Таразда «Мектеп медиациясы» кабинеті ашылды

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Отбасы және мектеп» пилоттық жобасы аясында Тараз қаласының ювеналды сотымен  бірлесіп,  Тараз қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде “Мектеп медиациясы”кабинетін ашты.

Іс-шараға сот өкілдері, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, АХАЖ, ювеналды заң консультациясының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, “Жастар ресурстық орталығы” КММ,  ішкі саясат бөлімінің,  ақсақалдар, аналар мен медиаторлар кеңесінің өкілдері қатысты.

Ювеналды соттың төрағасы Ербол Дүйсенбаевтың пікірінше: «Мектеп медиациясы – бұл тек білім беру әдісі ғана емес, сонымен қатар басқа адамды түсіну, қабылдау және тыңдау қабілетіне негізделген тұтас дүниетаным. Оны тәрбиелеу және білім беру саласындағы кездейсоқ жағдайларды шешу барысында пайдалану қажет».

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков медиация кабинетінде мұғалімдер мен оқушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек және психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қақтығысты, оның тікелей қатысушылары шешуі тиіс екенін де және сонда ғана  проблеманың үздік шешімі табылатындығын түсіндірді.

Тараз қаласының әкімі Кенжебай Олжабай да бала мүддесі –  мемлекеттік саясат пен мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылатынын айрықша атап өтті.

Осы қатарда Медиация кабинетінің меңгерушісі  Валентина  Досыбиева  ҚХА Аналар, ақсақалдар  кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі мен медиаторлары өкілдерінің бірлескен жұмысы жүргізіліп жатқанын түсіндіре келе, облыстың орта мектептерінде мұғалімдер мен оқушылар арасында медиацияны қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айта кетті.

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында  «Мектеп медиациясы» бағдарламасы бойынша  семинар-тренингтері жоспарланған, онда мұғалімдер,  психологтар, әлеуметтік педагогтар, оқушылар мен белсенді ата-аналар арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Семинар-тренинг оқушылардың медиативтік құзыреттілік деңгейін арттыру мектеп қабырғасынан басталуына,  медиация институтын дамыту  жұмыстарын  жүргізуде жол көрсетіп, болашақ ұрпақтың  кездейсоқ болатын дау-дамай мен қақтығыстар шиеленістеріне  медиативтік көзқараспен қарауға  үйрететін болады.

Медиация кабинеті мектеп медиаторларының жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жиһазбен жабдықталған.

Сонымен қатар, медиацияны қолдану саласы, медиацияны жүргізу қағидаттары туралы оқушыларға арналған ақпарат пен буклеттер, сондай-ақ мектеп медиаторларының тізімі орналастырылған арнайы стенд орнатылды.

Кабинеттің ашылу салтанатынан кейін облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің орынбасары Абдрахман Зайнутдинов «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Миражапова «ҚХА –бірлік пен толеранттылық үлгісі» тақырыбында, облыстық ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі В.Н.Досыбиева «Мектептегі Медиация» тақырыбында баяндама жасап, оқушылармен дәріс-әңгіме жүргізді.

Іс-шара соңында, отырысқа қатысушылар «Мектеп медиациясы» кабинетінің жоспарын  құру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді, өйткені олар мектеп қабырғасындағы қақтығыстардың төмендеуіне ықпал етеді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Балаларға сыйлықтар беріліп, қайырымдылық асымен қамтамасыз етілді

Балаларға  ұдайы  назар керек.  Ата-аналар балаларға жеткілікті уақыт бөлмеген жағдайда, әрбір отбасында және қоғамда оларды мінез-құлықтың өзгерісіне ұшырататын және құқық бұзушылыққа  жиі  әкеп соқтыратын түрлі өкінішті жағдайлар орын алады.

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әрбір баланың  өмірі мен жеке бас еркіндігі құқықтары бар. Мемлекет баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оны қорғайды. Заң бойынша баланы ата-анасынан немесе ата-ананың орнына тағайындалған  заңды өкілдерінен  өзінің қалауынсыз бөлуге тыйым салынады. Ата-анадан, туысынан  айыру  туралы шешім тек қажетті жағдайларда және баланы қорғау мақсатында ғана жасалады.

