Ынтымақтастық салалары

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары және хатшылық меңгерушісі  Қожаева Маржан Төреғұлқызы бастаған этномәдени бірлестік өкілдері          Жамбыл облысы бойынша полиция Департаментінің басшысы Арман Оразалиевпен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты арттыру,  этносаралық қақтығыстар, даулар мен жан-жалдарды болдырмау.  Сонымен қатар, көші-қон, құықбұзышық  секілді мәселелердің алдын-алу және шешу жолдарын қарастыру.

Жамбыл облысында барлығы 87 этникалық топ өкілдері тұрады. 73 этномәдени бірлестік белсенді түрде өз жұмысын атқарып келеді. Олардың ішінде 26 Тараз қаласында,  47 Жамбыл облысының аудандарында тұрады.  Сондай-ақ, полиция бөлімшесінде де қазақ, өзбек, орыс, әзірбайжан, татар, корей сынды т.б.  қызмет атқаратын өзге этнос  өкілдері баршылық.  Жалпы алғанда аталған мекемкеде 20-дан астам ұлт өкілдері тұрақты түрде қызмет атқарып келеді.

Кездесу барысында  этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, полиция Департаменті мен Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, кездесуде  ұрлыққа қарсы іс-қимыл, көші-қон және  жергілікті полиция инспекторларының қызметі мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді жұмыстарға арануы, әсіресе Қазақстанда Жастар жылын ескере отырып атқарылуға тиіс жұмыстар жүеленді.

Сонымен қатар, ПД бастығы Арман Оразалиев ІІМ мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды дамыту үшін 2019-2020 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы өзара келісімді нығайту жөніндегі бірлескен Жоспарға қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, көп этникалық қоғамдағы құқық қорғау қызметінің тиімділіктері мен пайдасына тоқталды.  Бүгінгі кездесу Ішкі істер органдары мен азаматтық қоғамның өзара іс — қимылының нығаюына ықпал етіп, мемлекеттік ұлттық саясатты табысты іске асырудың үлгісі болып табылатынына сенімді екенін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Тараз қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай «Мейірімділікпен бірлікке!» баспасөз брифингі өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айында Тараз қаласы, Достық үйінде Алғыс айту күніне орай  «Мейірімділікпен бірлікке!» тақырыбында брифинг  өтті. Баспасөз брифингі барысында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтетін Алғыс айту мерекесіне байланысты алдағы уақытта өткізілген және жоспарланған  іс-шаралардың желісі  мен бағдарламалары жөнінде облыстық және қалалық БАҚ өкілдеріне  ақпарат таратылды.

Іс-шараға БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Шараның мақсаты – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы  БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру.

Алғыс айту күні – баршаға ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді, әдебиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды құрметтеудің, әр этнос өкілдерінің құтты қоныс жайлы мекендеріне айналған ұлы даламыз бен кеңпейілді қазақ халқына деген тағзымының белгісі болғандықтан бұл мерекені бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні деп те санаймыз. Осыған орай, брифингтің спикерлері – Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының бас инспекторы Жақсылық Жасөркен Берікұлы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы БАҚ өкілдерін жоспарланған және өткізілген іс-шаралармен таныстырып, қойылған сұрақтарына жауап берді. «ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басында аты жер жарған аграрлық «столыпин» реформасына байланысты мыңдаған орыстар мен украиндықтар Қазақстанға, оның ішінде Жамбыл облысына жер аударған. Олар Жамбыл өңірінде хуторлары мен ауылдарын тұрғызып, жер өңдеп, егін егіп, бау-бақшаларын өсірді. Сонымен бірге 30-40-жылдардағы жаппай депортациялану негізінде осы өңірге кәрістер, немістер, шешен-ингуштар, татарлар мен түріктер, армяндар мен гректер, күрділер мен қарашай-балқарлықтар да көшірілген болатын. Қазақстанның кең алқап, жазық далаларына вагондардан лек-легімен түсірілген өзге ұлт өкілдерінен  қазақ отбасылары өздерінің қиын-қыстауда отырғанына қарамастан  көмегін аямай, бір нанды бөлісіп жеп, Қазақстанның киелі өлкесін екінші отандарына айналдырды», – дей келе, Жасөркен Берікұлы түрлі себептермен Қазақ еліне жер аударылып келген әр ұлт өкілдерінің қазақ халқына шексіз алғыстарын аталмыш мерекемен тығыз байланыстыра кетті. Жиналған жұртты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ассамблеяға ұсынылған екі әлеуметтік жобамен таныстырып, оның мақсаты мен міндеттеріне  де тоқталды.

