Жамбыл облысында «Ақ орамал» акциясын қорытындыланды

-1

Бүгін Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері «Ақ орамал» акциясын қорытындылады.

Іс-шараға ҚХА, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы қатысты.

Акция барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын қолдау мақсатында  облысымыздың Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бейбіт шеру ұйымдастырды.

            Облысымызда кең көлемде өтіп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы үш бағытта жүріп өтті:

  • бірінші бағыт “Көне Тараз” ежелгі Тараз мұражайынан бастау алып, «Мәңгілік алау» мемориалына дейін жетті;
  • екінші бағыт Облыстық драма театрынан Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне дейін созылды;
  • үшінші бағыт “Қоғамдық келісім” КММ ғимаратынан басталып, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіштерінің  алдына барды.

Шеру соңында облыс жұртшылығы «Мәңгілік алау» мемориалына, батырлар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қойды.

Аталмыш  акция аясында Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ қалалық мәдениет үйінде “Біз ядролық қарусыз әлем үшін”  тақырыптық кеш ұйымдастырды. Іс-шара соңында  бұқаралық ақпарат құралдарынның өкілдерімен өткен  баспасөз-конференциясында бір айға созылған «Ақ орамал» акциясы қорытындыланды.

Жамбыл облысы әкімі «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз-қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің үндеуі

Қымбатты отандастар!

Бүгін барша прогрессивті адамзат Семей ядролық полигонының  жабылғанына  25 жыл толғанын атап өтуде.

Семей полигонының трагедиясы  –  халқымыздың  ортақ  қасіреті.

Ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен ұрпақтардың  тақсіреті  әр ананың жүрегін  жаралайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бастамасымен әлемде тұңғыш рет ядролық сынақ полигоны жабылып, Қазақстан халықаралық саясатта сенімнің жаңа моральдық үлгісін қалады.

Осы шаралардың нәтижесінде, БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық  сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның бастамасын қолдады.

25 жыл бейбітшілік пен келісім саясатын ұстану, жаһандық қауіпсіздікті нығайту бағытында маңызды шешімдер қабылдау нәтижесінде Қазақстан тұрақтылық пен татулықтың құтты мекеніне айналды және біздің Президентімізге әлем­дік деңгейдегі мәмілегер саясаткер деген жоғары баға берілді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі –  жер бетінде қауіпсіздік пен бейбітшілік орнату жолындағы жарқын қадам.

Ол әлемнің болашағы үшін шынайы алаңдаушылықтан туындаған және ғаламшардың барша азаматтарын жоғары парасаттылық  пен жауапкершілікке үндейді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы жылы Қазақстанның алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – еліміздің жаһандық проблемаларды шешуге қосқан үлесінің маңызды тарихи жетістігі.

Қазақстанның бастамалары әлемде бейбітшілік орнатуға, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен толықтай бас тартуға бағытталған.

Бүгін, Астана қаласында, «Ядролық қарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференция өтіп жатыр. Онда Қазақстанның жаңа бастамалары, біздің Елбасының жер шарында бейбітшілікті сақтау туралы  тың  ойлары талқылануда.

Ана жүрегі Елбасының іргелі ойларының жер бетінде мәңгілік бейбітшілік орнатуға үлес қосатынына  сенеді!

Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолдау және ілгерілету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен татулықты білдіретін «Ақ орамал» республикалық акциясын  өткізуде.

5 тамыздан бастау алған акция аясында осы күнге дейін жарты миллион аналардың қатысуымен 1139 елді мекенде бір жарым мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды.

Біз, аналар Қазақстанның  біртұтас халқын, Президентіміздің «Адамзатты соғыс қаупінен құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», деген бастамасын қолдауға шақырамыз.

Біз, аналар балаларымызды бейбітшілік сүйгіш  етіп тәрбиелеуде  өзіміздің зор жауапкершілігімізді түсінеміз.

Біз тәуелсіздіктің барлық жылдарында бейбітшілік пен келісім мұраттарын қорғаған елде өмір сүретінімізді мақтан тұтамыз.

Қазақстан Аналары Жер шарының қауіпсіздігін сақтау үшін адамзатты бейбіт келісімге, парасаттылыққа, бітімгершілікке келуге шақырады!

 Біз Сіздерді жоғары сана мен парасаттылыққа шақырамыз!

Біздің балаларымыз соғыстың не екенін білмеуі тиіс!

Біз қасиетті мекенімізде, жер бетінде бейбітшілік болуын тілейміз! 

Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.

