 1500 мыңнан астам адам қатысты. «Әлемде, күнделікті өмірде бәрі өзгеріп жатыр. Бір ғана дүние өзгеріссіз қалады, ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім», -деді Тұңғыш Президентіміз. Осы сөзі менің елімізге деген құрметімді еселей түсті. Сонымен қатар, Үш мемлекеттен Түркия, Ресей және Германиядан шетелдіктер баяндама жасады. Мұының өзі біздің халықаралық аренада талқыланып жатқанымыздың дәлелі»- дей келе, келесі сессияның өту барысы  жылдан жылға жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын айта кетті.

Алдағы ел президенттігіне үміткер кандидаттарды сайлауға қатысты облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері  Куненова Паиза Сәрсенбайқызы, Плетнева Аракси Ваграмовна және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Осипова Татьяна Ивановна өз баяндамаларын жасады.

Жиын қортындысы  бойынша Аналар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта ел президенттігіне арналған сайлауға Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттарды қолдау, оларға дауыс беруде дұрыс,  әрі әділ шешім қабылдау сынды мәселелермен қатар өскелең ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтарға тартуда белсенділік таныту сынды ауқымды жоспарларды жүзеге асыру туралы ортақ шешімдерге келді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Тараз қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр мерекесі – ынтымағы мен  мен бірлігі жарасқан берекелі  халықтық мереке! Үстіміздегі жылдың 1 мамыр күні, Жамбыл облысы, Тараз қаласының «Жастар» аллеясында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған мерекелік шеру жаңа форматта өткізілді. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігі бірлесе отырып өткізген аталмыш мейрам жоғары деңгейде өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты мен міндеті – Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтарда этносаралық келісімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру жолында Қазақстан халқының рухани-мәдени бірігуі мен қазақ еліндегі отбасылық құндылықтар мен дәстүрлері дамытуды насихаттау, болашақ жас ұрпақты әр этнос салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге үйрету.

Өңіріміздегі 27 этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері де, оған қоса «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Жаңғыру жолы» жастар белсенділерінің көшбасшылары, облыстық филармония өнерпаздары, ҚХА Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері, қолөнер шеберлері, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектептен тыс және балалар шығармашылығы орталығының оқушылары, қала қонақтары мен тұрғындары, қалалық және облыстық БАҚ өкілдері аталған іс-шараға белсене қатысты.

Мерекелік шеруге  облыстық этномәдени бірлестіктері мүшелерінен құрылған барлығы -3000-нан  астам адам қатысты.

Шерудің сәнін жалт-жұлт еткен ашық түсті, сәнді ұлттық киімдер  киген этномәдени бірлестіктер өкілдері келтірді.  Қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен  Ы.Сүлейменов көшесінің бойына «Ұлы дала ұландары» стеласынан «Білім» алаңы аралығында этноауылдар орналастырылды.  Құрметті қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат, Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева күтіп алып, оларды этноауылдармен таныстырды.

«1 мамыр – Қазақстанның бірлігі күні» мейрамын мерекелеудің іс-шаралар жоспарына сәйкес әр этностың ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды, «Достық дастарханы»  жайылды. Қазақ, орыс, өзбек, украин, неміс, дүнген, түрік, корей этноауыл «тұрғындары» өздерінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, өнерлерін  көрсетуде асқан шеберлік танытып, жиылған жұртшылыққа  зор әсер қалдырды.

Сондай-ақ, әр этноауылда тұрмыстық және қолданбалы өнер шеберлерінің музей экспонаттарынан көрмелер ұйымдастырылды. Қолөнершілердің еңбектері, шығармашылық жұмыстары  тамашаланып, қазіргі заманға сай түрлі материалдар мен өзіндік технологияларды ұштастыра дайындаған тамаша бұйымдар жұртшылық назарына ұсынылды. Көрмені аймақ басшысы Асқар Мырзахметов пен облыс ардагерлері, басқа да зиялы қауым және қала қонақтары көрмеге қатысушы барлық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарымен танысып, концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Бұл этноауылдар көрінісі –  еліміздегі ұлттар татулығы мен достығының айқын дәлелі. Өйткені, Қазақстанда бір шаңырақтың астында 140-қа жуық өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ал,  Жамбыл облысында 80-ге жуық этностар болса, оның 27-сі этномәдени бірлестіктер екен. Барлық этностар да Бірлік мейрамын мерекелеуге  зор ықылас-ынтамен ат салысты.  Дал осындай ауылдар-татулықтың символына айналып, халықтардың ынтымақты араласуына себепші болары сөзсіз.

Бұдан әрі түрлі қызықты спорт ойындарынан – «қазақ күресі», «қол күрес», «ордабасы», «асық ату», «мас-рестлинг», «тоғызқұмалақ»,  «ләңгіден»  жарыс өткізілді.

Бұдан соң «Білім» алаңында жастар мен жасөспірімдердің театрландырылған қойылымы және  жастар арасында тақырыптық байқаулар мерекелік концерті өтті.

«Жастар» аллеясының басты алаңында этномәдени бірлестіктер шығармашылық топтарының қатысуымен  өткен концерттік бағдарлама 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Мерекелік концерт барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналған барша жұртшылық – қала тұрғындары мен қонақтарын  бірлік мерекесімен құттықтап,  жамбылдықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бай-қуатты өмір тіледі.  Сонымен бірге облыс әкімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қоғамдық бірлестіктер өкілдерін марапаттап, оларға алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын табыс етті. Сондай-ақ, мерекеге жиналған жұртшылыққа «Полонез» поляк тілі және мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Аракси Плетнева және «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Риналь Рахматуллиндер  де ризашылық  лебіздерін білдірді.