Осы ережені ескере отырып,  қиын жағдайға ұшыраған балаларды арнайы оқу орындарына жіберу арнайы соттың шешімімен ғана қабылданады.

Қазір республикада девианттық мінез-құлықтары бар балаларға арналған оннан астам арнайы мектеп бар. Осы мектептердің бірі Жамбыл облысының Тараз қаласында орналасқан. «Тараз қалалық арнайы білім беру жағдайына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернатында»  30-ға жуық оқушы бар.

Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы Аналар кеңесінің мүшелері  облыстық арнайы мектептің оқушыларымен кездесті.  Қайырымдылық тақырыбы үнемі маңызын жойған емес. Осыған байланысты аталған мектептің балаларын  әртүрлі кеңсе керек-жарақтарымен  қамтамасыз етіп, балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту және өз шығармашылық қабілеттерін көрсету негізінде  Аналар кеңесі өкілдері оларға  әр тақырыптағы кітаптар, сурет салуға арналған  бояулар,  қылқалам және  альбомдар, ойыншықтар сыйлады. Сонымен бірге, балаларға арналған қайырымдылық түскі ас берілді.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы отбасының беделін және ролін нығайтуға, балалардың қараусыздығы мен кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылықтарының алдын алу,  балалар  мен  жасөспірімдерді патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуге ықпал ету.

Жиын  «Қайырымдылық керуені» ұлттық компаниясының  «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы аясында өткізілді.

Іс-шараға Аналар кеңесі мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында арнайы мектептің балалары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Ұл балалардан ұйымдастырылған домбырашылар тобы халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Ерке сылқым» күйін орындады. Қыздар тобынан құрылған трио «Қазақтың жері», «Анашым – асыл әнім» атты т.б. әндерді  және  өздері  шығарған өлеңдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Кездесу соңында «Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілі, Аналар кеңесі мүшесі – Лобара Гаюпова мен оның дәмхана аспаздары  аталмыш мектептің  барлық оқушыларын түскі ас – дәмді өзбек палауымен тамақтандырды.

Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің  мәліметі бойынша Тараздағы ювеналды істер инспекциясында бір мыңнан астам жасөспірім тіркелген. Арнайы мектептердің басшылары мен  топ тәрбиешілерінің шыдамдылығы мен  жүйелі тәрбиелерінің,  сондай-ақ аналық  қамқорлықтарымен бөлісіп жүрген Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелерінің арқасында  кәмелетке толмаған  құқық бұзушылар саны азая түсуде.  Осындай игі істер –  қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың  қайта тәрбиеленіп,  жақсы қасиеттерге ие болып,  өз Отанының  лайықты азаматы  болып қалыптасуына  жақсы көмек.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанының бағдарламасы бойынша еліміздің барлық өңірінде «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтуде. Акциянын мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, олардың ішінде балалардың, көп балалы отбастарының, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.

Осыған орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың сәуірінде Жамбыл облысының Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында өтетін «Бейбітшілік және келісім керуені» қайырымдылық акциясы өтті.

Аталған шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарының ішкі саясат бөлімінің өкілдері, облыстық Аналар кеңесінің жетекшілері мен мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері, ауданның жұмыссыз жастары, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының мамандары, аудандық, ауылдық округтері Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, аудандық сот өкілдері, медиаторлар, халық шығармашылығы шеберлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Акция Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылының агротехникалық колледжінде және де Меркі ауданы, Меркі ауылының №9-колледжінде Қоғамдық келісім кеңестері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерін «Жаңғырған ауыл» жобасымен  таныстырудан  басталды. Әрмен қарай еліміздің ауылдарын жаңғыртуда, жаңартуда жастарды талаптандыру, қызықтыру ретінде және адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсатында колледж жастары арасында тренингтер өткізілді. Тренингтен соң Құлан ауылы мен Меркі ауылының колледж ғимараттары мен тарихи орындарына саяхат жасалып, акцияға қатысушылар жергілікті мұражайлармен  таныстырылды.