Біз Елбасының  еліміздегі бейбітшілік, отбасындағы береке-бірлік пен балаларымыздың жарқын болашағы  үшін жүргізіп отырған  ізгі  және дана саясатын қолдаймыз!

Астана, 2016 жылғы 29 тамыз,

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды

Құрметті Отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды.

Еліміздің Ата заңы саяси және экономикалық жүйенің бастапқы қағидаларын анықтап, жалпы адами және жалпы ұлттық құндылықтарды айқындады.

Конституция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделі ретінде жүзеге асқан бейбітшілік пен келісім саясатының және қоғамдағы бірліктің қағидаларын бекітті.

Солардың арқасында Қазақстан, 25 жыл ішінде,  түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерін бір халыққа, бір Елге біріктірген мықты Тәуелсіз мемлекетке айналды.

ХХХІ Жазғы ойындардағы Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі – осының кезекті айқын дәлелі болып табылады. Біздің спортшыларымыз бүкіл әлемге Қазақстан халқының ауызбіршілігі мен ынтымақтастығының жасампаз күшін көрсетті!

Құрметті Отандастар!

Қазақстанның Конституциясы – сарабдал әлеуметтік саясатты жүргізудің, халықтың  әлеуетін арттырудың берік іргетасы екенін  уақыт  дәлелдеді.

Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» төртінші реформасын іске асыру Конституциямыздың әлеуетін одан әрі ашудың  жаңа кезеңі  болмақ.

Құрметті достар! Бәрімізге маңызы зор күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз! Аталмыш мереке алға қойылған мақсаттарға жету жолында бізге үнемі күш-қуат пен сенімділік берсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Мектепке жол – жарық жол

1

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы республикамызда өтетін басқа да қайырымдылық акциялары сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  жыл сайын өтіп тұрады.

Аталған акция 1-ші қыркүйекке дейін жалғасса да бүгінде облыстық ҚХА хатшылығына алдын-ала қорытындысы келіп жатыр.

«Мектепке жол» акциясы тек қайырымдылық шарасы ғана емес. 1-20 тамыз аралығында өткен өңірдегі іс-шаралар, бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңына сейкес 2016-2016 оқу жылында барлық бала білім алуы тиіс деген қағидат бойынша ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды есепке алып, олардың мектепке баруына ықпал ету. Осы мақсатта білім мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің, ішкі істер департаменті мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері рейд жасау кезінде 1205 саяжайлар мен базарларды, жанар жағар май бекеттері мен көлік жуу станцияларын, көңіл көтеру орындарын аралап, онда балалар мен жасөспірімдердің заңсыз еңбекке тартылуын қадағалады.

Сонымен қатар 12 тамыздан бастап облыс орталығындағы «Атакент-Тараз», «Ауыл береке» және Меркі, Қордай аудандарында мектеп ярмаркалары ұйымдастырылып, онда ата-аналар балаларына жеңілдікпен мектепке қажет құрал-жабдықтар мен киімдерін ала алады.

Аталған «Мектепке жол» акциясы аясында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-і 24 тамызда «Біз бірдейміз-біз біргеміз» акциясы аясында «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-е тәрбиеленетін 40 тәрбиеленушіге арнайы «5-ке дейін сана» атты қойылымын тегін көрсетті.

Өңірлік ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Миражапова өз сөзінде «Сіздер үшін Білім әлеміне жол ашылып онда сіздер білім алуға мүмкіндік ала аласыздар. Мемлекетімізде балаларға барлық жағдай жасалған, оның ішінде қашықтықтан білім беру, инклюзивті, жеке білім беру де бар. Сіздер тек білімге құштарлық танытсаңыздар, ата-аналарыңызға зор денсаулық пен шексіз шыдамдылық тілеймін» деді.

Бірінші рет мектеп табалдырыған аттаушыларға мектеп сөмкелері мен құрал-жабдықтары сыйға тартылды. Іс-шараға өңірлік ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдың келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева және бірқатар этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.

Осындай, концерттік бағдарламасы мен сыйлықтары бар іс-шараларды, облысымыздағы дүнген, тәжік, поляк, әзірбайжан, ұйғұр, шешен-ингуш, еврей этномәдени бірлестіктері де өткізді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