Ары қарай этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен «Рахмет, саған туған ел!» әнінің фонында «Саялы бәйтерек» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Театрланған қойылымға орыс-қазақ драма театры актерлары  мен  облыстық ассамблеяның шығармашылық топтары қатысты.

Мерекелік кеш соңы Жамбыл облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Поющие сердца», «Чун-тянь», «Самульнори», «Дэй Мохк Stayle», «Үкілім-ай», «Эремурус», «Калинка», «Маричка», «Infinity», «Грация Кавказа» би және вокал ансамбльдері, т.б. мен облыстық филармонияның  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі мен  «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық тобы және филармонияның  танымал әншілері өз өнерлерін көрсетуімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Тараз қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр мерекесі – ынтымағы мен  мен бірлігі жарасқан берекелі  халықтық мереке! Үстіміздегі жылдың 1 мамыр күні, Жамбыл облысы, Тараз қаласының «Жастар» аллеясында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған мерекелік шеру болды. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігі бірлесе отырып аталмыш мейрамды жоғары деңгейде атап өтті. Өңіріміздегі 27 этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері де, оған қоса «Ақ желкен» жастар лигасы мен «Жаңғыру жолы» жастар белсенділерінің көшбасшылары да аталған іс-шараға белсене қатысты.

Мерекелік шеруге  облыстық этномәдени бірлестіктері мүшелерінен құрылған барлығы -3000-нан  астам адам қатысты.

Шерудің сәнін ұлттық киім киген этномәдени бірлестіктер өкілдері келтірді. Қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен  Ы.Сүлейменов көшесінің бойына «Ұлы дала ұландары» стелласынан «Білім» алаңы аралығында этноауылдар орналастырылды.  Құрметті қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат, Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева күтіп алып, оларды этноауылдармен таныстырды. «1 мамыр – Қазақстанның бірлігі күні» мейрамын мерекелеудің іс-шаралар жоспарына сәйкес әр этностың ұлттық тағамдары мен  қолөнері бұйымдарына арналған көрме өткізілді. Көрмені аймақ басшысы Асқар Мырзахметов пен облыс ардагерлері, басқа да зиялы қауым және қала қонақтары көрмеге қатысушы барлық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарымен танысып, концерттік бағдарламаларын тамашалады. Қазақ, орыс, өзбек, украин, неміс, дүнген, түрік, корей этноауыл «тұрғындары» өздерінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, өнерлерін  көрсетумен бірге жиылған қонақтарға «Достық дастархандарын» жайды.

Бұл этноауылдар –  еліміздегі ұлттар татулығы мен достығының айқын дәлелі. Өйткені, Қазақстанда бір шаңырақтың астында 140-қа жуық өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ал,  Жамбыл облысында 80-ге жуық этностар болса, оның 27-сі облыстық ассамблеяда  тіркелген этномәдени бірлестіктер екен. Барлық этностар да Бірлік мейрамын мерекелеуге  зор ықылас-ынтамен ат салысты. Дал осындай ауылдар – татулықтың символына, халықтардың ынтымақты араласуына себепші болады. Сондай-ақ, әр этноауылда тұрмыстық және қолданбалы өнер шеберлерінің музей экспонаттарынан көрмелер ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлерінің еңбектері, шығармашылық жұмыстары  тамашаланып, қазіргі заманға сай түрлі материалдар мен өзіндік технологияларды ұштастыра дайындаған бұйымдар жұртшылық назарына ұсынылды.

Бұдан әрі Жамбыл облысының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі спорт ойындары – «қазақ күресі», «қол күрес», «ордабасы», «асық ату», «мас-рестлинг», «тоғызқұмалақ»,  «ләңгіден»  жарыс өткізілді.

Бұдан соң «Білім» алаңында жастар мен жасөспірімдердің театрландырылған қойылымы мен жастар арасында тақырыптық байқаулар мерекелік концерті «Жастар» аллеясының басты алаңында қоғамдық бірлестіктер шығармашылық топтарының қатысуымен  2 сағатқа созылған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мерекелік концерт барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналған барша жұртшылықты бірлік мерекесімен құттықтап,  жамбылдықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бай-қуатты өмір тіледі.

Сонымен бірге, облыс әкімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан этномәдени бірлестіктер өкілдерін марапаттап, алғыс хаттар мен құттықтау қағаздарын табыс етті. Сондай-ақ, мерекеге жиналған жұртшылыққа «Полонез» поляк тілі және мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Аракси Плетнева және «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Риналь Рахматуллин құттықтау сөздерін сөйледі.

Ары қарай этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен «Рахмет, саған туған ел!» әнінің фонында «Саялы бәйтерек» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Театрланған қойылымға орыс-қазақ драма театры актерлары  мен  облыстық ассамблеяның шығармашылық топтары қатысты.

Мерекелік кеш соңы Жамбыл облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Поющие сердца», «Чун-тянь», «Самульнори», «Дэй Мохк Stayle», «Үкілім-ай», «Эремурус», «Калинка», «Маричка», «Infinity», «Грация Кавказа» би және вокал ансамбльдері, т.б. мен облыстық филармонияның  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі мен  «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық тобы және филармонияның  танымал әншілері өз өнерлерін көрсетуімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Page 2 of 2
1 2