Сонымен бірге, «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың дәстүрлі құндылықтары: отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында  Аналар кеңесінің  және  «Медиация – ел бірлігінің негізі» тақырыбында медиаторлардың, осыған қоса облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің де аймақтық кеңейтілген отырыстары өткізілді.

Аналар кеңесінің осы отырысында Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова  әр қазақстандық отбасындағы аналардың ролі мен міндеттерін тілге тиек етті. «Берік отбасы-тұрақтылығымыздың кепілі» қағидасын ұстана отырып, ананың қаншалықты перзентін моральдық, рухани құндылықтарға баулуынан еліміздің болашағы айқындалады,  осы тұрғыда өз ойымен бөлісті.

Қалалық және Меркі, Т.Рысқұлов аудандық медиаторлары өз отырыстарында аталған аудандар бойынша жастар арасында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, қақтығыс және дағдарыстық жағдайларда жастардың медиативтік көзқарас дағдыларын дамыту қажеттігін, еліміздің болашағы жастардың белсенділігіне, мәдениетіне және қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты екендігіне, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олар үшін медиативтік құзыреттілік негіздерінің тренингтерін жиі өткізу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бас маманы Сарыбаева Балхаш көп балалы аналарды тегін медициналық тексерістен өткізді.

Жиналған жұрт, колледж жастары JASTAR JYLY-DANGYL ZHOL» Қазақстан халқы Ассамблеясының  жобасымен таныстырылып, ауданның жұмыссыз, бос жүрген жастарымен кездесулер өткізілді. Олардың тізімі алынып, қанша пайызы жұмыс іздеуде қиыншылыққа ұрынады, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаушылық,, «дипломды жұмыссыздық» мәселелерінің өзектілігі негізінде  жастар арасында анкеталық сауалнама жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары көзделді.

Шара барысында «Қазіргі заманғы дәстүрлі өнердің ролі» тақырыбында халықтық шығармашылығы шеберлеріне арналған дәрістер өткізіліп, «Туған жер» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті этномәдени бірлестіктер  қолөнер, қылқалам шеберлерінің шығармалары бағаланатын болады.

Осыған қоса, ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары өтті. Жиынға қатысушы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер,  дін істері, тілдерді дамыьу басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері – этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша сөз өрбітті. Семинар барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Рысты Керімбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды мен толеранттылық» тақырыбында жасаған баяндамасында ҚХА «Қазақтану» жобасы негізінде этносаралық жағдайлар қарастырылып, осы орайда күнделікті жұмыс жүргізілу қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, аталған жоба барысында орындалатын жұмыстарды жүзеге асырудағы  өз тәжірибесімен бөлісті.

Қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық ассамблея этномәдени бірлестіктерінің мүшелері  бұл жолы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының және Меркі ауданы, Меркі ауылының  жағдайы төмен көп балалы 10 этностық отбасына  азық-түліктер таратып қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Руслан Исмазов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, Қазақстан республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латиф Айдаров, «Жамбыл облыстық» «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Зайнуддин Махусеевтердің басшылығымен аталған аудандардың аз қамтылған отбастарына азық-түліктің түр-түрі таратылып, қамығып отырған көп балалы аналарға қайырымдылықтар жасалып, бірнеше жанұялар қуанышқа бөленді.

«Бейбітшілік және келісім» керуені қайырымдылық іс-шарасының соңы ұлттар бірлігін ұлықтайтын және әркез қайырымдылықтарын аямайтын акцияға қатысушылардың қалаға қайтуымен аяқталды.

Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысты.


Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда «Қазақтану» бағдарламасы аясында ашылған «МӘМІЛЕ» клубының екі отырысы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілген.

Бұл жобанын басты міндеті – қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа беру мен сабақтастық тетігін құру.

Жобаға байланысты облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мен «Қоғамдық келісім» арасында «Мәміле» жобасының (бұдан әрі – Мәміле клубы) тұжырымдамасы әзірленген еді.           Осыған орай  ағымдағы жылдың сәуірінде  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығымен»  бірлескен «Мәміле» клубының екі отырысы қатар өтті.