Бірінші аймақтық семинар

2

Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында «Менің Елім-Мәңгілік Ел» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Оған облысымыздың ірі үш ауданы Шу, Қордай, Мойынқұмнан қоғамдық келісім кеңестері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Семинар жұмысын кіріспе сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. Мекеменің бас сарапшысы Лариса Лысова өз сөзінде «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясын жүзеге асыру барысында аудандық, ауылдық округтердегі қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті мәселелерін жаңғырту туралы тақырыпта кеңінен ашып берді. Аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-тәжірибелік тобы төрағасының орынбасары, ТарМУ-дің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова «Аймақтарда этносаралық ахуалды тұрақтандыруда қоғамдық келісім кеңестерінің атқаратын рөлі» тақырыбында жиналғандар алдында баяндама жасады. Сонымен қатар ТарМУ-дің оқытушысы, құқық магистрі Асқар Қадырқұлов та семинар-тәжірибеге қатысушыларға жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы құқықтық құзыреттілік туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Л.Лысованың айтуынша аталған ғылыми-тәжірибелік семинар бірнеше мақсаттарды көздеп, оған қол жеткізді. «Біз «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы аясында призма арқылы қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарын бағалап көрсек деп едік, – деп атап өтті бас сарапшы. Бірлесе отырып патриоттық акцияның жеті құндылықтарын белгілеп, бірыңғай болашақ ұлтын және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нығайтуда қоғамдық келісім кеңестерінің атқарар шаруалары туралы да айтып өтті. Семинарға қатысушылар құқықтық, мәдени және медиативті құзыреттіліктерін арттырды десек қателеспейміз. Онда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім модельдерінің трансформациясы мен даму  төзімділігін «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы іргетасы негізінде қалау туралы сөз болды. Осы орайда біз ҚХА құрылымдарын ауылдар мен поселкелерді үйлестіру туралы мақсатымызға жеттік деп айтуға болады».

Ғылыми-тәжірибелік жұмыстың нәтижесіне ұйымдастырушылар мен қатысушылар да оң баға берді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында осындай аймақтық үш семинар өтеді деп жоспарлануда.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі 

Қазақстан халқы Ассамблеясы – жастар үшін

4

12-13 тамыз аралығында Берікқара тау шатқалында Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктердің жастары арасында жыл сайын өткізілетін  «ҚХА жастары – 2016» бесінші форумы өтті.

Форумға 80-нен астам бозбала мен бойжеткендер қатысты, оның ішінде аудандық ішкі саясат басқармаларының этносаралық қатынастар саласы бойынша жұмыс істейтін жаңа тағайындалған мамандар да бар.

Сондай-ақ, форум жұмысына аудандардан келген үздік оқитын 19 оқушы қатысты.  Іс-шара барысында «Үлкен Ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Гүлназ Құлмамбетова балалармен бірге облыстық мұражайға, «Қарахан мавзолейі» мен «Көне Тараз» археологиялық мұражайларына барып, Тараз қаласының көне орындарымен танысты.

Форумның салтанатты ашылуы тау шатқалында орналасқан «Тау самалы» сауықтыру  кешенінде өтті.

Кіріспе семинар «Жамбыл облысы аумағында этносаралық ұлтаралық жағдайдың ерекшеліктері» атты тақырыпта ғылыми-эксперттік бөлімнің жетекші эксперті, философия ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің доценті Парида Мамедова жүргізді. Сонымен қатар форумның құрметті қонағы Аль –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология профессоры Валентина Тихомирова «Сыни ойлау мәдени феноменның бірі» атты тақырыпта өте қызықты семинар өткізді. Ал Халықтық қолданбалы өнерді дамыту бойынша әдіскер Вера Майковичтің «Заманауи дресс-кодта ұлттық киімдердің салт-дәстүрі» атты тақырыпта өткен семинары жиналғандардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

М.Дулати атындағы ТарМУ-нің бітіруші курс студенті Әділет Алипбеков форумға қатысушыларға «Интернеттегі сөз бостандығы мен лексика төзімсіздігі: рұқсат етілген қырлары мен ықтимал салдары. Қазақстандық қамтуды талдау» тақырыбында дәріс оқыды. Кәсіби медиатор Лариса Сафонова да «Жастар арасында медиацияның ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып, ҚХА –ғы жаңа бағытта жастарға өзінің құзыреттілігі деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Форумнан тыс уақытта қатысушылар мини-футбол, волейбол сияқты түрлі спорттық ойындар ойнап, «Тау Самалы» кешенінің әкімшілігі ұйымдастырған кешкі би кешінде көңіл көтерді.

Форум жұмысын облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.

Медиаторларға арналған семинар-тренинг

3

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нде ҚХА жанынан құрылған медиация кабинетінің медиация мектебі «Кәсіби емес медиаторларға арналған этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинарға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сонымен қатар медиаторлар жұмыс жасау менеджері қатысты.

Семинардың басты мақсаты кәсіби емес медиаторлар мен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне медиативті құзыреттілікті түсіндіру, оқыту. Олар өз кезегінде медиация институтының әрі қарай дамуына ықпал етіп, әлеуметтік және құқықтық келіспеушілікті болдырмауға тырысады, республикамызда ұлттар арасында достық пен татулықты нығайтуға өз үлестерін қосады.

Тренинг барысында «Қоғамдық келісім» КММ медиаторлармен жұмыс жасау бойынша менеджері Валентина Досыбиева аталмыш іс-шараның бүгінгі күнгі өзектілігін айтты.

Одан әрі оқуды кәсіби медиатор, ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі Лариса Сафонова жүргізді. Ол өз сөзінде бүгінгі іс-шараның Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған медиация институтының дамуына әсер етіп, басты әлеуметтік бағыт – этносаралық қатынастарды нығайтатынын айтты.

Семинар-тренинг аясында «Кәсіби емес медиаторларды оқыту бағдарламасы»  тақырыбында оқу курстары өткізілді. Аталмыш курс интерактивті тренинг форматында жүргізілді. Жұмыс барысында кіші-лекция, ой-талқы, пікірталас, тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, видеокейстер, имитациялық медиация жеке және кері байланыс әдістері пайдаланылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Жамбыл облысындағы «Медиация күні»

5

5 тамыз күні республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «Медиация күні» кеңінен аталып өтті. Бұл күн, ендігі кезеңде, жыл сайын, кәсіби мереке ретінде аталып өтеді деп күтілуде, оған жамбылдықтар да атсалысуда.

2011 жылдың тамызында заңды және жеке тұлғалар арасындағы даулар мен жанжалдарды арнайы дайындықтан өткен кәсіби мамандардың көмегімен тиімді шешіп, сотқа жеткізбей өзара келісіп шешуге бағытталған  «Медиация туралы» ҚР Заңы күшіне енді.

Жамбыл облысында осындай игі істі атқару үшін Лариса Сафонова бастаған «Бітімгер» медиация және құқық орталығы ашылған болатын. Бес жыл ішінде жасалған әртүрлі игі шаралар туралы, бүгінде облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференция залына көптеп жиналған құқық қорғау органдарының, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен іс-шарада кеңінен талқыланды.

– «Медиация күнінің» басты міндеті – жұртшылық арасында медиация институтының танымалдылығын арттыру, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясында құқықтық мәдениетке үйрету, ассамблеядағы медиация және қоғамдық медиаторлар кабинетінің жұмысымын таныстыру.

– Медиация кабинетінің салтанатты ашылуындағы бағдарламамызда халық үшін ақысыз кеңестер мен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, «2016 жылдың ең үздік медиаторы» байқауына старт берілді», – деп атап өтті өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторлармен  жұмыс істеу бойынша бөлімнің менеджері Валентина Досыбиева.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Нурмухамет Абидов өз сөзінде азаматтардың мемлекеттік органдарға бармай ақ  туындайтын дауларды татуласу жолымен реттеу тәсілін таңдауға  құқығын алғаны туралы айтып өтті. Ағымдағы жылдың алты айдағы статистикасына жүгінсек, облыс соттарында медиациялық рәсімдер тұрғысында 95 қылмыстық іс қаралып, тоқтатылды, ал азаматтық сотта – 552 іс кәсіби медиаторлардың көмегімен сотқа жетпей өзара келісім барысында шешілді. Ендігі кезекте осындай медиация бөлмелері Тараз қалалық ІІД мен аудандық полиция бөлімшелерінде ашылады деп жоспарлануда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен құқық органдарының медиацияны қолдануы бірінші кезекте азаматтардың бейбітшілік, қоғамдық келісім және әл-ауқатын арттырады. Бұл туралы М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, медиатор  Мұхабат Турдиева да айтып өтті. «Өз қызметіне байланысты әрбір этномәдени бірлестіктің төрағасы өзінше бір медиатор қызметін атқарады десек те болады, себебі бірінші кезекте этномәдени бірлестік өкілі бізге келеді. Соттарға қарағанда бізде жеңгендер не жеңілгендер, ренжігендер мен өз жеңісін тойлайтындар жоқ. Біз екі жақты татуластырып, бітімгершілікке келтіреміз. Сол себепті ата-ана мен балалар, туыстар арасында реніш болмайды».

Жиын соңында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева бірқатар медиаторларға Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етті. «Ашық есік» күні медиация кабинетінің ашылуымен, азаматтардың қоғамдық қабылдауымен және Байзақ ауданында «Медиаторларды оқыту мен сертификат тапсырудағы халықаралық тәжірибе» атты оқулармен жалғасты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.