Сондай-ақ, БАҚ мүшелеріне «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсұдқызы да Жамбыл өңіріндегі түрлі этномәдени бірлестік өкілдерімен ассамблеяда  біріге атқарылған игілікті жұмыстардың оң нәтиже бергендігін айта келе, оларды  өзі басқарып отырған Тараз қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне қатысты өткізілген және жоспарланған  іс-шаралармен таныстырды: «Биылғы аталмыш мерекенің басты идеологиясы- «Қазақ халқына мың алғыс!», яғни өзге ұлттардың қазақ еліне, жеріне деген ақ ниеті, рахметі.  Бұл мереке- біздің ортақ тарихымызға деген сыйластық. Мейрамға байланысты ақпанның 25-нен басталып наурыздың 4-не дейін созылатын «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» лигасы, «Айбын» әскери-патриоттық клубы жастарымыздың қатысуымен өткізілген  қайырымдылық акциялары, қылқалам шеберлерінің көрмесі, ашық есік күндері және де 1-наурызға жоспарланған «Қазақ халқына мың алғыс!» атты театрландырылған мерекелік концерт,  сондай-ақ, әр этнос тілінде берілетін радиконцерт, «Шашу», «Сыбаға», «Қымыз тарту» сияқты қазақтың жоралғыларын тамашалау – мұның бәрі этномәдени орталықтардың атсалысуымен ғана атқарылатын іс-шаралар. Мақсат – өңірімізде тұратын ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтау, дәріптеу және этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, келісім мен ынтымақты нығайту». Осымен қатар Алғыс айту күніне орай облыс пен қаламыздың ассамблеяның және этномәдени бірлестіктерінің көрнекті қайраткерлері, мүшелері арасында қоғамдық орындарда телерепортаждар, олардың қатысуымен әлеуметтік желілерде ұдайы құттықтаулар өткізіліп жатқандығы жөнінде де ақпарат берілді.

Брифинг этномәдени бірлестіктер басшыларының алғыс сөздері және құттықтауларымен аяқталды.

Жамбыл облыстық әкім аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Біз-Қазақстан халқымыз

 Ағымдағы жылы ақпан айында Достық үйінде 1наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай  «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» ұйымдастыруымен «Біз-Қазақстан халқымыз» атты ашық есік күні өтті.

Шараға этномәдени бірлестіктер басшылары мен мүшелері, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Айбын» әскери-патриоттық клубының жастары, қалалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

         Ашық есік күніне арналған шаралар басы аталмыш этномәдени бірлестіктің төрайымы Тұрдыева Мухабат Адрахмановнаның жастармен кездесуінен басталды.  Әр этнос өкілдерінен құралған жастарға бірлестік басшысы Махмуд Қашқаридың өмірбаянынан бастап Достық  үйінде орналасқан ұйғыр этносының кабинетіндегі шағын мұражайына дейін таныстырды. Онда қойылған әрбір зат ұйғыр халқының өзіне тән құндылықтарын айшықтап тұрғандай. Мухабат Абдрахмановна кездесу барысында алғыс хат, марапаттау, «Жыл лидері» медалі секілді т.б жүлделерімен таныстырып, оларды жастарға үлгі етті. Бірлестік жетекшісінің айтуынша қанжығасына байланған әрбір жүлдесі, медальдары, марапаттары тек адал және тынымсыз еңбектің, өзара ұйымшылдық пен ынтымақтық арқасында алған көрінеді.  Осы орайда «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы          Турдыева Мухабат Адрахмановна:  «2016 жылдан бері көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан ризашылық күнін атап өтіп келеді. Бұл қазақ халқының қонақжайлығы мен кең пейілі үшін өзге этнос өкілдерінің алғыс айту күні. Көпшілік жаппай жер аударылған жылдарда  ас-ауқаты мен жылы-жұмсағын, ұлы даласынан жайлы қоныс берген қазақ халқына деген ризашылық білдіру күні. Осынау нәубетті жылдарда өздері қиындыққа душар болғанына қарамастан қазақтар өздерінің  қираған үйлерінің  есіктерін ашып, бір үзім нанымен бөлісіп, өзге ұлт өкілдерін туысындай бауырына тартты. Бұл тарих жылнамаларындағы  бірнеше ұлттың бірігуінен құралған күрделі кезең. Міне, қазақ халқының осынау жақсылығы үшін атқарып жатқан әр іс-шарамызда жас ұрпақты сабырлы, бауырмал, қазіргі заманғы Қазақстандағы ұлтаралық келісімді және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттап отырамыз»-дейді.

Кабинет көрнекіліктерімен танысып болғаннан кейін ассамблея, бейбітшілік пен келісім туралы дәрістер оқылып,  жиылған жастарға Мухабат Абдрахмановна  бүгінде 30 жыл толып отырған  «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің» тыныс-тіршілігін жіпке тізгендей етіп айтып берді. Сонымен қатар, осынау дәріс арқылы ұғыр этносының төрайымы жастарға өмір сүруге талпыныс, арман-мұратқа жетуге құлшыныс, үшкен-кіші, елімізді мекен еткен барша этнос өкілдеріне сый-құрмет көрсету, егемен елдің ұрпақтарына тән рухани азық болар мотивация сыйлады.

Жиын соңына таман Мухабат Абдрахмановна жастарға Алғыс айту және Ассамблея күніне арналған қайырымдылық түскі асын берді. Ас үстінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің жұмысы туралы видео-роликтер көрсетіліп,  естелік суреттерге түсті.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Ағымдағы жылдың ақпанында  Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Орталық Жамбыл облысы  Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен  бірлесе отырып «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында құрылды.

Ашылу салтанатына Этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қызметкерлері,  Ақсақалдар, Аналар, Ардагерлер кеңестері, зейнеткерлер, қала жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Орталық ашудағы басты мақсат қарт адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және өмір сүру сапасына ықпал ету, қоғамда ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, егде жастағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Орталықтың басты міндеті жастары егде тартқан адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, жәрдемдесуге бағытталған шараларды іске асыруға жұртшылықты тарту.  Қарт адамдардың бос уақытын тиімді өткізуіне және оларды қоғамдық өмірге тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, ҰОС соғысының қатысушыларының, тыл еңбеккерлерінің, еңбек ардагерлерінің,  қарт адамдардың еңбекқорлығын насихаттау және тәлімгерлік институтын дамыту.

Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін орталық төрт түрлі бағытта жұмыс жасап отыр. Олар: «Қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу», «Салауатты жас», «Атаулы көмек» және «Ұмытылмас батырлар». Ал, осы бағыттарды іске асыруда мынадай қызмет түрлері көрсетілуде:  қарт адамдарға арналған «Өзіңе өзің көмектес», «Музыкалық қонақ бөлмесі» клубтары, тілдерді оқыту курсы бойынша қазақша, орысша, ағылшынша оқу топтары, хореография және сәндік-қолданбалы шығармашылық  үйірмелері жұмыс істеуде. Дәрістерді Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ, Тараз қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының “Тілдерді оқыту орталығы” МКҚК қызметкерлері, қарттар мен студенттер қатарынан еріктілер өткізеді. Қазіргі уақытта орталықта 80-ге жуық қарт қамтылған. Олар түрлі сабақтарға қатысып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыстарына белсене атсалысуда.

Орталықтың ашылу салтанаты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Шәбден Тілеумұрат пен Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Рано Убайдуллаеваның  орталықтың тұсауын кесуден басталды.  Ары қарай «Қазақтану» жобасы аясында жүзеге асқан «Ою қадамдары» курсының сабақтарында жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстырылды. Онда сөз сөйлеген қолөнер шеберлері өз бұйымдарының өрнектерінің мән – мағынасы, жасалу жолдарымен бөлісті. Көрмеге моншақтан әртүрлі қуыршақтар, сөмкелер, бесіктер, вазалар т.б  кәдесыйларға арналған бұйымдар, жүннен жасалған орамалдар, құрақ көрпелер, жұмсақ ойыншықтар қойылған. Көрменің бір бөлігінде шахмат курсына қатысушылар шахмат ойнанан бәс сынасты.