Бұл клуб – тілді үйренгісі  келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.

Отырыстардың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын дәріптеу. Мемлекеттік тіл саналатын қазақ тілінің бағасын түсініп, қазақ елінің дінін, ділін құрметтеу. Болашақ жастарды ұлттық патриотизмге, еліне, жеріне  деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шараға қатысушылар диалог алаңында «Ерлі-зайыпты, ұл-қыз» және «Туған-туысқан» (өз жұрты, қайын жұрт, нағашы жұрт) тақырыптары аясында  әңгіме өрбітті.

Отырыстың спикерлері – өңірлік «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Айгүл Кабиева, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев, «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы Мухаббат Тұрдиева, «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тіл жанашыры Мәскеу Ноқрабеков этнос жастарына өз ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, отырыста белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің сценарийі бойынша  отандық «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  «Қыз Жібек» фильмінен үзінділер көрсетіліп, әр ұлт өкілдерінің жастары қазақтың салт-дәстүрлері, ырымдарын  фильмді арқау етіп ұғыну, көру арқылы өз жеке көзқарастары мен ой-толғамдарын ортаға салды және тіл үйренді.

Отырыс соңы өткізілген дәрістерді сараптау және қорытындылаумен аяқталды.

 

Жамбыл облыстық әкім аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ  Баспасөз қызметі

АҚПАРАТ Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинар өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облыстық әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарының мемлекеттік қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында  «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді арттыру. Корсетілген тақырып бойынша тыңдаушылардың заманауи білімі мен дағдыларын меңгеру болды.

Іс-шараға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Белгіленген бағдарламаға сәйкес семинар модераторы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты  Парида Мамедова  «Жамбыл облысындағы этноконфессионалды жағдайды талдау және шолу: этномәдени, діни бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша ұсынымдар» атты  баяндамасында Жамбыл облысындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту бойынша ұсынымдарын атап көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Әлімбекова Гүлхан «Жана әліпби және емле ереженің жаңалықтары» тақырыбында жазылған  баяндамасында жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері мен жаңа әліпбиге көшу жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинарда Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» «Жаңа әліпби мен емле ережелерінің жаңалықтары» тақырыбында тренинг өткізді.

Аз ғана үзілістен соң, Жамбыл облысы әкімдігінің  «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ақпараттық түсіндіру және жоспарлау бөлімінің инспекторы Бахтияр Алпысбаев өңірдегі діни жағдайға баға бере отыра, Қазақстанның бүгінгі өмірінде ислам факторы үлкен мәнге ие екендігін,  бұл бір жағынан қуантарлық жағдай болса,  екінші жағынан ислам дінін өз мүдделерін жүзеге асыру жолында қолданғысы келетін діни радикалды топтардың белсенділігі де алаңдатпай қоймайтындығын өзекті мәселе ретінде қарастырды.

Сондай-ақ,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Раушан Сейдрахманова жаһандану үрдісінде  әлемді шарпыған рухани дағдарыс жағдайында тұлғалардың адами құндылықтарға бүгінгі таңда мән бермеуі туралы практикалық тренинг жүргізді. «Менің құндылықтарым» тренингі арқылы әрбір адамның жеке «мені» «сананы тазалауы», сананы кеңейтуді қамтамасыз ететін рухани байлыққа жетілдіруі керектігі туралы ой қозғады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керимбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында баяндама жасады. Еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық кодын қалыптастыру жолында жасаған ғылыми-педагогикалық жобасымен таныстырды. Автордың жобасы  2018 жылдың 19 қарашасында Астана қаласының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық  бірліктің қазақстандық моделіне» арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауда  1-орын иеленгенімен хабардар етіп, жобаның практикалық маңызымен таныстырды.

Ғылыми-сараптамалық топтың бұл отырысында Жамбыл облысындағы эносаралық жағдайлар қарастырылып, әлеуметтік зерттеу нәтижелері қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға  толықтырулар енгізілді.

Жиын соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталып, өткізілген іс-шараның қорытындысы жарияланды.

 

Жамбыл облыстық әкім аппаратының                          «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі