Біртұтас тату отбасында

7

Халықтар арасындағы достық – бұл қазақстандықтардың ешбір қиындықтарға қарамастан сақтап қалған Тәуелсіз еліміздің басты игілігі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Родонеж» орыс қауымдастығының, «Айнұры» татар-башқұрт, «Вайнах» шешен-ингуш, «Архыз» қарашай-балқар этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Жүсіп Баласағұн» атындағы орталық концерт залында достық мерекесіне айналған үлкен іс-шара өтті. Оған әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.

Бұл күні сахнада орыс, татар, шешен тілдерінде түрлі әндер мен халық билері орындалды. Олар Қазақстан жері мен еліне деген шексіз махаббатын, елімізде тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен келісімді шырқады.

– Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған алғашқы іс-шарамыз. Мұнда біз қазақстандықтардың басты игілігі – халықтар арасындағы достығымызды көрсеткіміз келді», – деп атап өтті «Родонеж» орыс қауымдастығының төрайымы Светлана Чаутина.

Достық мерекесінде көршілес Қырғызстаннан қонақтар келді. Бішкек қаласынан келген «Архыз» қарашай-балқар би ансамблі аязды күнді өздерінің кавказдық темпераментімен әсерлі биін орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл биден әсер алғаны соншалық, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамзан Магамадов та ансамбль бишілерімен билеп кетті. Залда отырған көрермендер қол соғып, қошеметке бөледі.

Мереке мәресіне жетті. Көрермендер де, қатысушылар да көтеріңкі көңіл күймен, мерекеден алған әсерлерімен бөлісті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

Ассамблеяның тарихы – мемлекеттің тарихы, халықтың тарихы

6

Жамбыл облысының «Қоғамдық келісім» КММ-де этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, аналар кеңесі мен «Ақ желкен» жастар лигасы мүшелерінің қатысуымен «25 жұлдызды күн» жобасы аясында «Ассамблеяның тарихы – мемлекеттің тарихы, халықтың тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Жамбыл облысы Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова жиналғандарға мемлекетіміздің 25 жылда жеткен келелі жетістіктері туралы кеңінен баяндап берді. – Біз, аналар, қоғамымызға аналық мейірімімізді төгіп, ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, өмірде болып жатқан қиыншылықтарға төзуге үйретеміз. Отбасында гармониялық қарым-қатынастың болуы дегеніміз, ол біздің ортақ отбасымыз, миллиондаған тұрғыны бар Қазақстанымызда этносаралық және конфессия аралық қарым-қатынасты нығайту.

Барлық этнос арасында бірлікті орнату мен одан әрі сақтап қалу жолдарына ақсақалдар кеңесінің төрағасы Идрис Юнусов тоқталып өтті. «Қоғамымызда Қазақстан халқы ассамблеясының рөлінің артуы дегеніміз ол қозғаушы күш. Бәріміз бірлесіп арманымызды жүзеге асыра аламыз» деп айтып өтті төраға.

«Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі, «Ақ желкен» жастар лигасының белді мүшесі Алихан Ахметов: «Біздер, жастарға үлкен жауапкершілік артылғанын сезінеміз. Еліміздің биік армандар мен мақсатқа бейілділігін жастар өз істерімен, жетістіктерімен  дәлелдеуі керек. Сондықтан да біздер «Ақ желкен» жастар лигасының құрамындамыз. Біздер бүгінде өтіп жатқан «25 жұлдызды күн» жобасы аясында Мемлекетіміздің Елбасы қойған мақсаттарына сәйкес біртұтас ұлт келешегінің қалыптасуына өз үлесімізді қосуымыз керек».

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Ауданда Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті

5

Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Кеңеске Жамбыл облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Сәуле Құрманқұлова, осы бөлімнің әдіскері Кенжебай Өмірбеков, облыс ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, этномәдени орталықтарының жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмысы туралы» баяндама жасап, атқарылған шаруалар туралы жан-жақты айтып өтті.

Одан соң аудандық  орыс этномәдени орталықтың жетекшісі, Жамбыл облыстық қоғамдық келісім кеңес төрағасының орынбасары Любовь Горр облыс деңгейінде Қоғамдық келісім кеңесінің атқарып жатқан жұмысы туралы айтып өтті. «Қоғамдық келісім кеңестері –  елімізде азаматтық қоғамның әлеуеті үшін бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуші орган», – деп атап өтті Любовь Горр.

Облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы
М.  Миражапова отбасында ананың алатын орны,  отбасылық құндылықтардың берік жүйесін қалыптастырудың маңызын сөз етті. «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин  Махусеев  егемен еліміздің келешегі – жастарға бүгінгі таңда жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын айтып, еліміздің табысына өз үлесін қосу жайын  айтты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Ассамблея мен соттар арасындағы ынтымақтастық меморандумы

4

Бүгінде Жамбыл облыстық соты мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру жоспары аясында үлкен жұмыс атқарылуда.

Ағымдағы жылда облыстық сотта «Ұлт жоспарын орындау контекстінде Азаматтық іс жүргізу кодексін орындау жылы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл тұрғыда Азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі баптары, соның ішінде медиация институтын дамыту, дау-дамайларды шешу мен татуластыру мәселелерін талқылауда ашық диалог алаңына айналды. Қазақстан халқы ассамблеясының медиаторлары кодекс баптарын талқылауда өз ұсыныстары мен ұсынымдарын жасады.

Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында медиация институтын енгізу туралы міндеттері бүгінде орындалуда.

Қараша айында облыстық сотта «Тәуелсіз Қазақстанда сот билігі мен құқық жүйесінің қалыптасуы» тақырыбында конференция болып өтті. «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторлармен жұмыс жасау менеджері Валентина Досыбиева «Медиация – Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа бағыты, ол әртүрлі мәселелер мен  қарама-қайшылықтарды шешіп қана қоймай, еліміздің дамуы мен қоғамдық келісімге шынайы пайда тигізеді», – деп атап өтті өз баяндамасында.

Бұл іс-шара медиация институтын енгізуде соттармен, заңгерлермен, билік пен ғылым органдары өкілдерімен тұрақты түрде диалог орнату керектігін дәлелдейді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі. 

Таразда «Мен Қазақстанымды мақтан тұтамын!» онлай-акциясы өтті

3

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және «Ақ желкен» лигасының жастары «Мен  Қазақстанымды мақтан тұтамын!» атты онлайн-акция ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдулаева жиналғандарға өтіп жатқан акцияның мақсаты мен міндеттері, сонымен қатар біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздері туралы да айтып өтті. «25 жұлдызды күн» атты республикалық жоба аясында Ассамблея осындай онлайн-акция ұйымдастырып отыр. Акция барысында біздер тәуелсіз республикамыз бен сүйікті қаламыз туралы тағы да айта аламыз», – деп атап өтті мекеме басшысы.

Акцияға қатысушылар еліне, жеріне, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі мен құрметі туралы айта отырып, елін қорғау әрбір азаматтың  міндеті екенін де айтып өтті.

Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілі, «Ақ желкен» жастар лигасының белді мүшесі Бекзот Мулладжанов жастар арасында қаланың көрікті жерлерінде фотосессия ұйымдастырды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

«Ұлы дала тарихы» экспедициясы жолға шықты

2

Талас, Сарысу және Жуалы аудандарының алыс ауылдары мен қалаларын қамтыған экспедицияның басты мақсаты  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталады. «Ақ желкен» лигасының жастары аналар мен ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен бірігіп, Елбасымыз Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің танымалдығын арттыру мақсатында жергілікті тұрғындармен көптеген кездесулер өткізді. Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы «Казфосфат» ЖШС-нің өндіріс орындарында болып, көп салалы колледж білімгерлерімен бірге еңбек ұжымдарымен кездесті. «Көк су» кенішінде болып  еңбек адамдарының, өз ісінің майталмандарының жұмысын көрді.

 Осы колледжде экспедиция мүшелерінің қатысуымен еңбек әулеттерінің форумы болып өтті. Талас ауданындағы көне петроглифтер бар Бөріқазған, Тәңірқазған және Қыз көпірі аумақтарына саяхат жасалып, Қызыләуіт ауылындағы Мынатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп оқушыларына «Біз –ұлы даланың ұрпақтары» тақырыбында ашық аспан астындағы сабақ ұйымдастырылды. Жуалы ауданы Ертай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы мектептің оқушылары батыр Бақытжан Ертаев туып-өскен ауылдың тарихын зерттеудегі нәтижелерімен, жастардың  патриоттық  рухын нығайту мақсатында,  интеллектуалдық-танымдық ойын ұйымдастырды.

Барлық елді мекендерде «Біз – болашағы біртұтас ұлтпыз!» атты постерлер байқауы үлкен қызығушылықпен өтті. Ауылына сыйлы да құрметті ақсақалдармен өзін-өзі жетілдіру сенімінің маңыздылығы туралы сұхбат жазылды. Экспедиция барысында жиналған барлық материалдар Астана қаласына жіберіліп, республикалық жинақ-альбомға енеді.

“Ақ желкен” жастар лигасы Еңбек Ері М. Искандеровтен  өзінің  сәттілік формуласымен аудандағы колледждің оқу озаттарымен бөлісуін сұрады.  Жаңатас қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы, Жуалы ауданында салынып жатқан құрмет аллеясы мен Талас ауданындағы таулы петроглифтермен танысу экспедицияның қызықты сәттерінің бірі болды.

Экспедиция жұмысының соңында жастар патриоттық рухты нығайту мақсатында 2017 жылы «Өз өңірінді танып біл» атты жаңа жобаны іске асыруды ұсынды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі 

«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»

1

Қазақстандық патриотизм дегеніміз – ерекше нәрсе, ол көп ұлтты халқы бар қазақстандықтардың ортақ мақсаты, көптеген халық мекен еткен Отанына деген ортақ сүйіспеншілігі.

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып, оған судьялар, заңгерлер, ассамблея медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар мен ақсақалдар кеңесінің, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де шақырылды.   Бұл іс-шараның басты мақсаты –Қазақстан Республикасының негізгі Заңын зерттеу арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті, халықтың құқықтық сана-сезімінің нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, әлеуметтік кепілдіктердің негізі ретінде конституциялық заңдылықты іске асыру және кеңейту.

Дөңгелек үстел отырысын облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: «Біздің көп ұлтты мемлекетімізде барлық азаматтар тең болуы тиіс. Қоғамымызда этникалық белгілері бойынша бөлінуге жол беруге болмайды. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтарға қарамай қоғамды тек біріктіруі керек», – деп атап өтт.

Іс-шара барысында судья, облыстық соттың қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, ассамблея медиаторлары Сұлтан Әміркенов, Сәуле Дауылбаева, Елена Горбунова баяндама жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторы Сұлтан Әміркенов: «Патриотизм дегеніміз – ол тек қана тік тұрып өз елінің әнұранын айтып шығу ғана емес….. Патриотизм – ол сенің соңғы күшің қалғанша өз Отанының игілігі үшін үлкен сынақ алаңында оны қорғап, салт-дәстүрін құрметтеу, құқығын және заңын сақтауы» деп атап өтті.

Медиаторлардың баяндамалары қазақстандық патриотизмнің жалпы мақсаты мен міндеттері туралы ой-пікірлерге ұласты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

АҚТАУДА «КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ» ЖАЛПЫРЕСУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0

21 қараша Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясындағы  «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» жалпыреспубликалық акциясы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА мүшелері, Маңғыстау облыстық соты, облыстық әділет басқармасы, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім беру саласы мен денсаулық сақтау салаларының жас мамандары, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде тәуелсіз мемлекет құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына жеткен азаматтық қоғам деп жарияладық.  Енді бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарында лайықты орын алуды мақсат етеміз», – деді өз сөзінде  Маңғыстау облыстық Әділет департаментінің өкілі, нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Әуес Көшкінбаева.

Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар жиналған жастар қауымына Конституция туралы мағлұмат беріп, мәні мен маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, арнайы жасалған Конституция туралы кітапшалар таратылды. Белсенді жастар тарапынан сауалдар қойылып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын арналған ауқымды акция еліміздің барлық өңірлерінде өтуде.

«25 жыл – 25 игі іс» акциясы

0_7

Бүгін Тараз қаласындағы жатақханалардың бірінде төрайым Мухаббат Турдыеваның бастамасымен Махмут Қашқари атындағы ұйғұр этномәдени бірлестігінің өкілдері қайырымдылық іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жасалған бұл акция «25 жыл – 25 игі іс-шара» деп аталады.

Іс-шараға ҚХА, Аналар мен ақсақалдар кеңесі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелері, аудан тұрғындары мен жастар ұйымдары, БАҚ қатысты.

Махмут Қашқари атындағы ұйғұр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухаббат Тұрдыева жиналғандарға осы қайырымдылық акцияның басты мақсаты мен міндеттері туралы айтып берді. «Біз бірлігі жарасқан көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Барлық қазақстандықтар халықтар достығын ерекше құрмет тұтады. Біздің ортақ мақсамыз бар. Ол  Отанымыздың көркеюту, дамуына үлес қосу. Қазақстан халқының бірлігі, келісімі мен тұрақтылығы, толеранттылығы – біздің байлығымыз. Біз, Қазақстан халқы, әрдайым бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуіміз керек», – деді ол.

Қайырымдылық шара барысында әлеуметтік деңгейі төмен және көпбалұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. «Мұндай игі істер ұйымдастырылып жатқаны қуантарлық жағдай. Іс-шара ұйымдастырушыларына біздің отбасыларымызға мейірімділік пен қайрымдылық танытып жатқаны үшін аналық жүрегіммен үлкен алғыс білдіремін», – деп ағынан жарылды көпбалалы ана Қымбат.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз-қызметі.

Қордайлықтар «Қайырымдылық керуенін» қарсы алды

0_6

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» тағы да жолға шықты. Бүгінде ол Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылына келді. Мұнда 800 ден астам ауыл адамдары тұрады.

Ассамблея мүшелерін, қазақ, ұйғұр, дүнген, неміс, корей, еврей, орыс этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін, салауатты өмір салты орталығының қызметкерлерін, аналар мен ақсақалдар кеңесінің, сонымен қатар «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелерін Бәйтерек ауылының тұрғындары мен ондағы №45 орта мектептің оқушылары қарсы алды.

Облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева керуеннің басты мақсаты мен міндеттері туралы ауыл тұрғындарына кеңінен айтып берді.  Ол өз сөзінде: «Біздің басты мақсатымыз этносаралық келісімді нығайту, жастарымызға патриоттық тәрбие беру, халықымызға  еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы кеңінен баяндау. Сол жолда біз жұмыла жұмыс атқаруымыз керек», –   деді.

Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, түрлі жұмыстар өткізді. Ғылыми-сараптамалық топтың сарапшылары жастарға «Ауылды жерлерде қайырымдылық акциясын өткізуде жастар бірлестіктерінің рөлі» тақырыбы аясында, ал «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері «Еліміздің болашағы – жастар» тақырыбында әңгіме-дүкен құрды.

Мектептің спорт алаңында  жоғары сынып оқушылары екі топқа бөлініп, Қазақстан этностары ұлттық ойындарының спартакиадасына қатысты. Іс-шара соңында қатысушы командаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Керуен қатысушылары Бәйтерек ауылының көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік себетін таратып берді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары  ассамблея мүшелеріне үлкен алғыстарын білдірді.

Іс-шара  ән-би фестивалімен аяқталды.