Салтантты шараның жалғасы Достық үйінің екінші қабатындағы қызыл залда  жалғасты. Онда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Шәбден Тоқтасынұлы сөз сөйлеп, ашылып жатқан орталық жұмысына береке тіледі.    

         Шәбден Тоқтасынұлы: «Мұндай орталық өзге қалаларда біраз уақыт бұрын ашылған болатын, осы үрдіс біздің облыстанда жалғасын тауып жатқанына қуаныштымын. Бұл орталық қарттарымыз үшін өте қолайлы, әрі бос уақыттарын тиімді пайдалануға таптырмас орын деп ойлаймын. Себебі, мұнда қарттарымызға керекті жағдай жасалған. Олар енді қарт болсада қоғамнан алшақтамай керісінше қоғаммен тығыз байланыста болады. Қарты бар ел, қазыналы ел. Қарттарды сыйлау, құрметтеу бізге парыз»-деді.

         Салтанатты кеш  «Асыл Ана» вокалдық – фолклорлық ансамблі, «Калинка» ансамблі, «Поющие сердца» квартеті т.б қарттарымыз өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Людмила Ивановна Чекалина, Идрис Месизович Юнусов, Нэлли Борисовна Хачианиди, Куанышбай Есиркегенов, Гульжазира Ануарбековна Кудайбергеновалар осы орталық ішінде өздерінің атқарып жатқан қызметтерімен бөлісті.

Кеш барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашылған орталыққа арнап ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, «Калинка» вокалдық ансамблін 65-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кештің соңы «Шашу» дәстүрінің театрландырылған көрінісімен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Көп балалы анаға пәтер сыйлады

Таразда тағы бір игілікті істің тұсауы кесілді. Тараз қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі,  жергілікті меценат ағамыздың арқасында Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты анаМырзахметова Гүлмира Асылқызынабаспана тарту етілді. Шаңырақ иесін құттықтай барған Жамбыл облыстық әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы да ассамблея тарапынан атқарылатын бірнеше бағыттың бірі қайырымдылық екендігін ескере отырып,  игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен Тараз қаласының жомартазаматыныңсыйлаған үйіне  ұлттық дәстүрмен шашу шашып бес балалы ананың қуанышына ортақтасты. Қыс ішінде далада қалдырмай отау тарту еткен азаматқа ГүлмираАсылқызы да өз жүрекжарды рахметін айтып, игі тілегін білдірді: «Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне Аллаға шүкір, баспаналы болдық, бұл күнге де жеттік. Барша тілектес болған жандарға және ең бастысы –күннің суығында басымызға жылы баспана сыйлаған ағамызға:  Алла-тағала разы болсын, денсаулығы мықты, өмір-жасы ұзақ боп, бала-шағасының қызығын көрсін!» демекпін.

Тараз қаласының Достық үйі басшысы, Жамбыл облыстық әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  жетекшісі Рано Махсұдқызы да бұл кәсіпкердің өз ұжымындағы жұмысшысына үй тарту етуі  елеулі оқиға екендігін атап өтті: «Мұндай ауқымды істің жүзеге асуына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, үнемі халыққа қажетті қамқорлығын  жасап жүретін бұл азаматтың қайырымдылықты жоғары бағалайтындығын аты-жөнін атамауды, ұлағатты ісін еш жерде жарияламауды өтінгенінен-ақ байқауға болады.  Іскерлік қырымен танылып жүрген кәсіпкердің  қиналып жүрген бір отбасына қолайлы баспана алып беру бастамасы өте құптарлық, өзгелерге үлгі боларлық іс». «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Николайқызы да осынау игі істің көпке үлгі, ал қамқорлық адамзатқа ортақ қасиет екенін атап, пәтерлі болып жатқан Гүлмира Асылқызы құттықтай келе, үй сыйлаған меценатқа жылы лебізін білдірді. «Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын!» демекші, елімізде бизнес қанат жая бастаған кезден-ақкәсіпкерлік жолын алғаш қолданысқа енгізіп, өз ісіне тыңғылықтығынан талай жақсы дәрежеге жетіп,  Жамбыл облысы мен қала тұрғындарының шапағатына бөленген жан болатын бұл азамат. Сонымен қатар,баспанаға мұқтаж жандарға пәтер сыйлаудан да бірінші болып өзін көрсете білді. Оның отандық бизнестің ілгері басуы жолында үлгі ететін көптеген істерін де көріп жүрміз. Ал бүгін міне, өз қаражатына тұрғын үй алып беріп, тағы да бір жанашырлық ісімен бізді тәнті етіп отыр. Сондықтан да біз  осындай  кең пейілді азаматты мақтан тұтамыз».

Расында да бірінші кезекте тәуекелділік қасиетін танытатын осындай баспана сыйлауға батыл кіріскен және де есімі мен ісін атамауды қалаған кеңпейіл жан ілуде біреу шығар?!

Көп жылдар бойы жалданбалыәр үйлердің тар бөлмесінде тұрып келген бес балалы Гүлмираға,баспана жайы талай жылдан бергі басты мәселесіне айналып,қиналған ана үшін дәл осы тәулік «ақ түйенің қарны жарылған күн» болды.

Қуанышқа ортақтасып келген Жамбыл өңірінің ассамблея және Аналар кеңесінің мүшелері де  ақ батасын беріп, тілектес боп, үй сыйлаған  жергілікті меценатқа ризашылықтарын білдірді.

Шаңырақ иесінің отбасында құран оқылып,   дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.

КММ «Қоғамдық келісім»

баспасөз қызметі

Таразда Ауған соғысы ардагерлеріне арналған кеш өтті

Ағымдағы жылдың ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Біз сіздерді есте сақтаймыз!» еске алу кеші өтті.

Аталған шараға, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылары,  Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы, №2025 әскери бөлімі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскери бөлімі қызметкерлері мен офицерлері, ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, көппрофильді №41 гимназияның әскери – техникалық сыныбы, Жамбыл облысы әкімідігі білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдер арнаулы мектебінің» оқушылары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мұндағы мақсат  мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша ЖҰЖ-ның 97-тармағын орындау үшін оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, облыстық, қалалық және аудандық Достық Үйлері жанынан “Aibyn”әскери-патриоттық тәрбие клубтарын құру болып табылады.

Осыдан 30 жыл бұрын Кеңес әскері Ауған соғысынның алаңынан шығарылды. Бұл 1989 жыл болатын.  Отан алдындағы борышты өтеуге кеткен Қазақстандық сарбаздар Ауғанның қан майданына аттанған. Небәрі кәмелеттік жастан енді асқан жас сарбаздар соғыс алаңына тап болғандарынан бейхабар болған. Ұшақтардың апаты мен жойқын жарылыстардың арасында  он жылға жуық  жаулармен шайқасты.  Бүгінде бұл уақыт толқынындағы тарих.

Осынау ерліктің ел ертеңі ұрпақ алдында насихаттап, азат аспанының астында ғұмыр кешу оңай олжа болмағандығын өнеге – өсиет ету бізге парыз.

Осыған орай еске алу кешінде  облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Айбын» әскери-патриоттық клубы құрылды. Клубқа облыстық этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қабылданды. Кештің барысында Ауған соғысының салдарынан қаза тапқан жауынгерлерін және жақында ғана қаза болған Ауған соғысының ардагері, КСРО Армиясының Бас штабы БББ (Бас Барлау Басқармасы) арнайы барлау жасағының 177 – ші жасағының командирі, халық арасында Қара майор ретінде білетін отставкадағы полковник мусбат Керімбаев Борис Төкенұлын  бір минут үнсіздікпен еске алды. «Жалын» вокалдық триосы, Сергей Ефимов, Власов Андрей, №41 гимназияның әскери – техникалық сыныптары арнайы әскери үлгідегі формамен әскери-патриоттық тақырыпта әндерін орындады.  Отанға оралмаған жауынгерлер  туралы бейне-ролик көрсетілді, өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, соғыс аймағынан аман келген ардагерлерді ардақтап естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетілді. Достық үйі жанынан құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубының жас жеткіншектеріне ардагерлер өз қолдарымен таңбашалар табыс етті және Айбындық жастар ант қабылдады.  Кеш соңы «Атамекен» әнімен және естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Таразда «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті

Әлемде қан құюға жыл сайын миллиондаған адамдар мұқтаж болады.   Осыған орай ағымдағы жылдың ақпан  айында жамбылдық этномәдени бірлестіктің белсенді жастары Тараз қаласындағы «Қан орталығына» барын қан тапсырды. Жастар қатарында Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының жастары, «Ақ желкен»  жастар  лигасының және этномәдени бірлестіктің белсенді жастары болды. Аталған қайырымдылық шарасы  жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қан өткізуге, қайырымдылыққа ерікті түрде атсалысатын жастардың биылғы жылғы шаралары «Өмір сыйла» атауымен өткізілді. Қолдарына ҚХА жалауын ұстаған жастар, Тараз қаласының Тұңғыш Президент атындағы саябағынан бастап «Қан орталығы» ғимаратына дейінгі аралықты салтанатты шерумен жүріп өтті. Сырттан көрген әр жанға бұл игілікті іс үлгі болары сөзсіз.

Қан қандай жағдайда керек? Қан күйікке шалдыққандарға, жарақаттанғандарға керек. Күрделі операцияларды өткізу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Ал гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдыққандарға – өмірін сақтап тұру үшін тек қан керек. Сонымен бірге, химиотерапиядан кейін тромбоциттер мен эритроциттердің, ақуыздардың орнын толтыру үшін  онкологиялық ауруларға қажет. Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны бір рет донорлық қанды қажетсінеді дейді статистика. Ал «Донор» дегеніміз –өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын адам.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Тараз    қалалық  Қан  орталығының қолдауымен  өткен  атаулы акцияға еріктілер донорлар ерекше  ынта – ықыластарымен атсалысты. Алдымен тіркеу  бөлімінен өтіп, зертханалық  кабинетте талдама жасалынды,  содан соң барып денсаулығы күмәнсіз қыз-жігіттер  қанға мұқтаж жандарға өз қандарын беріп қайырымды іс қылды.

Орталық  басшысы Умаров Гулам Мухтарұлы  қайырымдылық іске  белсене араласқан жастардың  ізгі ниеттеріне  өз  ризашылығын білдірді. Осынау дәстүрлі шараның жалғасын тапса, қайымдылық жаны құмар мейірімді жастар көбейсе деген тілегінде жасырмады. Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға  жас буынның саналы түрде қатысуы  қуанарлық  жағдай екенін ерекше  атап өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының жастарының жетекшісі Хамида Турдыева: «Қайырымдылық акциясына барлығы 70 жас  қатысып белсенділік танытты.  Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы ерікті донорлар саны артты. «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады және оған қатысушылар саны да артып келеді»-дейді.

Шара соңында  акцияға қатысушылар мекеме қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Таразда «Мәміле» клубы ашылды

Ағымдағы жылдың ақпанында ҚХА мен Тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы», МКҚК арасында «Мәміле» жобасының тұжырымдамасы әзірленді. «Мәміле» клубы тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырмасы екендігін атап өтті. «Қазақтану» жобасының басты міндеттері – қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа беру мен сабақтастық тетігін құру.      «Мәміле» клубындағы барлық азаматтарға қазақ тілі арқылы қазақ халқының тасын түртсе тарихы көрінетін әрбір салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, олардың тереңдігі мен шынайы мағынасы түсіндіріледі. Сондай-ақ, күнделікті өмірде қолданылатын стереотипті тілдік шаблондарды меңгереді.

Клубтың негізгі мақсаты – қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйрену, ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге ынталандыру, ұлттық интеллигенцияның бейресми беделін арттыру, әр түрлі жағдайларда конструктивті диалог дағдыларын қалыптастыру, ұйымшылдық сезімін күшейту, «БІЗ» деген тұрақты сезімді қалыптастыру болып табылады.

Клубтың ашылу салтанатына жиылған жұртшылықтың алдында алғашқы болып сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімдігінің  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы: «Қазақтану» жобасы бойынша халық Ассамблеясы қарқынды жұмыс істеуде. Қазақтағы «ата тегі», «жеті ата», «бата-тілек» т.б.    сияқты жоралғыларды сонау ата-бабамыздан бері мұра ретінде сақтап келеміз. «Қазақтану» оқуларында тіл үйренумен бірге салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың да терең  мағынасы түсіндіріледі. «Мәміле» дегеніміз – келісім, бітім деген мағынаны білдіреді. Ассамблеямыздың жұмыстарының да негізгі мақсаты – қоғамдық келісім болғандықтан, мәміле, келісімдердің біз үшін  маңызы өте зор»,-дей келе, жиылған жұртты «Мәміле» клубының атқаратын бірқатар міндеттері мен мақсаттарымен таныстыра кетті.

Жиын барысында сөз алған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы да биылғы жылдан бастау алып отырған игі бастаманың мән-жайын көпшілікке ұғынықты етіп түсіндіріп берді: «Сонау шағатай тілінен бері қазақ тіліне дейін тілдік қорымыз бай халықпыз. Қазақ тілі арқылы ұлттық құндылықтар, ұлы мұраларды қайта жаңғыртуға болады. «Мәміле – өз халқының болашағын ойлайтын әрбір азаматтың көкейкесті арманы мен қазақ тілін үйрену арқылы  Қазақстан жеріндегі бүкіл халықтың бірлігі мен берекесін арттыруға негізделген тың дүние. Аталған жоба еліміздің рухани құндылықтарын, ата-бабаларымыздың даналықтарын қазақ тілі арқылы насихаттау болып табылады».

Клубтың ашылуына тілдің кәсіби оқытушылары, креативті және жарқын спикерлер де келіп қатысып, аталған жоба төңірегінде өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Өте қызықты өткен іс-шараның соңында «Мәміле» клубында өткізілетін қазақ тілінде сөйлеу өрнектері, ұлттық мақал-мәтелдер, фразеологизмдері тақырыптары тұрғысында түрлі мысалдар келтіріліп, сонымен бірге дәріске қатысушылардың сөйлеуге деген ынта-жігерін арттыру, қызықтыру мәселелері талқыланды. Ұйымшылдық, ынтымақтық сезімдерді ояту сабақтарының алғашқы дәрісі ойдағыдай қорытындыланды.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

 

Қалай десек те ажал айтып келмейді

Қалай десек те ажал айтып келмейді. Әлеуметтік желі болсын, басқа сайттарда болсын бұл оқиға турасында жазуда журналистер мен блогерлер алдарына жан салып жатқан жоқ. Қаралы хабарды естіген жұрттың жұбатуы мен көңіл айту жазбаларының қарасы да қалың. Қайткенде де қуаныш пен қайғыны тең бөлетін бауырмалдығымыз тағы бар. Бұл жағдай бүгінгі қазақ қоғамының ең ауыр қасіреті болды. Естігенде қайғының ауырлығы қабырғаны қайыстырды. Әттең, әлі де көрер жарықтары көп болғанда ертең ел игілігіне жарар азаматтар болар еді-ау, бүгінгі жоқтап отырған халықтың жоғын бүтіндейтін отансүйгіш арулар болар ма еді, бес қыз бес үйдің шырағын жағатын аяулы аналар болар ма еді?! Бәрінен бұрын бұл қасірет ата-ананың жүректерін талқан еткені белгілі. Әрине, бір күнде жүрегін жарып шыққан бес бірдей бүлдіршіннен айырылу деген өте ауыр азап, ауыр қайғы.

Осыған орай, бақилық болған балалардың ата-аналарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, сабыр тілейміз.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі

Парламенті Мәжілісінің депутаты жамбылдық этнос өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Сейдуманов Серік Тұрарұлы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Депутат облыспен танысуды Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуден бастады. Кездесу Достық үйі ғимаратының күмбезінде орналасқан дөңгелек үстелде өтті.

Жұртшылық тегіс жиналысымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева билік басынан арнайы келген қонақпен таныстырды.

– Тараз, бұл Мен үшін туған қаламдай екенін бірден айтқым келеді, – деп атап өтті мәжіліс депутаты сөз баында. Мәскеу химиялық машина жасау институтын аяқтаған соң, 40 жыл бұрын мені химия-технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі инженер ретінде Жаңа – Жамбыл фосфор зауытына жіберді. Екі жыл азот-оттегі цехының КИПиА шебері болып жұмыс істедім. Мені жұмыс сапарымен Таразға баратынымды естігенде, барлығы есіме түсті, тіпті көшелердің орналасуына дейін есімде екен. Сондай-ақ, мен мұнда болмаған 38 жыл ішіндегі өзгерістер мені  таң-тамаша етті және осы отырған Достық үйіні ғимараты тек Тараз қаласы үшін емес еліміздің Оңтүстік бөлігінің сәулеті әсем ғимараты десем артық емес.

         Жыл басынан, яғни 31 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Парламент Мәжілісінің депутаттары еліміздің барлық өңірлерінде іс-сапарда болады. Біздің сапарымыздың мақсаты бір: біздің еліміз, біздің халқымыз қалай өмір сүріп жатқанын білу. Халық арасында қандай мәселелер бар және оларды қалай шешу керек. Бұл бірінші мәселе.  Сапардың екінші себебі, 30 қаңтарда Президент өткен жылды қорытындылады. Осыған орай біздің жұмысымыз туралы есеп беру.

         Таразға кірер кезде, мен бір жарнамаға назар аудардым: “Таразда алты студенттік жатақхана салу жоспарланған”. Бұл Президент өз Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру болып табылады. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында ғана Қазақстан Парламенті Президент қойған міндеттерді шешуге қатысты 50-ден астам заң мен заңға тәуелді актілер қабылдады. Қазір 70-тен астам заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында. Негізінен бұл әлеуметтік бағыттағы мәселелер: халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру, міндетті тегін медициналық көмек және басқа да әлеуметтік мәселелер. Бізде пайдаланылмаған жерлер көп болғандықтан, экологиялық таза азық-түліктің жетіспеуіне байланысты әлемде сұранысқа ие аграрлық секторды қолдау, шағын және ірі ауыл шаруашылығы бірлестіктерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру бағдарламаларын әзірлейміз. Парламент ең төменгі жалақы көрсеткіштерін үнемі қайта қарайды және көтереді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша көптеген проблемалық мәселелер туындайды. Бұл бүгінгі күнің ең басты проблемасы. 21 қаңтардан бастап “мемлекеттік сатып алу туралы” ҚР жаңа Заңы енгізілді. Бұл мәселені парламент өз бақылауында ұсмтайтын болады.

Жиын барысында мәжіліс депутаты кездесуге қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» төрағасы және кәсіпкер Латиф Айдаров “Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға” қатысты өз пірікін білдірді. Сонымен қатар, “Днипро” украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко депутаттан этномәден бірлестіктердің жыл сайынғы гранттарын бөлу туралы мәселеге  бұрынғыдай тәртіппен қарауды сұрады.

Федор Клименко: «Биылғы жылы бұл жүйе жойылды. Грант ұсынылады, тендерге шығарылады және көбінесе этнобірлестіктер жұмысының ерекшеліктерін білмейтін заңды тұлға ұтады. Осылайша, бірлестіктердің өз іс-шараларын өткізуге қызығушылығы жоғалады, жұмыстың бұрынғы рухы жоқ. Парламент арқылы этномәден бірлестіктердің гранттарын берудің бұрынғы тәсілін заңдастыруды сұраймыз» -деді.

Парламент мәжілісінің депутаты Серік Тұрарұлы: «Мен сіздің сұранысыңызды,  гранттарды бөлуқатысты пікіріңізді толық қолдаймын, себебі елімізде гранттарды бөлу жөніндегі сараптамалық комиссияның төрағасы болып табыламын.  Сондықтан, бұл мәселеге қатысты  заң шығару мен қоғамдық даму министрлігіне осы мәселені шешу үшін тапсырма беремін. Бұл мәселені өз бақылауыма алу үшін ҚХА хатшылығымен де байланысамын. Менің Қазақстан халқы Ассамблеясымен ерекше қатынастарым бар. 1995 жылы мен оны құрудың бастауында тұрған адамдардың бірі болдым.  Сіз әлі күнге дейін пайдаланатын ҚХА эмблемасының авторы болып табыламын. Тараз қаласына барған кезде, алғашқы нысан облыстық ассамблея болады деп нық шешкен едім және сіздердің ұсыныс, пікір,талап-тілектеріңізді естігеніме өте қуаныштымын» – деп аяқтады мәжіліс депутаты өз сөзін.

Жиын соңына дейін қойылған барша сұрақтар мен ұстыстар депутат назарынан тыс қалмады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі